Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 шілдеде № 13938 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 13) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары бекітілсін;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ___________ Е. Сағадиев

      2016 жылғы 15 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 17 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 20 маусым



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
1-қосымша

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар, оқудан бос уақытта, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

      2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      3) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      6) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      8) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      9) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      10) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      11) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

      12) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      13) ұзаққа созылған жұмыссыздық – ұзақтығы он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;

      14) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      15) халықты жұмыспен қамту орталығы – халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.06.2018 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

      4. Осы Қағидалармен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастар реттелмейді.

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

      5. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша ұйымдастырады.

      6. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері бар:

      1) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар қолданылмайды;

      2) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;

      3) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;

      4) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

      8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрғысы келетін жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағымдағы қаржы жылына өтінімдер береді.

      9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге концультация береді;

      2) қаржыландыру шегіне байланысты жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

      5) ай сайын "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында қоғамдық жұмыстар бойынша мыналарды:

      қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған жұмыс берушілердің санын;

      қоғамдық жұмысқа орналасқандардың санын;

      қоғамдық жұмысқа орналасқандардың орташа айлық жалақысының мөлшерін қамтитын мәліметтер орналастырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға шарт жасасады.

      11. Қоғамдық жұмыстарға:

      1) жұмыссыздар;

      2) оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;

      3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

      еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);

      білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелерін қоса отырып өтінім береді.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса:

      ата-аналарының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімді;

      оқу орнынан оқу процессінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуына жазбаша келісімді ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жұмыспен қамту орталығы студенттің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысының қоғамдық жұмысқа қатысу үшін өтінішін 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкестігін қарайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына толық емес жұмыс уақытының немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақытының режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалысты беру немесе мәжбүрлі тоқтап тұру, жалақысы сақталусыз демалысты беру туралы жұмыс берушінің актісін (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін) ұсынады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қоғамдық жұмыстарда еңбек ету кезеңі қоғамдық жұмысқа қатысушының жұмыс өтіліне есептеледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысқаны және оны аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;

      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан және мерзімдер бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiндегі есептiлікті жүргiзедi және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады.

3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі

      20. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.

      21. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Еңбек кодексі) реттеледі.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

      Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін адамдарға есептелген жалақыға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеудi Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен жұмыс берушi жүргiзедi.

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  __________________________
(ауданының, қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығына
__________________________
(кімнен)

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс берушіден алдағы қаржы жылына арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі), байланыс жасайтын адамдар мен телефондары)

      жұмыссыздар, оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

      Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан жағдайда жұмыссыздарға, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с №

Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Ай

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Төлемдердің жоспарлы мөлшерi, теңге













      Басшы ___________________________________ __________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға арналған үлгiлiк шарт

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________                                                            _____________

      (қала, облыс, аудан)                                                                               (күнi)

      1. Осы шарт бұдан әрi "Тапсырыс берушi" деп аталатын директоры

      ___________________________________________________________________

                  (тегi, аты, әкесiнiң аты                   (бар болса)

      ___________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы

      (қала, облыс, аудан)

      атынан директор ____________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      және бұдан әрi "Орындаушы" деп аталатын _____________________________

      ____________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      __________________________________________________________ арасында

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы жасалды:

1. Шарттың мәнi

      2. Жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қағидаларға сәйкес қаржыландыру.

      3. Шарттың сомасы _________________ теңгені құрайды.

                                                      (жазбаша)

2. Тараптардың мiндеттерi

      4. "Тапсырыс берушi":

      тараптарға қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      Орындаушымен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      жұмыссыздың қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастырылғаны және қоғамдық жұмысқа қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

      Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      5. "Орындаушы":

      Өзіне тікелей жүгінген адамдарды "Тапсырыс берушінің" жолдамасы бар адамдармен тең жағдайда жұмысқа қабылдауға;

      Тапсырыс берушіден еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқылы.

      6. "Тапсырыс берушi":

      жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген __________________ адамды олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге; (жазбаша)

      Орындаушы ұсынған құжаттардың негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 26-тармағына сәйкес жасалған әлеуметтік келісімшартқа және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес адамдарға жалақыны уақтылы және толық көлемде аударуға міндеттенеді.

      7. "Орындаушы":

      1) адамдарға еңбек шартында айқындалған түрлер, мерзiмдер және шарттар бойынша жұмыс беруге

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________;

      (тiзiп жазу)

      2) адамдармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

      3) қажет болған жағдайда қабылданған адамдарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;

      4) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

      5) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;

      6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      8) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу

      8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігiне байланысты болады.

      9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн адамдарға есептелген еңбекақыға 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.

4. Тараптардың жауапкершiлiгi

      10. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      11. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

      12. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      13. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      14. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      15. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

      16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      17. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Шарттың қолданылу мерзiмi

      18. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________

      19. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      20. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi
_________ ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығы
заңды мекенжайы:
_____________________________
ЖСК_________________________
БСК _________________________
БСН (ЖСН)___________________
Коды ________________________
___________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)
М.О.

Орындаушы
заңды мекенжайы:
____________________________
ЖСК________________________
БСК ________________________
БСН (ЖСН) __________________
Коды _______________________
__________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қоғамдық жұмыстарға № ______ жолдама

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жұмыссыз, оқудан бос уақытта студент және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушысы денсаулығына зиян келтірмейтін және оқыту процесін бұзбайтын

      жұмыстарға, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажеттісінің

      астын сызыңыз)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ______________ бастап ____________________ дейін ______ ай мерзімге

      ________________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      ________________________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

      _____________________________________________            _____________________

      Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                              (қолы)

      Берілген күні

      М.О.

