Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.04.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз!
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 476-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлемдері
Р/с № | Экономикалық қызмет түрінің атауы | Айлық есептік көрсеткішпен мөлшерлемелер | |||
шетелдік жұмыскерлердің бірінші санаты | шетелдік жұмыскерлердің екінші санаты | шетелдік жұмыскерлердің үшінші санаты | шетелдік жұмыскерлердің төртінші санаты | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 137 | 158 | 179 | 200 |
2 | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 154 | 178 | 202 | 225 |
3 | Өңдеуші өнеркәсіп | 154 | 178 | 202 | 225 |
4 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау | 137 | 158 | 179 | 200 |
5 | Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау | 137 | 158 | 179 | 200 |
6 | Құрылыс | 171 | 198 | 224 | 250 |
7 | Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу | 154 | 178 | 202 | 225 |
8 | Көлік және қоймаға жинау | 137 | 158 | 179 | 200 |
9 | Тұру және тамақтану бойынша қызметтер | 137 | 158 | 179 | 200 |
10 | Ақпарат және байланыс | 137 | 158 | 179 | 200 |
11 | Қаржы және сақтандыру қызметі | 137 | 158 | 179 | 200 |
12 | Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар | 137 | 158 | 179 | 200 |
13 | Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет | 137 | 158 | 179 | 200 |
14 | Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 137 | 158 | 179 | 200 |
15 | Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 137 | 158 | 179 | 200 |
16 | Білім беру | 137 | 158 | 179 | 200 |
17 | Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | 137 | 158 | 179 | 200 |
18 | Өнер, ойын-сауық және демалыс | 137 | 158 | 179 | 200 |
19 | Өзге де қызмет түрлерін ұсыну | 154 | 178 | 202 | 225 |
20 | Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін үй шаруашылықтарының қызметі | 137 | 158 | 179 | 200 |
21 | Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі | 137 | 158 | 179 | 200 |