Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 тамызда № 14161 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің" 16-тармағының 42-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін, сондай-ақ Нұсқаулықта көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 757 бұйрығымен
бекітілген

Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 42-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруға арналған.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) базалық көлік құралы – жалпы немесе оның негізгі компоненттері шанақ немесе шасси түрінде басқа көлік құралын жасау үшін пайдаланылған, айналымға шығарылған көлік құралы;

      2) бірегей көлік құралы – бұл:

      - Кеден одағына мүше мемлекеттерде:

      сериялық өндіріс жағдайында дайындалған, айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен жинақтау жиынтығынан дайындалған; немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша бұрын жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылатын көлік құралы;

      - Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына:

      жеке тұлға өзіндік қажеттілігі үшін әкелетін; немесе көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан көлік құралы;

      3) жол жүрісіне қатысушы – жол жүрісі процесiне жаяу жүргiншi, жолаушы немесе жүргiзушi ретiнде тiкелей қатысатын адам;

      4) жол жүрісі қауiпсiздiгi – қатысушыларының жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;

      5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жол-көлік оқиғаларын, жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, сондай-ақ осындай зардаптарды жоюға бағытталған қызмет;

      6) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері;

      7) жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары – жол белгiлерi, жол таңбасы, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықты қоса алғанда), темiржол өтпелерiндегi реттеуiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттауыш құрылғылар;

      8) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жол жүрiсін басқару жөніндегі ұйымдастырушылық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешенi;

      9) жолдың жүріс бөлігі – көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын жолдың бір бөлігі;

      10) жол иелері – жолдардың меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы жолдарды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

      11) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;

      12) көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;

      13) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу – көлік құралын айналымға шығарғаннан кейін орындалған және жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал ететін нақты көлік құралының конструкциясымен көзделген құрамдас бөліктерді және жабдықтардың заттарын алып тастау немесе конструкциямен көзделмегендерді орнату;

      14) көлік құралдарының конструкциясын бақылау – көлік құралдарының конструкциясы мен оларды қосымша жабдықтау заттарының нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру;

      15) көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау – көлік құралдары мен оларды қосымша жабдықтау заттары техникалық жай-күйінің нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру;

      16) көлік құралының типін мақұлдау – бір типке жатқызылған, айналымға шығарылатын көлік құралдарының КО ТР 018/2011 "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

      17) тексеру – автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстар жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптарға (регламенттердің, нормативтердің, стандарттардың, нұсқаулықтардың және т.б.) сәйкестігін бағалау жөніндегі іс-шара.

      3. Жобалау кезінде регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген) бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларына сәйкес автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, жеңіл рельсті көлік жүйелерін және электр көлігі желілерін салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және оңалтуға арналған жобалау құжаттамасын келісу арқылы жүзеге асырылады.

      Жобалау кезінде регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады. Бұл ретте, аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністері жол және техникалық инспекциясы қызметкерлерін тағайындау олар ІІД ӘПБ-де он жұмыс күндік тағылымдамадан өткеннен кейін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделегеннен және олар бойынша сынақтар тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.

      "ІІД ӘПБ жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы (қызметтердің аға қызметкерлері) лауазымына тағайындалғаннан кейін оның ІІД ӘПБ-да бес жұмыс күндік тағылымдамадан өтуі жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Әртүрлі мақсаттағы және санаттағы автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған жобалау және жұмыс құжаттамасының құрамы мен ресімдеу қағидалары КО ТР 014/2011 "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламентінде және ҚР СТ 1397 "Автомобиль жолдары. Оларды салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған жобалау және жұмыс құжаттамасының құрамына және ресімдеу қағидаларына қойылатын талаптар" стандартында белгіленген талаптарға сәйкес әзірленеді.

      5. Автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, электр көлігі желілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және оңалту кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде регламенттердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын бақылау:

      1) тексерулер жүргізу;

      2) нұсқамалар беру;

      3) автомобиль жолдары мен елді мекендердің көше-жол желісінде жұмыстар жүргізу орындарын қоршау және жол белгілерін орнату сызбаларын қарау;

      4) бақылау тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін, жол құрылыстарын және теміржол өтпелерін және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайда күтіп ұстау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау:

      1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді тексеру;

      2) теміржол өтпелерін кешенді тексеру;

      3) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын тоқсан сайын тексеру;

      3-1) автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін, жол құрылыстарын және теміржол өтпелерін мақсатты тексеру;

      4) жол және коммуналдық ұйымдардың автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындығын комиссиялық тексеру;

      5) мұз өткелдерінің жай-күйін тексеру;

      6) бақылау тексерулер;

      7) күн сайын қадағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді тексеру (бұдан әрі - кешенді тексеру) жылына екі рет көктем мен күзде 1 сәуірден бастап 20 маусымға және 1 қыркүйектен бастап 1 қарашаға дейінгі кезеңдерде жүргізіледі.

      8. Кешенді тексеруді жол иелері, жол және жергілікті атқарушы органдар:

      1) халықаралық, республикалық және облыстық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімі (бөлімшесі, тобы) қызметкерлерінің;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын – аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөлінісі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кешенді тексеру жүргізу кезінде негізгі назар:

      1) жүріс бөлігінің, жол жиектерінің, тротуарлардың, жаяу жүргінші және велосипед жолдарының жай-күйіне;

      2) жоспардағы және ұзына бойы қисық қиылыстар мен түйісулерде көрінуді қамтамасыз етуге;

      3) бағыттағы көлік құралдары аялдамаларының жай-күйі мен жабдықталуына;

      4) жол қоршауларының, жарықтандырудың, жол құрылыстарының (көпірлердің, жол өтпесінің, эстакадалардың, тоннельдердің, виадуктардың, жерасты және жерүсті жаяу жүргінші өтпелерінің) жай-күйіне;

      5) жаяу жүргінші өткелдерінің белгіленуі мен жабдықталуына;

      6) жүріс бөлігінде жұмыстар жүргізу орындарын қоршауға, айналып өту жолдарын ұйымдастыруға және олардың жай-күйіне;