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде

      Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

      № ______ жолдамаға хабарлама

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      _________________________________________________________ бағдарламасы шеңберінде

      (бағдарламаның атауы)

      20__ " " __________ жасалған еңбек шартына сәйкес (20__ жылғы "_____"

      _____________ №____ бұйрық) ______________________________________________ ретінде

      (кәсіп/мамандық атауы)

      20__ жылғы "___"_________ бастап 20__жылғы "___"_______________ дейін

      ___________________ қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы

      _________ қоғамдық жұмыстарға қабылданды.

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі:

      ____________________________________ ___________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                  қолы

      М.О. (бар болса)

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  ____________________________
ауданының (қаласының)
Халықты
жұмыспен қамту орталығының
директорына
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

ӨТІНІШ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені _______________________________________________________

                              (бағдарламаның атауы)

      бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы) көшірмесі;

      еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

      толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) жұмыс берушінің актісі;

      демалыста болу туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

      _________________                              ___________

                  Күні                                           қолы

      ------------------------------------------------------------------------------------------------

                              (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ______________________________________________ өтініші

      20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      _________________                         ___________

                  Күні                               қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
2-қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін және оларға жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

      2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы сүйемелдейтін электрондық ақпараттық ресурс;

      5) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      6) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      7) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

      8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      9) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      10) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      11) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      12) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      13) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      14) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

      15) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына (бұдан әрі – № 178 қаулы) сәйкес жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын шаралары;

      17) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;

      18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      19) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.06.2018 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі

      3. Әлеуметтік жұмыс орындары олардың меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерде, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарын тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан аса қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.

      Жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.

      Табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдар үшін сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын құру көзделеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын тұрақты жұмыс орындарынан бөлек және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс құрады. Әлеуметтік жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатта болады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында табысы аз және көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдар, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген адамдар:

      1) балалар ауылының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

      2) зейнеткерлік жас алдындағы (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) адамдар;

      3) мүгедектер;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

      5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;

      7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

      8) оралмандар;

      9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басымдыққа ие.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;

      2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;

      5) жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізеді.

      6) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында әлеуметтік жұмыс орындары бойынша мыналарды құрайтын деректерді жариялайды:

      әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілердің саны;

      әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың саны;

      әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың орташа айлық мөлшері.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.

      Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      9. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Бұл ретте жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.

      11. Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесін (бар болса);

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесін (бар болса);

      4) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация береді;

      2) жұмыссыздардың келісімімен оларға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.

      13. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде:

      1) жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіби және басқа да жеке ерекшеліктері;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелгендігі ескеріледі.

      3) жолдама беру сәтінде жіберілетін жұмыссыздар үшін лайықты жұмыстардың болмауы ескеріледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 28-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

      15. алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жұмыс берушілер осы Қағидалармен белгіленген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт заң бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзылуға жатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде ұйымдастыру шарттарын жасасуға жол берілмейді.

      19. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

      Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының еңбек қызметінің кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Бос жұмыс орны пайда болған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде әлеуметтік жұмыс орындары бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің саны туралы;

      2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны туралы;

      3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібі

      24. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.

      25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

      Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы органдар дербес белгілейді.

      Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттар негізінде ай сайын бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес және республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26-1. Жұмыс беруші ай сайын еркін нысанда халықты жұмыспен қамту орталығына "Еңбек" бағдарламасына қатысушының жалақысының субсидияланатын бөлігін көрсете отырып, жалақы бөлігін төлегені туралы мәлімет береді.

      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшеріне қарай "Еңбек" бағдарламасына қатысушының ағымдағы шотына жалақының субсидияланатын бөлігін аударады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуді еңбек шартында белгіленген жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, жұмыс берушілер ай сайын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді аударғаннан кейін жүргізеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлейді.

      Ескерту. Қағида 29-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. 2019 жылы әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға еңбекақы төлеу 2019 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 30-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  __________________
(ауданының, қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығына

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушінің алдағы қаржы жылына өтінімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________

      (жұмыс берушінің толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН),

      байланыс жасайтын адамдары мен телефондары) жұмыссыздар үшін үйде, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілер тізбесіне қосуды сұрайды.

      Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешім тапқан жағдайда жұмыссыздарға тізбеге сәйкес мынадай әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылатын болады:

р/с №

Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (ай)

Жұмыс орны (үйде/жалпы

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшері, теңге

1

2

3

4

5

6

7















      Ескертпе:

      Өтінімге мынадай құжаттар ұсынылады:

      1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

      2. Заңды тұлға жарғысының көшірмесі.

      _________________                         ___________

                  Басшы                                           Күні

  Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы № _____ шарт

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________ауылы (қаласы) 20__жылғы __ _________

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      және _________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі — Жұмыс беруші) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның

      20-бабына сәйкес және ________________________ауданы (қаласы)

      әкімдігінің 20___ жылғы __ _________ № ___ қаулысының негізінде

      төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар

      үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.

      2. Шарт сомасы________________________________________________

      (жазбаша)

      теңгені құрайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушыға әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      2) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;

      3) Орындаушыдан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      4. Орындаушы:

      1) әлеуметтік жұмыс орнына халықты жұмыспен қамту орталығы жіберген адамды жұмысқа қабылдауға немесе қабылдаудан бас тартуға;

      2) Тапсырыс берушіге жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтініш беруге;

      3) Тапсырыс берушіден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      5. Тапсырыс беруші:

      1) азаматтарды олардың келісімімен Орындаушыға ____________________ адам жіберуге; (жазбаша)

      2) Орындаушы ұсынған мәліметтердің негізінде уақтылы және толық көлемде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға жалақының субсидяиланатын бөлегін аударуға;

      3) жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге;

      4) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларда міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторинг жүргізуге міндетті.

