Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14002 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы

      Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа және электрондық түрде баспа басылымдарында және сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 25 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 30 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ 497 бұйрығымен бекітілді

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың
қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы 2-тармағының 34-27) тармақшасына сәйкес әзірленді және Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушы – әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын іске асыратын тасымалдаушы, оның шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік қаражаттар есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жатады;

      2) вагондардың (контейнерлердің) операторы – меншік құқығы немесе басқа заңды негіздерде вагондарға (контейнерлерге) ие, вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметін көрсету арқылы тасымалдау үдерісіне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға.

      3) қаржы институты – екінші деңгейлі банктер, банк қызметін іске асыруға тиісті лицензиясы бар несиелік ұйымдар, лизингілік компаниялар;

      4) уәкілетті орган – темір жол саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді іске асыратын атқарушы орган.

2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың тәртібі

      3. Банк қарызы/қаржылық лизинг шартымен бекітілген вагондарды сатып алуға банк қарызы немесе қаржы лизингі шартында белгіленген несиелеуде және қаржы лизингінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (бұдан әрі – мөлшерлемені субсидиялау):

      1) вагондар (контейнерлер) операторы (бұдан әрі – оператор) мен қаржы институты;

      3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушысы (бұдан әрі – тасымалдаушы) мен қаржы институты арасында жасалған жағдайда іске асырылады.

      3-1. Субсидиялауға жаңа вагондарды сатып алуға арналған кредиттеу және қаржылық лизингінің сыйақы мөлшерлемесі жатады.

      Ескерту. 2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мерзімдердің есебімен қабылдаудың басталуы мен аяқталуын көрсете отырып, мөлшерлемені субсидиялауды іске асыруға құжаттар қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) жариялайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 913 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Субсидиялар мөлшерін анықтау

      5. Субсидиялауға әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушының (бұдан әрі – тасымалдаушы) және вагондар (контейнерлер) операторының (бұдан әрі – оператор) вагондарды сатып алуға банк қарызы немесе қаржы лизингі шартында (бұдан әрі – қарыз /қаржы лизингі шарты) төлеуге жұмсаған шығындары жатады.

      6. Қарыз/қаржы лизингі шартында белгіленген сыйақы мөлшерлемесін төлеуге жұмсалған тасымалдаушы мен оператордың шығындары тиісті жылға арнап республикалық бюджетте көзделген сома шегінде субсидияланады.

      7. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау уәкілетті орган, тасымалдаушы немесе оператор және қаржы институты арасында жасалған әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушылардың вагондарды және операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын несиелеуде және қаржы лизингінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған шартқа сәйкес (бұдан әрі – субсидиялау шарты) іске асырылады.

      8. Субсидиялау шарты қарыз/қаржы лизингі шартының мерзімінен аспайтын, бірақ жиырма жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 517 бұйрығымен бекітілген үлгілік шарт (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13975 болып тіркелген) негізінде жасалады. Бұл жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлемені субсидиялауға республикалық бюджеттен шығыстардың жыл сайынғы жоспарлануын қамтамасыз етеді.

      9. Субсидиялауға қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес тасымалдаушыларға арналған сыйақы мөлшерлемесінің жылдық мөлшері 0,1%-дан және операторларға арналған сыйақы мөлшерлемесінің жылдық мөлшері 5%-дан асқан, алайда 10%-дан жоғары емес жағдайда жатады, ал қалған бөлігі тасымалдаушы мен операторлармен төленеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Егер сыйақы мөлшерлемесінің бөлігі қарыз/қаржы лизингі шарты жасалған және қаржы институтының кредиттік қаражатты шетел валютасымен берген жағдайында, субсидиялар сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне сәйкес субсидиялау шарты жасалған күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен төленеді.

2-параграф. Мөлшерлемені субсидиялау талаптары

      11. Мөлшерлемені субсидиялау қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес, тасымалдаушының немесе оператордың өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындауы және осы Қағидаға сәйкес мөлшерлемені субсидиялау есебінен қарыз/қаржы лизингі шартында көзделген кестеге сәйкес қаржы институтына төлеуді жүзеге асыру жағдайларында жүргізіледі.

      12. Субсидиялар қаржы институтының алдында мерзімі кешіктірілген берешек бойынша есептелген және төленген пайыздарды қаржы институты белгілеген бір жолғы комиссияяларды төлеуге ұсынылмайды.

