Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № 459 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 17147 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 санында (27888) жарияланған):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін, сондай-ақ Қағидаларда көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;

      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын;

      3) аудандардың (қалалардың) әкімшілік полициясы тіркеу-емтихан бөліністерінің қызметкерлерін тағайындау олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша ІІД ӘПБ-де он жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өткеннен кейін жүзеге асырылады. ІІД Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан бөлінісінің бөлім (бөлімше) бастығы лауазымына тағайындалғаннан кейін тағылымдаман өту ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеу кезінде (көлік құралын өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған көлік құралдарын қоспағанда) нөмірлік агрегаттардың көрсетілген құжаттардағы және (немесе) БАЖ-дағы есепке алу деректерiне сәйкестігін салыстырып тексеру мақсатында көлiк иелері көлік құралын Мемлекеттік корпорацияға (Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына) және облыстық ТЕП-ке әкеледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Көлік құралдары иелерінің ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында қолда бар МТНБ тізбесіне (бұдан әрі ‒ тізбе) қолжетімділігі тиісті ақпаратты ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында стендтерде және ақпараттық тақталарда (табло), сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастыру жолымен ұйымдастырылады.

      Көлік құралы иесінің жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін, сондай-ақ ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында қолда бар МТНБ-ны "электрондық үкімет" порталы арқылы таңдауға құқығы бар.

      Көлік құралы иесінің ерік қалауы бойынша ол Мемлекеттік корпорацияның ғимаратында орналасқан ТЕБ-ке жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" порталында жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны таңдауды және брондауды жүзеге асырады.

      Иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның белгілі цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдаған көлік құралын тіркеу МТНБ дайындағаннан кейін жүргізіледі.";

      62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Соттар, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік кіріс органдары не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа да органдар меншiк құқығын өзгерту бойынша тыйымдар немесе шектеулер енгізген көлiк құралдарын есептен шығару тиісті органдар берген және көрсетілген тыйымдардың немесе шектеулердiң жоқ екені туралы куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін не сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.

      Тіркеу әрекеттеріне тыйым салулар немесе шектеулер тиісті органдар (ұйымдар) берген құжаттар (сот органдарының қаулылары, шешімдері, ұйғарымдары, кепіл (кепіл билеттері) және лизинг шарттары және т.б.) келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей БАЖ-ға қойылады немесе алынады.

      63. Берілген кредит үшін банктерге кепіл ретінде ұсынылған жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралына, сондай-ақ банктер берген кепіл туралы шарттың (кепіл билетінің) (немесе өзге де құжаттардың) көшірмелерін ұсынған жағдайда, заңды және жеке тұлғаларға кепілдік міндеттеме орындалғанға дейін оларды есептен шығаруға шектеу енгізіледі. Бұл ретте БАЖ-ға тиiстi белгiлер жасалады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Емтихандар қабылдау";

      66-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) № 3 жаттығу "Жаяу жүргінші өтпесінен өту".

      Жүргізушілікке үміткер оны көлік құралының алдыңғы габаритінің проекциясы бойынша кесіп өтпей, "Тоқта" сызығының алдында көлік құралын тоқтатуға және тоқтағаннан кейін кемінде 3 секундтан соң қозғалысты жалғастыруға тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 3-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.".

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) № 8 жаттығу "Реттелетін қиылыстан өту".

      Жүргізушілікке үміткер кезекпен, қозғалыс сызбасына сәйкес, бағдаршам сигналдарының талаптарын сақтай отырып, тура, оңға және солға бағытында реттелетін қиылыстан жүріп өтуге тиіс. Бағдаршамның тыйым салатын сигналы қосылған кезде көлік құралын "Тоқта" сызығының алдында тоқтату керек. Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы қосылған кезде қиылысты белгіленген бағытта жүріп өту керек.

      Солға (оңға) бұрылатын кезде тиісті бұрылу сілтегішін алдын ала қосу қажет.

      Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы қосылған кезде қиылыстан жүріп өту уақыты 20 секундтан аспауға тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 8-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.

      9) № 9 жаттығу "Реттелмейтін қиылыстан өту".

      Жүргізушілікке үміткер көлік құралын теміржол өтпесінде "Тоқта" сызығының алдында тоқтатуға және тоқтағаннан кейін 3 секундтан аспайтын уақытта қозғалысты жалғастыруға тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 9-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.".

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жоғалған жүргізуші куәліктерін беру, ауыстыру және қалпына келтіру";

      76 және 77-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Жүргізуші куәліктері емтихандарды ТЕБ-те тапсырған адамдарға олардың тұрақты тұратын жерінің тіркелуі бойынша, ал Мемлекеттік корпорация ғимараттарында орналасқан ТЕБ-те Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуіне қарамастан беріледі.