      6. Орындаушы:

      1) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:

Р/с №

Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Саны

Жұмыстардың ұзақтығы, ай

Айлық еңбекақының мөлшері, теңге

Еңбекақы төлеуге арналған өтемақының мөлшері айына, теңге



















      2) жұмыссыздармен Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға;

      3) еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшеріне қарай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдер төлеуге;";

      4) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуге міндетті;

      5) қажет болған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;

      7) әрбір әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

      8) қажет болған кезде әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

      9) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      10) әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      11) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;

      12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

3. Еңбекақы төлеу

      7. Орындаушы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      10. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      11. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      12. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

      13. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      14. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Форс-мажорлық жағдайлар

      15. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

      17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

7. Қолданылу мерзімі

      19. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап

      20__ жылғы __ ___________ дейін.

      20. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      21. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада

      жасалды.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi

_________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________

___________________ ________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О.

Жұмыс беруші

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________



__________________ _________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О. (бар болса)

  Жұмыссыздарды жұмысқа
орналастыру үшін әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру
туралы шартқа
қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы ____________

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжаттың №, берілген күні

ЖСН

Еңбек шартының нөмірі мен күні

Жұмыспен қамтудың шарттары (жалпы немесе үйде)

1

2

3

4

5

5-1

1






2






3






4







Итого:





      кестенің жалғасуы

Шарт бойынша жалақының мөлшері

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының сомасы, теңге

Зейнетақы жарналарының сомасы

Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге

6

7

8

9

10

11































      Басшы __________________

      Бас есепші ______________

  Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ___________________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығының директорына

      _____________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      _____________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Нысан

ӨТІНІШ

      Ескерту. 3-қосышға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені _____________________________________ бағдарламасы бойынша

      (бағдарламаның атауы)

      әлеуметтік жұмыс орнына жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

      4) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу

      үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім

      беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

      _________________ ___________

      Күні қолы

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші

      20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________ ___________

      Күні қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

  Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Әлеуметтік жұмыс орнына № ______ жолдама

      жұмыссыз ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      ______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу

      үшін жіберіледі.

      __________________________ _________________________

      Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы

      орталығының директоры

      Берілген күні

      М.О.

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні

      ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

№ ______ жолдамаға хабарлама

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      _____________________________________________ бағдарламасы шеңберінде

      (бағдарламаның атауы)

      20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес ____________ ретінде

      (кәсіп/мамандық атауы)

      20__ жылғы __ ________ әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасты

      (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).

      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мерзімі

      201_ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ________ дейін ___ ай.

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________________

      (қолдың таратылып жазылуы)

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
3-қосымша

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы сүйемелдейтін электрондық ақпараттық ресурс;

      3) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      4) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;

      5) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;

      6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      7) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      8) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      9) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      10) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат.

      11) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      12) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      13) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.06.2018 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру тәртібі

      3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарын тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:

      1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес түлектер оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арналған;

      2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі;

      3) жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 21-бабына сәйкес жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;

      2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасы ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

      7. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:

      1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, оларға еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерін және қаржыландыру көздерін айқындайды..

      Ұйымдардың тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасасады.

      9. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарттың негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары білім беру ұйымдары түлектерінің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.

      10. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім береді.

      11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту мәселелері бойынша консультация береді;

      2) жұмыссыздарға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына жолдама береді.

      3) ай сайын "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында жастар практикасы бойынша:

      Жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілердің саны;

      Жастар практикасына жұмысқа орналасқандардың саны;

      Жастар практикасына жұмысқа орналасқандардың орта айлық еңбекақы мөлшері туралы мәліметтерді орналастырады.";

      Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жұмыс беруші "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмысқа қабылдау немесе бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 33-бабына сәйкес еңбек шарты жасалады.

      Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

      14. Жұмыс берушілер жастар практикасына қатысушылармен жасасқан шарттардың көшірмесін және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

      15. Жұмыс беруші жастар практикасына қатсушыға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітеді.

      16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте, жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жұмыс беруші жастар практикасын өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізеді және жұмыс беруші жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға талабы бойынша оның жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынады.

      18. Жұмыс берушілердің таратылуына байланысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген жағдайларда жастар практикасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан адамдар қалған өтелмеген мерзімін басқа жұмыс берушілерде жалғастырады.

      19. Жастар практикасындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен тоқтатқан адамдар жұмыс берушілермен еңбек шартын бұзған сәттен бастап жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің жастар практикасына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.

      21. Жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде шарттар жасасуға жол берілмейді.

      22. Жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 24-тармағына сәйкес жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24. Халықты жұмыспен қамту орталығы бюджет қаражаттарының пайдаланылуына және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жастар практикасының қатысушысына еңбекақы төлеген кезде жұмысқа орналасқан түлектердің міндетті зейнетақы аударымдарының болуына мониторинг жүргізеді.

      25. халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде жастар практикасы бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

      1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;

      2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Жастар практикасын қаржыландыру тәртібі

      26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден айына субсидия беру (жалақының) мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалық немесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.

      Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

      Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтіндерге есептелген еңбекақыға 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Жастар практикасын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы төлеуге Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттардың негізінде қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (қалалардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сомалар шегінде не Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған өзге көздерден ай сайын халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      29. Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеуді жұмыссыздар үшін жастар практикасын қаржыландыруға арналған шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде, еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай ай сайын халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді және екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарға (карточкалық) ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.

