Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 214 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 қазанда № 14334 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2022 № 96 (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және Қағидалардың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының 2) тармақшасын, 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2017 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2016 жылғы 18 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 214 қаулысымен
бекітілген

Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының
немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-2) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалар жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының (бұдан әрі – төлем жүйесі) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөнінде мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер), Мәліметтерді ұсыну нысандарын, тізбесін, кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, беру тәртібін айқындайды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) мәліметтерді төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты үшін пайдаланады.

      3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында көзделген ұғымдар, белгілер және кодтар пайдаланылады.

2-тарау. Мәліметтер беру тәртібі

      4. Мәліметтер Ұлттық Банкке:

      1) операторы Ұлттық Банк болып табылатын төлем жүйелері арқылы жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша – Ұлттық Банктің еншілес ұйымы болып табылатын көрсетілген төлем жүйесінің операциялық орталығы;

      2) Ұлттық Банкті қоспағанда, операторы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын төлем жүйелері арқылы жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша – төлем жүйесінің операторы не операциялық орталық (ол болған кезде);

      3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін шетелдік төлем жүйелері жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін төлем жүйесінің операторы не операциялық орталық арқылы беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында құрылған төлем жүйесі операторының өкілдігіне өкілдікке Мәліметтерді Ұлттық Банкке беру өкілеттіктері берілген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы бойынша мәліметтерді беруге рұқсат етіледі.

      5. Мәліметтер:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - 1-қосымша бойынша мәліметтер);

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - 2-қосымша бойынша мәліметтер) бойынша беріледі.

      6. Төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы олардың атауларын, жеке сәйкестендіру кодтарын, банктік сәйкестендіру кодтарын, СВИФТ (SWІFT)-кодтарын және қатысушыны немесе төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиентін айқындау үшін пайдаланылатын өзге де сәйкестендіргіштерді көрсете отырып, қатысушылар және төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиенттері сәйкестендіргіштерінің тізімімен қоса Ұлттық Банкке электрондық форматта:

      1) 1-қосымша бойынша мәліметтерді – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей тоқсан сайын;

      2) 2-қосымша бойынша мәліметтерді – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталық Мәліметтердің шынайлығын растау үшін Ұлттық Банкке оның сұратуы бойынша жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақпаратты, төлем құжаттарының көшірмелерімен бірге Ұлттық Банк сұратуда көрсеткен мерзімде береді.

  Жүйелік маңызы бар немесе
маңызды төлем жүйесі
операторының немесе
операциялық орталығының
төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары бойынша
мәліметтер беру қағидаларын
бекіту туралы қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ОР

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы, Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну бойынша өкілеттіктерді өкілдікке беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында құрылған шетелдік төлем жүйесі операторының өкілдігі.

      Әкімшілік деректерді ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың он бесінші күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

__________________________________________________________________ (жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығының толық атауы)

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші - ақша жөнелтуші

Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші - ақша алушы

1

2

3

4

5

6













      кестенің жалғасы

Ақша жөнелтуші

Бенефициар

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

7

8

9

10

11

12




















      кестенің жалғасы

Төлемдер бойынша мәліметтерді нақтылау

Төлем белгілеу коды

Төлем саны

Төлем сомасы, теңге

Төлем валютасы

13

14

15

16









      Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы __________________________________ __________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берілген адам

      ____________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20 __ жылғы "_____" ____________

  Төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары бойынша
мәліметтер нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер (индексі: 1-ОР, кезеңділігі тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының екінші бөлігінің 52-2) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы тоқсайн сайын жасайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысан бойынша мәліметтер ақша жөнелтушілер болып табылатын маңызды клиенттер бойынша, сол сияқты бенефициарлар болып табылатын маңызды клиенттер бойынша беріледі.

      5. Нысан төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты үшін пайдаланылады.

      6. Нысанға бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам және жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының орындаушысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      7. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және (немесе) аударым валютасы теңгеден айрықшаланатын болса, соманың баламасы төлем және (немесе) аударым жасалған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.

      8. Нысанда төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мына ақпаратты қамтитын 16 баған бар:

      1) 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем жүйесінің атауы көрсетіледі;

      2) 2-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізу ортасы көрсетіледі:

      01 – ел аумағында;

      02 – халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      3) 3-бағанда төлем жүйесінің түрі көрсетіледі:

      01 – банкаралық ақша аударымы жүйесі;

      02 – банкаралық клиринг жүйесі;

      03 – банк шотын ашпай электрондық терминалдар арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін төлем жүйелері;

      04 – электрондық ақша жүйелері;

      05 – корреспонденттік қатынастардың жүйелері (Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Респуликасының бейрезидент-банктері филиалдарының немесе Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының, Қазақстан Республикасының банктерінде немесе Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарында ұлттық валютамен ашылған корреспонденттік шоттар);

      06 – ақша аударымы жүйесі;

      07 – төлем карточкаларының жүйелері, олар арқылы төлем карточкаларымен есеп айырысулар бойынша банкаралық төлемдер жүргізілді;

      08 – төлем жүйелерінің өзге де түрлері.

      4) 4-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымының белгісі көрсетіледі:

      01 – жіберілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      02 – келетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      5) 5-бағанда төлем жүйесіне қатысушы ақша жөнелтушінің сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      6) 6-бағанда төлем жүйесіне қатысушы ақша алушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші ретінде банктік идентификациялау коды көрсетіледі.

