Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14190 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 10.10.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

       "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 338 бұйрығымен
бекітілген

Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі

      1. Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.

      2. Әдістемені Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры осы Әдістемеде белгіленген рейтинг бойынша құрылыс салушының және уәкілетті компанияның сыныптамасын айқындау арқылы кепілдік жарнаның мөлшерін есептеу мақсатында қолданады.

      3. Кепілдік жарнаның мөлшері тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жобалау құнына кепілдік тарифтің туындысы ретінде айқындалады:

      Кж = Т х Жқ

      мұндағы:

      Кж - кепілдік жарнаның мөлшері;

      Т - кепілдік тарифтің мөлшері (пайызбен);

      Жқ – Заңға сәйкес тұрғын ғимараттың жобалау құны.

      4. Кепілдік тарифті айқындау үшін осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес тәуекел параметрлері мен факторларының бағалауына негізделген көп факторлы модель қолданылады.

      5. Осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген тәуекел факторларының көрсеткіштерін есептеу үшін соңғы 2 жылдағы қаржылық есептілікке (бухгалтерлік баланс, пайдалар мен шығындар туралы есеп, капитал қозғалысы туралы есеп) талдау жүргізіледі.

      6. Параметрлердің, параметрдің тәуекел факторларын бағалау нәтижелері бойынша балл саны айқындалады және Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес құрылыс салушыға және уәкілетті компанияға рейтинг беріледі.

      7. Берілген рейтингке сәйкес осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес кепілдік тарифтің мөлшері айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 338 бұйрығымен бекітілген
  Кепілдік жарнаның мөлшерін
айқындау әдістемесіне
1-қосымша

Тәуекелдің параметрлері мен факторларының бағалауына негізделген көп факторлы модель

Параметрдің атауы

Тәуекелдің факторы

Салмақ мәні

1. Пайдалылық параметрлері, (0-ден 20 балға дейін)

1. Таза пайда коэффициенті (таза пайда/түсім), 0-ден 10 балға дейін

0-ден 0,02-ге дейін – 0 балл;

0,02-ден жоғарыдан 0,04-ке дейін – 1 балл;

0,04-тен жоғарыдан 0,06-ға дейін – 2 балл;

0,06-дан жоғарыдан 0,08-ге дейін – 3 балл;

0,08-ден жоғарыдан 0,1-ге дейін – 4 балл;

0,10-нан жоғарыдан 0,12-ге дейін – 5 балл;

0,12-ден жоғарыдан 0,14-ке дейін - 6 балл;

0,14-тен жоғарыдан 0,16-ға дейін – 7 балл;

0,16-дан жоғарыдан 0,18-ге дейін – 8 балл;

0,18-ден жоғарыдан 0,2-ге дейін – 9 балл;

0,2-ден жоғары – 10 балл

2) Активтердің рентабельділік коэффициенті (таза пайда /активтер), 0-ден 10 балға дейін

0 – 0 балл;

0-ден 0,01 дейін – 1 балл;

0,01-ден жоғарыдан 0,02-ге дейін – 2 балл;

0,02-ден жоғарыдан 0,03-ке дейін – 3 балл;

0,03-тен жоғарыдан 0,04-ке дейін – 4 балл;

0,04-тен жоғарыдан 0,05-ке дейін – 5 балл;

0,05-тен жоғарыдан 0,06-ға дейін – 6 балл;

0,06-дан жоғарыдан 0,07-ге дейін – 7 балл;

0,07-ден жоғарыдан 0,08-ге дейін – 8 балл;

0,08-ден жоғарыдан 0,09-ға дейін – 9 балл;

0,09-дан жоғары – 10 балл

2. Өтімділік және төлем қабілеттілігінің параметрлері (0-ден 20 балға дейін)

1. Шұғыл өтімділік коэффициенті (айналымдағы активтер/ қысқа мерзімді міндеттемелер), 0-ден 7 балға дейін

0-ден 0,05-ке дейін – 0 балл;

0,05-тен жоғарыдан 0,08-ге дейін – 1 балл;

0,08-ден жоғарыдан 0,1-ге дейін – 2 балл;

0,1-ден жоғарыдан 0,2-ге дейін – 3 балл;

0,2-ден жоғарыдан 0,4-ке дейін – 4 балл;

0,4-тен жоғарыдан 0,6-ға дейін – 5 балл;

0,6-дан жоғарыдан 0,8-ге дейін – 6 балл;

0,8-ден жоғарыдан 1,0-ге дейін – 7 балл

2. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті (меншікті капитал/ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер), 0-ден 7 балға дейін

0-ден 0,02-ге дейін – 0 балл;

0,02-ден жоғарыдан 0,1-ге дейін – 1 балл;

0,1-ден жоғарыдан 0,2-ге дейін – 2 балл;

0,2-ден жоғарыдан 0,3-ке дейін – 3 балл;

0,3-тен жоғарыдан 0,4-ке дейін – 4 балл;

0,4-тен жоғарыдан 0,5-ке дейін – 5 балл;

0,5-тен жоғарыдан 0,6-ға дейін – 6 балл;

0,6-дан жоғары – 7 балл

3. Пайыздық төлемдердің орнын толтыру коэффициенті (EBIT/төлеуге пайыздар), 0-ден 6 балға дейін

0-ден 0,1-гедейін – 0 балл;

0,1-ден жоғарыдан 0,3-ке дейін – 1 балл;

0,3-тен жоғарыдан 0,5-ке дейін – 2 балл;

0,5-ден жоғарыдан 0,7-ге дейін – 3 балл;

0,7-ден жоғарыдан 0,9-ға дейін – 4 балл;