  Жастар практикасын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _______________ (ауданының,

      қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығына

      ___________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)

Өтінім

      _______________________________________________________________

      (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН),

      байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)

      жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс

      берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.

      Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес

      мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Кәсібі (мамандығы)

Талап етілетін білім деңгейі

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (ай)

















      Қосымша:

      1. Заңды тұлғаны және (немесе) дара кәсіпкерді мемлекеттiк

      тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

      2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.

      _____________ _____________

      Басшы Күнi

      М.О. (бар болса)

  Жастар практикасын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын
қаржыландыруға арналған
№ _____ шарт

      _____________ауылы (қаласы) 20__жылғы __ _________

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      және _________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      (бұдан әрі — Жұмыс беруші) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның

      21-бабы 3) тармақшасына сәйкес және ________________________ауданы

      (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы __ _________ № ___ қаулысының

      негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін олар алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.

      2. Шарттың жалпы сомасы ________________ теңгені құрайды, оның

      жазбаша

      ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен ______________ теңге,

      жергілікті бюджет қаражаты есебінен ______________ теңге.

2. Тараптардың міндеттері

      3. Тапсырыс беруші:

      1) тараптардың міндеттемелерді орындау мониторингін жүргізуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұрауы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынуға;

      2) жастар практикасына қатысушылар туралы мәліметтерге сәйкес жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді уақытылы және толық көлемде жүргізуге;

      3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жастар практикасына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін жастар практикасына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

      4) тараптарға жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      5) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;

      6) Орындаушының бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;

      7) Орындаушымен жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      8) Жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

      9) жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетуге;

      10) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      11) тараптардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Орындаушы:

      1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

      2) азаматтармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;

      3) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізуге және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша оның жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынуға;

      4) қажет болған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге құқылы.

      5. Тапсырыс беруші:

      1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге _________________________________адам жіберуге;

      (жазбаша)

      2) Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде Еңбек Кодексіне сәйкес жастар практикасына қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.

      6. Орындаушы:

      1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту үшін мынадай мамандықтар бойынша жұмыс орындарын ұсынуға:

Р/с №

Кәсібі (мамандығы)

Білімі

Адам саны

Жастар практикасының ұзақтығы, ай

Бюджет шығыстарының сомасы айына, теңге








      2) жұмыссыздармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

      3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға;

      4) қажет болған жағдайда, қабылданған жастар практикасына қатысушыға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;

      5) әрбір жастар практикасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізуге;

      6) қажет болған кезде жұмыссыздарды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

      7) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      9) бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;

      10) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына жазуға және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) беруге;

      11) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігін қамтамасыз етуге;

      12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу

      7. Жастар практикасына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Тапсырыс беруші Орындаушының мәліметтері негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      10. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      11. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      9. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

      10. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      11. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Қолданылу мерзімі

      12. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.

      13. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      14. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi

_________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы

____________________________

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________

___________________ ________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О.

Орындаушы

____________________________

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________


__________________ _________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О. (бар болса)

  Жұмыссыздарға арналған жастар
практикасын қаржыландыру
туралы шартқа
қосымша

      Нысан

      _____________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      Жастар практикасына қатысушылар туралы 20__ жылғы ____________

МӘЛІМЕТТЕР

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке куәлігінің №, берілген күні

Туған күні

ЖСН

1

2

3

4

5

1





2






Жиыны:




      кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге

Қызмет көрсетуші банк

20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №

6

7

8

9

10

















      Басшы _____________________

      Бас бухгалтер ______________

      М.О. (бар болса)

  Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша

      ________________________ ауданының (қаласының)

      халықты жұмыспен қамту орталығының директорына

      ____________________ мекенжайы бойынша тұратын

      ______________________________________________

      Нысан

ӨТІНІШ

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мені ____________________________________ бағдарламасы бойынша

      (бағдарламаның атауы)

      жастар практикасына жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және

      жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың

      көшірмесі.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу

      үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім

      беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

      _____________ _____________

      Күні қолы

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші

      20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы:__________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________ _____________

      Күні қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

  Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жастар практикасына № ______ жолдама

      жұмыссыз ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      ______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша жастар практикасына жұмысқа орналасу үшін

      жіберіледі.

      ______________________ ________________________

      Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы

      орталығының директоры

      Берілген күні

      М.О.

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні

      ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

№ ______ жолдамаға хабарлама

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      ___________________________________________ бағдарламасы шеңберінде

      (бағдарламаның атауы)

      20__ жылғы __ _____ жасалған еңбек шартына сәйкес _____________

      ретінде (кәсіп/мамандық атауы)

      _______________ бастап ________________дейін ______ ай мерзімге

      жастар практикасына жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________

      жастар практикасына қабылданды (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі _________________________________

      (қолдың таратылып жазылуы)

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
4-қосымша

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
5-қосымша

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға, № 178 Қаулыға сәйкес жұмыспен қамтылғандардың жекелген санаттарына (бұдан әрі – жұмыспен қамтылғандардың санаттары), оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;

      2) әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырушы – халықты жұмыспен қамту орталығы;

      3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      4) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;

      5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      6) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы сүйемелдейтін электрондық ақпараттық ресурс;

      7) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке, кәсiп пен қызмет түрін таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;

      8) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

      9) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      10) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмайтын адамдар;

      11) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      12) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      13) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      14) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      15) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;

      16) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      17) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      18) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құртын заңды тұлға;

      19) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығының жай-күйі, Жалпыұлттық дерекқордың мәліметтері, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу, қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес қайта оқытудан, біліктілік арттырудан өту немесе кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мүмкіндігі туралы ақпарат беру;

      20) кәсіби консультация – жұмыс орнын және белгілі бір мамандық таңдауда қатысушының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, қабілетін, кәсіби қызығушылығын ескере отырып, оған көмек көрсету;

      21) кәсіби іріктеу – қатысушының нақты кәсіпке, мамандыққа, жұмыс орнына кәсіби бейімділігінің дәрежесін айқындау;

      22) кәсіптік бейімдеу – қатысушының өндіріске, еңбек жағдайларына және нақты мамандықтың ерекшеліктеріне бейімделу процесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты қатысушының жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, бейімділігіне және нарық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп таңдау процесін оңтайландыру болып табылады.