      77. Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланкіні;

      2) жеке басын куәландыратын құжатын (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      3) 3) медициналық анықтама мен оның көшірмесін;

      4) курстарды аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы алынған құжатты (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда);

      5) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты;

      6) "С", "D1", "D", "Tm", "Tb"санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжатты (жұмыс орнынан анықтама);

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде 1) тармақшада көрсетілген құжат ұсынылмайды.";

      80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға байланысты оны алу үшін адам:

      ТЕБ-ке жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты ұсынады.

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 3), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сканерленген нысанда ұсынылады, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты ұсынады. Бұл ретте, мемлекеттік бажды төлеуді "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі арқылы жүргізуге болады.

      77-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда ұсынылады.

      81. Қосымша санаттар, кіші санаттар алуға байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1)- 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ бұрын берілген жүргізуші куәлігін ұсынады.";

      84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Шет мемлекеттердің жүргізуші куәліктері иелері шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын адамдар оларды алған күннен бастап алпыс күн өткен соң не Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын олардың иесі Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз болып танылады.

      85. Шетелде "Жол жүрісі туралы" (1968 жылғы 8 қарашадағы) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі ‒ БҰҰ) Конвенциясының талаптарына жауап беретін жүргізуші куәлігін алған, осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген адамдар оларды жүргізуші куәлігі түпнұсқасының, оның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариаттық расталған аудармасының, сондай-ақ осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде, ТЕБ-ке теориялық және практикалық емтихандар тапсырмай, Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігіне ауыстырады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Жүргізуші куәлігін оның жоғалуына байланысты алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      77-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат жоғалған жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда ұсынылады.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін емтихандар тапсырмастан, "Жоғалғанның орнына" белгісі бар жаңа жүргізуші куәлігі беріледі.".

      96 және 97-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамға жүргізуші куәлігін қайтару осы Қағидалардың 77-тармағының 1) 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың және теориялық емтихан тапсыру негізінде жүргізіледі.

      97. Басқару құқығынан айырғаннан кейін сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылған жүргізуші куәлігін қалпына келтіру оларды жою туралы ТЕБ ақпаратының, сондай-ақ осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсыну және теориялық емтихан тапсыру негізінде жүргізіледі.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Жүргізуші куәліктерін дайындауды кәсіпорын (бұдан әрі ‒ Жеткізуші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрлігімен (бұдан әрі ‒ ІІМ) және ішкі істер органдарының бөліністері ‒ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ішкі істер департаменттерімен (бұдан әрі ‒ ІІД), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен жасалған келісімшартқа сәйкес жүзеге асырады.

      4-қосымшада:

      3-бақылау кестесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымшадағы 8 және 9-бақылау кестелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Жолдардың жүріс бөлігіндегі жол және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары уәкілетті органға және автомобиль жолдарын басқарушыға хабарлағаннан кейін жүзеге асырылуы тиіс.

      Жол және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарламаны жұмыстарды жүргізуші жұмыстарды жүргізу учаскесі, жұмыстардың мерзімдері және байланыс деректерін (мекенжайлары мен телефондарын) көрсете отырып жолдайды.".

      3) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11186 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. КҚТК-ны дайындауды кәсіпорын (бұдан әрі ‒ Жеткізуші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрлігімен (бұдан әрі ‒ ІІМ) және ішкі істер органдарының бөліністері ‒ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ішкі істер департаменттерімен (бұдан әрі ‒ ІІД), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен жасалатын келісімшартқа сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. МТНБ-ны жоғалтқан немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (бір данасы немесе жиынтығы) көлік құралы иесінің ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі бойынша КҚТК-ны ауыстырмай, облыстардың және Шымкент қаласының ІІД үшін он бес жұмыс күші ішінде, ал Астана мен Алматы қалаларының ІІД үшін бес жұмыс күні ішінде МТНБ телнұсқасын дайындау жүргізіледі. МТНБ-ның телнұсқасын дайындауға өтініш әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін МТНБ-ны алып қою мәніне тексерілгеннен және автомобиль үшін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 2,8 мөлшерінде және мотокөлік құралдары мен тіркемелер үшін 1,4 АЕК көлемінде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін қабылданады.

      МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде қолда бар түпнұсқа ТЕБ-ке немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады. Көлік құралы иесінің еркі бойынша оның атына жаңадан тіркелетін көлік құралына бұрын оған тіркелген, МТНБ берілген көлік құралын есептен шығарған жағдайда МТНБ телнұсқаларын дайындауға рұқсат етіледі. МТНБ-ның телнұсқаларын беру үшін негіз болған құжаттар жеке істерге қалыптастырылады және сақталады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жеткізуші МТНБ-ны Астана мен Алматы қалаларының ІІД үшін бес жұмыс күні ішінде, облыстардың және Шымкент қаласының ІІД үшін он бес жұмыс күні ішінде дайындайды және жиынтық өтінімге сәйкес ТЕБ өкіліне МТНБ-ны түсіріп беруді жүзеге асырады. МТНБ орамы мөрленеді және олардың жоғалуын және бүлінуін болдырмайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ТЕБ қоймасындағы МТНБ қалдығының ай сайынғы шекті лимиті алдыңғы өткен үш айдағы нақты берудің орташа айлық бір жарым еселік

      мөлшерінен аспайды. Белгіленген лимитті бақылауды ІІМ ӘПК-нің, ІІД ӘПБ-нің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің және ІІД, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі қаржы қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.";

      4) "Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14161 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      10-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша жолдарды, жол құрылыстарын және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын пайдалану жағдайына және олардың жай-күйіне қойылатын талаптардан шегініс анықталған жағдайда, кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамасы;

      4) жергілікті атқарушы органдарға және прокуратура органдарына, сондай-ақ басқа да мүдделі органдар мен ұйымдарға, оның ішінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне 15 жұмыс күні ішінде ақпарат жолданады.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті атқарушы органдарға және прокуратура органдарына, теміржол өтпелерінің иелеріне, басқа да мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберілетін ақпарат 15 жұмыс күні ішінде, оның ішінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жолданады.";

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары бойынша жолдарды, жол құрылыстарын және жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын пайдалану жағдайына және олардың жай-күйіне қойылатын талаптардан шегініс анықталған жағдайда кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамасы дайындалады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қорытынды тексеру жүргізу мерзімділігі бұрын берілген нұсқамалардың белгіленген мерзімдеріне байланысты. Барлық белгіленген мерзімде орындалмаған нұсқамалар бойынша ай сайын прокуратура органдарына ақпарат жолданады.";

      82 және 83-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Пайдаланудағы көлік құралының конструкциясы мен техникалық жай-күйін өзгерістер енгізілгеннен кейін әкімшілік полиция иесіне көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік бере отырып, осы Нұсқаулыққа

      8-қосымшаға сәйкес көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктер беру журналына мәлемтерді енгізіп, 1 жұмыс күні ішінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына (КО ТР 018/2011 18-қосымшасы) сәйкестігіне тексереді. Бұл ретте, көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік беру кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы аумақтық бөліністің басшысы деп басқарма және (немесе) бөлім, бөліше бастығын және оның орынбасарын, сондай-ақ жол және техникалық инспекция бөлімінің (бөлімшенің) бастығын және оның орынбасарын немесе оларды алмастыратын лауазымды адамдарды түсіну керек.

      83. Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ресімдеу үшін өтініш беруші әкімшілік полицияға мынадай құжаттарды:

      көлік құралын иелену немесе пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын растайтын құжатты;

      көлік құралын сәйкестендіретін құжатты (көлік құралының паспортын), сондай-ақ көлік құралын мемлекеттік тіркеуді растайтын құжатты (көлік құралын тіркеу туралы куәлікті);

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органы аумақтық бөлімшесінің шешімін;

      КО ТР 018/2011 8-қосымшасында көзделмеген жағдайларда, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен тәртібі туралы қорытынды (алдын ала техникалық сараптама немесе базалық көлік құралын дайындаушы немесе көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізуші әзірлеген, базалық көлік құралын дайындаушы белгіленген тәртіппен бекіткен және жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органымен келісілген, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған техникалық шарттар);

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу кезінде (болған жағдайда) пайдаланылған компоненттерге сәйкестік сертификаттарының (сәйкестік туралы декларация) белгіленген тәртіппен расталған көшірмелерін;

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстардың көлемі мен сапасы туралы өтініш-декларацияны;

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін оның конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын;

      жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарымен, конструкциясына енгізілген өзгерістермен көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша ресімделген диагностикалық картаны ұсынады.".

      мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:

      "83-1. Автокөлік құралдарын қайта жабдықтау жөніндегі номенклатуралық істе Нұсқаулықтың 83-тармағында көрсетілген барлық құжаттама немесе олардың көшірмелері, сондай-ақ көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ресімдеу үшін көлік құралын қарап тексеруге ұсынылған фото және (немесе) бейне жазбалар сақталады. Автокөлік құралдарын қайта жабдықтау жөніндегі номенклатуралық істерді сақтау мерзімдері "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланының, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінің мекемелері мен ұйымдарының қызметінде жасалатын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2016 жылғы 12 қазандағы № 977 бұйрығының 829-тармағымен бекітілген.".

