Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және Қағидалардың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының 2) тармақшасын, 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2017 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
2016 жылғы 18 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 214 қаулысымен бекітілген |
Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының
немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөнінде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) сәйкес әзірленді.2. Қағидалар жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының (бұдан әрі – төлем жүйесі) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөнінде мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер), Мәліметтерді ұсыну нысандарын, тізбесін, кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, беру тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) мәліметтерді төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты үшін пайдаланады.
3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында көзделген ұғымдар, белгілер және кодтар пайдаланылады.
2-тарау. Мәліметтер беру тәртібі
4. Мәліметтер Ұлттық Банкке:1) операторы Ұлттық Банк болып табылатын төлем жүйелері арқылы жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша – Ұлттық Банктің еншілес ұйымы болып табылатын көрсетілген төлем жүйесінің операциялық орталығы;
2) Ұлттық Банкті қоспағанда, операторы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын төлем жүйелері арқылы жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша – төлем жүйесінің операторы не операциялық орталық (ол болған кезде);
3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін шетелдік төлем жүйелері жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін төлем жүйесінің операторы не операциялық орталық арқылы беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған төлем жүйесі операторының өкілдігіне өкілдікке Мәліметтерді Ұлттық Банкке беру өкілеттіктері берілген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы бойынша мәліметтерді беруге рұқсат етіледі.
5. Мәліметтер:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - 1-қосымша бойынша мәліметтер);
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - 2-қосымша бойынша мәліметтер) бойынша беріледі.
6. Төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы олардың атауларын, жеке сәйкестендіру кодтарын, банктік сәйкестендіру кодтарын, SWIFT-кодтарын және қатысушыны немесе төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиентін айқындау үшін пайдаланылатын өзге де сәйкестендіргіштерді көрсете отырып, қатысушылардың немесе төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиенттерінің сәйкестендіргіштерінің тізімімен қоса Ұлттық Банкке электрондық форматта:
1) 1-қосымша бойынша мәліметтерді – есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей ай сайын;
2) 2-қосымша бойынша мәліметтерді – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.
7. Төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталық Мәліметтердің шынайлығын растау үшін Ұлттық Банкке оның сұратуы бойынша жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақпаратты, төлем құжаттарының көшірмелерімен бірге Ұлттық Банк сұратуда көрсеткен мерзімде береді.
Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы қағидаларына 1-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер"
Есепті кезең: 20___ жылғы _______________Индекс: 1-OP
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынады: жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы, Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну бойынша өкілеттіктерді өкілдікке беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында құрылған шетелдік төлем жүйесі операторының өкілдігі.
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі – есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей.
Егер ұсыну мерзімі демалыс күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні ұсыну күні деп саналады. Есепті айда нысанда көрсетілуге тиісті төлемдер және (немесе) ақша аударымдары болмаған кезде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы бұл туралы Ұлттық Банкке есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
Нысан
_____________________________________________________________________
(жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе
операциялық орталығының толық атауы)
Төлем жүйесінің атауы | Төлем жүргізу ортасы | Төлем жүйесінің түрі | Төлем белгісі | Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші – ақша жөнелтуші | Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші – ақша алушы | Ақша жөнелтуші | Бенефициар | Төлемдер бойынша мәліметтерді нақтылау | |||||||
Резиденттік белгісі | Экономика секторы | Ел | Резиденттік белгісі | Экономика секторы | Ел | Төлем мақсатының коды | Төлем саны | Төлем сомасы, теңге | Төлем валютасы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | |
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
___________________________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Орындаушы __________ ________________________ ________ ______________
лауазымы тегі, аты, әкесінің аты қолы телефон нөмірі
(ол болған кезде)
Қол қойылған күн 20 __ жылғы "____" _____________
Мөр орны (ол болса)
"Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер"
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды
толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының екінші бөлігінің 52-2) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
3. Нысанды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы ай сайын жасайды.
