Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14190 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 10.10.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 338 бұйрығымен
бекітілген

Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.08.2017 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.

      2. Әдістеме Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторымен көрсеткіштер және тәуекелдер факторларын бағалау арқылы кепілдік жарнаның мөлшерін есептеу мақсатында пайдаланылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кепілдік жарнаның мөлшері көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау құны мен аяқталмаған құрылыс құны арасындағы айырмаға кепілдік жарнаның мөлшерлемесінің туындысы ретінде айқындалады:

      Кж = КжМ х (ЖҚ – АҚ)

      мұндағы:

      Кж – кепілдік жарнаның мөлшері;

      КжМ – кепілдік жарнаның мөлшерлемесі;

      ЖҚ – Заңға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау құны;

      АҚ – тәуелсіз баға беру компаниясының есебімен және орындалған жұмыстар актісімен расталған аяқталмаған құрылыс құны.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Кепілдік жарна мөлшерін айқындау үшін осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көп факторлы модель қолданылады.

      5. Осы Әдістемеге қосымшада белгіленген тәуекел факторлары мен көрсеткіштерін есептеу үшін соңғы қаржылық жылдағы құрылыс салушының қаржылық есептілігіне (бухгалтерлік теңгерім, пайдалар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, жеке капиталындағы өзгерістер туралы есеп) талдау жүргізіледі.

      6. Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі 1 % құрайды және құрылыс салушылардың барлығы үшін бірыңғай болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Кепілдік жарна мөлшерлемесін қолдану үшін құрылыс салушы осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес бағаланатын тәуекелдер факторы бойынша 60 және одан жоғары балл жинауы қажет.

  Кепілдік жарнаның
мөлшерін айқындау әістемесіне
қосымша

Тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көпфакторлы үлгі

Көрсеткіштің атауы

Тәуекелдің факторы

Көрсеткіш мәні және балл

1. Пайдалылық көрсеткіштері
(0-ден 30 балға дейін)

1) Қызметтің пайдалылық коэффициенті (таза кіріс/түсім)
Материалдық, еңбек, ақшалай және басқа ресурстарды пайдаланудың тиімділік дәрежесін көрсетеді
0-ден 10 балға дейін

0-ден 0,02 дейін – 0 балл
0,02-ден жоғары 0,04-дейін – 1 балл
0,04-ден жоғары 0,06-дейін – 2 балл
0,06-ден жоғары 0,08-дейін – 3 балл
0,08-ден жоғары 0,10-дейін – 4 балл
0,10-ден жоғары 0,12-дейін – 5 балл
0,12-ден жоғары 0,14-дейін - 6 балл
0,14-ден жоғары 0,16-дейін – 7 балл
0,16-ден жоғары 0,18-дейін – 8 балл
0,18-ден жоғары 0,20-дейін – 9 балл
0,20-дан жоғары – 10 балл

2) Активтердің пайдалылық коэффициенті (таза кіріс /активтер)
Ұйым капиталының құрылымын есепке алусыз пайданы түрлендіру қабілеттігін, активтерді басқару сапасын көрсетеді
0-ден 10 балға дейін

0 – 0 балл
0-ден 0,01-дейін – 1 балл
0,01-ден жоғары 0,02-дейін – 2 балл
0,02-ден жоғары 0,03-дейін – 3 балл
0,03-тен жоғары 0,04-дейін – 4 балл
0,04-тен жоғары 0,05-дейін – 5 балл
0,05-тен жоғары 0,06-дейін – 6 балл
0,06-дан жоғары 0,07-дейін – 7 балл
0,07-ден жоғары 0,08-дейін – 8 балл
0,08-ден жоғары 0,09-дейін – 9 балл
0,09-дан жоғары – 10 балл


3) жеке капиталдың пайдалылық коэффициенті (таза кіріс/жеке капитал)
Салынған жеке капитал қаншалықты тиімді пайдаланылғанын көрсетеді
0-ден 10 балға дейін

0 – 0 кем не тең балл
0-ден 0,02-дейін – 1 балл
0,02-ден жоғары 0,04-дейін – 2 балл
0,04-тен жоғары 0,06-дейін – 3 балл
0,06-дан жоғары 0,08-дейін – 4 балл
0,08-ден жоғары 0,10-дейін – 5 балл
0,10-нан жоғары 0,12-дейін – 6 балл
0,12-ден жоғары 0,14-дейін – 7 балл
0,14-тен жоғары 0,16-дейін – 8 балл 0,16-дан жоғары 0,18-дейін – 9 балл 0,18-ден жоғары – 10 балл

2. Өтімділік көрсеткіштері
(0-ден 10 баллға дейін)

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (қысқа мерзімді активтер/қысқа мерзімді міндеттемелер)
қысқа мерзімді міндеттемелердің айналымдағы капиталмен жабылу деңгейін көрсетеді
0-ден 10 балға дейін

