Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 8 ақпандағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 10 ақпанда № 20013 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Әкімшілік-құқықтық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ол жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Шпекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметтің)
Төрағасының
2020 жылғы 8 ақпандағы
№ 33 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13812 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Судьяның, өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарының (бұдан әрі – күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйғарымы күштеп әкелуге негіз болады.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14487 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар және Шымкент қаласы бойынша департаменттерінде (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органы) басшының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен топтар, ал Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарында штаттық айдауылмен алып жүру бөлімшелері құрылады.".

      3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14488 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасының талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) (бұдан әрі – Агенттік) әкімшілік ғимараттарында және оның аумақтық органдарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) келуші – Агенттіктің қызметкері, қызметшісі немесе жұмыскері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адам;";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. Күші жойылды – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 04.07.2022 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 17.11.2022 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік
қызмет істері министрінің және
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі
төрағасының өзгерістер
енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Әкімшілік құқық бұзушылық
істері
бойынша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
қызметпен күштеп әкелу
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің әкiмшiлiк іс
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн күштеп әкелу
туралы
ҰЙҒАРЫМ

      20__ жылғы "__" ___________                              __________________________

      (қаланың, ауданның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшесінің атауы

      ____________________________________________________________________

      ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғаның біліктілік шені (бар болған

      жағдайда), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (әкімшілік құқық бұзушылықтың қысқаша мазмұны)

      ____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ туралы

      20 ___ жылғы "___" _________ № _____ әкімшілік іс материалдарын қарап,

      АНЫҚТАДЫМ:

      ____________________________________________________________________

      (келуден жалтарып жүрген адамды күштеп әкелудің себептері мен мақсаты)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жоғарыдағылардың негізінде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңы 790-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,

      ҰЙҒАРДЫМ:

      1. _____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тұратын (тұрғылықты) орны, заңды тұлғаның орналасқан

      жері бойынша мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      тұратын (жұмыс істейтін)_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (күштеп әкелуге жататын тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы, заңды мекенжайы)

      __________________________________________________________ ғимаратына

      № ______ кабинетке жергілікті уақыт бойынша _____ сағат _____ минутта

      күштеп әкелу қамтамасыз етілсін.

      2. Ұйғарымды орындау________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшесінің атауы)

      ________________________________________________________ тапсырылсын.

      3. Ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға орындалу нәтижесі туралы хабарлансын.

      4. Ұйғарымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдануға болады.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Ұйғарым шығарған тұлғаның лауазымы,(қолы) (тегі, аты және әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), біліктілік шені (бар болған жағдайда)

      М.О.

      Ұйғарыммен таныстым: _______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      күштеп әкелуге жататын тұлғаның (тегі, аты және әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), танысу уақыты және күні)

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік
қызмет істері министрінің және
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі
төрағасының өзгерістер
енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметтің әкімшілік
ғимараттарында өткізу және
объектішілік режимдерін
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша
  Титулдық беті
  Нысан

Кезекшілікті қабылдау-тапсыру кітабы

      ________________________________________

      (органның атауы)

      Басталды: 20___ жылғы " " ___________

      Аяқталды: 20 ___ жылғы " " __________

  Қазақстан Республикасы
  Сыбайлас жемқорлыққа
  қарсы іс-қимыл агенттігінің
  (Сыбайлас жемқорлыққа
  қарсы қызметтің) басшысына
  (Департамент басшысына)
  __________________________

Баянат

      Кезекшілік уақытында 20 ___ жылғы "___"_____ сағат 09-00-ден 20 ___ жылғы "___"_____ сағат 09-00-ге дейін

      _____________________________________________________________

      ________________________________болғандығы туралы баяндаймын.

      Кезекшілікті тапсырды: _______ Кезекшілікті қабылдады: __________

      _____________________________ _______________________________

      _____________________________ _______________________________

      _____________________________ _______________________________

      (қолы)                         (қолы)

      Келесі беті

      Нұсқама жүргізді:_____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________________

      (қолы)

      Нұсқамадан өтті: Кезекші офицер: ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________

      Кезекші офицердің көмекшілері:

      1. __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерушілердің ескертпелері мен ұсыныстары:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)

      _________________________ 20 ____жылғы " " ___________

      ________ сағат _______ минут.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)

      20 ____ жылғы " " ___________

      ________ сағат _______ минут.

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
  қызмет істері министрінің және
  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
  қызмет істері және сыбайлас
  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
  төрағасының өзгерістер енгізілетін
  кейбір бұйрықтарының тізбесіне
  3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 17.11.2022 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.