      13. Республикалық бюджеттен мөлшерлемені субсидиялауға қаражат алу үшін, тасымалдаушы немесе оператор келесі талаптарға сай болуға тиіс:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын заңды тұлға және жеке кәсіпкер болып табылуы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кешіктірілген жағдайды қоспағанда, салықтар және басқа міндетті бюджетке төлемдер мен бірыңғай жинақтау зейнетақы қорына аударымдар бойынша қарыздың жоқтығы;

      3) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін ескере отырып, қаржы институтымен соңғы 6 айда берілген қарыз шартын жасау мүмкіндігі туралы алдын ала оң қорытындыға немесе қаржы институтымен жасалған қарыз шартына ие болуы.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 913 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Республикалық бюджеттен мөлшерлемені субсидиялауға қаражат алу үшін, тасымалдаушы немесе оператор осы Қағидалардың 4 және 18-тармақтарымен қарастырылған мерзімін ескере отырып, уәкілетті органға келесілерді ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін бюджеттік қаржы есебінен субсидиялауға өтінім (бұдан әрі – өтінім);

      2) қаржы институтының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолымен (осы құқықты растаушы сай келетін құжаты қоса тіркелген) тасымалдаушымен немесе оператормен қарыз/қаржы лизингі шартын жасау мүмкіндігі туралы алдын ала оң қорытындыны (бұдан әрі – алдын ала қорытынды) немесе төлем кестесі көрсетілген қарыз/қаржы лизингі шартының қаржы институтымен куәландырылған немесе өрмен бекітілген көшірмесін;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуді немесе қайта тіркеуді растайтын құжатты немесе оның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу ережелеріне 18 қосымшаға сәйкес нысанда (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5446 болып тіркелген) уәкілетті органға құжаттар ұсыну күнінен алдыңғы бір айдан астам уақыт бұрын салық қарызының, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарының жоқтығы (болуы) туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқылы тұлғаның қолы (осы құқықты растайтын тиісті құжат қоса беріледі), салық органының мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасы немесе "электронды үкіметтің" веб-порталынан анықтама.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 913 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес барлық қоса берілген құжаттар бір пакетке тігіліп, беттері нөмірленуге тиіс, соңғы бетінің теріс жағында жіптердің ұштары "_____ бет тігілді және нөмірленді"Күні "___"___________ 20__ жыл" сөздері жазылған қағаз парағымен жапсырылуға, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және қарыз алушының (лизинг алушының) мөрімен бекітілуі тиіс. Тігілмеген хат қалтада жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттар қаралмайды, тасымалдаушыға немесе операторға қайтарып беріледі.

      16. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қарап шығу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе ол болмаған жағдайда, оның орнын ауыстыратын тұлғаның актімен бекітіледі, бұл жағдайда комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан құрауға және бес адамнан кем болмауға тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кездже дауыс беру құқығына ие болмайды.

      Сонымен қоса, комиссия құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасады.

      17. Комиссия төрағасы, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары комиссияның қызметін басқарады, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, комиссия жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы басшылық етеді.

      18. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды жыл сайын 1-қаңтардан комиссия хатшысы тіркеу журналына енгізу арқылы (комиссия хатшысы тігеді, нөмірлейді, параграфтайды және мөрмен бекітеді) жүргізеді және әр жылдың 30 қарашасында аяқталады.

      19. Комиссия тасымалдаушы немесе оператор ұсынған құжаттарды қарап шығады және олардың келесі критерийлерге сәйкестігін тексереді:

      1) ұсынылған құжаттардың дәйектілігі және олардың осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкестігі;

      2) мерзімі кешіктірілген салық қарызының, міндетті зейнетақылық жарна және әлеуметтік аударымдар бойынша қарызының болмауы;

      3) қаржы институтынан алынатын қаржы құралдарының бағыты осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мақсаттарға сәйкестігі.

      20. Комиссия 5 жұмыс күні ішінде тасымалдаушылармен немесе оператормен ұсынылған құжаттарды қарастырады және қабылдайды.

      21. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарастыру кезінде, келесі басымдықтар бойынша тасымалдаушымен немесе оператормен субсидиялау шартын жасаудың дұрыстығы туралы шешім қабылдайды:

      1) құжаттардың уәкілетті органға қарап шығу үшін келіп түскен күніне қарай;

      2) алдын ала қорытындыға сәйкес, сыйақы мөлшерлемесінің ең төмен мөлшері;

      3) алдын ала қорытындыға немесе шартқа сәйкес, тасымалдаушы немесе оператор барынша көп вагон сатып алуды жоспарлайды.

