«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3)тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 21 маусымдағы
№ 258 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1) «Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 112-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4656 болып тіркелген, 2007 жылғы Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған):
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу қағидалары 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу тәртібін белгілейді.»;
2) «Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 238-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4876 болып тіркелген, 2007 жылғы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған):
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің негізінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесінде қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне жататын экологиялық ақпараттың мазмұнын айқындау және оған қоғамдық бірлестіктер түрдегі барлық мүдделі жеке және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) қол жеткізу тәртібін анықтау үшін әзірленді.
2. Осы Қағидалар қоршаған ортаға әсерді бағалауға (бұдан әрі - ҚОӘБ жобасы) жататын көзделіп отырған шаруашылық қызмет бойынша жобалау (жобалау алдындағы) құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде ғана қолданылады.»;
4–тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шаруашылық және өзге де қызметтің бастамашысы ҚОӘБ жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберу туралы ақпаратты экология саласындағы арнайы басылымдарда және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында жариялайды.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мүдделі тұлғалар уәкілетті органға жазбаша сұрау жіберіп, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарына қол жеткізе алады.
6. Заңнамаға сәйкес уәкілетті орган 15 күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарымен танысуға болатын жер мен уақыты көрсетіліп, жазбаша жауап береді.»;
10-тармақ алып тасталсын;
3) «Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8376 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің № 224 (27448) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар (бұдан әрі- Талаптар) табиғи ресурстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау туралы есептілік және оған түсіндірме жазба осы Талаптардың 5 және 6 тармақтарында көрсетілген кестеге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға тапсырылады.»;
Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарға қосымшада:
4-кестенің атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.