РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 10.10.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Қ. Бишімбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген |
Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.08.2017 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1. Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
2. Әдістеме Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен көрсеткіштер және тәуекелдер факторларын бағалау арқылы кепілдік жарнаның мөлшерін есептеу мақсатында пайдаланылады.
3. Кепілдік жарнаның мөлшері тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жобалау құны мен аяқталмаған құрылыс құны арасындағы айырмаға кепілдік жарнаның мөлшерлемесінің туындысы ретінде айқындалады:
Кж = КжМ х (ЖҚ – АҚ)
мұндағы:
Кж – кепілдік жарнаның мөлшері;
КжМ – кепілдік жарнаның мөлшерлемесі;
ЖҚ – Заңға сәйкес тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жобалау құны;
АҚ – тәуелсіз баға беру компаниясының есебімен және орындалған жұмыстар актісімен расталғанаяқталмаған құрылыс құны.
4. Кепілдік жарна мөлшерін айқындау үшін осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көп факторлы модель қолданылады.
5. Осы Әдістемеге қосымшада белгіленген тәуекел факторлары мен көрсеткіштерін есептеу үшін соңғы қаржылық жылдағы құрылыс салушының қаржылық есептілігіне (бухгалтерлік теңгерім, пайдалар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, жеке капиталындағы өзгерістер туралы есеп) талдау жүргізіледі.
6. Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі 2% құрайды және құрылыс салушылардың барлығы үшін бірыңғай болып табылады.
7. Кепілдік жарна мөлшерлемесін қолдану үшін құрылыс салушы осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес бағаланатын тәуекелдер факторы бойынша 60 және одан жоғары балл жинауы қажет.
Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әістемесіне қосымша |
Тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көпфакторлы үлгі
Көрсеткіштің атауы | Тәуекелдің факторы | Көрсеткіш мәні және балл | |||||||||||||||||||||||||||||||||
1. Пайдалылық көрсеткіштері |
1) Қызметтің пайдалылық коэффициенті (таза кіріс/түсім) |
0-ден 0,02 дейін – 0 балл | |||||||||||||||||||||||||||||||||
2) Активтердің пайдалылық коэффициенті (таза кіріс /активтер) |
0 – 0 балл | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
3) жеке капиталдың пайдалылық коэффициенті (таза кіріс/жеке капитал) |
0 – 0 кем не тең балл | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. Өтімділік көрсеткіштері |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (қысқа мерзімді активтер/қысқа мерзімді міндеттемелер) |
0,70-тен кем – 0 балл | |||||||||||||||||||||||||||||||||
3. Қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері |
1) Автономия коэффициенті (жеке капитал+резервтер/активтер) |
0-ден 0,10 дейін – 0 балл | |||||||||||||||||||||||||||||||||
2) Оңтайлылық коэффициенті (жеке айналым қаражаты / жеке капитал) |
0-ден 0,10 дейін – 0 балл | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
3) Қаржылық иінтірек коэффициенті (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер/жеке капитал) |
7-ден жоғары – 0 балл | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. Құрылыс салушы-компаниясының жұмыс тәжірибесі |
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданының (шаршы метрлерінің) көлемі немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (шаршы метрлерінің) көлемі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Заңдық көрсеткіштері | 1) Заңдық күшіне енген, бірақ орындалмаған үшінші тұлғалардың талабы бойынша құрылыс салушыға қатысты мүліктік сипаттағы сот шешімдері (талаптардың жалпы сомасы/жеке капитал) |
5 % және жоғары – 0 балл | |||||||||||||||||||||||||||||||||
2) Заңдық күшіне енген, бірақ орындалмаған үшінші тұлғалардың талабы бойынша уәкілетті компанияға қатысты мүліктік сипаттағы сот шешімдері (талаптардың жалпы сомасы/жеке капитал) |
5 % және жоғары – 0 балл |