      2-тарау. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру тәртібі

      4. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:

      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту немесе кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мүмкіндіктері туралы кәсіптік ақпараттандыруды;

      2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, тұлғаның кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультация беруді;

      3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 18-бабында көрсетілген адамдар үшін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге ұйымдарды тарта отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтары, оның ішінде мобильді жұмыспен қамту орталықтары, білім беру ұйымдары жүргізеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібі

      6. Халықты жұмыспен қамту орталығы студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына еңбек нарығының жай-күйі, білікті кадрларға экономиканың болжамды қажеттіліктері туралы концультациялар береді.

      7. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатарынан контингентті айқындайды және халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

      8. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарын құрады, оны халықты жұмыспен қамту орталығымен және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келіседі;

      2) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын кәсіптермен таныстыру және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау рәсімдерін жүргізу үшін жоғары және арнайы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын айқындайды;

      3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына алдын ала даярлық жұмыстарын жүргізеді.

      9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар және сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу өткізеді;

      2) іріктеу нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агентігі арасында студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге шарт жасалады.

      10. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы экономиканың әртүрлі салаларындағы қызметтермен студенттерді және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын таныстыру бойынша кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесін ұсынады.

      11. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауға іріктеуден өткен жұмыспен қамтудың жекеше агентігі:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау өткізу жоспарына сәйкес білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен, халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, ата-аналардың, жұмыс берушілердің және кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      2) студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін негізгі ұйымдар мен кәсіпорындарда кәсіптер презентацияларын, экскурсиялар, ашық есік күндерін өткізу кестесін жасайды;

      3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарына сәйкес дағдыларды айқындауға қатысушыларға тестілеу жүргізіп, тестілеу нәтижелері бойынша студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына одан әрі кәсіби дамуы үшін консультация береді;

      4) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп студенттер арасында жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      12. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі консультациясының қорытындылары бойынша кейіннен жұмысқа орналастыру мақсатында оқыту үшін қысқа мерзімді курстарға жіберу мақсатында болашақ кәсібін әлі таңдамаған оқушылардың тізімі қалыптастырылады.

      13. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау кездесулер, дөңгелек үстелдер және семинар-тренингтер, кәсіптік экскурсиялар түрінде және басқа нысандарда жүргізіледі.

2-параграф. Жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды кәсіптік бағдарлауды дербес жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу жүргізеді;

      2) іріктеу қорытындылары бойынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, жұмыссыздарға, оралмандарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу туралы шарт жасасады;";

      3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынымының негізінде қатысушыны кәсіби іріктеуді жүргізеді, ол қатысушының жеке-психологиялық ерекшеліктерін диагностикалауды, нақты мамандық талаптарына оның жеке қасиеттерінің сәйкес келуін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігін бағалауды қамтиды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Халықты жұмыспен қамту орталығы және/немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:

      1) өңірдегі еңбек нарығының жай-күйі туралы кәсіптік ақпараттандыруды жүргізеді, семинарлар, тренингтер және түрлі кәсіп өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырады;

      2) жүгінген адамдардың жеке тілектерін, психологиялық ерекшеліктерін және еңбек нарығындағы нақты ахуалды ескере отырып, кәсіби консультация береді;

      3) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы бойынша бос орындардың болуын және қатысушы таңдаған кәсіп бойынша оның кейіннен жұмысқа орналасуы үшін кадрларға қажеттілікті айқындайды;

      4) дағдыларды айқындау үшін тестілеуді ұйымдастырады;

      5) тестілеу және кәсіптік консультация нәтижелері бойынша кәсіптік іріктеуден өту қажеттілігі туралы ұсынымдар дайындайды;

      6) қысқа мерзімді курстардан және кәсіптік оқытудан өту үшін адамдардың тізімін жасайды;

      7) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен, өңірлік палаталармен және кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлесіп, қатысушы таңдаған кәсіпке дайындалу процесімен және таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарын таныстыру бойынша жұмыс жүргізеді, кәсіптік бейімдеуді ұйымдастырады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.01.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      17. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау Халықты жұмыспен қамту орталықтарының алаңында жүргізіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен, өңірлік палаталармен және жұмыс берушілермен бірлесіп, болашақ мамандығын таңдап қойған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
6-қосымша

"Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

      Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес әзірленді және "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      5) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

2-тарау. "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру тәртібі

      3. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

      4. Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысады.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;

      2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алғашқы жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

      6. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:

      1) алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы төлеу мөлшерін мен қаржыландыру көздерін бекітеді.

      7. Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасады.

      9. Алғашқы жұмыс орны бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтініш береді.

      10. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) құжаттарды қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексереді;

      2) құжаттарды салыстарғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерлерді үміткерлерге "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.