0,70-тен кем – 0 балл
0,70-тен жоғары 0,75-дейін – 1 балл
0,75-ден жоғары 0,80-дейін – 2 балл
0,80-ден жоғары 0,85-дейін – 3 балл
0,85-ден жоғары 0,90-дейін – 4 балл
0,90-тен жоғары 0,95-дейін – 5 балл
0,95-тен жоғары 1,00-дейін – 6 балл
1,00-ден жоғары 1,05-дейін – 7 балл
1,05-ден жоғары 1,10-дейін – 8 балл
1,10-ден жоғары 1,20-дейін –9 балл
1,20-дан жоғары – 10 балл

3. Қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері
(0-ден 30 балға дейін)

1) Автономия коэффициенті (жеке капитал+резервтер/активтер)
Қарыз қаражаты көздерінен ұйымның қаржылық жағдайының тәуелсіздігін анықтайды
0-ден 10 балға дейін

0-ден 0,10 дейін – 0 балл
0,10-нан жоғары 0,12-дейін – 1 балл
0,12-ден жоғары 0,14-дейін – 2 балл
0,14-ден жоғары 0,16-дейін – 3 балл
0,16-дан жоғары 0,18-дейін – 4 балл
0,18-ден жоғары 0,20-дейін– 5 балл
0,20-ден жоғары 0,22-дейін– 6 балл
0,22-ден жоғары 0,24-дейін– 7 балл
0,24-ден жоғары 0,28-дейін– 8 балл
0,28-ден жоғары 0,30-дейін– 9 балл
0,30-ден жоғары – 10 балл

2) Оңтайлылық коэффициенті (жеке айналым қаражаты / жеке капитал)
Ұйымның жеке айналым капиталының деңгейін ұстау қабілетін, қажет болған жағдайда жеке көздерінің есебінен көрсетеді
0-ден 10 балға дейін

0-ден 0,10 дейін – 0 балл
0,10-нан жоғары 0,12-дейін – 1 балл
0,12-ден жоғары 0,14-дейін – 2 балл
0,14-ден жоғары 0,16-дейін – 3 балл
0,16-дан жоғары 0,18-дейін – 4 балл
0,18-ден жоғары 0,20-дейін– 5 балл
0,20-ден жоғары 0,22-дейін– 6 балл
0,22-ден жоғары 0,24-дейін– 7 балл
0,24-ден жоғары 0,28-дейін– 8 балл
0,28-ден жоғары 0,30-дейін– 9 балл
0,30-ден жоғары – 10 балл

3) Қаржылық иінтірек коэффициенті (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер/жеке капитал)
Жеке капитал есебінен активтерді қалыптастыру деңгейін көрсетеді және құрылыс салушының қарыз көздерінен тәуелсіздігін көрсетеді. Кәсіпорынның қарыз көздерінен тәуелсіздігін сипаттайды. Ұсынылатын мәні – 4-тен жоғары емес
0-ден 10 балға дейін

7-ден жоғары – 0 балл
6,0-ден жоғары 6,5-дейін – 1 балл
5,5-ден жоғары 6,0-дейін – 2 балл
5,0-ден жоғары 5,5-дейін – 3 балл
4,5-дан жоғары 5,0-дейін – 4 балл
4,0-ден жоғары 4,5-дейін– 5 балл
3,5-ден жоғары 4,0-дейін– 6 балл
3,0-ден жоғары 3,5-дейін– 7 балл
2,5-ден жоғары 3,0-дейін– 8 балл
2,0-ден жоғары 2,5-дейін– 9 балл
2,0-ден төмен – 10 балл

4. Құрылыс салушы-компаниясының жұмыс тәжірибесі
(0-ден 10 балға дейін)

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданының (шаршы метрлерінің) көлемі немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (шаршы метрлерінің) көлемі
1-ден 10 балға дейін

Республикалық маңызы барқалаларда, астанада салу кезінде, мың шаршы метр

Өзгеәкімшілік-аумақтықбірліктерде салу кезінде,мың шаршы метр

баллдар

18-20

9-10

1

20-30

10-15

2

30-40

15-20

3

40-50

20-25

4

50-60

25-30

5

60-70

30-35

6

70-80

35-40

7

80-90

40-45

8

90-100

45-50

9

100-ден жоғары

50-ден жоғары

10


5. Заңдық көрсеткіштері
(0-ден 20 балға дейін)

1) Заңдық күшіне енген, бірақ орындалмаған үшінші тұлғалардың талабы бойынша құрылыс салушыға қатысты мүліктік сипаттағы сот шешімдері (талаптардың жалпы сомасы/жеке капитал)

5 % және жоғары – 0 балл
0 % -дан 5 % дейін – 10 балл


2) Заңдық күшіне енген, бірақ орындалмаған үшінші тұлғалардың талабы бойынша уәкілетті компанияға қатысты мүліктік сипаттағы сот шешімдері (талаптардың жалпы сомасы/жеке капитал)

5 % және жоғары – 0 балл
0 % -дан 5 % дейін – 10 балл