ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12450 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. осы Қағидалардың қолданысы егер өнімнің кері экспортын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қарама-қарсы келеді немесе оның ұлттық мүдделеріне қауіп төндіреді, немесе алушыға (алушы елге) немесе жіберушіге (жіберетін елге) Қазақстан Республикасының санкциялары салынса қолданылмайды және өнімнің кері экспортына рұқсат берілмейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Рұқсат беруден мынадай:
1) өтiнiш берушiнің рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;
2) өтiнiш берушiнің және (немесе) рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) уәкілетті мемлекеттік органның рұқсат беру үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болған;
4) өтiнiш берушiге қатысты оның қызметіне немесе рұқсатты алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған;
5) өтiнiш берушiге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болған, оның негізінде өтiнiш берушiнің рұқсат алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған жағдайларда бас тартылады.";
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________ Д. Абаев
2016 жылғы 24 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
__________________ Е. Нысанбаев
2016 жылғы 22 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________ Е. Сағадиев
2016 жылғы 25 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 23 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
__________________ И. Тасмағамбетов
2016 жылғы 30 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
__________________ М. Тілеуберді
2016 жылғы 20 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
__________________ В. Жұмақанов
2016 жылғы 30 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 30 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
__________________ М. Мырзағалиев
2016 жылғы 23 маусым