Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 шілдеде № 13938 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 13) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ___________ Е. Сағадиев

      2016 жылғы 15 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 17 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 20 маусым



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
1-қосымша

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

      2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      6) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      8) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      9) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      10) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      11) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

      12) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      13) ұзаққа созылған жұмыссыздық – ұзақтығы он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;

      14) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      15) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.

      3. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

      4. Осы Қағидалармен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастар реттелмейді.

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

      5. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша ұйымдастырады.

      6. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 6 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

      7. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері бар:

      1) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар қолданылмайды;

      2) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;

      3) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;

      4) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

      8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрғысы келетін жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағымдағы қаржы жылына өтінімдер береді.

      9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге концультация береді;

      2) қаржыландыру шегіне байланысты жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

      10. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға шарт жасасады.

      11. Қоғамдық жұмыстарға:

      1) жұмыссыздар;

      2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

      3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысуға "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 22-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мынадай адамдар:

      1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

      2) халықты жұмыспен қамту орталықтарында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басымдық пайдаланады.

      12. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      13. Тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына әлеуметтік еңбек демалысын беру немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы жұмыс берушінің актісін (еркін нысанда) ұсынады.

      14. Студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары демалыс кезеңін көрсете отырып, жазғы демалыста болуы туралы оқу орнының анықтамасын (еркін нысанда) ұсынады.

      15. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.

      16. Жұмыс берушілер адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысу кезеңін еңбек кітапшасына енгізеді.

      17. Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысқаны және оны аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетіледі.

      18. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 22-бабы 4-тармағына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберіледі.

      19. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;

      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан және мерзімдер бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiндегі есептiлікті жүргiзедi және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады.

3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі

      20. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.

      21. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Еңбек кодексі) реттеледі.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдар жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

      Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.

      22. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

      23. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 15-1-бабына сәйкес салық салынады.

      24. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi Еңбек кодексіне сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығы жүргiзедi.

      25. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеудi Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен жұмыс берушi жүргiзедi.

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _______________ (ауданының,

      қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығына

      ___________________________

      (кімнен)

Өтінім

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс

      жасайтын адамдары мен телефондары)

       жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы

      білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға

      байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық

      жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды

      сұрайды.

      Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан

      жағдайда жұмыссыздарға, жазғы демалыс кезеңінде студенттер мен жалпы

      білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және тоқтап

      тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға тiзбеге

      сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған

саны

Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы (ай)

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге




















      Қосымша:

      1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта

      тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі.

      2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.

       Басшы Күнi

       М.О. (бар болса)

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға арналған үлгiлiк шарт

      _________________________________ _____________

       (қала, облыс, аудан) (күнi)

      Осы шарт бұдан әрi "Тапсырыс берушi" деп аталатын директоры

      _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      ____________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы

      (қала, облыс, аудан)

      атынан және бұдан әрi "Орындаушы" деп аталатын

      ______________________________________________________________ атынан

       (жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      ___________________________________________________________ арасында

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

      министрінің 2016 жылғы "14" маусымдағы № 516 бұйрығымен (Нормативтік

      құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып

      тіркелген) бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және

      қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның

      (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, және астананың)

      халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының

      20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы осы

      шартты жасады:

1. Шарттың мәнi

      2. Жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қағидаларға сәйкес қаржыландыру.

      3. Шарттың сомасы _______________________ теңгені құрайды.

      (жазбаша)

2. Тараптардың мiндеттерi

      4. "Тапсырыс берушi":

      жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамды қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру үшін жолдама беруге;

      қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасаусуға;

      Салық кодексіне "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

      тараптарға қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      Орындаушымен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      жұмыссыздың қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастырылғаны және қоғамдық жұмысқа қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

      Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      5. "Орындаушы":

      Өзіне тікелей жүгінген адамдарды "Тапсырыс берушінің" жолдамасы бар адамдармен тең жағдайда жұмысқа қабылдауға;

      Тапсырыс берушіден еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқылы.

      6. "Тапсырыс берушi":

      жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген _____________________ адамды

      (жазбаша)

      олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге;

      Орындаушы ұсынған құжаттардың негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес жасалған әлеуметтік келісімшартқа және Еңбек кодексіне сәйкес адамдарға жалақыны уақтылы және толық көлемде аударуға міндеттенеді.

      7. "Орындаушы":

       1) адамдарға еңбек шартында айқындалған түрлер, мерзiмдер және шарттар бойынша жұмыс беруге ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      (тiзiп жазу)

       2) адамдармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

       3) қажет болған жағдайда қабылданған адамдарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;

       4) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

       5) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;

       6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

       7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

       8) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу

      8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігiне байланысты болады.

      9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн адамдарға есептелген еңбекақыға Салық кодексіне сәйкес салық салынады.

4. Тараптардың жауапкершiлiгi

      10. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      11. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

      12. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      13. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      14. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      15. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

      16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      17. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Шарттың қолданылу мерзiмi

      18. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________

      19. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      20. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.

Тапсырыс берушi

_________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________

___________________ ________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О.

Орындаушы

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________



__________________ _________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О. (бар болса)

  Қоғамдық жұмыстарды
орындауға арналған
үлгiлiк шартқа
қосымша

      Нысан

      ___________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы

      20__ жылғы ____________

МӘЛІМЕТТЕР

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толық)

Жеке басын куәландыратын құжаттың №, берілген күні

Туған күні

ЖСН

1

2

3

4

5

1





2






Жиыны:





       кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге

Қызмет көрсетуші банк

20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №

6

7

8

9

10

















      Басшы ______________________

      Бас бухгалтер ______________

      М.О. (бар болса)

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Қоғамдық жұмыстарға № ______ жолдама

      жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін

      мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты

      жұмыспен қамтамасыз етілмеген адам (қажеттісінің астын сызыңыз)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      ______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша қоғамдық жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

      _________________________________ ___________________________________

       Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы

      орталығының директоры

       Берілген күні

       М.О.

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні

      ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

№ ______ жолдамаға хабарлама

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      ___________________________________________ бағдарламасы шеңберінде

      (бағдарламаның атауы)

      20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес ____________ ретінде

       (кәсіп/мамандық атауы)

      ______________ бастап ____________________дейін ______ қоғамдық

      жұмыстарға жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________ қоғамдық

      жұмыстарға қабылданды (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________

      (қолдың таратылып жазылуы)

      М.О. (бар болса)

  Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
4-қосымша

      ___________________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығының директорына

      _____________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      _____________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

      Нысан

ӨТІНІШ

      Мені __________________________________________________________

      (бағдарламаның атауы)

      бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың

      (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы) көшірмесі;

      еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ

      бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат)

      көшірмелері;

      толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс

      уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы

      немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек

      демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер

      үшін) жұмыс берушінің актісі;

      демалыста болу туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).

      Оң шешім шығарылған жағдайда жеке әлеуметтік келісімшартқа қол

      қоюға міндеттенемін.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін

      қажетті менің дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

      _________________ ___________

       Күні қолы

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) _________________________________________________ өтініші

      20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________ ___________

       Күні қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
2-қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін және оларға жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

      2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;

      4) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      5) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      6) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      7) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

      8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      9) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      10) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      11) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      12) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      13) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      14) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

      15) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;

      17) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;

      18) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      19) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі

      3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.

      4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құрған кезде тұрақты жұмыс орындары қолданылмайды және олар ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады.

      6. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген адамдар:

      1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

      2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

      3) мүгедектер;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

      5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

      7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

      8) оралмандар;

      9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басымдыққа ие.

      7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;

      2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;

      5) жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізеді.

      8. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс жағдайын, төленетін еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.

      Жұмыс берушілердің тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      9. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шарт жасасады.

      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Бұл ретте жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.

      11. Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың көшірмесін (бар болса);

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесін (бар болса);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесін (әлеуметтік жұмыс орнына жолдама берілгенге дейін ұсынылады) қоса бере отырып, өтінім береді.

      12. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация береді;

      2) жұмыссыздардың келісімімен оларға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жолдама береді.

      13. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде:

      1) жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіби және басқа да жеке ерекшеліктері;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендігі;

      3) жолдама беру сәтінде жіберілетін жұмыссыздар үшін лайықты жұмыстардың болмауы ескеріледі.