0,9-дан жоғарыдан 1-ге дейін – 5 балл;

1-ден жоғары – 6 балл

3. Кредиттік тетік (0-ден 10 балға дейін)

1. Ағымдағы борыштың активтерге қатынасының көрсеткіші (қысқа мерзімді міндеттемелер), 0-ден 10 балға дейін

0,8-ден жоғары – 0 балл;

0,7-ден жоғарыдан 0,8-ге дейін – 1 балл;

0,6-дан жоғарыдан 0,7-ге дейін – 2 балл;

0,5-тен жоғарыдан 0,6-ға дейін – 4 балл;

0,4-тен жоғарыдан 0,5-ке дейін – 6 балл;

0,3-тен жоғарыдан 0,4-ке дейін – 8 балл;

0,3-тен төмен – 10 балл

2. Борыштың капиталға қатынасының көрсеткіші (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер), 1-ден 10 балға дейін

4-тен жоғарыдан 7-ге дейін – 1 балл;

2-ден жоғарыдан 4-ке дейін – 3 балл;

1-ден жоғарыдан 2-ге дейін – 5 балл;

0,5-тен жоғарыдан 1-ге дейін – 8 балл;

0,5-тен төмен – 10 балл

4. Құрылыс салушы-компанияның сипаттамасы (0-ден 40 балға дейін)

1. Тұрғын үйдің жалпы алаңының пайдалануға берілген шаршы метрлерінің көлемі, 1-ден 20 балға дейін

республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, мың ш.м.

елдің басқа өңірлерінде, мың ш.м

балл

18-ден 30-ға дейін

9-дан 15-ке дейін

2

30-дан 45-ке дейін

15-тен 22,5-ке дейін

4

45-тен 60-қа дейін

22,5-тен 30-ға дейін

6

60-тан 75-ке дейін

30-дан 37,5-ке дейін

8

75-тен 90-ға дейін

37,5-тен 45-ке дейін

10

90-нан 105-ке дейін

45-тен 52,5-ке дейін

12

105-тен 120-ға дейін

52,5-тен 60-қа дейін

14

120-дан 135-ке дейін

60-тан 67,5-ке дейін

16

135-тен 150-ге дейін

67,5-тен 75-ке дейін

18

150-ден жоғары

75-тен жоғары

20


2) Бас мердігердің сапалық сипаттамалары (бас мердігер лицензиясының санаты, техникалық жарақтандырылуы) 8-ден 10 балға дейін

2-санат – 8 балл;

1-санат – 10 балл


3) Үшінші тұлғалардың талаптары бойынша құрылыс салушыға және (немесе) уәкілетті компанияға қатысты мүліктік сипаттағы заңды күшіне енген, бірақ орындалмаған сот шешімдерінің болуы туралы мәліметтер (талаптардың көлемі/активтер) 0-ден 10 балға дейін

25% және одан жоғары – 0 балл;

0%-дан 25%-ға дейін – 10 балл

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 338 бұйрығымен бекітілген
  Кепілдік жарнаның мөлшерін
айқындау әдістемесіне
2-қосымша

Құрылыс салушының және уәкілетті компанияның рейтингі

Балл саны

Өтініш берушіге берілетін рейтинг

90 балл және одан жоғары

А

< 80 балл <90

B

< 70 балл <80

C

< 60 балл <70

D

60 балға дейін

Е


      мұндағы:

      А рейтингі – құрылыс салушы және уәкілетті компания жобаны мерзімінде орындауға жоғарғы мүмкіндікке және қаржылық икемділіктің жоғарғы деңгейіне ие;

      B рейтингі – құрылыс салушы және уәкілетті компания жобаны мерзімінде орындауға жеткілікті мүмкіндікке және қаржылық икемділіктің жеткілікті деңгейіне ие;

      С рейтингі – құрылыс салушы және уәкілетті компания жобаны мерзімінде орындауға қанағаттанарлық мүмкіндікке және қаржылық икемділіктің жеткілікті деңгейіне ие;

      D рейтингі – құрылыс салушы және уәкілетті компания жобаны мерзімінде орындауға қанағаттанарлық мүмкіндікке, алайда экономикалық ахуал нашарлаған кезде осалдыққа ие;

      E рейтингі – құрылыс салушының және уәкілетті компанияның жобаны орындауға мүмкіндігі жеткіліксіз.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі
№ 338 бұйрығымен бекітілген
  Кепілдік жарнаның мөлшерін
айқындау әдістемесіне
3-қосымша

Кепілдік тарифтің мөлшерін айқындау

Рейтингтің атауы

Балл саны

Кепілдік тарифтің мөлшері, %

А

100 балл

99 балл

98 балл

97 балл

96 балл

95 балл

94 балл

93 балл

92 балл

91 балл

90 балл

2,0

2,1

2,2

2,3

2,4

2,5

2,6

2,7

2,8

2,9

3,0

B

89 балл

88 балл

87 балл

86 балл

85 балл

84 балл

83 балл

82 балл

81 балл

80 балл

3,1

3,2

3,3

3,4

3,5

3,6

3,7

3,8

3,9

4,0

C

79 балл

78 балл

77 балл

76 балл

75 балл

74 балл

73 балл

72 балл

71 балл

70 балл

4,1

4,2

4,3

4,4

4,5

4,6

4,7

4,8

4,9

5,0

D

69 балл

68 балл

67 балл

66 балл

65 балл

64 балл

63 балл

62 балл

61 балл

60 балл

5,1

5,2

5,3

5,4

5,5

5,6

5,7

5,8

5,9

6,0

Е

60 балдан төмен

кепілдік беруден бас тарту