      22. Комиссия қарастыру нәтижелері бойынша 5 жұмыс күнінен асырмай тапсырыс берушімен немесе оператормен субсидиялау шартын жасаудың дұрыстығы туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді, оған комиссия мүшелерінің барлығы және комиссия хатшысы қол қояды.

      23. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда, ол қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Дауыс беру рәсімінде комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, комиссияның шешімі заңды болып саналады. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндай алады, ол хаттамаға тіркеледі.

      24. Уәкілетті орган комиссия отырысының хаттамасына қол қойған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін мөлшерлемені субсидиялауға құжат берген тасымалдаушыға немесе операторға, алдын ала қорытынды берген немесе қарыз/қаржы лизингі шартында екінші тарап болып шыққан қаржы институтына жолдайды;

      2) өзінің интернет-ресурсында комиссия отырысының қол қойылған хаттамасының мәтінін жариялайды. Комиссия отырысының хаттамасындағы және интернет-ресурста орналастырылған мәліметтер ақы алынбай барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.

      25. Тасымалдаушымен немесе оператормен субсидиялау шартын жасау туралы комииссия оң шешім шығарған жағдайда, уәкілетті орган комиссия отырысы хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі 7 жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы институтына (алдын ала қорытынды ұсынған) және тасымалдаушыға немесе операторға субсидиялау мөлшерлемесінің мөлшері мен көлемін көрсете отырып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тасымалдаушының немесе оператордың өтінімі бойынша субсидиялау шартын жасау туралы уәкілетті органның қорытындысын жолдайды.

      26. тасымалдаушының немесе оператордың өтінімін қайтару жағдайында комиссия отырысының хаттамасында өтінімін қайтару себебі көрсетіледі. Өтінімді қайтару негізі:

      1) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсыну;

      2) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген талаптарға тасымалдаушының немесе оператордың сай келмеуі болып саналады.

      27. Өтінімді қайтару тасымалдаушының немесе оператордың жаңа өтініміне сәйкес комиссияның екінші мәрте қарастыруынан бас тарту үшін негіз болып саналмайды. Өтінімді қайтару себебі жойылған жағдайда, тасымалдаушы немесе оператор осы Қағидаларға сәйкес жаңа өтінімді ұсынады.

      28. Субсидиялау шартын жасау үшін тасымалдаушы немесе оператор уәкілетті органның мекенжайына төлем кестесін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған қарыз/қаржы лизингі шартын ұсынады.

      Бұл ретте, тасымалдаушы немесе оператор мөлшерлемені субсидиялауға құжаттарды берген тасымалдаушыға немесе операторға комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі жолданған күненнен бастап 90 жұмыс күні ішінде қарыз/қаржы лизингі шартының куәландырылған көшірмесін уәкілетті органның мекенжайына ұсынбаған жағдайда, субсидиялау шартын жасасқаны туралы комиссияның шешімі күшін жояды.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 913 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Төлем кестесі көрсетіліп, нотариалдық куәландырған қарыз/қаржы лизингі шарт ұсынылған соң, 7 жұмыс күні ішінде субсидиялау шарты жасалады.

      30. Тасымалдаушы қаржы жылы ішінде бірнеше қаржы институтымен қарыз/қаржы лизингі шартын жасаған немесе бір қаржы институтымен бірнеше қарыз/қаржы лизингі шартын жасаған жағдайда, осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес субсидиялар әрбір жасалған қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша ұсынылады.

3-параграф. Субсидия төлеу талаптары

      31. Республикалық бюджеттен субсидия төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлем бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.

      Қаржыландыру жоспары субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаржы институтымен және тасымалдаушы немесе оператормен келісу бойыншга уәкілетті органмен бекітіледі.

      32. Тасымалдаушы немесе оператор субсидиялау шарты күшіне енген күннен кейінгі 7 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның мекенжайына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы институты ұсынған кредиттеуге немесе қаржы лизингінде сыйақы мөлшерлемесін нақты есептеу мен өтеу туралы есепті тіркей отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржы институтының есеп шотына қаражат аударуға өтінім (бұдан әрі – аударуға өтінім) ұсынады.

      33. Уәкілетті орган аударуға өтінім ұсынған күннен кейінгі 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, қаржы институтына жасалған субсидиялау шартына сәйкес, 12 айға субсидиялау сомасын аударуды іске асырады.

      34. Бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік амңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаржы институтына субсидиялау сомасын аударуды іске асыру үшін, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша мөлшерлемені субсидиялауға арналған ведомость құрады.