      14. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 28-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

      15. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің хабардар етуінің негізінде жұмыссызбен және жұмыс берушімен "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасасады.

      16. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.

      17. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.

      18. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде ұйымдастыру шарттарын жасасуға жол берілмейді.

      19. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

      Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың еңбек кітапшасына әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеген кезеңін енгізеді.

      20. Бос жұмыс орны пайда болған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мерзімдерде жолдайды.

      21. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

      22. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасына енгізеді.

      23. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) сәйкес есептілікті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің саны туралы;

      2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың саны туралы;

      3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібі

      24. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.

      25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 65-тармағына сәйкес Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экология бойынша үстемеақыларды есептемегенде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

      26. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жасалған шарттар және жұмыссыздармен және жұмыс берушілермен жасалған әлеуметтік келісімшарттар негізінде бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде осы мақсаттарға көзделген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      27. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруға арналған шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың жалақыларына субсидия сомасын жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына аударады.

      28. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді.

      Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне байланысты жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.

  Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _______________ (ауданының,

      қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығына

      ___________________________

Өтінім

      _______________________________________________________________

      (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН),

      байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)

       жұмыссыздар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын

      жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.

      Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан

      жағдайда жұмыссыздарға тiзбеге сәйкес мынадай әлеуметтік жұмыс

      орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған

саны

Жұмыстардың

жоспарлы ұзақтығы (ай)

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге




















      Қосымша:

      1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу)

      туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

      2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.

      ___________ ___________

      Басшы Күнi

      М.О. (бар болса)

  Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс
орындарын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт

      _____________ауылы (қаласы) 20__жылғы __ _________

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      және _________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі — Жұмыс беруші) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның

      20-бабына сәйкес және ________________________ауданы (қаласы)

      әкімдігінің 20___ жылғы __ _________ № ___ қаулысының негізінде

      төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар

      үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.

      2. Шарт сомасы________________________________________________

      (жазбаша)

      теңгені құрайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Тапсырыс беруші:

      1) Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберуге;

      2) тараптарға әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      3) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;

      4) Орындаушының бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізуге;

      5) Орындаушымен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      6) Жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

      7) Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      4. Орындаушы:

      1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

      2) жұмыссыздармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;

      3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

      4) қажет болған жағдайда әлеуметтік жұмыс орнына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге құқылы.

      5. Тапсырыс беруші:

      1) азаматтарды олардың келісімімен Орындаушыға ________________

      ___________________________________ адам жіберуге;

      (жазбаша)

      2) Орындаушы ұсынған мәліметтерге сәйкес жұмыс беруші белгілеген жалақының _______ % есебімен, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен айқындалған жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, нақты орындаған жұмыс уақытына, бір адамға жұмыс істеген толық айына ______________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      сомасында жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуді жүргізуге міндеттенеді.

      6. Орындаушы:

      1) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:

Р/с №

Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Саны

Жұмыстардың ұзақтығы, ай

Айлық еңбекақының мөлшері, теңге

Еңбекақы төлеуге арналған өтемақының мөлшері айына, теңге




















      2) жұмыссыздармен Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасуға;

      3) Салық кодексіне, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдарды аударуды жүргізуге;

      4) қажет болған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынуға;

      6) әрбір әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

      7) қажет болған кезде әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

      8) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      9) әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      10) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;

      11) халықты жұмыспен қамту орталығымен және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуға үміткерлермен әлеуметтік келісмшарт жасасуға;

      12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу

      7. Орындаушы әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Тараптар әлеуметтік жұмыс орындарына ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      9. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      10. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      11. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      12. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған бой бермейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

      13. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      14. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Форс-мажорлық жағдайлар

      15. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

      17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

7. Қолданылу мерзімі

      19. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап

      20__ жылғы __ ___________ дейін.

      20. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      21. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада

      жасалды.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi

_________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________

___________________ ________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О.

Жұмыс беруші

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________



__________________ _________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О. (бар болса)

  Жұмыссыздарды жұмысқа
орналастыру үшін әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы
шартқа қосымша

      Нысан

      ___________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы

      20__ жылғы ____________

МӘЛІМЕТТЕР

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжаттың №, берілген күні

ЖСН

Еңбек шартының нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

1





2





3





4






Жиыны:





       кестенің жалғасы

Шарт бойынша жалақының мөлшері

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының сомасы, теңге

Зейнетақы жарналарының сомасы

Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге

6

7

8

9

10

11
































      Басшы_____________

      Бас бухгалтер_____________

      М.О. (бар болса)

  Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ___________________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығының директорына

      _____________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      _____________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Нысан

ӨТІНІШ

      Мені _____________________________________ бағдарламасы бойынша

      (бағдарламаның атауы)

       әлеуметтік жұмыс орнына жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама

      нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы

      № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

      тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша

      денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (әлеуметтік жұмыс

      орнына жолдама берілгенге дейін ұсынылады).

      Егер оң шешілген жағдайда жеке әлеуметтік келісімшартқа қол

      қоюға міндеттелемін.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу

      үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім

      беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

      _________________ ___________

       Күні қолы

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші

      20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________ ___________

       Күні қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

  Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Әлеуметтік жұмыс орнына № ______ жолдама

      жұмыссыз ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      ______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу

      үшін жіберіледі.

      __________________________ _________________________

       Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы

       орталығының директоры

       Берілген күні

       М.О.

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні

      ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

№ ______ жолдамаға хабарлама

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      _____________________________________________ бағдарламасы шеңберінде

      (бағдарламаның атауы)

      20__ __ __________ жасалған еңбек шартына сәйкес ____________ ретінде

       (кәсіп/мамандық атауы)

      20__ жылғы __ ________ әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасты

      (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).

      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мерзімі

      201_ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ________ дейін ___ ай.

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі _______________________________________

      (қолдың таратылып жазылуы)

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
3-қосымша

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      2) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      3) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      4) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;

      5) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;

      6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      7) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      8) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      9) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      10) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      11) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      12) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      13) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру тәртібі

      3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.

      4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 65-тармағына сәйкес оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша түлектер бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін әдейі арналған;

      2) жастар пактикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі;

      3) жұмыс орындарының саны іс-жүзінде шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.

      5. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 21-бабына сәйкес жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

      6. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;

      2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасы ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

      4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

      7. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:

      1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, оларға еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерін және қаржыландыру көздерін айқындайды.

      Ұйымдардың тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасасады.

      9. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарттың негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары білім беру ұйымдары түлектерінің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.

      10. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім береді.

      11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту мәселелері бойынша консультация береді;

      2) жұмыссыздарға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына жолдама береді.

      Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.

      12. Жұмыс беруші "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмысқа қабылдау немесе бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілер және жастар практикасына жіберілетін түлек арасында "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.

      13. Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 33-бабына сәйкес еңбек шарты жасалады.

      Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

      14. Жұмыс берушілер жастар практикасына қатысушылармен жасасқан шарттардың көшірмесін және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

      15. Жұмыс беруші жастар практикасына қатсушыға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітеді.

      16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте, жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімдерде жолдайды.

      17. Жұмыс беруші жастар практикасын өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізеді және жұмыс беруші жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға талабы бойынша оның жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынады.

      18. Жұмыс берушілердің таратылуына байланысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген жағдайларда жастар практикасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан адамдар қалған өтелмеген мерзімін басқа жұмыс берушілерде жалғастырады.

      19. Жастар практикасындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан адамдар әлеуметтік келісімшартты бұзған сәттен бастап жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады.

      20. Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің жастар практикасына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.

      21. Жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде шарттар жасасуға жол берілмейді.

      22. Жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

      23. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 24-тармағына сәйкес жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетеді.

      24. Халықты жұмыспен қамту орталығы бюджет қаражаттарының пайдаланылуына және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жастар практикасының қатысушысына еңбекақы төлеген кезде жұмысқа орналасқан түлектердің міндетті зейнетақы аударымдарының болуына мониторинг жүргізеді.

      25. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген есептілікті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

      1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;

      2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.

3. Жастар практикасын қаржыландыру тәртібі

      26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Бағдарламаның 65-тармағының екінші бөлігіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялау мөлшері экологиялық үстемақылар төлеуді есептемегенде, айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметін ескергенде) құрайды.