      7) әртүрлі деңгейдегі көше қиылыстарындағы, елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі, қоғамдық көлік аялдамаларындағы жасанды жарықтандыруға;

      8) жол белгілерінің, таңбаларының және бағдаршамдардың жай-күйіне;

      9) бағдаршам объектілері жұмыс режимдерінің қолданыстағы құжаттамаға сәйкестігіне;

      10) жүргізушілерге, оның ішінде жүк және транзиттік көлік жүргізушілеріне ақпараттық, бағыттық бағдар беру жүйесіне;

      11) тұрақтар мен демалу алаңдарының жай-күйіне;

      12) қарап тексеру құдықтары мен жаңбыр суы құйылатын торлар люктерінің жай-күйіне;

      13) көше-жол желісін сыртқы жарықтандыру жай-күйіне;

      14) мәдени, сауда және спорт орталықтарының, әкімшілік ғимараттардың (елді мекендердегі) жанындағы жабдықталған тұрақтардың жай-күйіне;

      15) жалпы пайдаланымдағы көлік бағыттарының жабдықталуы мен жайластырылу жай-күйіне;

      16) трамвай жолдарымен қиылысатын жерлердегі жүріс бөлігінің жай-күйіне аударылады.

      10. Кешенді тексеру нәтижелері бойынша:

      1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль жолын тексеру акті дайындалады, онда кемшіліктер, оларды өткізу мерзімдері, нақты орындаушылар белгіленеді;

      2) жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар;

      3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша жолдарды, жол құрылыстарын және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын пайдалану жағдайына және олардың жай-күйіне қойылатын талаптардан шегініс анықталған жағдайда, кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамалары;

      4) жергілікті атқарушы органдарға және прокуратура органдарына, сондай-ақ басқа да мүдделі органдар мен ұйымдарға, оның ішінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне 15 жұмыс күні ішінде ақпарат жолданады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Кешенді тексеру жүргізу кезінде жолдарды, жол құрылыстарын күтіп ұстау қағидаларын, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген өзге де талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 614, 630, 631 және 632-баптарына сәйкес шаралар қабылданады.

      12. Теміржол өтпелерін кешенді тексеру 1 сәуірден бастап 15 маусымға дейін жүргізіледі.

      13. Теміржол өтпелерін кешенді тексеру кезінде негізгі назар:

      1) оның санатының қозғалыс шарттарына сәйкестігіне;

      2) өтпеге жақын жерлердегі жолдың геометриялық элементтеріне;

      3) жүргізуші орнынан өтпенің және теміржол жабынының, жақындап келе жатқан пойыздың көрінуін қамтамасыз етуге;

      4) өтпенің жол белгілерімен, жарық және дыбыс сигнализациясымен, бағдаршамдармен, шлагбаумдармен, жасанды жарықпен, қоршаулармен, габаритті қақпалармен жабдықталуына;

      5) жаяу жүргінші жолдарының болуына;

      6) өтпедегі және оған жақын жерлердегі жүріс бөлігінің, төсемнің жай-күйіне;

      7) өтпеге жақын жерлерде жолдың жүріс бөлігі таңбасының және жол құрылыстарында тік таңбаның болуына аударылады.

      14. Теміржол өтпелерін кешенді тексеру нәтижелері бойынша:

      1) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес акт;

      2) жергілікті атқарушы органдарға және прокуратура органдарына, теміржол өтпелерінің иелеріне, басқа да мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберілетін ақпарат 15 жұмыс күні ішінде, оның ішінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жолданады.

      3) өтпелерді және оған жақын жерлерді күтіп ұстауда кемшіліктер анықталған жағдайда кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамасы дайындалады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 459 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Кешенді тексеру жүргізу кезінде теміржол өтпелерін күтіп ұстау қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-нің 630 және 631-баптарына сәйкес шаралар қабылданады.

      16. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын тоқсан сайын тексеру (бұдан әрі - тоқсан сайын тексеру) оларды күтіп ұстауды ұдайы қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі және осы тексерумен тоқсан ішінде барлық автомобиль жолдары және жол құрылыстары тексеріледі.

      17. Тоқсан сайын тексеруді:

      1) халықаралық, республикалық және облыстық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдар мен олардағы жол құрылыстарын ‒ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД әкімшілік полиция бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкерлері;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын ‒ аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністері жүргізеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Тоқсан сайын тексеру жүргізу кезінде негізгі назар 9-тармақта көрсетілген мәселелерге аударылады.

      19. Тоқсан сайын тексеру нәтижелері бойынша:

      1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль жолын тексеру акті дайындалады, онда кемшіліктер, оларды жою мерзімдері, нақты орындаушылар белгіленеді;

      2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша жолдарды, жол құрылыстарын және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын пайдалану жағдайына және олардың жай-күйіне қойылатын талаптардан шегініс анықталған жағдайда кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамасы дайындалады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 459 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Тоқсан сайын тексеру жүргізу кезінде жолдарды, жол құрылыстарын, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын және өзге де объектілерді күтіп ұстау қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-ге сәйкес шаралар қабылданады.

      20-1. Автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін, жол құрылыстарын және теміржол өтпелерін және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру үшін мақсатты тексеру жүргізіледі. Мақсатты тексеру нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 1-1-қосымшаға сәйкес мақсатты тексеру актісі жасалады және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпарат және (немесе) нұсқама жолданады.

      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға жол және коммуналдық ұйымдардың дайындығын комиссиялық тексеруді уәкілетті органның, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен автомобиль жолдарының иелері, жергілікті атқарушы органдар 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін жүргізеді. Нәтижелері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес актіде белгіленеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Қарап тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға, коммуналдық және жол шаруашылығы ұйымдарына, сондай-ақ басқа да мүдделі органдарға ақпарат жолданады.

      23. Өзендер мен басқа да су бөгеттері арқылы өтетін мұзды өткелдерді қарап тексеру өңірдің климаттық жағдайына байланысты 15 күнде (айына) кемінде бір рет, оның ішінде оларды ашу алдында және жылымықтар уақытында олар арқылы қозғалысты жабу қажеттігін бағалау кезінде жүргізіледі.