      5) "Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12892 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған):

      Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілеріне қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6) "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қаңтарда жарияланған):

      Жүргізуші куәлігі бланкісінің үлгісі осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгісі осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ 459 бұйрығына
1-қосымша
Емтихандар қабылдау және
жүргізуші куәліктерін беру
қағидаларына 5-қосымша

      3-бақылау кестесі

Жүргізушілікке үміткердің қателіктері

Айыппұл баллдары

"Тоқта" сызығын басып кетті немесе тоқтаған кезде оны кесіп өтті

25

Көлік құралын "Тоқта" сызығының алдында тоқтатты

5

Қозғалысты тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте бастады

25

 
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ 459 бұйрығына
2-қосымша
  Емтихандар қабылдау және
жүргізуші куәліктерін беру
қағидаларына 5-қосымша

      8-бақылау кестесі

Жүргізушілікке үміткердің қателіктері

Айыппұл баллдары

Қиылыстан бағдаршамның тыйым салатын сигналы қосылған кезде жүріп өтті немесе "Тоқта" сызығын кесіп өтті

100

Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы қосылған кезде қиылыстан өтуге 30 с артық уақыт жұмсады

100

Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы қосылған кезде қиылыстан өтуге 20 с артық уақыт жұмсады

20

Қиылыстан оңға және солға бұрылу арқылы өткен кезде тиісті бұрылу сілтегішін қосқан жоқ

5

Көлік құралын "Тоқта" сызығының алдында тоқтатты

5

      9-бақылау кестесі

Жүргізушілікке үміткердің қателіктері

Айыппұл баллдары

"Тоқта" сызығын басып кетті немесе одан тоқтағанға дейін өтіп кетті

25

Көлік құралын "Тоқта" сызығының алдында тоқтатты

5

Қозғалысты тоқтағаннан кейін 3 секундтан соң бастады

25

      ";

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ 459 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік тіркеу нөмірі
белгілерінің нысандары мен
үлгілеріне қосымша

Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде қолданылатын цифрлық кодтар тізбесі

р/с

Өңірдің атауы

код

1

Астана қаласы

01

2

Алматы қаласы

02

3

Ақмола облысы

03

4

Ақтөбе облысы

04

5

Алматы облысы

05

6

Атырау облысы

06

7

Батыс Қазақстан облысы

07

8

Жамбыл облысы

08

9

Қарағанды облысы

09

10

Қостанай облысы

10

11

Қызылорда облысы

11

12

Маңғыстау облысы

12

13

Түркістан облысы

13

14

Павлодар облысы

14

15

Солтүстік Қазақстан облысы

15

16

Шығыс Қазақстан облысы

16

17

Шымкент қаласы

17

18

Резерв

18, 19, 20

 
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ 459 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 874 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан



      Жүргізуші куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жүргізуші куәлігі туралы:

      сериясы мен нөмірі;

      берілген күні;

      жүргізуші куәлігін берген органның атауы;

      2) жүргізуші туралы:

      тегі, аты, әкесінің аты;

      туған күні және жері;

      тұрғылықты жері;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні;

      фотосуреті;

      3) көлік құралын басқаруға рұқсаты туралы:

      рұқсат етілген санаттар;

      жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;

      ерекше белгілер.

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарына жүргізуші куәліктері бланкілерінің серияларын белгілеу үшін латын транскрипциясындағы мынадай әріптік белгілеулер бекітіледі.

р/с

Өңірдің атауы

Әріптік белгілеу

1

Астана қаласы

Z

2

Алматы қаласы

A

3

Ақмола облысы

C

4

Ақтөбе облысы

D

5

Алматы облысы

B

6

Атырау облысы

E

7

Батыс Қазақстан облысы

L

8

Жамбыл облысы

H

9

Қарағанды облысы

M

10

Қостанай облысы

P

11

Қызылорда облысы

N

12

Маңғыстау облысы

R

13

Түркістан облысы

X

14

Павлодар облысы

S

15

Солтүстік Қазақстан облысы

T

16

Шығыс Қазақстан облысы

F

17

Шымкент қаласы

Y

18

Резерв

G, Q, W

 
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ 459 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 874 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгісі



      Ескертпе: Қазақстан Республикасының Астана, Алматы қалалары мен облыстарына көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер бланкілерінің серияларын белгілеу үшін латын транскрипциясындағы мынадай әріптік белгілеулер бекітіледі.

р/с

Өңірдің атауы

Әріптік белгілеу

1

Астана қаласы

Z

2

Алматы қаласы

A

3

Ақмола облысы

C

4

Ақтөбе облысы

D

5

Алматы облысы

B

6

Атырау облысы

E

7

Батыс Қазақстан облысы

L

8

Жамбыл облысы

H

9

Қарағанды облысы

M

10

Қостанай облысы

P

11

Қызылорда облысы

N

12

Маңғыстау облысы

R

13

Түркістан облысы

X

14

Павлодар облысы

S

15

Солтүстік Қазақстан облысы

T

16

Шығыс Қазақстан облысы

F

17

Шымкент қаласы

Y

18

Резерв

G, Q, W