      Өзге қатысушылар үшін бизнес идентификациялау кодтары, жеке идентификациялау кодтары және қатысушыны айқындау үшін пайдаланылатын өзге де сәйкестендіргіштер көрсетіледі;

      7) 7-бағанда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі көрсетіледі;

      8) 8-бағанда ақша жөнелтушінің экономика секторының коды көрсетіледі;

      9) 9-бағанда төлемге немесе ақша аударымына бастамашы болған елдің екі мәндік коды көрсетіледі;

      10) 10-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі;

      11) 11-бағанда бенефициардың экономика секторының коды көрсетіледі;

      12) 12-бағанда төлем немесе ақша аударымы жіберілген елдің екі мәндік коды көрсетіледі.

      Елдердің кодтары "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлік. Елдің кодтары" ІSO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

      7, 8, 9, 10, 11 және 12-бағандар төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының ақпараттық жүйесінде резиденттік белгісін, экономика секторын, ақша жөнелтуші елдің немесе бенефициардың елін идентификациялау үшін деректер болған кезде толтыруға жатады;

      13) 13-бағанда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлем белгілеу коды көрсетіледі;

      14) 14-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде бағанда 1 мәні көрсетіледі. Жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының өлшемдері 1 - 13 аралығындағы бағандардағы өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, бұл бағандағы мән 1-ге өсіріледі, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;

      15) 15-бағанда төлемнің үтірден кейін екі белгіге дейінгі теңгемен сомасы көрсетіледі;

      16) 16-бағанда төлем валютасының коды "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ІSO 4217 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.


  Жүйелік маңызы бар немесе
маңызды төлем жүйесі
операторының немесе
операциялық орталығының
төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары бойынша
мәліметтер беру қағидаларын
бекіту туралы қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-ОР

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы, Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну бойынша өкілеттіктерді өкілдікке беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында құрылған шетелдік төлем жүйесі операторының өкілдігі

      Әкімшілік деректерді ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың он бесінші күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Есепті айда нысанда көрсетілуге жататын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары болмаған кезде, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы, шетелдік төлем жүйесі операторының өкілдігі бұл туралы Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

  Нысан

__________________________________________________________________ (жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығының толық атауы)

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесіне қатысушының сәйкес тендіргіші

Төлемді жүргізу ортасы

Төлем белгісі

1

2

3

4





      кестенің жалғасы

Маңызды клиенттің деректері

Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші

Атауы

БСН / ЖСН

Резиденттік белгісі

Экономика секторы

Елі

5

6

7

8

9

10







      кестенің жалғасы

Маңызды клиенттің қарсы агентінің деректері

Төлем белгілеу

Есепті кезеңдегі төлемдердің саны

Төлем сомасы, теңге

Төлем валютасы

Атауы

БСН/ЖСН

Резиденттік белгісі

Экономика секторы

Елі

11

12

13

14

15

16

17

18

19










      Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы __________________________________       __________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берілген адам

      ____________________________________________       ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20 __ жылғы "_____" ____________

  Маңызды клиенттер жүргізген
төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары жөніндегі
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер (индексі: 2-ОР, кезеңділігі тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының екінші бөлігінің 52-2) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысан бойынша мәліметтер ақша жөнелтушілер болып табылатын маңызды клиенттер бойынша, сол сияқты бенефициарлар болып табылатын маңызды клиенттер бойынша беріледі.

      5. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы есепті тоқсаннан кейінгі соңғы күнтізбелік 12 (он екі) айдағы деректерге дербес жүргізілген талдау негізінде төлем жүйесінің маңызды клиенттерін айқындайды

      6. Нысан төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты үшін пайдаланылады.

      7. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының орындаушысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      8. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және (немесе) аударым валютасы теңгеден айрықшаланатын болса, соманың баламасы төлем және (немесе) аударым жасалған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.

      9. Нысанда төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мына ақпаратты қамтитын 19 баған бар:

      1) 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем жүйесінің атауы көрсетіледі;

      2) 2-бағанда маңызды клиентке қызмет көрсететін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      3) 3-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізу ортасы көрсетіледі:

      01 – ел аумағында;

      02 – халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      4) 4-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымының белгісі көрсетіледі;

      01 – маңызды клиент жіберген төлем және (немесе) ақша аударымы:

      02 – маңызды клиентке келетін төлем және (немесе) ақша аударымы;

      5) 5, 6, 7, 8 және 9-бағандарда маңызды клиенттің банктік деректемелері, оның ішінде оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі, экономика секторының коды, елдің екі мәндік коды көрсетіледі:

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиент төлемге және (немесе) ақша аударымына бастама жасаған елдің қоды;

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын алған елдің қоды;

      6) 10-бағанда маңызды клиенттің қарсы агентіне қызмет көрсететін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберген клиент;

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын алған клиент;

      7) 11, 12, 13, 14 және 15-бағандарда маңызды клиенттің қарсы агентінің банктік деректемелері, оның ішінде атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі, экономика секторының коды, елдің екі мәндік коды көрсетіледі:

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиенттің қарсы агенті төлемді және (немесе) ақша аударымын алған елдің қоды;

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиенттің қарсы агенті төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберген елдің коды;

      7, 8, 9, 13, 14 және 15-бағандар төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының ақпараттық жүйесінде резиденттік белгісін, экономика секторын, маңызды клиенттің немесе қарсы агенттің елін сәйкестендіру үшін деректер болған кезде толтыруға жатады;

      8) 16-бағанда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлем белгілеу коды көрсетіледі;

      9) 17-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде бағанда 1 мәні көрсетіледі. Жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының өлшемдері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16 аралығындағы бағандардағы өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, бұл бағандағы мән 1-ге өсіріледі, ал 17-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;

      10) 18-бағанда төлемнің үтірден кейін екі белгіге дейінгі теңгемен сомасы көрсетіледі;

      11) 19-бағанда төлем валютасының коды "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ІSO 4217 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.