      35. Қаржы институтына субсидиялар төлеу үшін уәкілетті орган қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын екі дана етіп ұсынады.

      36. Субсидия алған тасымалдаушылар мен операторлар жыл сайын 1-желтоқсанға дейін уәкілетті органға қол жеткен нәтижелер туралы ақпарат ұсынып отырады.

      37. Уәкілетті орган тасымалдаушылар мен операторлармен ұсынылған құжаттар негізінде қаржы қаражаттың қолданылуына мониторинг жүргізеді.

      38. Уәкілетті орган комиссия шешімінің негізінде:

      1) тасымалдаушылар мен операторлардың қаржы қаражатын мақсатылы қолданбау фактісі анықталған;

      2) қатарынан 120 күнтізбелік күн ішінде қарыз/қаржылық лизинг шарты бойынша мерзімі өткен берешек субсидиялауды тоқтатуға құқылы.

3-бөлім. Қорытынды ережелер

      39. Тасымалдаушымен немесе оператормен жасалған қарыз/қаржы лизингі шартын қаржы институты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда:

      1) қаржы институты уәкілетті органға субсидиялау шартында белгіленген міндеттемелерге сәйкес қарыз/қаржы лизингі шартын бұзу туралы хабар береді;

      2) төленген субсидиялар қарыз/қаржы лизингі шарты бұзылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның шотына қайтарылуға тиіс;

      3) субсидиялау шарты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзылуға жатады.

      40. Мерзімінен бұрын субсидиялау шарттары бұзылған жағдайда қаржылық институт қолданылмаған субсидия соммасын республикалық бюджет кірісіне субсидиялау шартын бұзу күнінен бастап 10 банктік күн ішінде қайтарады.

  Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушыларды
тасымалдаушылар мен операторлардың
вагондарды (контейнерлерді) сатып
алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялаудың
қағидаларына
1-қосымша

      Нысаны

ӨТІНІМ

      Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидаларын қарастырып келе

      _____________________________________________________________________ (тасымалдаушының немесе оператордың толық атауы) вагондарды сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыруда қатысуға ниет білдіреді.

Тасымалдаушы немесе оператор туралы мәліметтер

      1. Заңды мекенжайы __________________________________________________

      2. Нақты мекенжайы, телефондары, факс, электрондық мекенжайы _____________________________________________________________________

      3. Негізгі құрылтайшылардың және олардың жарғылық капиталдағы үлестері ____________________________________________________________

      4. Басшының тегі, аты, әкесінің аты _________________________________

      5. Негізгі қызмет түрлері ___________________________________________

      6. Қызметкерлердің саны _____________________________________________

      7. Қаржы институтының атауы _________________________________________

      8. Қарыз қаражатын мақсатты пайдалану бағыты ________________________

      Басшы _______________ ________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

      М.О. (күні)

  Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушыларды
тасымалдаушылар мен операторлардың
вагондарды (контейнерлерді) сатып
алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялаудың
қағидаларына
2-қосымша

      Нысаны

      _________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _________________________________________________

      (тасымалдаушының немесе оператордың толық атауы)

Қаржы институтының _____________ тасымалдаушымен немесе
оператормен қарыз шартын жасасу мүмкіндігі туралы алдын
ала қорытындысы

      _____________________________________________________________________

      (қаржы институтының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (тасымалдаушының немесе оператордың толық атауы)

      вагондарды сатып алуға ___________________ келісім-шартын жасасу үшін

      (қарыз немесе қаржылық лизинг)

      ұсынылан құжаттарды қарастырып,

      _____________________________________________________________________

      (несиелеу және қаржылық лизинг)

      _____________________________________________________________________

      (тасымалдаушының немесе оператордың толық атауы)

      арада келесі шарттар бойынша _________________________ шартын жасауға дайын екенін хабарлайды:

Қаржыландыру мақсаты

Сатып алынатын вагондардың саны мен типі

Кредиттеу немесе лизинг сомасы, млн.теңге

Қаржы институтының сыйақы мөлшерлемесінің %

Қаржыландыру мерзімі, ай

Вагонның типі

бірліктер

Бір бірліктің құны










      Қаржыландыру түрі – кредиттеу немесе қаржылық лизинг

      Алдын ала қорытындыға _____________________________________________

      (кредиттеу және қаржылық лизинг)

      шарт жасалған жағдайда қарызды өтеудің жоспарлы кестесі қоса берілді.