      Жастар практикасына жіберілген жеке адамдарға еңбекақы төлеуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      27. Жастар практикасын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы төлеуге Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.

      28. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттардың негізінде қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (қалалардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сомалар шегінде не Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған өзге көздерден ай сайын халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      29. Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеуді жұмыссыздар үшін жастар практикасын қаржыландыруға арналған шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде, еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай ай сайын халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді және екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарға (карточкалық) ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.

  Жастар практикасын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _______________ (ауданының,

      қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығына

      ___________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)

Өтінім

      _______________________________________________________________

      (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН),

      байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)

      жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс

      берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.

      Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес

      мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Кәсібі (мамандығы)

Талап етілетін білім деңгейі

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (ай)

















      Қосымша:

      1. Заңды тұлғаны және (немесе) дара кәсіпкерді мемлекеттiк

      тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

      2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.

      _____________ _____________

       Басшы Күнi

       М.О. (бар болса)

  Жастар практикасын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын
қаржыландыруға арналған
№ _____ шарт

      _____________ауылы (қаласы) 20__жылғы __ _________

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      және _________________________________________________________ атынан

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      (бұдан әрі — Жұмыс беруші) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның

      21-бабы 3) тармақшасына сәйкес және ________________________ауданы

      (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы __ _________ № ___ қаулысының

      негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін олар алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.

      2. Шарттың жалпы сомасы ________________ теңгені құрайды, оның

      жазбаша

      ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен ______________ теңге,

      жергілікті бюджет қаражаты есебінен ______________ теңге.

2. Тараптардың міндеттері

      3. Тапсырыс беруші:

      1) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынуға;

      2) жастар практикасына қатысушылар туралы мәліметтерге сәйкес жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді уақытылы және толық көлемде жүргізуге;

      3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жастар практикасына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін жастар практикасына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

      4) тараптарға жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

      5) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;

      6) Орындаушының бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;

      7) Орындаушымен жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

      8) Жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

      9) Орындаушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асыруға;

      10) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      11) тараптардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

      4. Орындаушы:

      1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

      2) азаматтармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;

      3) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізуге және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша оның жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынуға;

      4) қажет болған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге құқылы.

      5. Тапсырыс беруші:

      1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге _________________________________адам жіберуге;

      (жазбаша)

      2) Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде Еңбек Кодексіне сәйкес жастар практикасына қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.

      6. Орындаушы:

      1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту үшін мынадай мамандықтар бойынша жұмыс орындарын ұсынуға:

Р/с №

Кәсібі (мамандығы)

Білімі

Адам саны

Жастар практикасының ұзақтығы, ай

Бюджет шығыстарының сомасы айына, теңге








      2) жұмыссыздармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

      3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға;

      4) қажет болған жағдайда, қабылданған жастар практикасына қатысушыға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;

      5) әрбір жастар практикасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізуге;

      6) қажет болған кезде жұмыссыздарды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;

      7) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      9) бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;

      10) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына жазуға және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) беруге;

      11) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігін қамтамасыз етуге;

      12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу

      7. Тапсырыс беруші жастар практикасына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Орындаушының мәліметтері негізінде және әлеуметтік келісімшарт шарттарына сәйкес жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Тараптар жастар практикасына ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      9. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

      10. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

      11. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.

5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      9. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.

      10. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      11. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6. Қолданылу мерзімі

      12. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.

      13. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      14. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс берушi

_________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы

____________________________

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________

___________________ ________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О.

Орындаушы

____________________________

заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_________________________

БСК ________________________

БСН (ЖСН) __________________

Коды _______________________


__________________ _________

(Тегі, аты, әкесінің (қолы)

аты (бар болса)

М.О. (бар болса)

  Жұмыссыздарға арналған жастар
практикасын қаржыландыру
туралы шартқа
қосымша

      Нысан

      _____________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      Жастар практикасына қатысушылар туралы 20__ жылғы ____________

МӘЛІМЕТТЕР

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке куәлігінің №, берілген күні

Туған күні

ЖСН

1

2

3

4

5

1





2






Жиыны:





       кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге

Қызмет көрсетуші банк

20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №

6

7

8

9

10

















      Басшы _____________________

      Бас бухгалтер ______________

      М.О. (бар болса)

  Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша

      ________________________ ауданының (қаласының)

      халықты жұмыспен қамту орталығының директорына

      ____________________ мекенжайы бойынша тұратын

      ______________________________________________

      Нысан

ӨТІНІШ

      Мені ____________________________________ бағдарламасы бойынша

      (бағдарламаның атауы)

      жастар практикасына жіберуіңізді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және

      жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың

      көшірмесі.

      Оң шешім шығарылған жағдайда, әлеуметтік келісімшартқа қол

      қоюға міндеттенемін.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу

      үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім

      беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

      _____________ _____________

       Күні қолы

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші

      20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы:__________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________ _____________

       Күні қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

  Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жастар практикасына № ______ жолдама

      жұмыссыз ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      ______________ бастап ____________________дейін ______ ай мерзімге

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша жастар практикасына жұмысқа орналасу үшін

      жіберіледі.

      ______________________ ________________________

       Халықты жұмыспен қамту қолдың таратылып жазылуы

       орталығының директоры

       Берілген күні

       М.О.

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні

      ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

№ ______ жолдамаға хабарлама

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      ___________________________________________ бағдарламасы шеңберінде

      (бағдарламаның атауы)

      20__ жылғы __ _____ жасалған еңбек шартына сәйкес _____________

      ретінде (кәсіп/мамандық атауы)

      _______________ бастап ________________дейін ______ ай мерзімге

      жастар практикасына жұмысқа орналасу мерзімімен 20__ жылғы _________

      жастар практикасына қабылданды (20__ жылғы________ № ___ бұйрық).

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі _________________________________

       (қолдың таратылып жазылуы)

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
4-қосымша

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қажыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 6) тармақшасына, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Білім беру туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

      2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      6) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

      7) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      8) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      9) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;

      10) жалдамалы (ақы төленетін) жұмыскерлер – еңбегі үшін ақыны, оның ішінде лауазымдық жалақы, сыйлықақы, үстеме ақы не заттай түрдегі еңбекақыны (сыйақыны) көздейтін еңбек шарты бойынша (жал шарты) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;

      11) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;

      12) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      13) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      14) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      15) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар;

      16) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      17) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      18) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы жұмыскерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында немесе жұмыскерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер;

      19) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      20) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;

      21) кәсіптік оқыту – Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын оқыту;

      22) материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан жол жүруге және тұруға арналған шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;

      23) оқу орталығы – білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталығы не жұмыс беруші ұйымдарының жанындағы оқу орталығы;

      24) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      25) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      26) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      27) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      28) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары.

2. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шарттары

      3. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

      4. Егер:

      1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмағанда;

      2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін (мамандығын), қызмет түрін өзгерту қажет болғанда;

      3) бар мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.

      5. Кәсіптік оқыту:

      1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;

      2) жұмыссыздар;

      3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.

      6. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 19-бабы 4-тармағында көрсетілген мынадай адамдар:

      1) мүгедектер;

      2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар);

      3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар;

      4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ адамдар;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар кәсіптік оқытудан басым тәртіппен өтеді.

      7. Кәсіптік оқытуға және оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау;

      2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберу;

      3) қызмет көрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде және "жасыл экономика" саласында қысқа мерзімді тегін курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;

      4) қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, оқып жүргендерге субсидия (оқу орнына дейін және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үйді жалдауға (жалға беруге) байланысты шығындарды өтеуге) (бұдан әрі – материалдық көмек) беру;

      5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар беру есебінен біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу;

      6) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

      7) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау жолымен іске асырылады.

      8. Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

      1) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен бірлесіп еңбек нарығының кадрларға қажеттіліктерін айқындайды;

      2) кәсіптік оқытуға қажеттілік бар жұмыс берушілерді есепке алуды жүзеге асырады;

      3) жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі және шарттары, оның ішінде жұмыс берушілерге кәсіптік оқытуға қатысуға үміткерлерді таңдау туралы консультация береді;

      4) мамандық (кәсіп) таңдау, кәсіптік оқыту және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін және әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізілген жұмыс орындарын (бос жұмыс орындарын) ескере отырып, оны аяқтағаннан кейін ықтимал жұмысқа орналасу мәселелері бойынша үміткерлерге консультация береді;

      5) үміткерлердің мамандығы (кәсібі) бос жұмыс орындарының біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу мәселелері бойынша консультация береді.