      24. Өзендер мен басқа да су бөгеттері арқылы өтетін мұзды өткелдерді тексеру кезінде негізгі назар:

      1) мұзды өткелді ашу үшін жергілікті атқарушы органдар рұқсатының болуына;

      2) тиісті қызметтердің мұзды өткелдегі мұздың қалыңдығына және мұзды жамылғының жүк көтерімділігіне бақылау жүргізуіне;

      3) қозғалыс тәртібін, жүк көтерімділігін және жылдамдығын анықтайтын жол белгілерінің болуына және орналастырылуына;

      4) қарсы қозғалыс жолына дейінгі ара қашықтыққа;

      5) мұз беттеріндегі қарлы жамылғының қалыңдығына;

      6) бойлау осінен шұңқырларға, мұз ойылымдарына, мұз дайындау алаңдарына, жерасты сулардың шығуына, электр станцияларының қолданылған жылы суды жинау орнына, сеңді мұз шоғырларына дейінгі ара қашықтыққа;

      7) мұзды жамылғының жағамен қосылған жеріне;

      8) ағаш төсемнің жай-күйіне және оны мұз жамылғысын күшейтуге пайдалануға және төсемнің жағамен қосылған жеріне;

      9) жүріс бөлігінің шегінде және одан жақын маңда мұз жарықтарының болуына;

      10) өтпе шекараларының белгіленуіне;

      11) өтпеге кіретін жерде шлагбаумдардың болуына;

      12) өтпе салуға арналған құм қорларының және басқа да материалдардың болуына;

      13) құтқару құралдарының болуына аударылады.

      25. Жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама беріледі және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ басқа да мүдделі органдарға хабарланады.

      26. Қорытынды тексерулер жүргізу кезінде:

      1) кешенді, тоқсан сайын тексерулер мен жол және коммуналдық ұйымдардың автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындығын, мұз өтпелердің жағдайын тексерумен көзделген іс-шаралардың орындалуы;

      2) бұрын берілген нұсқамалардың орындалуы;

      3) автомобиль жолдарының, жол құрылыстары мен теміржол өтпелерінің ағымдағы пайдаланылу жағдайы;

      4) оларды салу, реконструкциялау, оңалту және жөндеу кезінде регламенттер, нормативтер мен стандарттар талаптарының сақталуы тексеріледі.

      27. Қорытынды тексеру жүргізу мерзімділігі бұрын берілген нұсқамалардың белгіленген мерзімдеріне байланысты. Барлық белгіленген мерзімде орындалмаған нұсқамалар бойынша ай сайын прокуратура органдарына ақпарат жолданады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 459 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Қорытынды тексерулердің нәтижелері бойынша жолдарды, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын және өзге де объектілерді салу, реконструкциялау, жөндеу, оңалту және күтіп ұстау қағидаларын бұзған лауазымды және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-нің 462, 614, 630, 631 және 632-баптарына сәйкес шаралар қабылданады.

      29. Жол қызметі және жол жүрісін ұйымдастыру саласындағы регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын күнделікті қадағалау жолдарды, жол құрылыстарын, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын және өзге де объектілерді күтіп ұстау процесінде, сондай-ақ жолдарда жөндеу-құрылыс жұмыстары мен басқа да жұмыстар жүргізу кезінде туындаған, көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі келтіретін және оның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемшіліктерді жоюға жедел шаралар қабылдау мақсатында жүзеге асырылады және оны жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметкерлері жүргізеді.

      30. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да құрылыстардың немесе жол жүрісін реттейтін техникалық құралдардың бұзылу және/немесе олардың жай-күйі, сондай-ақ көлік құралдарының қозғалысы үшін қасақана кедергілер жасау фактілері анықталған жағдайда, кінәлі адамдарға ӘҚБтК-нің 614, 630, 631, 632-баптарына сәйкес және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыратын қызметкер жолдар мен инженерлік құрылыстардың жай-күйінде көлік құралдарының қозғалысына немесе оның қауіпсіздігіне кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтаған жағдайда, ол туралы ішкі істер органдарының кезекші бөліміне баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

      32. Кезекші бөлімнің кезекшісі хабарламаларды осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес көшелер мен жолдардың жай-күйіндегі кемшіліктерді, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының бұзылуын есепке алу журналына тіркейді және ол туралы ішкі істер органы бөлімшесінің басшысына, уәкілетті орган бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) бастығына хабарлайды. Қозғалысты шектеу немесе тыйым салу қажеттілігі туралы оның шешімін жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлердің, сондай-ақ жол, коммуналдық және басқа да мүдделі ұйымдардың лауазымды адамдарының назарына жеткізеді.

      33. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы кемшіліктерді анықтау үшін автомобиль жолдарын күтіп ұстау кезінде техникалық және арнайы құралдар пайдаланылуы мүмкін.

      34. Өлшеу аспаптарына жататын техникалық құралдардың оларды өлшеу құралдары ретінде бекіту туралы сертификаттары және тексеру туралы қолданыстағы куәлігі болуы тиіс.

      35. Фото - және бейнежазба функциялары бар техникалық құралдарды қызметкерлер олардың көмегімен алынған материалдар анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар себептерінің және оларды жасауға ықпал еткен жағдайлардың, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адам кінәсінің дәлелдемелері болып табыла алатын не жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді дұрыс шешу үшін маңызы болатын барлық жағдайларда қолданады.

      36. Фото - және бейнежазбаны жүзеге асыру тәсілі, параметрлері мен жағдайлары жолдың тиісті учаскесін, сондай-ақ бақылау өлшеу үшін қолданылатын арнайы техникалық құралдың көрсеткішін сәйкестендіруге мүмкіндік беруге және түсірілген күні мен уақытын көрсетуге тиіс.

      37. Фототүсірілім мен бейнежазба материалдары қызметкердің мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі өз іс-әрекеттері туралы түсіндірмелерді және лауазымды адамның немесе заңды тұлға өкілінің түсіндірмесін қамтуы тиіс.

