Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14002 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.07.2023 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.07.2023 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.07.2023 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа және электрондық түрде баспа басылымдарында және сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 25 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 30 маусым


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ 497 бұйрығымен
бекітілген

Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.07.2023 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-27) тармақшасына сәйкес әзірленді және вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) вагондардың (контейнерлердің) операторы – меншік құқығы немесе басқа заңды негіздерде вагондарға (контейнерлерге) ие, вагондардың (контейнерлердің) операторы қызметін көрсету арқылы тасымалдау үдерісіне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;

      2) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы – жолаушылар тасымалдары үшін пайдаланылатын тартқыш көлік құралын (локомотивті) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;

      3) қаржы институттары – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ұйымдар:

      4) локомотивтік тартқыш операторы – жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторын қоспағанда, тартқыш көлік құралын (локомотивті) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;

      5) тасымалдаушы – жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамды иеленетін тұлға;

      6) уәкілетті орган – теміржол саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде,- салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі

      3. Банк қарызы/қаржылық лизинг шартымен бекітілген вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (бұдан әрі – мөлшерлемені субсидиялау):

      1) вагондар (контейнерлер) операторы мен қаржы институты;

      2) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы мен қаржы институты;

      3) локомотивтік тартқыш операторы мен қаржы институты;

      4) тасымалдаушы мен қаржы институты арасында жасалған кезде іске асырылады.

      4. Субсидиялауға жаңа вагондар мен локомотивтерді сатып алуға арналған кредит беру және қаржы лизингінің сыйақы мөлшерлемесі жатады.

      5. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерді ескере отырып, қабылдаудың басталуы мен аяқталуын көрсете отырып, мөлшерлемені субсидиялауды жүзеге асыруға құжаттар қабылдаудың басталуы туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) жариялайды.

1-параграф. Субсидиялар мөлшерін айқындау

      6. Субсидиялауға жолаушылар тасымалдаушысының шығындары, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және локомотивтік тартқыш операторының вагондарды және локомотивтерді сатып алуға осы Қағидалардың 10-тармағында бекітілген мөлшерде банк қарызы немесе қаржы лизингі шартында (бұдан әрі – қарыз /қаржы лизингі шарты) анықталған төлемге жұмсаған шығындары жатады.

      7. Қарыз/қаржы лизингі шартында белгіленген сыйақы мөлшерлемесін төлеуге жұмсалған тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) оператордың, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператордың және локомотивтік тартқыш оператордың шығындары тиісті жылға арнап республикалық бюджетте көзделген сома шегінде субсидияланады.

      8. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау уәкілетті орган, тасымалдаушы вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы немесе локомотивтік тартқыш операторы және қаржы институты арасында жасалған вагондарды және локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған шартқа сәйкес (бұдан әрі – субсидиялау шарты) іске асырылады.

      9. Субсидиялау шарты қарыз/қаржы лизингі шартының мерзімінен аспайтын, бірақ жиырма жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 517 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13975 болып тіркелген) үлгілік шарт негізінде жасалады. Бұл ретте уәкілетті орган субсидиялау шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлемені субсидиялауға республикалық бюджеттен шығыстардың жыл сайынғы жоспарлануын қамтамасыз етеді.

      10. Субсидиялауға қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес тасымалдаушыларға арналған жылдық мөлшері 0,1%-дан, вагондар (контейнерлер) операторларға, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторға және локомотивтік тартқыш операторларға арналған мөлшері 5%-дан асқан, алайда 10%-дан жоғары емес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі жатады, ал қалған бөлігі тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторларымен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторымен және локомотивтік тартқыш операторлармен төленеді.

      11. Егер қарыз/қаржы лизингі шарты жасалса және кредиттік қаражат қаржы институтымен шетел валютасында берсе, субсидиялар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне сәйкес субсидиялау сомасын аударған күні қолданылатын теңгемен төленеді.