      9. Халықты жұмыспен қамту орталықтары консультация беру нәтижелері бойынша кәсіптік оқытуға үміткерлердің және білікті кадрларға қажеттілік бар жұмыс берушілердің тізімдерін қалыптастырады.

1-параграф. Кәсіптік оқытуға жіберу

      10. Кәсіптік оқытуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:

      1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын үміткерлер қатарынан таңдау;

      2) бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу;

      3) өз бетінше, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы;

      4) өндірістің ықтимал тоқтауы, жұмыс уақытының қысқаруы жағдайында, аталған жағдайларға жол бермеу мақсатында, жұмыс берушінің қызметкерлері қатарынан таңдау арқылы іздестіру жолымен жүргізеді.

      11. Жұмыс берушілер үміткерлерді әңгімелесу өткізу жолымен немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған ақпаратты зерттеудің негізінде іріктейді.

      12. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерден жазбаша ақпарат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерлерге кәсіптік оқытуға қатысу үшін құжаттар ұсыну қажеттігі туралы (еркін нысанда) хабарлайды.

      13. Жұмыс берушілер таңдаған үміткерлер хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұрақты тұратын жеріндегі ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      14. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (кәсіптік оқытуға жолдама берілгенге дейін ұсынылады);

      4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

      5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер бұдан басқа жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе жалақысы сақталмайтын демалыс не бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтап туралы актісі (еркін нысанда).

      15. Құжаттар тізбесін қабылдаған кезде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері көшірмелердің түпнұсқалығын түпнұсқамен салыстырып тексереді және өтініш берушіге қайтарады.

      16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқушылар құрамына үміткерлерді енгізу туралы бұйрық шығарады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқытуға жолдама береді.

      17. Кәсіптік оқытудан бас тартқан жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы бас тарту себептерін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша (еркін нысанда) хабардар етеді.

      18. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасауға болады.

      19. Жұмыс берушілер кәсіптік оқытуға іріктеп алған үміткерлер жұмыс берушілердің келісуі бойынша осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген өңір аумағында, ал олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары тізбесінен білім беру ұйымдарын не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарын таңдайды.

      20. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты өздігінен не кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын және осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес айқындалатын оқу орталықтарын тарту арқылы жүргізеді.

      21. Білім беру ұйымдарына, оқу орталықтарына кәсіптік даярлауға жіберілген кезде оқушылар түсу емтиханын тапсырмастан қабылданады.

      22. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру жұмыс берушілердің өтінімі бойынша оқушының жұмыс орнын сақтау шартымен жүзеге асырылады.

      Кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде Бағдарламаның 59-1-тармағына сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасына жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға, сондай-ақ 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлерге басымдық беріледі.

      Жұмыс берушілер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыскерлердің санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін және оқыту нысанын көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.

      Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ оларды өткізу кестесін оқыту ұйымдары жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі.

      Өндірістен қол үзіп кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және (немесе) біліктілікті арттырудан өту уақытында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастарға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әлеуметтік демалыс беріледі.

      23. Жұмыстан босатылған жұмыскерлерге және белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілік арттыруға жіберуді үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің қатысуын талап етпей-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      Оқытуды әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың нәтижелерін ескеріп, халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      Оқытуды аяқтағаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

      24. Халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытуды өткізетін ұйым, жұмыс берушілер және оқушы арасында "Халықты жұмыспен қамту туарлы" Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.

      25. Жұмыс беруші оқуды аяқтаған адаммен оның өтінімі бойынша еңбек шартын жасасады.

      26. Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және оқытатын ұйым жүзеге асырады.

      Оқытатын ұйымдардың әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер жүзеге асырады.

      Оқушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерді орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытатын ұйым және жұмыс беруші жүзеге асырады.

      27. Бағдарламаның 63-тармағына сәйкес оқушы қорытынды аттестаттауды және біліктілік емтихан тапсырмаған немесе жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, төленген материалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде, бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

      Ал жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған жағдайларды қоспағанда, төленген материалдық көмек және стипендия сомаларын қоса алғанда, іс жүзіндегі оқыту шығыстарын мемлекеттік бюджетке ерікті түрде қайтарады.

      28. Шығыстар:

      1) оқушылар басқа тұрақты жұмысқа орналасқан, әскер қызметіне шақырылған, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айрылған, қайтыс болған, жүкті болған, баланың күтіміне байланысты демалыста болған, сондай-ақ оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін ұзақ емдеуді қажет ететін аурумен ауырған жағдайларда;

      2) жұмыс берушілер жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, сондай-ақ төтенше жағдайларда немесе өрт, жер сілкіну, су тасқыны, апаттық құбылыстар және әскери әрекеттер сияқты күшпен еңсеруге келмейтін (форс-мажорлық) өзге жағдайларда қайтарылмайды.

      29. Оқушыларды кәсіптік оқытуды халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен өңірлік комиссия бекіткен тізбеден оқушылар жұмыс берушілермен бірлесіп таңдаған оқу орталықтарында ұйымдастырады.

      30. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді және:

      1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан;

      2) қайта даярлау кезінде – алты айдан;

      3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.

      31. Кәсіптік оқытудан өтетін оқушыларға техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін "білім беру туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім беру туралы" Заң) 47-бабы 7-тармағында белгіленген мөлшерде стипендия ұсынылады.

      32. Оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен оқытатын ұйым жүзеге асырады.

      Бағдарламаға қатысушыларды қорытынды аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды (бұдан әрі – КДДБ) қамтиды. Игеретін кәсібіне қарай КДДБ арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) және біліктілік (сынақ) жұмысын орындауды (практикалық тест) көздейді.

      КДДБ өткізу үшін тәуелсіз біліктілік комиссиясы құрылады.

      КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

      33. Адамдар өздігінен, дәлелсіз себептермен оқуын тоқтатса, халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш жыл өткен соң оқуға қайта жіберіледі.

      34. Оқушылар, жұмыс берушілер, оқытатын ұйымдар, білім беру курстарын ұйымдастыру үшін іріктелген заңды және (немесе) жеке тұлғалар туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

2-параграф. Кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру
ұйымдарының тізбесін айқындау

      35. Өңірлік комиссия білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының ұсыныстары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып, сол өңірдің аумағындағы және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріндегі кәсіптік оқуды жүзеге асыратын оқыту ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.

      Тізбе жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.

      36. Оқытатын ұйымдарды кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін тізбеге енгізу:

      1) оқушылардың өндірістік практикасын кадрларды даярлаудың дуальді моделінің қағидаттарына сәйкес ұйымдастырған;

      2) өткен жылғы бітірушілердің кемінде 60 %-ын жұмысқа орналастырылған жағдайда жүзеге асырылады. Жұмысқа орналастырылғандардың саны әскери қызметке шақырылған, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырушы, қайтыс болған, сот шешімі бойынша бас ботандығынан айырылған, жүктілік және туу, бала күтімі бойынша демалыстағы, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды ескермей есептеледі.

      36-тармақтың 2) тармақшасының талаптары кемінде күнтізбелік бір жыл бұрын ашылған (құрылған) білім беру ұйымдарына және оқу орталықтарына қолданылмайды.

      37. Бағдарламаның 62-тармағына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту құнын өңірлік комиссиямен келісу бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын белгілейді.

      Оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен және өңірлік комиссиямен келісу бойынша оқу орталығы айқындайды.

      Оқу орталықтары кәсіптік оқыту жүргізу қызметтері құнының есептерін жасайды және халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде кәсіптік оқыту қызметтері құнының есептерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді.

      Кәсіптік оқыту қызметтерінің құнын қарау кезінде білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мынадай негізгі критерийлерді:

      1) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне қарай білім беру процесіне арналған шығыстарды;

      2) бір Бағдарламаға қатысушыны оқытуға арналған шығыстардың орташа құнын басшылыққа алады.

      Оқу құнының есептері негізді деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес өңірлік комиссияларға оқу орталығын тізбеге енгізу туралы тиісті қорытындыны жібереді.