      38. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) туралы деректерді, автомобиль жолдарын пайдаланудың жай-күйін тексеру нәтижелерін, жол жүрісі жағдайлары мен жай-күйін зерделеу, жол-пайдалану, көліктік ұйымдардың, жол жүрісін бақылауды жүзеге асыратын әкімшілік полиция немесе жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және азаматтардың ұсыныстарын талдау негізінде жүзеге асырылады.

      39. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      40. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Автомобиль жолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралардың тиімділігін бақылау олар толық іске асырылғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

      42. Жол жағдайларымен байланысы бар ЖКО-ның болмауы тиімділіктің басты өлшемшарты болып табылады.

      43. Жол жүрісі жағдайларын және жай-күйін зерделеген кезде:

      1) көлік ағымының қарқындылығы есептеледі және олардың құрамы нақтыланады;

      2) жаяу жүргінші қозғалысының қарқындылығы есептеледі, оның тартылыс аймағы нақтыланады;

      3) көліктік кешігулердің ұзақтығы есептеледі;

      4) ЖКО-ның туындау, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құқық бұзушылықтар мен құқыққа қарсы іс-әрекеттердің себептері мен жағдайлары анықталады және талдау жасалады, оларды жою бойынша шаралар қабылданады, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шаралар әзірленеді және автомобиль жолдарының иелеріне ақпарат жолданады;

      5) соңғы 3 жылдағы ЖКО-ның саны нақтыланады;

      6) геометриялық параметрлері (жүріс бөлігінің ені, қозғалыс жолақтарының саны, жоспардағы қисық радиустар, бойлау еңістерінің мөлшері және т.б.) нақтыланады;

      7) жол жүрісін реттейтін техникалық құралдардың бар-жоғы нақтыланады;

      8) жол учаскесінде қозғалысты ұйымдастыру сызбасы жасалады.

      44. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында автомобиль жолдарының иелеріне:

      1) жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату және қалпына келтіру, сондай-ақ бағдаршам объектілерінің жұмыс режимін өзгерту жөніндегі жұмыстарды орындауға нұсқамалар;

      2) жол белгілерінің қолданыстағы орналасуына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар;

      3) қосымша жол қоршауларын орнату және жол таңбасы сызбаларын түзету туралы ұсыныстар беріледі.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Жол жүрісін реттейтін техникалық құралдарын орнату және қалпына келтіру, сондай-ақ бағдаршам объектілерінің жұмыс режимдерін өзгерту жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған нұсқама екі данада жасалады. Бірі жол белгілерін орнатуды және бағдаршам объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымға жолданады, екіншісі – номенклатуралық істе сақталады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды орындауға берілген барлық нұсқамалар осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату (алу) жөніндегі жұмыстарға арналған нұсқамаларды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктерді есепке алу журналында ескеріледі.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Жедел іс-шараларды енгізумен ғана іске асырылмайтын, жол жүрісін ұйымдастыруды перспективалық дамыту жөніндегі ұсыныстар осы мәселелерді шешуге құзыретті жергілікті атқарушы органдарға белгіленген тәртіппен жіберіледі.

      48. Қозғалысты ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары ретінде:

      1) қозғалысты кеңістікте бөлу (қозғалысты құбырлау, әр деңгейде қиылысу, бағыттарды бағдарлау, біржақты қозғалысты енгізу);

      2) қозғалысты уақытпен бөлу (реверсивпен, бағдаршаммен реттеуді енгізу, қозғалысты, аялдауды және тұраққа қоюды белгіленген сағаттарда және апта күндерінде шектеу);

      3) біртектес көлік ағымдарын құру (құрамы, бағыты және қозғалыс мақсаты бойынша);

      4) қозғалыстың жылдамдық режимін оңтайландыру (жылдамдықты арттыру немесе шектеу, жүріс бөлігінің тар жерлерін жою, жолдың нығыздық деңгейін төмендету);

      5) қозғалысты автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу;

      6) жаяу жүргінші қозғалысының ыңғайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жаяу жүргінші өтпелерін құру және жабдықтау, жаяу жүргінші және тұрғын аймақтарды ұйымдастыру);

      7) көлік құралдары тұрақтарын ұйымдастыру және олар туралы ақпарат қарастырылады.

      49. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      50. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      51. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      52. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      53. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      54. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Көлік құралдарының конструкциясына және техникалық жай-күйіне талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың сақталуын бақылау жөніндегі негізгі міндеттерді орындауды ішкі істер органдары:

      1) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - тіркеу іс-әрекеттері);

      2) жол жүрісін қадағалауды;

      3) көлік құралдарының жаңа үлгілерін қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялар;

      4) көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді келісуді жүргізу кезінде жүзеге асырады.

      56. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясын және техникалық жай-күйін бақылау:

      1) көлік құралының тиісті құжаттарын тексеру;

      2) көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      57. Пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясын және техникалық жай-күйін бақылау кезінде тексеруге жататын құжаттардың тізбесі, сондай-ақ бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысының және "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) талаптарына сәйкес айқындалады.

      58. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      59. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      60. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Тіркелген көлік құралында енгізуге жататын және тіркеу құжаттарына енгізілмеген конструкция өзгерістері анықталған жағдайда осындай көлік құралдарын басқаратын адамдарға, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйіне және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға ӘҚБтК-нің 590 және 617-баптарына сәйкес шаралар қабылданады.

      62. Көлік құралы, оның нөмірлік агрегаттары және ұсынылатын құжаттар тиісті автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелерін пайдалана отырып, арнайы есептер бойынша тексеріледі.

      63. Көлік құралдарының техникалық жай-күйі пайдаланудағы көлік құралдарының конструкциясына және техникалық жай-күйіне және олардың қосымша жабдықтау заттарына талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.

      64. Белгіленген бағыт бойынша жүретін автобустардың конструкциясын және техникалық жай-күйін бақылау тек стационарлық бекеттерде, бағыттардың соңғы станцияларында және жолаушылар автотұрақтарында жүргізілуі мүмкін.

      65. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда заң бұзушылықтарды және оларды жою үшін қажетті шараларды көрсете отырып, орындалуы міндетті нұсқама беріледі.

      Нұсқамалар орындалмаған кезде лауазымды және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-нің 462-бабына сәйкес шаралар қабылданады.