      11. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 33-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыс өтілін талап етпей, халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде біліктілік санаты (разряды) сәйкес келетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кемінде 24 айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

      12. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдамаға хабарландыруға сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға жұмысқа орналасуға жолдама берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрақты жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.

      13. "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға Еңбек кодексі қолданылады. "Еңбек" бағдарламасына қатысушының еңбек қызметінің кезеңі оның еңбек өтіліне қосылады.

      14. Жұмыс беруші алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушы үшін кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер тағайындайды.

      15. Жұмыс берушілер осы Қағидалармен белгіленген "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру мен қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жұмыс берушілердің "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.

      16. "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналасуға жіберу осы қағидалардың 17-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір реттен артық жүзеге асырылмайды.

      17. Жұмыс берушінің таратылуына байланысты "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушы басқа жұмыс берушіге жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

      18. "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылады.

3-тарау. "Алғашқы жұмыс орны" жобасын қаржыландыру тәртібі

      19. Қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттардың негізінде ай сайын бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан республикасының заңнамаларында тыйым салынған басқа көздеден жүзеге асырады.

      20. "Еңбек" бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен субсидиның мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, 20 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлемдерін және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.

      21. Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

      22. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде ай сайын "Еңбек" бағдарламасына қатысушының ағымдағы шотына субсидия сомасын аударады.

  "Алғашқы жұмыс орны"
жобасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
________________ (ауданының,
қаласының) халықты жұмыспен
қамту орталығына
_______________________- дан

"Алғашқы жұмыс орны" жобасын іске асыруға жұмыс берушінің өтінімі

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланысушы тұлға және телефоны)

      "Алғашқы жұмыс орны" жобасын іске асырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұраймын.

      Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу туралы оң шешім шығарылған жағдайда, тізбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұйымдастырылады:

р/с №

Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жұмыспен қамтылу шарттары

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Кәсіп (мамандық)

Талап етілетін білім деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

1







2







..







      Ескертпе:

      Заңды тұлғаның өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.

      2. Заңды тұлға жарғысының көшірмесі.

      _________________            ________________

      Басшы                        Күні

  "Алғашқы жұмыс орны"
жобасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Алғашқы жұмыс орны" жобасын қаржыландыруға № _____ шарт

__________________
(қала, облыс, аудан)

_______________
(күні)

      ____________________________________ ауданы (облыстық маңызы бар қала, респубикалық

      маңызы бар қала, астана) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті

      органының 20 ___ жылғы ___ _________ № ___ шешімінің негізінде бұдан әрі бірлесе

      "Тараптар" деп аталатын бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын __________________

      ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры

      ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және бұдан әрі

      Орындаушы деп аталатын ________________________________

      ______________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспенқамтуды және жапппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Еңбек" бағдарламасы) шеңберінде "Алғашқы жұмыс орны" жобасын қаржыландыру.

      2. Шарт сомасы _____________________________________ теңгені құрайды.

      (жазбаша)

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      Тапсырыс беруші:

      1) "Еңбек" бағдарлама талаптарына сәйкес келетін үміткерлерді "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберуге;

      2) Орындаушыға "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      3) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан "Алғашқы жұмыс орны" жобасын іске асыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;

      4) Орындаушымен "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      5) Орындаушыдан осы шарттың уақтылы және тиіссінше орындалуын талап етуге құқылы.

      4. Орындаушы:

      1) үміткерді жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Тапсырыс берушіні хабардар етуге;

      2) үміткерлермен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға;

      3) қажет болған жағдайдаөз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуді жүргізуге құқылы.

      5. Тапсырыс беруші:

      1) _______________________________________ адам санындағы үміткерді (жазбаша)олардың келісімімен Орындаушыға жіберуге;

      2) Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде Еңбек Кодексіне сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті.

      6. Орындаушы:

      1) Өтінімге сәйкес "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша үміткерлер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыруға;

      2) Еңбек Кодексіне сәйкес кемінде 18 айға еңбек шартын жасасуға;

      3) Тапсырыс берушінің сұратуы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;

      4) әрбір "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

      5) қажет болған кезде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

      6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      7) еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      8) Тапсырыс берушіге "Алғашқы жұмыс орны" жобасыының іске асырылуы туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;

      9) Тапсырыс берушіге есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда "Алғашқы жұмыс орны" бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар туралы мәлеметтер ұсынуға;

      10) "Алғашқы жұмыс орны" жобасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеуге міндетті.

3. Еңбекақы төлеу

      7. Тапсырыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Осы шартта көрсетілген міндеттерді орындамаған, не тиіссінше орыдамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жауапкершілікке тартылады.

      9. Осы шаррта көрсетілмеген тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларының нормаларына сәйкес қолданылады.

      10. Осы шарттың қолданылу мерзімі осы мерзім аяқталғанға дейін орын алған заң бұзушылықтар үшін тараптарды жауапкершіліктен босатпайды.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      11. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

      12. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      13. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күнтізбелік күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Дауларды шешу тәртібі

      14. Осы шарт бойынша немесе оған байланысты тараптар арасында туындаған барлық даулар және келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

      15. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттерін орындамаса немесе тиіссінше орындамаса барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

6. Өзге де жағдайлар

      14. Осы шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, екінші данасы Орындаушыда болады.

      17. Осы шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      18. Осы шартқа сәйкес бір тараптың екінші тарапқа жіберетін хабарламасы пошта қызметі, кейіннен түпнұсқаны ұсынумен жалпы қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы жіберіледі.

      19. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы екінші тарапты кемінде бір ай бұрын хабардар етуге тиіс.