      Оқу құнының есептері негізсіз деп танылған жағдайда, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу құны есептерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны (еркін нысанда) үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың оқу құны есептерінің негізделмегендігі туралы қорытындыны үш жұмыс күні ішінде оқу орталықтарына жібереді.

      Оқу құнының есептерін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қорытындысында баяндалған талаптарға сәйкес келтірген жағдайда кейінгілері өңірлік комиссияларға қорытындыда баяндалған талаптарға сәйкес келтірілген оқу құнының есептеулерін қоса отырып, оқу орталығын тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді.

      38. Кәсіптік оқыту оқу орталықтарында КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) (еркін нысанда) беру шарттарында немесе "Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы" акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдем көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында кәсіптік даярлаудан өткен және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген деңгейі (разряд, класс, санат) тағайындалады және "Білім беру туралы" Заңның 3-тармағына сәйкес білім туралы құжат беріледі.

      39. Кәсіптік оқыту жұмыс берушілермен келісу бойынша оқушылар өңірлік комиссия бекіткен тізбеден таңдаған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Өңірде (облыста, Астана және Алматы қалаларында) оқушы жұмыс берушімен келісім бойынша таңдаған мамандық (кәсіп) бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқытатын ұйым болмаған жағдайда, кәсіптік оқыту басқа өңірлерде орналасқан және басқа өңірдің тізбесіне қосылған оқытатын ұйымдарда жүзеге асырылады.

      40. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқудан шығарылған адамдар туралы ақпаратты және оқитындардың сабаққа келуін есепке алу табелінің көшірмесін ұсынады.

3-параграф. Қысқа мерзімді тегін курстарға жіберу

      41. Қызмет көрсету саласында кадрларды оқыту бойынша тегін қысқа мерзімді курстарға жіберу әкімшілік бірлік аумағында қызмет ететін кәсіпорындарда жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды көздейді.

      Бағдарламаның 67-тармағына сәйкес оқыту шеберлік сыныптары жергілікті атқарушы орган құрған арнайы ұйымда (бұдан әрі – Ұйым) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, ұзақтығы екі айдан аспайтын мерзімге ұйымдастырылады.

      Оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастыру жөніндегі шараларды қаржыландыру Ұйым арқылы жүргізіледі.

      Оқыту шеберлік сыныптары практикалық дағдыларды қолданумен жүргізіледі.

      42. Ұйым оқыту шеберлік сыныптарын өткізу үшін мынадай:

      1) курс өткізетін мамандық бойынша 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

      2) тиісті мамандық бойынша білімі туралы құжаттың болуы талаптарына сай келетін практикалық жұмыс дағдысы бар жоғары білікті мамандарды, оның ішінде табысты еңбек өтілі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартады.

      43. Ұйым бағыттарын, оқыту шеберлік сыныптарын өткізу тақырыбын және қызмет көрсету үшін қажетті мамандардың санына қажеттілікті Ұйым халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп айқындайды және оны аудандық (қалалық) комиссия бекітеді.

      44. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық қатарынан оқыту шеберлік сыныптарынан өтуді қалайтын адамдардың санын әлеуетті қатысушылармен және жұмыс берушілермен сұхбаттасуды, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау нәтижелерін, кәсіптік оқудан өткен адамдардың болуын ескере отырып халықты жұмыспен қамту орталығы айқындайды.

      Жалдамалы жұмыскерлер қатарынан оқыту шеберлік сыныптарынан өтуді қалайтын адамдардың санын Ұйым айқындайды.

      45. Халықты жұмыспен қамту орталығы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізеді, сондай-ақ Ұйыммен бірлесіп:

      1) оқыту шеберлік сыныптарынан өтуге (белгілі бір дағдыларға практикалық оқуға) мұқтаж адамдардың тізбесін қалыптастырады, практикалық курстардың бағыттары бойынша үміткерлерді топқа бөледі;

      2) базасында оқыту шеберлік сыныптары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін қалыптастырады;

      3) 25 адамнан тұратын топтар және оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастыру кестесін құрайды;

      4) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысушымен әлеуметтік келісімшарт жасасады және оны орындау мониторингін жүргізеді.

      46. Ұйым:

      1) оқыту шеберлік сыныптарын өткізетін мамандарды таңдауды қамтамасыз етеді;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп қаржылай қаражаттарға жылдық қажеттілікті айқындайды;

      3) қызмет көрсету саласы үшін кадрларды кәсіптік оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізімін және қажетті мамандардың санын ұсынады;

      4) тартатын мамандардың және қажет болған кезде аудармашылардың қызметтеріне еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді;

      5) өндірісте (жұмыс орнында) жұмыс берушілермен бірлесіп, оқыту шеберлік сыныптарының өтуін ұйымдастырады;

      6) ай сайын айдың 3-күніне қарай халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыстардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынады.

      Оқыту шеберлік сыныптары заманауи жабдықтармен, технологиялармен жарақтандырылған қажетті материалдық техникалық базасы бар жұмыс берушілерде өткізіледі.

      47. Оқыту шеберлік сыныптарына жіберілген адамдарға жол жүруге, тұруға, стипендияға шығыстарды төлеу жүргізілмейді.

4-параграф. Кәсіптік оқытуға мемлекеттік гранттар беру

      48. Жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың ішінара жұмыспен қамтылған білікті жұмыскерлерін толық емес жұмыс уақыты режиміне ауыстыру шартымен олардың қысқаруына жол бермеу мақсатында біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу үшін өтемсіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

      Мемлекеттік гранттарды беру жұмыскерлерінің жұмыстан босатылу және жұмыс орындарының қысқару қаупі бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

      Біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберген кезде ішінара жұмыспен қамтылған білікті жұмыскерлердің жұмыс орындары сақталады.

      49. Бағдарламаның 64-1-тармағына сәйкес оқушыға гранттар стипендия және материалдық көмек төлеуге жұмсалған шығыстарды ескергенде, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне қарай оқу процесі шығыстарын есептей келе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының құнынан жұмыс берушілердің бір адамға кететін шығынының 80 %-ы, бірақ 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде беріледі.

      50. Жұмыс берушілерге мемлекеттік гранттар беру туралы шешімді өңірлік комиссия қабылдайды.

      51. Бекітілген тізімнен біліктілік арттыру және қайта даярлау бойынша курстарды ұйымдастыру жөніндегі білім беру ұйымдарын іріктеуді жұмыс берушілер өз бетінше жүзеге асырады.

      52. Жұмыс берушілер білікті жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік гранттар алуға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары берілген өтінімдерге сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін мемлекеттік гранттар беру үшін жұмыс берушілерді іріктеуді жүргізеді.

      53. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру нысаналы трансферттерді аудару арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      54. Мемлекеттік гранттар беру жұмыс берушілер жұмыскердің қысқа мерзімді курстан өту фактісін растайтын құжаттарды ұсынған кезде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады.

      Бағдарламаның 64-1-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілер оқытатын ұйымдарда оқу құны қаражатының 20 %-ын аударуды жүзеге асырған кезде біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының құнынан 80 % мөлшерінде мемлекеттік гранттарды білім беру ұйымдарына не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы білім беру қызметіне құқығы бар оқу орталықтарына аударуды жүзеге асырады.

      55. Мемлекеттік гранттар берумен біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген Бағдарламаға қатысушылармен "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.

      Бағдарламаның 69-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші мен оқытатын ұйым әлеуметтік келісімшарт жасалғанын әлеуметтік келісімшартқа халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қосылу туралы жазбаша өтініш (хабарлама) (еркін нысанда) беру арқылы растайды.

5-параграф. Оқушыларға (оқу орнына дейін және қайтарында жол
жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен
(жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидиялар беру

      56. Оқытатын ұйым тұрақты тұратын орнынан тыс елді мекендерде орналасқан жағдайда кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарламаға қатысушыларға:

      1) оқытудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін және кері бағытта жол жүруге:

      облыс шегінде, бірақ оқушылардың тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс жерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде кәсіптік даярлаудан өту үшін 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту үшін 2 АЕК мөлшерінде;

      оқушылар тұрақты тұратын орындар облысының шегінен тыс елді мекендерде орналасқан оқытатын ұйымдарда оқыған кезде:

      1000 км дейінгі ара қашықтыққа – 8 АЕК мөлшерінде;

      1000 км асатын ара қашықтыққа – 12 АЕК мөлшерінде;

      2) облыстарда тұруына ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

      Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынусыз төленеді.