4. Нысан бойынша мәліметтер ақша жөнелтушілер болып табылатын маңызды клиенттер бойынша, сол сияқты бенефициарлар болып табылатын маңызды клиенттер бойынша беріледі.
5. Нысан төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты үшін пайдаланылады.
6. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының орындаушысы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
7. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және (немесе) аударым валютасы теңгеден айрықшаланатын болса, соманың баламасы төлем және (немесе) аударым жасалған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.8. Нысанда төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мына ақпаратты қамтитын 16 баған бар:
1) 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем жүйесінің атауы көрсетіледі;
2) 2-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізу ортасы көрсетіледі:
01 – ел аумағында;
02 – халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
3) 3-бағанда төлем жүйесінің түрі көрсетіледі;
01 – банкаралық ақша аударымы жүйесі;
02 – банкаралық клиринг жүйесі;
03 – банктік шотты ашпай электрондық терминалдар арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін төлем жүйелері;
04 – электрондық ақша жүйелері;
05 – корреспонденттік қатынастардың жүйелері (Қазақстан Республикасы банктерінің немесе Қазақстан Республикасы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының, Қазақстан Республикасының банктерінде немесе Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарында ұлттық валютамен ашылған корреспонденттік шоттар);
06 – ақша аударымы жүйесі;
07 – төлем карточкаларының жүйелері, олар арқылы төлем карточкаларымен есеп айырысулар бойынша банкаралық төлемдер жүргізілді;
08 – төлем жүйелерінің өзге де түрлері.
4) 4-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымының белгісі көрсетіледі;
01 – жіберілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
02 – келетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
5) 5-бағанда төлем жүйесіне қатысушының – ақша жөнелтушінің сәйкестендіргіші көрсетіледі;
6) 6-бағанда төлем жүйесіне қатысушының – ақша алушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші ретінде банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
Өзге қатысушылар үшін бизнес сәйкестендіру кодтары, жеке сәйкестендіру кодтары және қатысушыны айқындау үшін пайдаланылатын өзге де сәйкестендіргіштер көрсетіледі;
7) 7-бағанда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі көрсетіледі;
8) 8-бағанда ақша жөнелтушінің экономика секторының коды көрсетіледі;
9) 9-бағанда төлемге немесе ақша аударымына бастамашы болған елдің екі мәндік коды көрсетіледі;
10) 10-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі;
11) 11-бағанда бенефициардың экономика секторының коды көрсетіледі;
12) 12-бағанда төлем немесе ақша аударымы жіберілген елдің екі мәндік коды көрсетіледі;
Елдердің кодтары "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлік. Елдің кодтары" 06 ISO 3166.1-2013 ҚР ҰК Қазақстан Республикасының ұлттық жіктегішіне сәйкес көрсетіледі.
7, 8, 9, 10, 11 және 12-бағандар төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының ақпараттық жүйесінде резиденттік белгісін, экономика секторын, ақша жөнелтуші елдің немесе бенефициардың елін сәйкестендіру үшін деректер болған кезде толтыруға жатады;
13) 13-бағанда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлем мақсатының коды көрсетіледі;
14) 14-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде бағанда 1 мәні болады. Жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының өлшемдері 1 – 13 аралығындағы бағандардағы өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, бұл бағандағы мән 1-ге өсіріледі, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;
15) 15-бағанда төлемнің үтірден кейін екі белгіге дейінгі теңгемен сомасы көрсетіледі;
16) 16-бағанда төлем валютасының коды "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ИСО 4217-2012 ҚР ҰК Қазақстан Республикасының ұлттық жіктегішіне сәйкес көрсетіледі.
Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы қағидаларына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары жөніндегі мәліметтер"
Есепті кезең: 20___ жылғы _______________Индекс: 2-OP
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынады: жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы, Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну бойынша өкілеттіктерді өкілдікке беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында құрылған шетелдік төлем жүйесі операторының өкілдігі
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей.