      66. Оларды дайындау (жинау) кезінде көлік құралдарының конструкциясын бақылау көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынақтан өткізу және оларды өндіріске қабылдау сатысында жүзеге асырылады. Жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын көлік құралдарын дайындау сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің (бұдан әрі - ӘПК) рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

      67. Олардың конструкциясына өзгерістер енгізу кезінде көлік құралдарының конструкциясын бақылау, егер ол габариттерін және салмақ параметрлерін, қозғалтқыш моделін, оның салмағы мен қуаттылығын, отын беру жүйелерін, тежегіш жүйесін, санын, орнату орнын, көру бұрыштарын, жарықтандыру және жарық сигнализациясы аспаптарының жарық және түстік сипаттамаларын, жүру бөлігін, рульдік басқаруын, сондай-ақ көруді, шолуды, сылбыр және авариядан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін конструкцияның құрамдас бөліктерін өзгертумен байланысты болса, алдын ала техникалық сараптама жүргізу нәтижелері бойынша және көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдап сынау кезінде жүзеге асырылады. Бұл ретте М2 және М3 санаттарындағы көлік құралдарының конструкциясына отыратын орындарды орнатумен (бөлшектеумен), жатын орындарын және жүк бөлігін ұйымдастырумен байланысты және №1, №2, №3 санаттарындағы көлік құралдарына М2 және МЗ санаттарына ауыстырумен байланысты өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      М1 санаты үшін отыратын орындарды азайтумен байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.

      М1, М2 санаттары үшін оларды №1, №2 санаттарына ауыстырумен байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Алдын ала техникалық сараптама жүргізу қажет болған жағдайда, көлік құралдарының конструкциясын бақылауды әкімшілік полиция жүзеге асырады.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. Алдын ала техникалық сараптама жүргізу қажет болған жағдайда, онда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мынадай мәліметтердің болуы бақыланады:

      1) бұйымды қолдану саласының қысқаша сипаттамасы;

      2) көлік құралы сол үшін арналып жасалған жол жағдайлары мен пайдалану режимдері;

      3) көлік құралының тарту күші-жылдамдығы сипаттамалары;

      4) қозғалтқыш параметрлері;

      5) салмақ параметрлері (жарақталған жағдайдағы массасы, толық массасы, жүк көтеруі, жолаушы орындықтарының саны, біліктер бойынша толық массаны бөлу, тіркеуге алынатын тіркеменің, жартылай тіркеменің толық массасы), габаритті өлшемдер (ені, биіктігі, ұзындығы);

      6) жолдың жарық сәулесі, бұрылыс радиусы;

      7) дөңгелектер, біліктер саны, негізгі білік жетегі, шиналардың өлшемі мен сипаттамасы;

      8) біліктер бойынша тежегіш жүйесінің конструкциясы, жетек типі;

      9) рульдік басқару, жетек күшейткішінің конструкциясы;

      10) сыртқы жарық аспаптарының конструкциясы, саны;

      11) пайдаланылатын сылбыр қауіпсіздік құралдары.

      70. Егер алдын ала техникалық сараптамада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптары ескерілмесе немесе ол көлік құралының конструкциясы туралы толық мағлұмат бермесе, онда орын алған кемшіліктерді санамалап, көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістерді келісуден бас тартылады.

      71. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау және өндіріске қабылдау сатысында бақылау қабылдау сынақтары жөніндегі комиссияларға қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      72. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау сынақтары жөніндегі комиссияның құрамына ӘПК-нің уәкілетті қызметкері немесе ӘПК-нің жазбаша тапсырмасы бойынша, аумағында сынақтар өткізу болжанып отырған, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ПД Әкімшілік полиция басқармасының (бұдан әрі ‒ ӘПБ) өкілі қатысады.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау сынақтары дайындаушы әзірлеген және белгіленген тәртіппен ӘПК-мен келісілген Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау бағдарламасы-әдістемесіне сәйкес өткізіледі.

      74. Қабылдау сынақтары барысында көлік құралдары тәжірибелік үлгілерінің конструкциясы мен техникалық жай-күйі тиісті жобалау-техникалық құжаттаманың, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.

      75. Көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін сынау нәтижелері бойынша қабылдау комиссиясы хаттама мен көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау актісін толтырады.

      76. Егер үлгілер сынақтан өтпесе, хаттамада конструкцияны пысықтау туралы ұсыныстар жазылады және көлік құралдарының тәжірибелік үлгілерін қабылдау актісіне әкімшілік полицияның уәкілетті қызметкері қол қоймайды. Конструкцияның қайта жасалған құрамдас бөліктері сынақтан қайта өткізіледі.

      77. Жобалау-техникалық құжаттама әзірлемей, бірақ көлік құралының моделі-дайындаған зауыттың аналогына қатаң сәйкестікте және әкімшілік полицияның келісімі бойынша көлік құралдарының конструкциясына мынадай өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға рұқсат беріледі:

      1) көлік құралының шассиіне көлік құралының осы типі құрамында сәйкестікті бағалаудан өткен, жүкті өзі түсіретін стандартты және борт шанақтарын, цистерналар, фургон-шанақтар (оның ішінде контейнерлер), тент орнатумен байланысты шанақ типін өзгерту, сондай-ақ көрсетілген шанақ типтерін бірінің орнына бірін ауыстырып орнату;

      2) жүк автомобильдеріне оларға қатысты көлік құралының типі құрамында сәйкестікті бағалау өткізілген қосымша отын бактарын орнату;

      3) дайындаған зауыттың моделі-аналогына сәйкес жүк автомобильдеріне конструкциясы, саны мен материалы бойынша дайындаған зауыт моделі-аналогының бекіту материалдарына ұқсас бекіту элементтерін қолданып, көлік құралының осы маркасы құрамында сертификатталған, жүк көтеретін борттар, жүкшығырлар және жүктерді өздігінен тиеу және түсіру үшін гидравликалық көтергіштер орнату;

      4) дайындаған зауыттың моделі-аналогына сәйкес автомобильдер мен тіркемелерге, оның ішінде жеңіл автомобиль салонында стандартты бекіту бөлшектерін қолданып, көлік құралының осы маркасы құрамында сертификатталған арнайы алынбайтын жабдық орнату;