      Өндірістен қол үзіп қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өту кезінде (ішінара жұмыспен қамтылған) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің қатарындағы оқушыға жоғарыда аталған мөлшерде материалдық көмек ай сайын төленеді.

6-параграф. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті
жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша
субсидиялау

      57. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың білікті жұмыскерлерінің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау (бұдан әрі – уақытша субсидиялау) олардың жұмыс орнын қысқартуды болдырмау мақсатында жалақының жоғалтылған бөлігінің орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.

      Уақытша субсидиялау республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін жүзеге асырылады.

      58. Бағдарламаның 65-1-тармағына сәйкес білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) қарастырады және келіседі.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ВАК-та мақұлданған білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін бекітеді.

      59. Өңірлік комиссия уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды қарастырады және келіседі.

      Бұл ретте өңірлік деңгейдегі кәсіпорындарды уақытша субсидиялау үшін шарттар тиісті жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша белгіленеді.

      Жергілікті атқарушы органдар уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін бекітеді.

      60. Өндіріс көлемі немесе бағалардың әлемдік конъюнктурасына байланысты өнім бағасы төмендеген жағдайда және кәсіпорын мынадай:

      1) қала құраушы кәсіпорын болуы;

      2) экспортқа шығарылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлесі осы кәсіпорын өндіретін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемінің кемінде 30%-ын құрауы;

      3) ішкі нарыққа шығарылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) үлесі облыстық көлемнің кемінде 30%-ын немесе республика бойынша осы тауарлар (көрсетілетін қызметтер) көлемінің кемінде 10%-ын құрауы сияқты шарттардың біріне сәйкес келген жағдайда, республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау жұмыскерлерінің саны 250 адамнан кем болмайтын өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың жұмыскерлеріне ғана жүргізіледі.

      Уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік шара қолданылған жағдайда, кәсіпорын өндірістің тоқтатылуына жол бермейді және субсидиялау басталған сәттен бастап бір жыл ішінде көрсетілген білікті жұмыскерлердің қолданыстағы жұмыс орындарын сақтайды.

      61. Уақытша субсидиялау білікті мамандар, қызметшілер және жұмысшылар (4-разрядты және одан жоғары) қатарындағы негізгі өндірістерде (цехтарда) жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін ғана жүзеге асырылады.

      Біліктілігі жоғары жұмыскерлерге (кәсіби мамандарға) инженерлік-техникалық ғылым саласында, біліктілік арттырудан өтудің практикалық білімдерінің жоғары деңгейі және тәжірибесі бар, жауапты, жұмысты сапалы және тиімді орындау, олардың қиын жұмыстарды өз бетінше орындау, бірқатар жағдайларда басқа мамандарға басшылық ету қабілеті бар мамандар:

      1) жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар қызметшілер;

      2) өнім өндіру және салалар бойынша қызмет көрсету үшін білімі мен тәжірибесі бар жұмысшылар, қиын жұмыстарды жүзеге асыру, автоматтандырылған өндірісте машиналар мен жабдыртарды басқару және бақылау үшін өндірістік процесте пайдаланылатын материалдар мен құралдарды білумен қатар қолмен жасалатын операцияларды орындау кезіндегі шеберлігі бар жұмысшылар жатады.

      Бұл ретте, аталған адамдарға толық емес жұмыс уақыты режиміне ауысу немесе қысқартылған жұмыс уақыты туралы жұмыс берушілердің актілері беріледі.

      62. Субсидиялау басталған сәттен бастап бір жыл ішінде жұмыс берушілер жұмыс орындарын сақтаған жағдайда, жұмыскерлер жалақысының бір бөлігін уақытша субсидиялау алты ай ішінде, тағы да келесі алты айға ұзарту мүмкіндігімен жүзеге асырылады.

      63. Мемлекет жұмыскерлердің жалақысы бөлігінде уақытша субсидиялауды жұмыс уақытын қысқарту нәтижесінде жоғалтылған табыс бөлігінде ғана жүргізеді.

      64. Уақытша субсидиялаудың айлық мөлшері қысқартылған жұмыс уақыты үшін жұмыскерлер табысының үштен екі бөлігін құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып), бірақ тиісті кезең үшін республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген 2 ең төменгі жалақыдан аспайды.

      65. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы:

      1) осы тармақтың шарттарына сәйкес "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен, кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамыту жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, республикалық деңгейде уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындардың тізбесін, жергілікті атқарушы органдар айындаған шарттарда өңірлік деңгейде субсидиялау үшін кәсіпорындардың тізбесін айқындайды;

      2) білікті жұмыскерлер, негізгі өнірісте, цехта жұмыс істейтін қызметшілер мен білікті жұмысшылар қатарынан қысқару қауіпі бар уақытша субсидиялауға жататын жұмыскерлердің санын айқындайды;

      3) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп, кәсіпорындардың тізбесін, жұмыскерлердің санын және уақытша субсидиялауға шығыстардың сомасын қалыптастырады;

      4) республикалық және өңірлік деңгейде уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды бөледі;

      5) ВАК-тың қарауына енгізу үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға кәсіпорындардың тізбесін, жұмыскерлердің санын және республикалық деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялауды ұйымдастыру үшін шығыстарды шығарады;

      6) өңірлік комиссияда келісуге және бекітуге кәсіпорындардың тізбесін, жұмыскерлердің санын және өңірлік деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялауды ұйымдастыру үшін шығыстарды шығарады;

      7) ВАК-пен келіскеннен кейін не өңірлік комиссия бекіткеннен кейін уақытша субсидияланатын қызметерлер санымен кәсіпорындардың тізімін халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

      66. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіпорындардың тізбесін, жұмыскерлердің санын және республикалық деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялауды ұйымдастыру үшін шығыстарды қарастыру және келісу бойынша ұсыныстарды МВК-ға шығарады.

      67. ВАК республикалық деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ өңірлер арасында қаржыландыруға қаражатты бөлуді қарайды және келіседі.

      68. Өңірлік комиссия өңірлік деңгейде жұмыскерлерді уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындардың тізбесін, сондай-ақ кәсіпорындар арасында қаржыландыруға қаражатты бөлуді қарайды және келіседі.

      69. Жұмыскерлердің жалақысы бөлігіндегі уақытша субсидиялауды халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

      70. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) уақытша субсидиялау мәселелері жөнінде жұмыс берушілерге консультация береді;

      2) өнеркәсіп саласына жататын кәсіпорындардан уақытша субсидиялауға өтінім жинауды жүзеге асырады;

      3) уақытша субсидияланатын жұмыскерлердің тізімдерін қалыптастырады.

      71. Жұмыскерлерді уақытша субсидиялау үшін іріктелген кәсіпорындар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мекенжайы бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша субсидиялауға жататын жұмыскерлердің тізімдерін ұсынады.

      Жұмыскерлердің ұсынылған тізімдері үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады.

      72. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес Бағдарламаға қатысушымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мамандығы, жалақысының мөлшері, субсидиялау сомасы, шарттың жарамдылық мерзімі және еңбек шарты бұзылған жағдайда тараптардың міндеттері көрсетілген және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жұмыс берушілер қосылатын әлеуметтік келісімшарт жасасады.

      73. Республикалық деңгейде қызметкерлерді уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражаттар шегінде республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

      Өңірлік деңгейде қызметкерлерді уақытша субсидиялау үшін кәсіпорындарды қаржыландыру жергілікті бюджет немесе Қазақстан Республикасның заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттардың есебінен жүргізіледі.

      Қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлермен жасалған әлеуметтік келісімшарттардың негізінде ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсатқа көзделген сомалар шегінде жүзеге асырады.

      74. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілер ұсынған жұмыс уақыты табелінің негізінде ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай іс жүзінде істелген жұмысы үшін қызметкердің дербес (карточкалық) шотына субсидиялау сомасын аударуды жүргізеді.

      Жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен еңбек шартын мерзімінен бұрын (6 айға дейін) бұзған кезде, жұмыс берушілер осы қызметкерді уақытша субсидиялауға жұмсалған мемлекеттің барлық шығындарын бюджетке қайтарады.