Егер ұсыну мерзімі демалыс күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні ұсыну күні деп саналады. Есепті айда нысанда көрсетілуге тиісті төлемдер және (немесе) ақша аударымдары болмаған кезде өкілдер бұл туралы Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
Нысан
_____________________________________________________________________
(жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы
немесе операциялық орталығының толық атауы)
Төлем жүйесінің атауы | Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші | Төлемді жүргізу ортасы | Төлем белгісі | Маңызды клиенттің деректері | Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші | Маңызды клиенттің қарсы агентінің деректері | ТМК | Есепті кезеңдегі төлемдердің саны | Төлем сомасы, теңге | Төлем валютасы | ||||||||
Атауы | БСН/ЖСН | Резиденттік белгісі | Экономика секторы | Елі | Атауы | БСН/ЖСН | Резиденттік белгісі | Экономика секторы | Елі | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
___________________________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушы __________ ________________________ ________ ______________
лауазымы тегі, аты, әкесінің аты қолы телефон нөмірі
(ол болса)
Қол қойылған күн 20 __ жылғы "____" _____________
Мөр орны (ол болса)
"Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған
нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер
және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер"
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының екінші бөлігінің 52-2) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
3. Нысанды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы тоқсан сайын жасайды.
4. Нысан бойынша мәліметтер ақша жөнелтушілер болып табылатын маңызды клиенттер бойынша, сол сияқты бенефициарлар болып табылатын маңызды клиенттер бойынша беріледі.
5. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы есепті тоқсаннан кейінгі соңғы күнтізбелік 12 (он екі) айдағы деректерге дербес жүргізілген талдау негізінде төлем жүйесінің маңызды клиенттерін айқындайды.
6. Нысан төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты үшін пайдаланылады.
7. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының орындаушысы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
8. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және (немесе) аударым валютасы теңгеден айрықшаланатын болса, соманың баламасы төлем және (немесе) аударым жасалған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.9. Нысанда төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мына ақпаратты қамтитын 19 баған бар:
1) 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем жүйесінің атауы көрсетіледі;
2) 2-бағанда маңызды клиентке қызмет көрсететін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;
3) 3-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізу ортасы көрсетіледі:
01 – ел аумағында;
02 – халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
4) 4-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымының белгісі көрсетіледі;
01 – маңызды клиент жіберген төлем және (немесе) ақша аударымы:
02 – маңызды клиентке келетін төлем және (немесе) ақша аударымы;
5) 5, 6, 7, 8 және 9-бағандарда маңызды клиенттің банктік деректемелері, оның ішінде оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі, экономика секторының коды, елдің екі мәндік коды көрсетіледі:
төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиент төлемге және (немесе) ақша аударымына бастама жасаған елдің қоды;
төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын алған елдің қоды;
6) 10-бағанда маңызды клиенттің қарсы агентіне қызмет көрсететін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;
төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберген клиент;
төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын алған клиент;
7) 11, 12, 13, 14 және 15-бағандарда маңызды клиенттің қарсы агентінің банктік деректемелері, оның ішінде атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі, экономика секторының коды, елдің екі мәндік коды көрсетіледі:
төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиенттің қарсы агенті төлемді және (немесе) ақша аударымын алған елдің қоды;
төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиенттің қарсы агенті төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберген елдің коды;
7, 8 және 9, 13, 14 және 15-бағандар төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының ақпараттық жүйесінде резиденттік белгісін, экономика секторын, маңызды клиенттің немесе қарсы агенттің елін сәйкестендіру үшін деректер болған кезде толтыруға жатады;
8) 16-бағанда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлем мақсатының коды көрсетіледі;
9) 17-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде бағанда 1 мәні болады. Жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының өлшемдері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16 аралығындағы бағандардағы өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, бұл бағандағы мән 1-ге өсіріледі, ал 17-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;
10) 18-бағанда төлемнің үтірден кейін екі белгіге дейінгі теңгемен сомасы көрсетіледі;
11) 19-бағанда төлем валютасының коды "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ИСО 4217-2012 ҚР ҰК Қазақстан Республикасының ұлттық жіктегішіне сәйкес көрсетіледі.