      20. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың кеілісімі бойынша енгізіледі және осы шарттың ажырамасы бөлігі болып табылатын қосымша келісім ретінде рәсімделеді.

8. Қолданылу мерзімі

      21. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.

      22. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi

Жұмыс беруші

_________ ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту орталығы
заңды мекенжайы:
______________________________
ЖСК __________________________
БСК __________________________
БСН (ЖСН) ____________________
Коды _________________________
___________________ ___________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)
М.О.

заңды мекенжайы:
____________________________
ЖСК_________________________
БСК ________________________
БСН (ЖСН) __________________
Коды _______________________
__________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)
М.О. (бар болса)

  "Алғашқы жұмыс орны"
жобасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша
  __________________________
ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
__________________________
мекенжайы бойынша тұратын
__________________________
__________________________
  Нысан

ӨТІНІШ

      Мені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Алғашқы жұмыс орны" бойынша жұмысқа орналасуға жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

      "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

      _____________            ________________

      Күні                        қолы

      -------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) _______________________________________________ өтініші 20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________            ________________

      Күні                        қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

  "Алғашқы жұмыс орны"
жобасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға № ______ жолдама

      Үміткер _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      20_____ жылғы _______________________ бастап

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________ (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

      ______________________________________                  ________________________

      Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры            қолдың таратылып жазылуы

      Берілген күні

      М.О.

      -------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

№ ______ жолдамаға хабарлама

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      20 __ жылғы __ ______ жасалған еңбек шартына сәйкес _________-____ ретінде (кәсіп/мамандық атауы)20 __ жылғы __ ____ бастап "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасты (20__ жылғы________ № ___ бұйрық). "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасу мерзімі 20 __ жылғы "__" ___________ бастап 20 __ жылғы "__" ___________ дейін.

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі

      ___________________________                  М.О. (бар болса)

      (қолдың таратылып жазылуы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
7-қосымша

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

      Ескерту. Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.3.1-тармағына сәйкес әзірленді және зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, қаржыландыру тәртібін айқындайды ("Ұрпақтар келісімшарты" жобасы).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      6) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      7) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы – зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен алмастырумен жұмысқа орналастыруға бағытталған қызмет;

      8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      9) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

2-тарау. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру тәртібі

      3. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастырады.

      4. Жұмыс іздеген адамдар және халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысады.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;

      2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

      6. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:

      1) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, жұмыстың нақты шарттарын, еңбекақы төлеу мөлшерін мен қаржыландыру көздерін бекітеді.

      7. Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарт жасасады.

      9. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтініш береді.

      10. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) құжаттарды қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткерлердің құжаттарының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді;

      2) құжаттарды салыстарғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерлерді үміткерлерге "Ұрпақтар келісімшарты бойынша" жұмысқа орналасуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.

      11. Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға жолдама үміткерлердің халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде беріледі.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 33-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыс өтілін талап етпей, халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде біліктілік санаты (разряды) сәйкес келетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кемінде 18 айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

      12. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдамаға хабарландыруға сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға жұмысқа орналасуға жолдама берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрақты жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.

      13. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға Еңбек кодексі қолданылады. "Еңбек" бағдарламасына қатысушының еңбек қызметінің кезеңі оның еңбек өтіліне қосылады.

      14. Жұмыс беруші "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушы үшін кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысқысы келетін, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына алты айдан аз қалған тәлімгер тағайындайды.

      15. Жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағында белгіленген зейнет жасына жеткен кезде, тараптардың келісімі бойынша тәлімгермен еңбек шарты бұзылады.

      Тәлімгермен еңбек шарты бұзылмаған жағдайда, жұмыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны басқа ұқсас лауазымға жұмысқа орналастырады.

      16. Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт жасасқан кезден бастап алты ай өткен соң жұмыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша жұмыс орындаумен байланысты тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстырады.

      17. Жұмыс беруші алты ай өткен соң халықты жұмыспен қамту орталығын "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны бос лауазымға (бос орынға) ауыстырғаны туралы хабардар етеді.

      18. Жұмыс берушілер осы Қағидалармен белгіленген "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру мен қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жұмыс берушілердің "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.

      19. Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналасуға жұмысқа орналасуға жіберу осы қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір реттен артық жүзеге асырылымайды.

      20. Жұмыс берушінің таратылуына байланысты "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушы басқа жұмыс берушіге жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

      21. Халықты жұмыспен қамту орталығы "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырылады.

3-тарау. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын қаржыландыру тәртібі

      22. Қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттардың негізінде алты ай ішінде ай сайын бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан республикасының заңнамаларында тыйым салынған басқа көздеден жүзеге асырады.

      23. "Еңбек" бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен субсидиның мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, 20 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлемдерін және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.

      24. Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

      25. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде ай сайын "Еңбек" бағдарламасына қатысушының ағымдағы шотына субсидия сомасын аударады.

  "Ұрпақтар келісімшарты"
жобасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ___________________________
________________ (ауданының,
қаласының) халықты жұмыспен
қамту орталығына
_______________________- дан

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын іске асыруға жұмыс берушінің өтінімі

      ____________________________________________________________________(жұмыс берушінің толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланысушы тұлға және телефоны)

      "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын іске асырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұраймын.

      Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу туралы оң шешім шығарылған жағдайда, тізбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұйымдастырылады:

р/с №

Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жұмыспен қамтылу шарттары

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Кәсіп (мамандық)

Талап етілетін білім деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

1







2







..







      Ескертпе:

      Заңды тұлғаның өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.

      2. Заңды тұлға жарғысының көшірмесі.