2-параграф. Субсидиялау мөлшерлемесінің шарттары

      12. Мөлшерлемені субсидиялау қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес, тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) оператордың, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператордың және локомотивтік тартқыш оператордың өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындауы және осы Қағидаларға сәйкес мөлшерлемені субсидиялау есебінен қарыз/қаржы лизингі шартында көзделген кестеге сәйкес қаржы институтына төлеуді жүзеге асыру жағдайларында жүргізіледі.

      13. Субсидиялар қаржы институтының алдында мерзімі кешіктірілген берешек бойынша есептелген және төленген пайыздарды қаржы институты белгілеген бір жолғы комиссияяларды төлеуге ұсынылмайды.

      14. Республикалық бюджеттен мөлшерлемені субсидиялауға қаражат алу үшін, тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператор және локомотивтік тартқыш оператор мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер және заңды тұлға болып табылуы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кешіктірілген жағдайды қоспағанда, салықтар және басқа міндетті бюджетке төлемдер мен бірыңғай жинақтау зейнетақы қорына аударымдар бойынша қарыздың жоқтығы;

      3) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін ескере отырып, қаржы институтымен соңғы 6 айда берілген қарыз/қаржы лизингі шартын жасау мүмкіндігі немесе қаржы институтымен жасалған қарыз/қаржы лизингі шарты туралы алдын ала оң қорытындыға ие болуы.

      15. Республикалық бюджеттен мөлшерлемені субсидиялауға қаражат алу үшін, тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) оператор, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператор немесе локомотивтік тартқыш оператор осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген мерзімін ескере отырып, уәкілетті органға:

      1) қаржы институтының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолымен (осы құқықты растаушы сай келетін құжаты қоса бере отырып) тасымалдаушымен, вагондар (контейнерлер) оператормен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператормен немесе локомотивтік тартқыш оператормен қарыз/қаржы лизингі шартын жасау мүмкіндігі туралы алдын ала оң қорытындыны (бұдан әрі – алдын ала қорытынды) немесе төлем кестесін көрсете отырып, қарыз/қаржы лизингі шартының қаржы институтымен куәландырылған немесе өрмен бекітілген көшірмесін;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органға құжаттар ұсыну күнінен алдыңғы бір айдан астам уақыт бұрын салық қарызының, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарының жоқтығы (болуы) туралы мәліметтерді ұсынады;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша вагондарды немесе локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесін бюджеттік қаржы есебінен субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім);

      4) "электрондық үкімет" веб-порталынан алынған заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуді немесе қайта тіркеуді растайтын құжатты немесе оның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес барлық қоса берілген құжаттар бір топтамаға тігіліп, беттері нөмірленуге тиіс, соңғы бетінің теріс жағында жіптердің ұштары "_____ бет тігілді және нөмірленді 20__ жыл "___"___________" сөздері жазылған қағаз парағымен жапсырылуға, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторның, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторның немесе локомотивтік тартқыш операторның мөрімен бекітілуі тиіс. Тігілмеген хат қалтада жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттар қаралмайды, тасымалдаушыға, вагондар (контейнерлер) операторына, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына немесе локомотивтік тартқыш операторына қайтарып беріледі.

      17. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін өтінімдерді қарау бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе ол болмаған жағдайда, оның орнын ауыстыратын тұлғаның актімен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан құрауға және бес адамнан кем болмауға тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды.

      Бұл ретте, комиссия құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасады.

      18. Комиссия төрағасы, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары комиссияның қызметін басқарады, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, комиссия жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы басшылық етеді.

      19. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында жариялаған күннен бастап жыл сайын комиссия хатшысы тіркеу журналына енгізу арқылы (комиссия хатшысы тігеді, нөмірлейді, параграфтайды және мөрмен бекітеді) жүргізеді және әр жылдың 30 қарашасында аяқталады.