      75. Халықты жұмыспен қамту орталығы үш жақты әлеуметтік шартты сақтау мониторингін жүргізеді.

      76. Халықты жұмыспен қамту орталығы есепті айдан кейінгі айдың 5-іне қарай ай сайын жұмыс берушілер ұсынған есептердің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органына мынадай мәліметтер:

      1) уақытша субсидияланатын қызметкерлердің саны туралы;

      2) субсидиялаудың орташа айлық мөлшері туралы;

      3) шарттың (әлеуметтік келісімшарттың) талаптарын бұзу фактілері туралы көрсетілген есепті ұсынады.

7-параграф. Кәсіптік оқытуды аяқтаған адамдарға жұмысқа
орналасуға жәрдемдесу

      77. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік білімі болған не кәсіптік оқуды аяқтаған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін деректер қорында бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жолдама беру арқылы жәрдемдеседі.

      Бағдарламаға қатысуға үміткерлер іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасу үшін тұрақты тұратын ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына қажетті құжаттардың көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      78. Халықты жұмыспен қамту орталықтары оқушыларды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстарды өз бетінше не қолданыстағы мемлекеттік сатып алу және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамаларға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және (немесе) үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықтың осал топтарына арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс орындарын кеңейту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      79. Жұмысқа орналастырылуға тиіс адамдардың тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары оқытуды аяқтаған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне ұсынады.

      80. Үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне қарай жұмысқа орналастыру үшін адамдардың тізімін жіберген халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналастырылғандар, кәсіпорындар (ұйымдар), мамандықтар (кәсіптер), жұмысқа орналастырылғанның орташа жалақысы туралы ақпаратты ай сайын ұсынады.

      81. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастырудың жеке картасында оқушыларды жұмысқа орналастыру және кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін (мерзімі біткенге дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетеді.

      82. Жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.

3-бөлім. Кәсіптік оқытуға бағытталған шараларды қаржыландыру
және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

      83. Мемлекеттік қолдау шарасын қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қолдау шараларын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қолдау шараларын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады.

      84. Кәсіптік оқыту ақысын, стипендияны, жол жүруге және тұруға материалдық көмекті, қысқа мерзімді курстарды төлеу мақсатында оқушыға ұсынылатын мемлекеттік қолдауды қаржылық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мемлекеттік гранттар беруге және қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың білікті жұмысшыларының жоғалтқан табысының үштен екісін субсидиялауға республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.

      85. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оқитындардың санын, оқыту құнын және мерзімдерін және қысқартылған уақыт үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың білікті жұмыскерлерінің жоғатылған табысының үштен екісін субсидиялауға болжанатын шығындарды көрсете отырып, бюджеттік өтінім жібереді.

      86. Қаржыландырудың жеке жоспарлары негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.

      87. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кәсіптік оқытуға, оның ішінде бұрын кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану оқытатын ұйымдармен жасалған шарттар негізінде, ал жалақының үштен екі бөлігін субсидиялау жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде және олар жасаған шығындарды растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      88. Оқушыларды, сондай-ақ бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқытатын ұйымдарға кәсіптік оқуға қабылданған адамдарды кәсіптік даярлауды қаржыландыру техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзіміне дейін жыл сайын жүзеге асырылады.

      89. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына екі рет халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, білім беру саласындағы уәкілетті органға кәсіптік оқыту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы есептер ұсынады.

  Кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша

      __________________ ауданының

      (қаласының) Халықты жұмыспен

      қамту орталығының директорына

      ____________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      ____________________________

      Нысан

ӨТІНІШ

      Мені _____________________________________ бағдарламасы бойынша

      (Бағдарламаның атауы)

      кәсіптік оқытуға жіберуіңізді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

      3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама

      нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы

      № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

      тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/у нысан бойынша

      денсаулық жағдайы туралы анықтама (кәсіптік оқытуға жолдама

      берілгенге дейін ұсынылады);

      4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ

      бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік,

      сертификат) көшірмелері;

      5) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер бұдан басқа жұмыс

      берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс

      уақыты режиміне ауыстыру немесе жалақысы сақталмайтын демалыс не

      бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы

      сақталмайтын демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі тоқтап туралы

      актісі.

      Оң шешім қабылданған жағдайда, әлеуметтік келісімшартқа қол

      қоюға міндеттенемін.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу

      үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім

      беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

      _____________ _____________

       Күні қолы

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші

      20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы:__________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________ ___________

       Күні қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

  Кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      _____________________________ ауданының

      (облыстық маңызы бар қаланың, астананың,

      республикалық маңызы бар қаланың)

      Халықты жұмыспен қамту орталығы

Оқушылардың құрамына үміткерлерді қосу туралы бұйрық

      Күнi _____________ № _____ _____________ ауыл (қала)

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

      министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік

      құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып

      тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру

      қағидаларының 16-тармағына сәйкес үміткерлер, оның ішінде жұмыс

      беруші кәсіптік оқыту үшін іріктеп алғандар ұсынған құжаттарды қарап

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Үміткер ____________________________________________________

       (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________ оқытуды өткізетін ұйымға

      (оқытуды өткізетін ұйымның атауы көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________

      (оқушы алатын мамандық (кәсіп) немесе біліктілігін арттыру

      көрсетілсін)

      алу үшін (біліктілігін арттыру үшін) ______________ мерзімімен өтетін

      (оқу кезеңі)

      кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға

      (қажеттісін белгілеңіз) жіберілсін.

      2. Оқытатын ұйым тұрақты тұратын орнынан тыс елді мекендерде

      орналасқан жағдайда кәсіптік оқудан өтіп жатқан оқушыларға:

      1) оқытудың барлық кезеңіне оқу орнына дейін және кері бағытта

      жол жүруге __________________ теңге көлемінде;

      2) тұруға __________________ теңге көлемінде материалдық көмек

      берілсін.

      Материалдық көмек _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (банктiң атауы, банктiң ЖСН, банктiң БИК, алушының дербес шотының

      немесе төлем карточкасының нөмiрi көрсетiледi)

      аударылсын.

      Халықты жұмыспен қамту

      орталығының директоры ______________________ ________

       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

  Кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Кәсіптік оқытуға
20__ жылғы __ __________ № ______ жолдама

      Оқушы _______________________________________________________________

      (оқушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________ бастап __________________ дейін _____________ ай мерзімге

      _____________________________________________________________ ұйымға

      (кәсіптік оқытуды өткізетін ұйымның атауы)

      _______________________________________________________________

       (оқушы алатын мамандықтың (кәсіптің) атауы көрсетілсін)

      _______________________________________________________________

      (кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе біліктілік арттыруға)

      жіберіледі.

      Халықты жұмыспен қамту

      орталығының директоры ______________________ ________

       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Берілген күні___________________

      М.О.

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады.

Кәсіптік оқытуға № ______ жолдамаға хабарлама

      _______________________________________________________________

      (оқытуды өткізетін ұйым)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      кәсіптік оқытуға қабылданғаны туралы 20__ жылғы_______ № ___ бұйрыққа

      сәйкес ___________ бастап____________дейін ______ ай дейінгі мерзімге

      _____________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      кәсіптік оқытуға қабылданды.

      Жауапты өкіл ______________________________________

       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      қолдың таратылып жазылуы ______________

      М.О. (бар болса)

  Кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      _____________________________ ауданының

      (облыстық маңызы бар қаланың, астананың,

      республикалық маңызы бар қаланың)

      Халықты жұмыспен қамту орталығы

Білікті жұмыскерлердің біліктілік арттыруына және оларды қайта
даярлауға мемлекеттік гранттар алуға
ӨТІНІМ

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжаттың №, берілген күні

ЖСН

Туған күні

Еңбек шартының нөмірі және күні

Лауазымы, кәсібі (мамандығы)

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







4








Жиыны:







       кестенің жалғасы

Біліктілігі, разряды

Шарт бойынша жалақысының мөлшері

Толық емес жұмыс уақыты режиміне ауыстыру туралы бұйрықтың нөмірі және күні

Оқу үшін жұмыс беруші тарапынан төленген ақы мөлшері (оқу құнының кемінде 20 %-ы)

8

9

10

11


















      Басшы ______________________

      қолдың таратылып жазылуы

      Бас бухгалтер ______________

      қолдың таратылып жазылуы

      М.О. (бар болса)

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмыс беруші ________________________________________________ өтініші

      20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне жұмыс беруші жауапты болады.

  Кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      _____________________________ ауданының

      (облыстық маңызы бар қаланың, астананың,

      республикалық маңызы бар қаланың)

      Халықты жұмыспен қамту орталығы

Қысқарған жұмыс уақыты үшін жоғалтқан
табысының үштен екі бөлігін уақытша
субсидиялау үшін өтінім

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланысушы

      адам және телефондар)

р/с №

Т.А.Ә. (толығымен)

Жеке басты куәландыратын құжаттың №, берілген күні

ЖСН

туған күні

еңбек шартының нөмірі мен күні

лауазымы, кәсібі (мамандығы)


2

3

4

5

6

7






























Жиыны:







       Кестенің жалғасы

Біліктілігі, разряды

Шарт бойынша жалақы мөлшері

Айына істелетін жұмыс сағатының саны

Қызмет көрсету банкі

Карталық немесе ағымдағы № 20 мән

Бюджеттен субсидиялауға жатады, теңге

8

9

10

11

12

13
































      Басшы ______________________

      қолдың таратылып жазылуы

      Бас бухгалтер ______________

      қолдың таратылып жазылуы

      М.О. (бар болса)

      ---------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмыс беруші ________________________________________________ өтініші

      20__ ж. ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________ ___________

       Күні қолы

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне жұмыс беруші жауапты болады.

  Кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Оқушыны жұмысқа орналастыруға
№ ______ жолдама

      Оқушы _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       20___ жылғы ___________ бастап 20___ жылғы ______________ дейін

      ______ ай мерзімге (уақытша жұмыстарға жұмысқа орналасқан кезде

      толтырылады) тұрақты жұмысқа/мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар

      және аймақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын

      жобаларға, сондай-ақ жеке бастамалар шеңберінде бос жұмыс орнына

      (әлеуметтік жұмыс орнына/жастар практикасына) орналасу үшін

      _____________________________________________________________ ұйымға

      (жұмыс берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша жіберіледі.

      Халықты жұмыспен қамту

      орталығының директоры ______________________ ________

       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Берілген күні __________________

      М.О.

      --------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады.

Кәсіптік оқытуға № ______ жолдамаға хабарлама

      _______________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       20__ жылғы ________________ жасалған еңбек шартына сәйкес

      (20__ жылғы_________ № ___ бұйрық) 20__ жылғы _________________ дейін

      ______ ай дейінгі мерзімге___________________________________________

       (мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және

       аумақтарды дамыту бағдарламаларының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      ретінде тұрақты жұмысқа/ бос жұмыс орындарына қабылданды.

      (тұрақты жұмысқа қабылданған кезде толтырылмайды)

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі

      ______________________________________

       (қолдың таратылып жазылуы)

      М.О. (бар болса)

  Кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

      ________________________ ауданының (қаласының)

      халықты жұмыспен қамту орталығының директорына

      ____________________ мекенжайы бойынша тұратын

      ______________________________________________

ӨТІНІШ

      Мені "Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты

      дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету" бағыты бойынша

      Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізуді сұраймын.

      Қосымша ___ парақта:

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуді, уақытша тіркеу

      растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімдерінің анықтамасы)

      көшірмесі;

      білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе

      оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері

      (бар болса).

      Көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу

      үшін қажетті менің дербес деректерімді жинақтау мен өңдеуге келісім

      беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

       Күні қолы

       ----------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

       _____________________________________________ азаматтың өтініші

      20__ жылғы __ _____ қабылданды, № _____ болып тіркелді.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), лауазымы және қолы:__________________________________________

      _____________________________________________________________________

      *ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты

      болады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
5-қосымша

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;

      2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      4) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

      5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке, кәсiп пен қызмет түрін таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;

      6) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiҚазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

      7) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      8) жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар;

      9) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      10) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      11) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;

      12) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      13) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      14) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      15) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      16) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      17) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;

      18) әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырушы – халықты жұмыспен қамту орталығы;

      19) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығының жай-күйі, Жалпы ұлттық деректер базасындағы мәліметтер, бар мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу, қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес қайта оқытудан, біліктілік арттырудан өту мүмкіндігі туралы ақпарат беру;

      20) кәсіптік консультация – жұмыс орнын және белгілі бір мамандық таңдауда қатысушының психикалық және физикалық ерекшеліктерін, қабілетін, кәсіби қызығушылығын ескере отырып, оған көмек көрсету;

      21) кәсіптік іріктеу – қатысушының нақты кәсіпке, мамандыққа, жұмыс орнына кәсіби бейімділігінің дәрежесін айқындау;

      22) кәсіптік бейімдеу – қатысушының өндіріске, еңбек жағдайларына және нақты мамандықтың ерекшеліктеріне бейімделу процесі.

      3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты қатысушылардың жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, бейімділігіне және нарық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп таңдау процесін оңтайландыру болып табылады.

2-бөлім. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру тәртібі

      4. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 18-бабында көрсетілген мынадай шараларды:

      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби хабардар етуді;

      2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультацияны;

      3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.

      5. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:

      1) жұмыс іздеген адамдар;

      2) жұмыссыздар;

      3) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;

      4) оралмандар;

      5) студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.

      6. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар және мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың жекеше агенттігін және (немесе) өзге ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.

1-параграф. Студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары
сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу
тәртібі

      7. Халықты жұмыспен қамту орталығы студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына еңбек нарығының жай-күйі, білікті кадрларға экономиканың болжамды қажеттіліктері туралы концультациялар береді.

      8. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатарынан контингентті айқындайды және халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

      9. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу кестесін жасайды, халықты жұмыспен қамту орталығымен келіседі;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп оқу орындарында ата-аналардың, жұмыс берушілердің және кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жылына кемінде екі рет кестеге сәйкес жұмыстар ұйымдастырады;

      3) кәсіптермен таныстыру үшін және әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың рәсімдерін жүргізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын айқындайды;

      4) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына алдын ала даярлық жұмыстарын жүргізеді.

      10. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың, консультацияның қорытындылары бойынша одан әрі жұмыс үшін болашақ кәсібін әлі таңдамаған оқушылардың тізімі қалыптастырылады.

      11. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау кездесу, дөңгелек үстелдер және семинар-тренингтер нысанында және басқа нысандарда жүргізіледі.

2-параграф. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды,
оралмандарды және жұмыс іздеген адамдарды әлеуметтік кәсіптік
бағдарлау

      12. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету үшін жүгінген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды, оралмандарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды кәсіптік бағдарлауды өздігінен жүргізеді.

      13. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) өңірдегі еңбек нарығының жай-күйі туралы кәсіби ақпараттандыруды жүргізеді, семинарлар, тренингтер және түрлі кәсіп өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырады;

      2) жүгінген адамдардың жеке тілектерін, психикалық ерекшеліктерін және еңбек нарығындағы нақты жағдайды ескере отырып, кәсіби консультация ұсынады;

      3) сауалнама жүргізуді ұйымдастырады;

      4) сауалнама және кәсіби консультация қорытындылары бойынша кәсіптік іріктеуден өту қажеттілігі туралы ұсынымдар дайындайды;

      5) ұсынымдардың негізінде қатысушының жеке-психикалық ерекшеліктерін диагностикалауды, нақты мамандық талаптарына оның жеке қасиеттерінің сәйкес келуін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігін бағалауды қамтитын кәсіптік іріктеу жүргізеді;

      6) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі бойынша бос жұмыс орындарының болуын және қатысушы одан әрі жұмысқа орналасуы үшін таңдаған кәсібі бойынша кадрларға қажеттілікті айқындайды;

      7) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен және кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлесіп, қатысушы таңдаған кәсіпке дайындалу процесімен және таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарын таныстыру бойынша жұмыс жүргізеді, кәсіптік бейімдеуді ұйымдастырады.

      14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен бірлесіп, болашақ мамандығын таңдап қойған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
6-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11140 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған).

      2. "Халықты жұмыспен қамту саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1084 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13425 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 мамырда жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13190 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурыздағы жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3, 4, 5, 6, 8, 10, 35-1, 36, 45, 52, 53, 57, 58-тармақтары.