      Басшы _______________ ________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

      М.О. (күні)

  Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушыларды
тасымалдаушылар мен операторлардың
вагондарды (контейнерлерді) сатып
алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялаудың
қағидаларына
3-қосымша

      Нысаны

      _________________________________________________

      (қаржы институтының атауы)

      _________________________________________________

      (тасымалдаушының немесе оператордың толық атауы)

      ____________________________________________________________________.

      (уәкілетті органның атауы)

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды
тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды
(контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау
шартын жасасуға дайындығы туралы қорытындысы

      _____________________________________________________________________

      (тасымалдаушының немесе оператордың атауы)

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (тасымалдаушының немесе оператордың атауы)

      _____________________________________________________________________

      (нормативтік-құқықтық актіні қабылдаған лауазымды тұлға)

      бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидаларын сәйкес ұсынған құжаттарды қарастырып, ______________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (тасымалдаушының немесе оператордың толық атауы)

      арада Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау шартын келесі шарттарда жасасуға дайын екенін хабарлайды:

Қаржы институтының атауы

Бюджеттік қаражат есебінен субсидиялануы тиіс сыйақы мөлшерлемесінің %

Субсидиялау мерзімі, ай





      Басшы _______________ ________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

      М.О. (күні)

  Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушыларды
тасымалдаушылар мен операторлардың
вагондарды (контейнерлерді) сатып
алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялаудың
қағидаларына
4-қосымша

      Нысаны

      _____________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

Қаражатты республикалық бюджеттен есеп шотына аудару
туралы өтінім

      __________________________________________________________

      (қаржы институтының атауы)

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды
тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды
(контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау
туралы

      ____________________ № ________ шарты бойынша

      (күні және нөмірі)

Кезең

Қарыз шартының немесе қаржылық лизингінің атауы, күні және нөмірі

Тасымалдаушының немесе оператордың берешек сомасы, мың теңге

Сыйақы мөлшерлемесі, мың теңге

Уәкілетті органның субсидиялау сыйақысының сомасы, мың теңге











Барлығы:






      Тасымалдаушының немесе оператордың жетекшісі ________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

      Күні

      М.О.

  Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушыларды
тасымалдаушылар мен операторлардың
вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын
кредиттеуге және олардың қаржылық
лизингіне сыйақының мөлшерлемесін
субсидиялаудың қағидаларына
5-қосымша

      Нысаны

_________ кезеңінде кредиттеу немесе қаржылық лизинг кезінде
сыйақы мөлшерлемесін нақтылы есептеу және өтеу туралы есеп

№ р/с

Тасымалдаушының немесе оператордың атауы

Қаржылық институты сыйақы есептеді

Тасымалдаушы немесе оператор сыйақы төледі

Алдыңғы кезеңде есептелген субсидиялардың барлығы

Есептік кезеңде бюджеттік қаражаттың есебінен субсидиялануы тиіс

Есептік кезеңнің соңындағы барлық берешек, мың теңге

Тасымалдаушы немесе оператор негізгі берешекті өтеді

алдыңғы кезең үшін

есептік кезең үшін

алдыңғы кезең үшін

есептік кезең үшін

%

мың теңге

%

мың
теңге

негізгі берешектің үлесі,
%

мың
теңге

%

мың теңге

%

мыңтеңге

%

мың теңге

%

мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













      Қаржы институтының басшысы __________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

      Күні М.О.

      Тасымалдаушының немесе оператордың басшысы __________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

      Күні М.О.

  Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушыларды
тасымалдаушылар мен
операторлардың вагондарды
(контейнерлерді) сатып алуын
кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялаудың
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен
операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау туралы _______________
№ ____ шартына сәйкес
(күні және нөмірі)
_________ кезеңі үшін № ____ "____________________________________"
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
бюджеттік бағдарламасы бойынша Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді)
сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялауға арналған тізімдеме

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Тасымалдаушының немесе оператордың атауы

Қаржылық институт есептік кезең үшін есептеген сыйақы
 

Есептік кезеңде бюджеттік қаражаттың есебінен сыйақы субсидиялануы тиіс
 

%

мың теңге

%

мың теңге

1

2

3

4

5






      ______ үшін субсидиялау сомасы____________________________ құрайды

      (санмен және жазбаша көрсетілген сома, теңге)

Тараптардың заңды мекенжайлары:


Уәкілетті орган:
БСН
Банктік деректемелері
______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
______________________________
(тізімдемені қабылдау үшін жауапты
басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөр орны

Тасымалдаушы:
БСН
Банктік деректемелері
______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
______________________________
(бас бухгалтердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөр орны