      20. Комиссия тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) оператор, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператор немесе локомотивтік тартқыш оператор ұсынған құжаттарды қарап шығады және олардың мынадай өлшемшарттарға сәйкестігін тексереді:

      1) қаржы институтынан алынатын қаржы құралдарының мақсаты осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мақсаттарға сәйкестігі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, мерзімі кешіктірілген салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер мен міндетті зейнетақы қорына аударымдар бойынша қарызының болмауы;

      3) ұсынылған құжаттардың дәйектілігі және олардың осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкестігі.

      21. Комиссия тасымалдаушының өтінімі түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тасымалдаушылармен, вагондар (контейнерлер) оператормен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператормен немесе локомотивтік тартқыш оператормен ұсынылған құжаттарды қарастырады және қабылдайды.

      22. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарастыру кезінде мынадай басымдықтар бойынша тасымалдаушымен, вагондар (контейнерлер) оператормен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператормен немесе локомотивтік тартқыш оператормен субсидиялау шартын жасаудың дұрыстығы туралы шешім қабылдайды:

      1) алдын ала қорытындыға сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің ең төмен мөлшері мәлімделген;

      2) алдын ала қорытындыға немесе қарыз /қаржы лизингі шартына сәйкес тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) оператор, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш оператор немесе локомотивтік тартқыш оператор барынша көп вагон мен локомотив сатып алуды жоспарлайды;

      3) құжаттардың уәкілетті органға қарауға келіп түскен күніне қарай.

      23. Комиссия қарастыру қорытындылары бойынша тасымалдаушы өтінмді енгізген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тасымалдаушымен, вагондар (контейнерлер) операторымен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторымен немесе локомотивтік тартқыш операторымен субсидиялау шартын жасау немесе жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді және оған комиссия мүшелерінің барлығы және хатшы қол қояды.

      24. Тасымалдаушымен, вагондар (контейнерлер) операторымен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторымен немесе локомотивтік тартқыш операторымен субсидиялау шартын жасасудан бас тарту үшін:

      1) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының болмауы негіз болып табылады;

      2) осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген басымдықтарға сәйкес келмеуі;

      3) тасымалдаушыға, вагондар (контейнерлер) операторына, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына немесе локомотивтік тартқыш операторына қатысты теміржол көлігі саласындағы қызметке тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) бар болуы.

      25. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілген жағдайда, ол қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Дауыс беру рәсімінде комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, комиссияның шешімі заңды болып саналады. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндай алады, ол хаттамаға тіркеледі.

      26. Уәкілетті орган комиссия отырысының хаттамасына қол қойған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін мөлшерлемені субсидиялауға құжат берген тасымалдаушыға, вагондар (контейнерлер) операторына, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына немесе локомотивтік тартқыш операторына, алдын ала қорытынды берген немесе қарыз/қаржы лизингі шартында екінші тарап болып шыққан қаржы институтына жолдайды;

      2) өзінің интернет-ресурсында комиссия отырысының қол қойылған хаттамасының мәтінін жариялайды. Комиссия отырысының хаттамасындағы және интернет-ресурста орналастырылған мәліметтер ақы алынбай барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.

      27. Тасымалдаушымен, вагондар (контейнерлер) операторымен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторымен немесе локомотивтік тартқыш операторымен субсидиялау шартын жасау туралы комииссия оң шешім шығарған жағдайда, уәкілетті орган комиссия отырысы хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі 7 жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы институтына (алдын ала қорытынды ұсынған) және тасымалдаушыға, вагондар (контейнерлер) операторына, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына немесе локомотивтік тартқыш операторына субсидиялау мөлшерлемесінің мөлшері мен көлемін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының өтінімі бойынша субсидиялау шартын жасау туралы уәкілетті органның қорытындысын жолдайды.

      28. Комиссия тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының өтінімінен бас тартқан жағдайда, комиссия отырысының хаттамасында өтінімін қайтару себебі көрсетіледі. Өтінімді қайтару негізі:

      1) осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсыну;

      2) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген талаптарға тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының сай келмеуі болып табылады.