      5) стандартты бекіту бөлшектерін және қатты шуды болдырмайтын құрылғыларды қолданып, жүк борт автомобильдеріне және екі білікті борт тіркемелерге борттардың орнына кониктер орнату;

      6) дайындаған зауыттың моделі-аналогына сәйкес жүк автомобильдерінің шассиіне пошта, өндірістік және азық-түлік тауарларын тасымалдауға арналған (жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ-фургондарды қоспағанда), конструкциясы, саны мен материалы бойынша дайындаған зауыт моделі-аналогының бекіту материалдарына ұқсас бекіту элементтерін қолданып, көлік құралының осы маркасы құрамында сертификатталған шеберханалық шанақ-фургондарын орнату;

      7) қозғалтқышқа газ тәрізді отынмен (компримирленген табиғи газбен – КТГ, сұйылтылған мұнай газымен – СМГ) қуат беру жабдығын орнату және осындай жабдықты демонтаждау.

      78. Осы Нұсқаулықтың 77-тармағында көрсетілген, көлік құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізуге өтініштерді ӘПБ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген орнына қарамастан қарайды. Бұл ретте, аудандардың (қалалардың) әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері газды баллон жабдығын, құрал-сайман жәшіктерін орнату және жүк автомобильдерінің шанақтарын ауыстыру бойынша көлік құралдарының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған өтініштерді тұрақты тіркелген жері бойынша облыс ауданының (қаласы) аумағы шегінде қарайды.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. Өтініштер қарауға көлік құралының конструкциясына енгізілетін өзгерістердің толық сипаттамасымен қабылданады.

      80. Көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге өтініштерді қарау нәтижелері бойынша әкімшілік полиция қабылданған шешімді көрсетіп, өтініш берушіге жазбаша жауап береді. Жеке күзет ұйымдары жедел ден қою топтарының көлік құралдарын арнайы түстік-графикалық сызбалар бойынша арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтау жөніндегі мәселені қарау кезінде өтініш беруші күзет қызметімен айналысатын субъектілерді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның растайтын құжатын ұсынады.

      81. Оң шешімде оларға сәйкес көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуді жүргізу қажет нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың техникалық талаптары көрсетіледі, тиісті жұмыстарды орындауға болатын өндірістік-техникалық базаны таңдау бойынша ұсынымдар беріледі, сондай-ақ көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік (018/2011 КО ТР 18-қосымша) беру үшін уәкілетті әкімшілік полиция бөлінісінің атауы көрсетіледі.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      82. Пайдаланудағы көлік құралының конструкциясы мен техникалық жай-күйі, өзгерістер енгізілгеннен кейін, ішкі істер органдарына құжаттар келіп түскен сәттен бастап жұмыс күндері қырық сегіз сағат ішінде, осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктер (КО ТР 018/2011 18-қосымшасы) беру журналына мәліметтерді енгізіп, иесіне көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беріледі, сондай-ақ "www.egov.kz" "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беруге рұқсат беріледі. Бұл ретте, көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беру кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы аумақтық бөліністің басшысы деп басқарма және (немесе) бөлім, бөліше бастығын және оның орынбасарын, сондай-ақ жол және техникалық инспекция бөлімінің (бөлімшенің) бастығын және оның орынбасарын немесе оларды алмастыратын лауазымды адамдарды түсіну керек.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83. Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ресімдеу үшін өтініш беруші әкімшілік полицияға мынадай құжаттарды:

      көлік құралын иелену немесе пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын растайтын құжатты;

      көлік құралын сәйкестендіретін құжатты (көлік құралының паспортын), сондай-ақ көлік құралын мемлекеттік тіркеуді растайтын құжатты (көлік құралын тіркеу туралы куәлікті);

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органы аумақтық бөлімшесінің шешімін;

      КО ТР 018/2011 8-қосымшасында көзделмеген жағдайларда, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен тәртібі туралы қорытынды (алдын ала техникалық сараптама немесе базалық көлік құралын дайындаушы немесе көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізуші әзірлеген, базалық көлік құралын дайындаушы белгіленген тәртіппен бекіткен және жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органымен келісілген, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған техникалық шарттар);

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу кезінде (болған жағдайда) пайдаланылған компоненттерге сәйкестік сертификаттарының (сәйкестік туралы декларация) белгіленген тәртіппен расталған көшірмелерін;

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстардың көлемі мен сапасы туралы өтініш-декларацияны;

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін оның конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын;

      жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарымен, конструкциясына енгізілген өзгерістермен көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша ресімделген диагностикалық картаны ұсынады.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 459 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      83-1. Автокөлік құралдарын қайта жабдықтау жөніндегі номенклатуралық істе, "www.egov.kz" "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) өзге де ақпараттық жүйелер арқылы қызметтер көрсету кезіндегі жағдайларды қоспағанда, Нұсқаулықтың 83-тармағында көрсетілген барлық құжаттама немесе олардың көшірмелері сақталады. Автокөлік құралдарын қайта жабдықтау жөніндегі номенклатуралық істерді сақтау мерзімдері "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланының, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінің мекемелері мен ұйымдарының қызметінде жасалатын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2016 жылғы 12 қазандағы № 977 бұйрығының 829-тармағымен бекітілген.

      Ескерту. Нұсқаулық 83-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 459 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      84. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтауды мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуын бақылауды төмен тұрғандарға қатысты жоғары тұрған органдар жылына кемінде бір рет уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін тексеру арқылы жүргізеді, олардың барысында:

      1) жол қызметі және жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру саласындағы регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау кезінде заңнаманың сақталуына;

      2) жол қызметі және жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру саласындағы регламенттердің, нормативтер мен стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде осы Нұсқаулық талаптарының орындалуына;

      3) есептерде ұсынылатын қызмет нәтижелері туралы мәліметтердің шынайылығына ерекше назар аударылады.

      85. Автомобиль көлігімен үнемі облысішілік автомобиль тасымалдары қызметін көрсету құқығына конкурстық комиссия өткізу кезінде жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкері конкурсқа ұсынылатын көлік құралдарын тексерген кезде техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарына сәйкестігін анықтайды.

