РҚАО-ның ескертпесі!
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 40-тармағы мен 50-тармағының 2) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының |
|
Денсаулық сақтау және |
|
әлеуметтік даму министрінің |
|
міндетін атқарушы |
Е. Біртанов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
____________________ М. Құсайынов
2016 жылғы 1 тамыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы "___" ________________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 14 шілде
Қазақстан Республикасы |
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басымды жоба – мемлекекттік және салалық бағдарламалық құжаттарда көрсетілген басымдықтарға сәйкес іске асырылатын жоба;
2) басшылар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асыратын, ұйымның мақсаттары мен саясатын айқындайтын, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар алатын, ұйымға тікелей қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді орындамайтын адамдар;
3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);
5) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі;
6) жұмыскерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан, сондай-ақ бір жұмыс берушімен қоса атқару бойынша жұмыс туралы еңбек шартын жасасқан жұмыскерлерден басқа, жасалған мерзіміне қарамастан, еңбек шарттары негізінде қабылданған адамдар саны;
7) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
8) мамандар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, жоғары деңгейдегі арнайы және (немесе) бірегей білімі мен дағдылары, ұйымның бейіні бойынша қызметтер көрсету, ғылыми-зерттеу жабдығын, прогрессивті технологиялар мен техниканы, оларды басқару әдістерін пайдалану үшін белгілі бір салада немесе ғылымда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Ондай білімі мен дағдыларын бағалау кезінде ұйымның бейіні бойынша кәсіптік білімінің болуын, сондай-ақ жұмыс түрлеріне немесе ұйымның қызметіне сәйкес келетін, арнайы техникалық білімдерді талап ететін жоғары деңгейдегі біліктілігін де, оның ішінде тиісті аккредиттелген кәсіптік қауымдастықтарға мүшелігін ескерген жөн;
9) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзім атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын иммигранттар;
10) менеджерлер – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, кәсіптік біліктілік деңгейі жоғары және тиісті салада менеджер позициясындағы жұмыс тәжірибесі бар және ұйымды, ұйымның департаментін немесе басқармасын басқаратын, өзге басшы кәсіби немесе әкімшілік жұмыскерлердің жұмысына басшылық ететін және бақылайтын, персоналды жалдайтын және жұмыстан босататын, персоналды жалдауға, жұмыстан босатуға немесе өзге іс-қимылына ұсыным беретін персоналды, жоғары тұрған басшылардан, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар немесе нұсқама алатын адамдар.
Қызметтер көрсету үшін қажетті функцияларды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер аталған санатқа қосылмайды;
11) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
13) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді, жұмысқа өз бетінше орналасатын жұмыскерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
14) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;
15) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін жұмыс берушiге жергілікті атқарушы орган беретiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құжат;
16) шетелдік жұмыскер – жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
2-тарау. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары
1-параграф. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттары
3. Рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;
3) үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
4. Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде береді.
5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданыстағы, бұрын берілген рұқсаттардың саны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлген квотаның тиісті күнтізбелік жылға арналған санынан аспауға тиіс.
6. Жергілікті атқарушы орган мынадай шарттар:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90% шарттарын сақтаған кезде рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.
Қадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер қатарында 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық қауымдастық туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.
Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
7. Осы Қағидалардың 6-тармағы:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;
3) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға қолданылмайды.
8. Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттарды аумағында жобалар іске асырылып жатқан жергілікті атқарушы органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар айқындайды.
9. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.
10. Рұқсат алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген адам "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерек қоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдек жұмыс күшін тартуға рұқсатты алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайларда жергілікті атқарушы орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және жұмыс берушіге құжаттардың қайтарылғаны туралы (Қағидаларға сәйкес берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жазбаша негіздеме береді.
Құжаттарды қағаз түрінде қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қабылданған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, қолхат береді.
12. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:
1) бірінші санат үшін – жыл сайын он екі ай мерзімге ұзартумен он екі ай;
2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі ай;
3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі ай;
4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.
13. Жергілікті атқарушы орган рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Жергілікті атқарушы орган шешімді жергілікті атқарушы орган құратын Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдарының негізінде қабылдайды.
14. Комиссияның құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері кіреді.
15. Жұмыс беруші не оның өкілі өз ұйғарымы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады. Жергілікті атқарушы орган отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда өзінің интернет-ресурсында Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны туралы ақпаратты орналастырады.
16. Жергілікті атқарушы орган "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не жазбаша жұмыс берушіге рұқсатты беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде оны қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.
17. Рұқсатты беру және (немесе) ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.
18. Рұқсатты беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 10-тармағында сәйкес оның негіздемелерін көрсетеді.