      29. Өтінімнен бас тарту осы Қағидаларға сәйкес өтінімнен бас тарту себептерін жоя отырып, тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының жаңа өтінімін комиссияның қайта қарастыруынан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      30. Субсидиялау шартын жасау үшін тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы немесе локомотивтік тартқыш операторы уәкілетті органның мекенжайына төлем кестесін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған қарыз/қаржы лизингі шартын ұсынады.

      Тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы немесе локомотивтік тартқыш операторы уәкілетті органның мекенжайына мөлшерлемені субсидиялауға құжаттарды берген тасымалдаушыға, вагондар (контейнерлер) операторына, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына немесе локомотивтік тартқыш операторына комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі жолданған күненнен бастап 90 жұмыс күні ішінде қарыз/қаржы лизингі шартының куәландырылған көшірмесін ұсынбаған жағдайда, субсидиялау шартын жасасқаны туралы комиссияның шешімі күшін жояды.

      31. Төлем кестесі көрсетіліп, нотариалдық куәландырған қарыз/қаржы лизингі шарт ұсынылғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде субсидиялау шарты жасалады.

      32. Халықаралық қаржы институттарымен шарт жасасу үшін, тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотив тартымының операторы немесе локомотив тартымының операторы уәкілетті органның атына екінші деңгейдегі банктерде, кредиттік ұйымдарда және лизингтік компанияларда талап етілетін кредиттік соманың жоқтығы туралы негіздеуші құжаттарды және екінші деңгейдегі банктер және лизингтік компаниялармен халықаралық қаржы институттары арасындағы кредит шарттары бойынша салыстырмалы талдау ұсынуы қажет.

      33. Тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы немесе локомотивтік тартқыш операторы қаржы жылы ішінде бірнеше қаржы институтымен қарыз/қаржы лизингі шартын жасаған немесе бір қаржы институтымен бірнеше қарыз/қаржы лизингі шартын жасаған жағдайда, осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес субсидиялар әрбір жасалған қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша ұсынылады.

3-параграф. Субсидиялар төлеу шарттары

      34. Республикалық бюджеттен субсидия төлеу төлем бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізіледі.

      Қаржыландыру жоспары Субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қаржы институтымен және тасымалдаушымен, вагондар (контейнерлер) операторымен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторымен немесе локомотивтік тартқыш операторымен келісу бойыншга уәкілетті органмен бекітіледі.

      35. Тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы немесе локомотивтік тартқыш операторы қаржыландыру жоспарында көрсетілген субсидияларды төлеу айының 10 күнінен кешіктірмей уәкілетті органның мекенжайына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы институты ұсынған кредит беру немесе қаржы лизингі езінде сыйақы мөлшерлемесін нақты есептеу мен өтеу туралы есепті қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржы институтының есеп шотына қаражат аударуға өтінімді (бұдан әрі – аударуға өтінім) ұсынады.

      36. Уәкілетті орган аударуға өтінім ұсынған күннен кейінгі 7 жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы институтына жасалған субсидиялау шартына сәйкес 12 айға біржолғы төлеммен субсидиялау сомасын аударуды жүзеге асырады.

      37. Қаржы институтына субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша вагондарды және локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған ведомость құрады.

      38. Қаржы институтына субсидиялар төлеу үшін уәкілетті орган қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын екі дана етіп ұсынады.

      39. Субсидия алған тасымалдаушылар, вагондар (контейнерлер) операторлары, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы және локомотивтік тартқыш операторлары жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға қарыз қаражатын пайдалану және қол жеткен нәтижелер туралы ақпаратты ұсынып отырады.

      40. Уәкілетті орган тасымалдаушылар, вагондар (контейнерлер) операторлары, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы және локомотивтік тартқыш операторлары ұсынған құжаттар негізінде қарыз қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.