      86. Жол және техникалық инспекция қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді орындауға тартуға жол берілмейді.

      87. Қадағалау және өзге де органдардың тарапынан тексеру жүргізу фактісі бойынша аумақтық органдар үш күндік мерзімде ІІМ ӘПК-ге хабарлайды.

      Ескерту. 87-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жол қауіпсіздігін және регламенттерді,
нормативтер мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

      нысан

Автомобиль жолын тексеру актісі

      20__ жылғы "__"_______ ___________________қаласы (ауданы)

      Лауазымды адам ______________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ____________________________________________ұйымы өкілінің қатысуымен

      километр (бұдан әрі – км) ___ + ___ - ___ км ___ + ___ (20__

      жылғы "___" _________ №_____келісімшарт)

      _____________________________________________________________________

      (автомобиль жолының атауы)

      автомобиль жолына және ондағы (олардағы) жасанды жол құрылыстарына тексеру жүргізді және мынаны анықтады:

      Тапсырыс беруші: ____________________________________________________

      (автомобиль жолын басқару органы, мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      Мердігер (пайдаланушы ұйым, заңды тұлға) ____________________________

      _____________________________________________________________________

      (атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)

      Қызмет көрсету аумағы

      _____________________________________________________________________

      (автомобиль жолының учаскесі)

      Анықталды:

р/с №

Мекенжайы, км

Кемшіліктер

Жою үшін жауапты (ұйым, лауазымы, т.а.ә.)

Оң жақтан

Сол жақтан


      1.Жер қабатының, жол бетінің және жүріс бөлігі, жиектері, тротуарлар, жаяу жүргінші және велосипед жолдары жабынының жай-күйі

1.






      2. Жоспардағы және ұзына бойы қисық қиылыстар мен түйісулерде көрінуді қамтамасыз ету

2.






      3. Бағыттағы көлік құралдары аялдамаларының жай-күйі және жабдықталуы

3.






      4. Жасанды жол құрылыстарының (көпірлердің, жол өтпесінің, эстакадалардың, тоннельдердің, виадуктардың, су өткізетін құбырлардың) жол қоршауларының және олардағы жарықтандырудың жай-күйі

4.






      5. Жаяу жүргіншілер өткелінің белгіленуі және жабдықталуы

5.






      6. Жүріс бөлігінде жұмыстар жүргізу орындарын қоршау, айналып өту жолдарын ұйымдастыру және олардың жай-күйі

6.






      7. Қоғамдық көлік құралы аялдамаларындағы жасанды жарықтандыру

7.






      8. Автомобиль жолдарын жайластыру элементтері (жол белгілерінің, таңбаларының және т.б. жай-күйі)

8.






      9. Бағдаршам объектілерінің жұмыс режимдерінің сәйкестігі

9.






      10. Тұрақтар мен демалу алаңдарының жай-күйі

10.






      11. Қарап тексеру құдықтары мен жаңбыр суы құйылатын торлар люктерінің жай-күйі

11.






      12. Көше-жол желісін сыртқы жарықтандыру жай-күйі

12.






      13. Мәдени, сауда және спорт орталықтарының, елді мекендердегі әкімшілік ғимараттардың жанындағы жабдықталған тұрақтардың жай-күйі

13.






      14. Жалпы пайдаланымдағы көлік бағыттарын жабдықтау мен жайластырудың жай-күйі

14.






      15. Трамвай жолдарымен қиылысатын жерлердегі жүріс бөлігінің жай-күйі

15.






      Лауазымды адам _____________________/____________/

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)

      Ұйым өкілі ____________________/_____________/

      (лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 757 бұйрығына
1-1-қосымша

Мақсатты тексеру актісі

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "__"_______ _______________________________ қаласы (ауданы)

      Лауазымды адам ______________________________________________________

                  (лауазымы, атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ____________________________________________ ұйымы өкілінің қатысуымен

      километр (бұдан әрі – км) ___ + ___ - ___ км ___ + ___ (20__ жылғы "___" _________

      № _____ келісімшарт)

      ____________________________________________________________________

                        (автомобиль жолының атауы)

      автомобиль жолына және ондағы (олардағы) жасанды жол құрылыстарына

      тексеру жүргізді және мынаны анықтады:

      Тапсырыс беруші: ____________________________________________________

                  (автомобиль жолын басқару органы, мекенжайы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________

      Мердігер (пайдаланушы ұйым, заңды тұлға) ______________________________

      ____________________________________________________________________

                  (атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)

      Қызмет көрсету аумағы

      ____________________________________________________________________

                        (автомобиль жолының учаскесі)

      Анықталды:

р/с №

Мекенжайы, км

Кемшіліктер

Жою үшін жауапты (ұйым, лауазымы, т.а.ә.)


Оң жақтан

Сол жақтан

1.






2.






      Лауазымды адам ____________________________/______________/

                              (лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))

  Жол қауіпсіздігін және регламенттерді,
нормативтер мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      нысан

      __________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның

      НҰСҚАМАСЫ

      ___________________________________________________________ басшысы

      (заңды тұлғаның атауы)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мекенжайы)

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес:

      1. Автомобиль жолдарын (теміржол өтпелерін) тексеру актісінде көрсетілгендерді жоюға шаралар қабылдау.

      2. Осы нұсқаманы қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы __________________ облысы (қаласы) бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 20__жылғы "__"________ дейін хабарлау қажет.