      _________________            ________________

      Басшы                        Күні

  "Ұрпақтар келісімшарты"
жобасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасын қаржыландыруға № _____ шарт

_________________
(қала, облыс, аудан)

_______________
(күні)

      ________________________ ауданы (облыстық маңызы бар қала, респубикалық маңызы бар қала, астана) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20 ___ жылғы ___ _________ № ___ шешімінің негізінде бұдан әрі бірлесе "Тараптар" деп аталатын бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын ________________________________

      ______________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспенқамтуды және жапппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Еңбек" бағдарламасы) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын қаржыландыру.

      2. Шарт сомасы ____________________________________ теңгені құрайды. (жазбаша)

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      Тапсырыс беруші:

      1) "Еңбек" бағдарламасы талаптарына сәйкес келетін үміткерлерді "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жіберуге;

      2) Орындаушыға "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      3) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын іске асыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;

      4) Орындаушымен "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      5) Орындаушыдан осы шарттың уақтылы және тиіссінше орындалуын талап етуге құқылы.

      4. Орындаушы:

      1) үміткерді жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Тапсырыс берушіні хабардар етуге;

      2) үміткермен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға;

      3) қажет болған жағдайдаөз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуді жүргізуге құқылы.

      5. Тапсырыс беруші:

      1) _____________________ адам санындағы үміткерді олардың келісімімен (жазбаша)Орындаушыға жіберуге;

      2) Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде Еңбек Кодексіне сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті.

      6. Орындаушы:

      1) Өтінімге сәйкес "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша үміткерлер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыруға;

      2) Еңбек Кодексіне сәйкес кемінде 18 айға еңбек шартын жасасуға;

      3) Тапсырыс берушінің сұратуы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;

      4) әрбір "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

      5) қажет болған кезде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

      6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      7) еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      8) Тапсырыс берушіге "Ұрпақтар келісімшарты" жобасыының іске асырылуы туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;

      9) Тапсырыс берушіге есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда "Ұрпақтар келісімшарты" бойынша жұмысқа орналасқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар туралы мәлеметтер ұсынуға;

      10) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеуге міндетті.

3. Еңбекақы төлеу

      7. Тапсырыс беруші "Еңбек" бағдарламасына қатысушығаа еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Осы шартта көрсетілген міндеттерді орындамаған, не тиіссінше орыдамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жауапкершілікке тартылады.

      9. Осы шаррта көрсетілмеген тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларының нормаларына сәйкес қолданылады.

      10. Осы шарттың қолданылу мерзімі осы мерзім аяқталғанға дейін орын алған заң бұзушылықтар үшін тараптарды жауапкершіліктен босатпайды.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      11. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

      12. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      13. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар күнтізбелік отыз күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Дауларды шешу тәртібі

      14. Осы шарт бойынша немесе оған байланысты тараптар арасында туындаған барлық даулар және келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

      15. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттерін орындамаса немесе тиіссінше орындамаса барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

7. Өзге де жағдайлар

      16. Осы шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, екінші данасы Орындаушыда болады.

      17. Осы шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      18. Осы шартқа сәйкес бір тараптың екінші тарапқа жіберетін хабарламасы пошта қызметі, кейіннен түпнұсқаны ұсынумен жалпы қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы жіберіледі.

      19. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы екінші тарапты кемінде бір ай бұрын хабардар етуге тиіс.

      20. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың кеілісімі бойынша енгізіледі және осы шарттың ажырамасы бөлігі болып табылатын қосымша келісім ретінде рәсімделеді.

8. Қолданылу мерзімі

      21. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.

      22. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi

Жұмыс беруші

_____________________________
ауданының (қаласының) Халықты
жұмыспен қамту орталығы
заңды мекенжайы:
_____________________________
ЖСК _________________________
БСК _________________________
БСН (ЖСН) ___________________
Коды ________________________
________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)
М.О.

заңды мекенжайы:
____________________________
ЖСК_________________________
БСК _________________________
БСН (ЖСН) ___________________
Коды _______________________
__________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің (қолы)
аты (бар болса)
М.О. (бар болса)

  "Ұрпақтар келісімшарты"
жобасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша
  __________________________
ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
__________________________
мекенжайы бойынша тұратын
__________________________
__________________________
  Нысан

ӨТІНІШ

      Мені "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Ұрпақтар келісімшарты" бойынша жұмысқа орналасуға жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

      "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

      _____________                  _____________

      Күні                              қолы

      -------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ______________________________________________ өтініші 20 __ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _____________                  _____________

      Күні                              қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

  "Ұрпақтар келісімшарты"
жобасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға № ______ жолдама

      Үміткер ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      20_____ жылғы _______________________ бастап

      ____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________ (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

      _____________________________________                  _____________________

      Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры            қолдың таратылып жазылуы

      Берілген күні

      М.О.

      -------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

№ ______ жолдамаға хабарлама

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      20 __ жылғы __ _______ жасалған еңбек шартына сәйкес _____________ ретінде

      (кәсіп/мамандық атауы)

      20 __ жылғы __ _______ бастап "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасты (20 __ жылғы _____________ № ___ бұйрық).

      "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасу мерзімі 20 __ жылғы "__" ___________ бастап 20 __ жылғы "__" ___________ дейін.

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі

      ___________________________ М.О. (бар болса)

      (қолдың таратылып жазылуы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
6-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11140 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған).

      2. "Халықты жұмыспен қамту саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1084 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13425 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 мамырда жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13190 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурыздағы жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3, 4, 5, 6, 8, 10, 35-1, 36, 45, 52, 53, 57, 58-тармақтары.