      41. Уәкілетті орган жүргізілген мониторинг негізінде:

      1) қатарынан күнтізбелік 120 күн ішінде қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша мерзімі өткен берешек кезінде субсидиялау шартын бұзады;

      2) тасымалдаушылардың, вагондар (контейнерлер) операторларының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және локомотивтік тартқыш операторларының қарыз қаражатын мақсаты емес пайдалану фактілері анықталған.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      42. Тасымалдаушымен, вагондар (контейнерлер) операторымен, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторымен немесе локомотивтік тартқыш операторларымен жасалған қарыз/қаржы лизингі шартын қаржы институты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда:

      1) қаржы институты уәкілетті органға субсидиялау шартында белгіленген міндеттемелерге сәйкес қарыз/қаржы лизингі шартын бұзу туралы хабарлайды;

      2) субсидиялау шарты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзылады;

      3) төленген субсидиялар қарыз/қаржы лизингі шарты бұзылған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органның шотына қайтарыладыс.

      43. Мерзімінен бұрын субсидиялау шарттары бұзылған жағдайда, қаржы институты пайдаланбаған субсидия сомасын республикалық бюджет кірісіне субсидиялау шартын бұзу күнінен бастап банктік 10 күн ішінде қайтаруды жүргізеді.

  Вагондар мен локомотивтерді
сатып алуға кредит беру және
қаржы лизингі кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға өтінім

      Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі

      кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын қарастыа

      келе,_________________________________________________________

      (тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар

      қозғалысындағы локомотив тартқыш операторының немесе локомотив

      тартқыш операторының толық атауы)

      вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі

      кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарламаны

      іске асыруда қатысуға ниет білдіреді.

      Тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар

      қозғалысындағы локомотив тартқыш операторы немесе локомотив тартқыш

      операторы туралы мәліметтер

      1. Заңды мекенжайы _____________________________________________

      2. Нақты мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық

      мекенжайы ______________________________________________________

      3. Жарғылық капиталдағы үлесі көрсетілген негізгі құрылтайшылар

      ________________________________________________________________

      4. Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)___________________ ___

      5. Негізгі қызмет түрлері __________________________________________

      6. Жұмысшылар саны ____________________________________________

      7. Қаржы институтының атауы ____________________________________

      8. Қарыз қаражатын мақсатты пайдалану бағыты _____________________

      Басшы _______________ __________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М. О. (күні)

  Вагондар мен локомотивтерді
сатып алуға кредит беру және
қаржы лизингі кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

____________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) _______________________________________ (тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының толық атауы) _________________________________________ (тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының толық атауы) қарыз/қаржы лизингі шартын жасасу мүмкіндігі туралы қаржы институтының _____________ алдын ала (қаржы институтының атауы) қорытындысы _________________________________________ (тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының толық атауы) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға ___________________ шартын жасасу (қарыз немесе қаржы лизингі) үшін ұсынылан құжаттарды қарастырып, _________________________________________ (тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) оператордың, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының толық атауы) ________________________________________ (кредит беру және қаржы лизингі)

      шартын мынадай талаптарда жасауға дайын екенін хабарлайды:


Қаржыландыру мақсаты

Сатып алынатын вагондардың немесе локомотивтердің саны мен типі

Кредиттеу немесе лизинг сомасы, ( теңге немесе шетелдік валютада)

Қаржы институтының сыйақы мөлшерлемесінің %

Қаржыландыру мерзімі, ай

Вагонның немесе локомотивтің типі

бірліктер

Бір бірліктің құны









      Қаржыландыру түрі – кредит беру немесе қаржы лизингі

      Алдын ала қорытындыға қарызды өтеудің жоспарлы кестесі қоса берілді.