19. Жұмыс беруші рұқсатты беру туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.
Жұмыс беруші хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды төлегенін растайтын құжаттарды бермеген кезде жергілікті атқарушы орган рұқсатты беру туралы шешімнің күшін жояды.
20. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсат береді.
Жұмыс берушi екі жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
21. Мынадай:
1) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді және ұзартылмайды.
22. Рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда ол осы кәсіп үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Бұл ретте жұмыс беруші рұқсат қайта ресімделетін шетелдік жұмыскерге осы Қағидаларда көзделген құжаттарды жібереді. Жергілікті атқарушы орган бастапқыда берілген рұқсаттың қолданысын тоқтатуға тиіс.
Жергілікті атқарушы орган рұқсат қолданысының күші тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына рұқсаттың қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпарат жолдайды.
23. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Комиссия отырысында қарамай қабылдайды.
24. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде бір айдан кешіктірмей "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жiбередi:
1) өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
3) тартылатын шетелдік жұмыскер туралы мәліметтер;
4) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
25. Жергілікті атқарушы орган берілген құжаттардың негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
Рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Комиссия отырысында қарамай жүзеге асырады.
26. Жергілікті атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттың мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күнi iшiнде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушiге рұқсаттың мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
27. Жұмыс берушi рұқсатты ұзарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты ұзартқаны үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
28. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайдын.
29. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттың көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсатты береді.
Жұмыс берушi хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
30. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Бұл ретте жұмыс берушіге рұқсат алынған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуге рұқсат етіледі.
Шетелдік жұмыскерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлердің тіркелген жері және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жері бойынша ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етеді.
31. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетуге келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда оның рұқсат алуына байланысты құжаттарды ресімдеуді пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін заңды тұлға (оның ішінде филиалы, өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға) жүзеге асырады.
32. Жергілікті атқарушы орган қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды кері қайтарып алуды мынадай:
1) шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан;
2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 6-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайларда жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
33. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысы мынадай:
1) ол берілген мерзім аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарып алынған;
3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;
4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған;
5) рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алымды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмелерін енгізбеген жағдайларда тоқтатылады.
Жергілікті атқарушы орган рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешімін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ-нің облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына рұқсаттың қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпарат жолдайды.
2-параграф. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту шарттары мен тәртібі
34. Корпоративішілік ауыстыру кезеңінде шетелдік жұмыскерге қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды сақтау бойынша талаптары қолданылады, бұл ретте еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес шетелдік жұмыскер мен одан корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның арасында жасалған еңбек шартымен (немесе келісімімен) реттеледі.
35. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тарту Заңның 32-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика салаларында жүзеге асырылады.
36. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тегін негізінде жүзеге асырылады.
37. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тарту шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) басшылар;
2) менеджерлер;
3) мамандар.
38. Корпоротивішілік ауыстырулар шеңберінде рұқсат мынадай жағдайларда беріледі:
1) басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, шеңберінде корпоротивішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және олардың мынадай талаптарға сәйкес келуі:
2) Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сай біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
3) "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11820 болып тіркелген) "Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес берілетін сертификатпен расталған қазақ тілін қарапайым деңгейінен төмен емес білуі (шетелдік жұмыскерді маман ретінде тартқан кезде).
39. Жергілікті атқарушы орган рұқсатты бос жұмыс орындары болған және біліктілік деңгейі бос орынға орналасу үшін деңгейге сәйкес келетін үміткерлер болмаған кезде береді.
40. Тиісті кандидатураларды ішкі еңбек нарығынан іздеу жұмыс берушілердің республикалық, жергілікті мерзімді басылымдарда, сондай-ақ жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде бар бос орындар туралы хабарландырулар жариялауы және бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жолдауы жолымен Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Хабарландыруларда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптары;
2) жұмыс берушінің және жергілікті атқарушы органның атауы, орналасқан жері және байланыс телефондары. Сондай-ақ бос орындарға орналасуға үміткерлер өз мәліметтерін жұмыс берушінің және жергілікті атқарушы органның мекенжайына жіберетіні көрсетіледі.
Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіден бос орындардың болуы туралы мәліметтерді алғаннан кейін жұмыспен қамту орталығының дерекқоры бойынша үміткерлерді іздеуді жүзеге асырады.
Іздеудің оң нәтижесі жағдайында жергілікті атқарушы орган үміткерлерді жұмыс берушіге әңгімелесуге жібереді. Бос орындарға орналасуға үміткерлермен әңгімелесуді жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығы өкілінің қатысуымен жүзеге асырады.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша жұмыс беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің бос орынға орналасуға үміткермен әңгімелесуінің хаттамасын жасайды.
41. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыскерлерді тартуға рұқсатты алу үшiн жұмыс берушi бос орындар туралы хабарландыруларды жариялаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 9-қосымшасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсатты алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.
42. Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды берген кезде жұмыс берушімен келісу бойынша оған мынадай ерекше шарттардың бірін жүктейді:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша кейіннен шетелдік жұмыскерлерді ауыстыра отырып кәсіптік даярлау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша кейіннен шетелдік жұмыскерлерді ауыстыра отырып қайта даярлау;
3) кейіннен шетелдік жұмыскерлерді ауыстыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шетелдік жұмыскерлер тартылатын мамандықтар бойынша қосымша жұмыс орындарын құру.
43. Корпоративішілік ауыстыру кезінде:
менеджерді – жұмыс беруші осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген шарттардың бірін таңдайды;
маманды – жұмыс беруші осы Қағидалардың 42-тармағында 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды.
44. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың санына сәйкес ерекше шарттар санын жүктейді.
45. Ерекше шарттарды келісу Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес рұқсат берудің ерекше шарттарын жұмыс берушімен келісу нысаны бойынша жүзеге асырылады.
46. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың:
осы Қағидалардың 42-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;
осы Қағидалардың 42-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімінің алғашқы алты айы ішінде жүргізіледі.
47. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер және мамандар) санының тиісті санаттағы қазақстандық кадрлар санына елу пайыздан аспайтын пайыздық қатынасын қамтамасыз етеді.
Жұмыс беруші корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
48. Шетелдік жұмыскерді басшы лауазымдарға тартқан кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының санына қатынасты сақтау жөніндегі талаптар қолданылмайды.
49. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беруді және ұзартуды www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық тәсілмен не қағаз түрінде жүзеге асырады.
50. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай:
1) жұмыс беруші осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
2) ішкі еңбек нарығында тиісті ұсыныстар болған (жұмысқа орналасқысы келетін адам жұмыс берушінің және халықты жұмыспен қамту орталығы өкілінің оң бағасын алған кезде);
3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
4) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындамаған;
5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 37 және 38-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда берілмейді немесе ұзартылмайды.
51. Жергілікті атқарушы орган мынадай:
1) шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайларда қолданыстағы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес кері қайтарып алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар туралы ақпарат жолдайды.
52. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген ауыстыру мерзіміне, бірақ бір реттен асырмай он екі айға ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Еңбек шарты болмаған кезде корпоративішілік ауыстыру мерзімі корпоративішілік ауыстыру туралы хатта немесе келісімде (шартта), бірақ бір реттен асырмай он екі айға ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзім болып айқындалады.
53. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Шетелдік жұмыскерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік жұмыскерлердің тіркелген жері және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жері бойынша ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етеді.
54. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда ол осы кәсіп үшін белгіленген, осы Қағидаларға 9-қосымшада көзделген құжаттармен расталған біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге беріледі.
55. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Комиссия отырысында қарамай қабылдайды.
56. Жергілікті атқарушы орган рұқсатты ұзарту туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға сәйкес, Комиссия отырысында қарамай жүзеге асырады.
57. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысы мынадай:
1) ол берілген мерзім аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарып алынған;
3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;
4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған жағдайларда тоқтатылады.
58. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде бір айдан кешіктірмей "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпаратты;
3) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;
4) рұқсат мерзімін ұзартудың негіздемесін;
5) осы Қағидаларға 9-қосымшаның 5-тармағында көзделген тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді;
6) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жiбередi.
59. Жергілікті атқарушы орган:
1) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін жұмыскерлерді есепке алуды жүргізеді;
2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органды, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер туралы хабардар етеді.
60. Шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеуге жол беріледі.
Жұмыс беруші шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясын өзгерген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.
61. Жұмыс беруші – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта құрылған, сондай-ақ оның шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатта көрсетілген атауы немесе деректемелері өзгерген жағдайда бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші қайта құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.
62. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар алған жұмыс берушілер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жергілікті атқарушы органға ведомстволық статистикалық есептілікті ұсынады;
2) шетелдік жұмыскерден Қазақстан Республикасының көші-қон және еңбек заңнамасын сақтау бойынша жазбаша міндеттеме алады.
63. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген жағдайда ерекше шартты орындамайды.
Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқпарушы органға шетелдік жұмыскердің келмегені туралы хабарлама жібереді.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
|
нысан |
______________________________________________________________
(рұқсат беруші органның толық атауы)
Шетелдік жұмыс күшін тартуға РҰҚСАТ
20 __ ж. "___" _________ № ____
Жұмыс беруші _______________________________________________________
(заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
____________________________________________________________________
тіркеу нөмірі, тіркелген күні, бизнес сәйкестендiру нөмiрi;
____________________________________________________________________
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, үйінің
мекенжайы)
____________________________________________________________________
Рұқсат қолданылатын аумақ ___________________________________________
____________________________________________________________________
Шетелдік жұмыскер__________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), санаты, лауазымы/кәсібі)
____________________________________________________________________
(паспорттың/жеке куәліктің №, берілген күні және берген орган)
Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық)___________________________________
Рұқсатты беру үшін негіздеме_____________________________________________
____________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі_______________бастап _______________дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. қолы _______________________
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
|
нысан |
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Р/с |
Тартылатын шетелдік жұмыс күшінін санаттары |
Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам |
Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам |
3 баған + 5 баған |
4 баған + 5 баған |
Шетелдік жұмыс күшінің жұмыскерлердің жалпы санына %, 7-баған/6-баған*100% |
|
Барлығы |
оның ішінде шетелдік жұмыс күшінің |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
1 және 2 санаттар |
||||||
2 |
3 және 4- санаттар |
||||||
3 |
БАРЛЫҒЫ |
Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 6-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші: _________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс |
|
нысан |
Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар
Р/с № |
Басымды жобаның атауы |
Тартылатын шетелдік жұмыс күшінін санаттары |
Басымды жобада жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың % |
Басымды жобада жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің % |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
1 және 2-санаттар |
|||
3 және 4-санаттар |
Келісілді: |
Келісілді: |
Келісілді: |
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
|
нысан |
Қайда __________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының
жергілікті атқарушы органының атауы)
Кімнен __________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
_____________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде:
бірінші санат бойынша – ____ адамға,
олардың ішінде лауазымдары
(кәсіптері) бойынша: ______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
екінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________________________
________________________________________________________________________________
үшінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________________________
________________________________________________________________________________
төртінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _______________________________________
маусымдық жұмыстарға – ____ адамға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ұзартуды/ қайта ресімдеуді (қажеттінің асты сызылсын) сұраймын.
Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі:
________________________________________________________________________________
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:
Облыс (қала):______________________________________________________________
Шетелдік жұмыскерлер саны: ______________________, оның ішінде:
басшы – ___ адам,
лауазымы ______________________________________________________;
менеджерлер – ___ адам,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: ________________________________
мамандар – ___ адам,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша: _________________________________
Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйым) атауы:___________________________________
__________________________________________________________________________
Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер: __________________________
__________________________________________________________________________
Ұйымның меншік нысаны ___________________________________________________
__________________________________________________________________________
Құрылған күні 20___ жылғы "____" _________________.
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы куәлік
__________________________________________________________________________
(нөмірі, қашан және кім берген)
жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________________,
бизнес сәйкестендіру нөмірі:_________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты_____________________________________________
__________________________________________________________________________
(шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі)
Мекенжайы, телефон, факс___________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу қажеттілігінің негіздемесі: _____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде
Шетелдік заңды тұлғаның – жұмыс берушінің толық атауы:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Резидент елде тіркелгені туралы деректер:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)
Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: _____________________
__________________________________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі: ________________________________________________
__________________________________________________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны: ________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі:__________________________
__________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның жұмыскері болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші туралы мынадай деректер толтырылады:
Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы: ___________________________
__________________________________________________________________________
Резидент елде тіркелгені туралы деректер: ______________________________________
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)
Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі: ______________________
__________________________________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі ________________________________________________
__________________________________________________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны _________________________________________
"Қолданыстағы Жұмыс берушілерге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мен (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен таныстым.".
Басшы ____________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
20___ж. "___" ______________
М.О.
Өтініш 20___ж. "____" __________________ қарауға қабылданды_________________
__________________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алу үшін ұсынылатын құжаттар
1. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер.
2. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландыған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
2) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде).
3. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 6-тармағына сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат. Шетелдік жұмыс күшін басымды жобаларға тартқан кезде жұмыс беруші Қағидалардың 7-тармағына сәйкес басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты ұсынады.
4. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан жағдайда осы қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
5. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
|
нысан |
Қолхат
Кімнен _____________________________________ төмендегі құжаттар
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
қоса беріле отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы өтініш қабылданды:
1. ______________________;
2. ______________________;
3. ______________________;
4. ______________________;
5. ______________________;
6. ______________________.
Өтініш 20__жылғы "___" __________________ қарауға қабылданды.
_________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
|
нысан |
кімнен_________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қаласының
жергілікті атқарушы органының атауы)
кімге__________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы
және мекенжайы)
_______________________________________
ХАБАРЛАМА
__________________________________________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы және мекенжайы)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы шешім қабылданғаны жөнінде хабарлайды.