      3. Осы нұсқаманы орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      ____________________ облысы (қаласы) бойынша

      жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі

      уәкілетті органның лауазымды адамы ___________

      ______________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

      Осы нұсқамамен таныстым және

      нұсқаманың бір данасын алдым

      20 __ жылғы "____" __________

      Заңды тұлғаның басшысы не

      оның өкілі __________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 22 шілдедегі
№ 757 бұйрығына
3-қосымша

      нысан

АКТ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20_ жылғы "___"_________ ____________ қаласы (ауданы)

      темір жол өтпесін кешенді тексеруде анықталды:

      Өтпенің тұрған жері

      ________________________________________________

      (автомобиль және темір жолдардың атауы)

      Иесі: ____________________________________________________________

      (олардың атауы, мекенжайы, телефоны)

      Өтпе санаты және түрі

      _______________________________________________

      Пойыздардың саны/тәулігіне

      _______________________________________________

      Автомобильдердің саны/тәулігіне

      _______________________________________________

№ р/с

Темір жол өтпесінің орналасқан жері

Анықталған кемшіліктер

Жою үшін жауапты (ұйым, лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда))

Ескертпе






      Лауазымды адам ____________________________/______________/

                        (лауазымы, қолы, Т.А.Ә.             (болған жағдайда))

  Жол қауіпсіздігін және регламенттерді,
нормативтер мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

      нысан

      Акт

      20_ жылғы "___" _________ ___________ қаласы (ауданы)

      Жол және коммуналдық органдардың автомобиль жолдарын қысқы күтіп

      ұстауға дайындығын тексеруде анықталды:

      Тапсырыс беруші:_____________________________________________________

      (коммуналдық немесе жол шаруашылығы ұйымы, мекенжайы, телефоны)

      Мердігер (пайдаланушы ұйым)__________________________________________

      (атауы, мекенжайы, телефоны)

      Қызмет көрсету аумағы _______________________________________________

      (автомобиль жолының, көшенің учаскесі)

р/с

Тексерілетін параметрлер

Болуы

1.

1.1.

1.2.

1.2.1.

1.2.2.

1.2.3.

1.3.

2.

2.1.

2.2.

2.3.

2.4.

2.5.

2.6.

2.7.

2.8.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

Қысқы күтіп ұстауға дайындық және ұйымдастыру жоспары:

Өткен жылдардағы жұмыс нәтижелерін қорытындылау материалдары

Қысқы күтіп ұстауға дайындық бойынша жұмыс кестесі:

Жолды қар басып қалудан қорғау сызбасы

Жол учаскелерін тазарту, қысқы тайғанақты жою кезектілігі мен мерзімдері. Отрядтар құрамы және машиналардың жұмыс тәртібі

Көктайғаққа қарсы материалдарды орналастыру сызбасы. Кезекшілік ұйымдастыру және ауа райы жағдайы мен қозғалыс жағдайы туралы хабарландыру жүйесі тәртібі

Жоспарға түсіндірме жазба:

Жолдарды қысқы күтіп ұстау сипаттамасы

Жолдардың қар басатын учаскелеріне түсетін қардың көлемі туралы деректер

Қардан қорғайтын ағаш егістерінің ұзындығы

Қар ұстайтын қондырғылардың қажетті санының есебі

Қар тазалайтын, тұз шашатын, құм лақтыратын машиналар мен көктайғаққа қарсы материалдар санының есебімен қысқы тайғанақты жою мерзімдерінің негіздемесі

Қар тазалайтын, тұз шашатын, құм лақтыратын машиналар мен көктайғаққа қарсы материалдардың болуы

Көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау тәсілдері

Көктайғаққа қарсы материалдарды сақтау және тиеу құралдары

Машиналардың даярлық актісі (өндірістік бөлімше өкілі мен жоғары тұрған жол органы (тапсырыс беруші) қол қояды

Құм базаларының орналасуы

10 күндік отын қоры бар жанар-жағар май құю пункттері

Су және май қыздырғыштар

Машиналар мен механизмдерге қосалқы бөлшектер

Жүргізушілер мен жұмысшылардың демалуына және жылынуына (оның ішінде тамақ дайындау, алғашқы медициналық көмек көрсету және т.с.с.) арналған үй-жайлар

Тәулік бойы кезекшілік енгізу туралы бұйрық

Кезекшінің міндеттері туралы нұсқаулық

Пайдаланушы бөлімшелер арасындағы байланыс түрі

Жақын жердегі гидрометеоқызмет пен

келісімшарт

Өзіндік метеобекеттер

Қаладан тыс автомобиль жолдарына жол белгілерін орналастыру

Бекітілген күні:

Кім бекітті:


      Ұсыныстар:___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия құрамы:

      Төраға:___________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

      Комиссия мүшелері:___________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

  Жол қауіпсіздігін және регламенттерді,
нормативтер мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

      нысан

Көшелер мен жолдардың жағдайындағы кемшіліктерді,
жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарының зақымдануларын есепке алу
ЖУРНАЛЫ

      __________________________________

      (бөлімше атауы)

      Басталды "__"________________ 20 ___ ж.

      Аяқталды "__"______________ 20 ___ ж.

р/с

Ақпараттың келіп түскен күні мен уақыты

Анықталған кемшіліктер, зақымданулар туралы хабарлаған адамның тегі, аты-жөні

Кемшіліктер, зақымданулар анықталған жол, көше, көше қиылысы

Кемшіліктердің, зақымданулардың сипаты

Кемшіліктерді, зақымдануларды жою қажеттігі туралы хабарлама кімге және қашан берілді

Кемшіліктерді, зақымдануларды жою күні; жою туралы баяндаған лауазымды адамның тегі, аты-жөні


  Әкімшілік полиция
бөлімшелерінің жол қауіпсіздігі
және регламенттерді,
нормативтер мен стандарттарды
сақтау саласындағы қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 6-қосымша

Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнату (алу және қалпына келтіру) бойынша жұмыстарға нұсқамаларды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша анықталған кемшіліктерді есепке алу журналы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Жұмыстың түрі

Жұмыстарды жүргізу орны

Жұмыстарды жүргізу негіздемесі

Нұсқама кімге берілді (ұйым, күні)

Нұсқаманы орындау мерзімі

Жұмысты орындау күні

1

2

3

4

5

6

7








  Жол қауіпсіздігін және регламенттерді,
нормативтер мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша

КАРТОЧКА

      Ескерту. 7-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.04.2018 № 863 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жол қауіпсіздігін және регламенттерді,
нормативтер мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша

      нысан

КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ ОНЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРМЕН
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТЕРДІ БЕРУ
ЖУРНАЛЫ

р/с

КҚ қарап тексеру күні

КҚ маркасы

МТНБ

Қайта жабдықтау түрі

Куәлікті беру нөмірі

Куәлікті берген күн

Алушының қолы