      Басшы____________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М.О. (күні)

  Вагондар мен локомотивтерді
сатып алуға кредит беру
және қаржы лизингі кезінде
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

__________________________________________________ (қаржы институтының толық атауы) __________________________________________________ (тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының толық атауы) _____________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) _____________________________________________________ (тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының толық атауы) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын жасасу дайындығы туралы қорытындысы _____________________________________________________________ (атауы уәкілетті органның) ____________________________________________________________________ __________________________________________ (тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының толық атауы) ұсынған құжаттарды ______________________________________________ (нормативтік құқықтық акт қабылдаған лауазымды тұлға, нөмірі және күні) бұйрығымен бекітілген Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес қарап, ______________________________________________ (уәкілетті органның атауы) ________________________________________________________ ___(тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының толық атауы) Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын мынадай талаптарда жасауға дайын екендігін туралы хабарлайды:

Қаржы институтының атауы

бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын сыйақы мөлшерлемесі %

Субсидиялау мерзімі, ай.




      Басшы_____________ __________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М. о. (дата)

  Вагондар мен локомотивтерді
сатып алуға кредит беру
және қаржы лизингі кезінде
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

_____________________________________ (уәкілетті органның толық атауы)

Қаражатты республикалық бюджеттен есеп шотына аудару туралы өтінім __________________________________________________________ (қаржы институтының атауы) Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау ______________ № ________ шарты бойынша (күні және нөмірі)

Кезең

Қарыз шартының немесе қаржы лизингінің атауы, күні және нөмірі

Тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының қарыз сомасы, мың теңге

Сыйақы мөлшерлемесі, мың теңге

Уәкілетті органның субсидиялау сыйақысының сомасы, мың теңге











ББарлығы:





      Тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар

      қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік

      тартқыш операторының басшысы________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М.О. (күні)

  Вагондар мен локомотивтерді
сатып алуға кредит беру
және қаржы лизингі кезінде
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

________ кезеңінде кредит беру немесе қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін нақтылы есептеу және өтеу туралы есеп

р/с №

Тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының атауы

Қаржылық институты сыйақы есептеді

Тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы немесе локомотивтік тартқыш операторы сыйақы төледі

Алдыңғы кезеңде есептелген субсидиялардың барлығы

Есептік кезеңде бюджеттік қаражаттың есебінен субсидиялануы тиіс

Есептік кезеңнің соңындағы барлық берешек, мың теңге

Тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы немесе локомотивтік тартқыш операторы негізгі берешекті өтеді

алдыңғы кезеңдер үшін

есептік кезең үшін

алдыңғы кезеңдер үшін

есептік кезең үшін

%

мың теңге

%

мың. теңге

негізгі берешектің үлесі,
%

мың. теңге

%

мың. теңге

%

мың. теңге

%

мың. теңге

%

мың. теңге








1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Қаржы институтының басшысы __________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М.О. (күні)

      Тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар

      қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік

      тартқыш операторының басшысы__________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М.О. (күні)

  Вагондар мен локомотивтерді
сатып алуға кредит беру
және қаржы лизингі кезінде
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған тізімдеме Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау _______________№ ____ шартына сәйкес (күні және нөмірі) _________ кезеңі үшін "____________________________________" (бюджеттік бағдарламаның атауы)

р/с №

Тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының немесе локомотивтік тартқыш операторының атауы

Қаржылық институт есептік кезең үшін есептеген сыйақы

Есептік кезеңде бюджеттік қаражат есебінен сыйақы субсидиялануға жатады

%

мың теңге

%

мың теңге

1

2

3

4

5






      ______ үшін субсидиялау сомасы____________________________ құрайды

      (санмен және жазбаша көрсетілген сома, теңге)

      Тараптардың заңды мекенжайлары:

Уәкілетті орган:
БСН
Банктік деректемелері
______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
______________________________
(тізімдемені қабылдау үшін жауапты
басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Мөр орны

Тасымалдаушы, вагондар (контейнерлер) операторы,
жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш
операторы немесе локомотивтік тартқыш операторы:
БСН
Банктік деректемелері
______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)
______________________________
(бас бухгалтердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Мөр орны