__________________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
_______________________________________ үшін салықтық алым енгізу талап етіледі:
(рұқсат (тар) беру немесе ұзартуды көрсету)
1. _______________________________________________________________________;
(тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), санатын, кәсібін және лауазымын көрсету)
2. _______________________________________________________________________.
(тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), санатын, кәсібін және лауазымын көрсету).
Рұқсатты беру/ұзарту үшін салықтық алымды мына шотқа енгізу талап етіледі: №_____________________, бюджеттік сыныптама коды: ____.
Салықтық алымның төленгені туралы он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға салықтық алымның төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) енгізу жолымен хабарлау қажет.
Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салықтық алымның төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы органның рұқсат беру туралы шешімінің күші жойылады.
Басшы ____________________ ________ _____________________
(тегі, аты-жөні) (қолы) (күні: күні, айы, жылы)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
Жұмыс берушінің бос орынға орналасуға үміткермен әңгімелесуінің хаттамасы
___________________ ___________________ ___________________
(әңгімелесу өткізілген ( хаттаманың нөмірі) (әңгімелесу өткізілген күн) орын қала/аудан)
әңгімелесуді өткен қатысушылардың тізімі: ____________________________________
бос орынға орналасуға үміткер қатысушылардың тізімі: __________________________
__________________________________________________________________________
(бос орынға орналасуға үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________________
________________________________________ әңгімелесудің хаттамасы.
Жұмыс берушінің шешімі:___________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(бос орынға орналасуға үміткердің біліктілік деңгейінің сәйкестігі туралы көрсету, жұмысқа қабылданғаны/қабылданбағаны туралы жұмыс берушінің шешімі, сондай-ақ қабылданған шешімге негіздеме)
Жұмыспен қамту орталығы өкілінің ұсынымдары: _______________________________
__________________________________________________________________________
(бос орынға орналасуға үміткердің біліктілік деңгейінің сәйкестігі туралы көрсету, бос орынға орналастыруға/орнастырудан бас татуға ұсынымдар, сондай-ақ ұсынымдарға негіздеме)
__________________________ _____________________________
(жұмыс берушінің (жұмыс беруші (халықты жұмыспен қамту орталығы
өкілінің) тегі, аты-жөні) өкілінің тегі, аты-жөні, лауазымы)
__________________________________ _____________________________
(қолы) (қолы)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, бар бос орындары туралы хабарландырулары бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы мемлекеттік және орыс тілдерінде.
2. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағидалар) 40-тармағында көзделген жұмыс берушінің бос орынға үміткермен әңгімелесуінің хаттамасын қоса бере отырып, жұмыс берушінің қазақстандық азаматтарға бос орындарға орналастырудан уәждемелi бас тартуы жазбаша нысанда.
3. Еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмесі).
4. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат.
5. Тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер.
6. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландыған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
2) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде).
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген қазақ тілінің қарапайым деңгейін меңгергенін растайтын мемлекеттік сертификат (шетелдік жұмыскерлерді маман ретінде тартқан кезде беріледі).
8. Қағидалардың 47-тармағында көзделген корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.
9. Осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес жұмыс берушімен рұқсаттар берудің ерекше шарттарын келісу нысаны.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
Жұмыс берушімен рұқсаттар берудің ерекше шарттарын келісу
Р/с № |
Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты |
Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) |
Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүргізілетін кәсіпті (мамандықты) және (немесе) құрылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы |
Ерекше шарттарды орындау мерзімі |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|||
Келісілді: |
__________________________________ |
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
|
нысан |
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Р/с№ |
Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам |
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам |
3-баған + 5-баған |
4-баған + 6-баған |
Қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %, 8-баған/7-баған*100 % |
||
Барлығы |
оның ішінде: |
||||||
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Менеджерлер |
||||||
2 |
Мамандар |
||||||
3 |
БАРЛЫҒЫ |
Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 5-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші: ________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін |
|
Нысан |
Қайда______________________________________
(ҚР ІІМ облыстық, Астана және Алматы қаласының
аумақтық органының атауы)
кімнен____________________________________
(Облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті
атқарушы органының атауы)
Кері қайтарып алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар туралы ақпарат
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының ___ тармағына сәйкес
_____________________________________________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының атауы)
1.______________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, шетелдік жұмыскердің деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорттың деректері (нөмірі, берілген күні). Рұқсаттың нөмірі, рұқсат берілген күн, рұқсат қолданысының аяқталу мерзімі)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатын (тарын) кері қайтарып алғанын хабарлаймыз.
___________________ ____________________ ___________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты)