"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 422 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны
1. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында, Қазақстан Республикасының басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде және шетелде жүзеге асырылады.
2. Қызметкерлерді кәсіби даярлау міндеттеріне олардың белгілі бір лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіби дағдыларды жеделдетіліп игеру жатады.
Қызметкерлерді кәсіби қайта даярлаудың міндеттеріне қызметкерлердің қызметтік жұмыстың жаңа түрін немесе жаңа лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті қосымша білім, машықтар мен дағдыларды игеру жатады.
Қызметкерлердің біліктілігін арттырудың міндеттеріне қойылған біліктілік талаптарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін теориялық және практикалық білімін, машықтар мен дағдыларды тереңдету мен кеңейту жатады.
3. Ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін, қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті білімді, дағдылар мен шеберліктерді меңгеруге, тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған ұйымдастыру, оқу іс-шаралары, сонымен қатар ішкі істер органдарының бөліністерінде кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы шеңберінде көздейді.
4. Ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқу процесінің мазмұны қызмет бағыттары бойынша Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) қызметтерімен және ведомстволарымен келісілетін тиісті оқу жоспарларымен және оқу бағдарламаларымен анықталады және ІІМ білім беру ұймымен бекітіледі.
5. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ІІМ білім беру ұйымы әзірлейді және ІІМ білім беру ұйымының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқылайды.
6. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының мазмұны мен көлемін білім беру ұйымы ІІМ қызметтерімен және ведомстволарымен бірлесіп анықтайды және мыналарды:
1) нормативтік құқықтық актілерде, Мемлекет басшысының жолдаулары мен сөз сөйлеулерінде анықталған Қазақстан Республкасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын;
2) ұжымды тиімді басқару және ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы нысандары мен әдістерін;
3) қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, құқық қолдану қызметін жетілдіру мәселелерін;
4) құқық қорғау органдарының озық жұмыс тәжірибесін, оның ішінде шетелдік тәжірибені зерделеу мәселелерін;
5) құқық қорғау органдарының алдында тұрған мндеттерді табысты іске асыруға бағытталған тиімді басқару және жедел дағдыларды қалыптастыру мәселелерін;
6) ішкі істер органдары жүйесінде жергілікті полиция қызметінің қалыптасуы, жай-күйі мен тиімділігі мәселелерін;
7) құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғаудағы, сондай-ақ қылмысқа қарсы тұрудағы әлемдік және отандық тәжірибені қамтиды.
7. Сабақ өткізуге жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың басшы құрамының өкілдері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар тартылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 422 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 422 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкерлер) кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) кіріс бақылау – Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) білім беру ұйымына түсу кезінде кәсіби қызметі бойынша білім деңгейін анықтауға арналған тестілеу;
2) шығыс бақылау – ІІМ білім беру ұйымындағы оқу процесі кезінде кәсіби қызметі бойынша алынған білім деңгейін анықтауға арналған тестілеу.
3. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру:
1) Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарында;
2) Қазақстан Республикасының кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдары мен мекемелерінде;
3) шет елдердің кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында;
4) ІІМ-нің кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын қызметтерінде жүзеге асырылады.
4. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ІІМ Кадр жұмысы департаменті (бұдан әрі – КЖД) ІІМ ведомстволарымен және қызметтерімен бірлесіп ұйымдастырады.
5. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың негізгі мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасы ІІО жоғары білікті кадр құрамын қалыптастыру;
2) қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті арнаулы білім, машықтар мен дағдыларды алу болып табылады.
6. ІІО қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмысын жоспарлау құқық қолдану тәжірибесінің басым бағыттарын, аумақтық ерекшеліктерді, сандық және сапалы кадрлық құрамды, сондай-ақ ІІМ қызметтері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылады.
7. ІІО қызметкерлері біліктілігін арттыруды кемінде үш жылда бір рет немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде өтеді.
ІІО қызметкерлері қызмет аясының өзгеруімен байланысты басқа қызметке ауысқан кезінде қайта даярлаудан өтеді.
8. ІІО қызметкерлерінің қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтуі туралы ақпаратты есепке алуды ІІО кадр қызметтері "Кадрлар" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасында жүзеге асырады.
9. ІІО кадр қызметтері тоқсан сайын КЖД-ге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО қызметкерлерін қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен қамту бойынша есеп жібереді
2-тарау. Кәсіби даярлауды жүзеге асыру тәртібі
10. Кәсіби даярлау арнайы бастапқы оқыту нысанында ІІМ білім беру ұйымдарында ІІО-ға бірінші рет түсетін адамдар (азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда) үшін "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 187 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6978 тіркелген) сәйкес, сондай-ақ ІІО бөліністерінің базасында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары нысанында жүзеге асырылады
3-тарау. ІІМ білім беру ұйымдарында ІІО қызметкерлерін қайта даярлауды жүзеге асыру тәртібі
11. ІІО қызметкерлерін қайта даярлау ІІМ білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Қайта даярлау курстарының ұзақтығы кемінде 72 академиялық сағатты құрайды.
12. ІІМ қызметтері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО КЖД-ға қайта даярлау курстарының тақырыбы, оқуға жіберілетін ІІО қызметкерлердің саны мен санаты, сондай-ақ оқыту кезеңі бойынша өтінімді жыл сайын 1 тамызға дейін жолдайды.
13. ІІМ қызметтері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО қажеттілігі негізінде КЖД Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Министр) бекітетін ІІО қызметкерлерін кәсіби даярлаудың күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесін жыл сайын 1-ші қазанға дейін әзірлейді.
14. ІІО кадр қызметтері қайта даярлауға жататын ІІО қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады және оларды жоспар-кестеде белгіленген мерзімде ІІМ білім беру ұйымдарына жіберуді қамтамасыз етеді.
ІІО қызметкерлерінің қайта даярлау курстарына жіберу кезінде, оқу бағдарламасында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен танысу көзделсе, ІІО қызметкерлері ІІМ қызметтерінің, ведомстволарының, білім беру ұйымдарының және аумақтық ІІО-ның арнайы бөліністерінде мемлекеттік құпияларға рұқсаты туралы анықтама алады.
15. ІІМ білім беру ұйымына қайта даярлауға келген ІІО қызметкерлері, ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен оқыту мерзіміне тыңдаушылар қатарына қабылданады.
16. Тыңдаушылардың дайындығы мен білім деңгейін анықтау үшін, оқыту бейіні бойынша ІІО қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша, қабылданған күні кіріс бақылау және оқытуды аяқтаған кезінде білім деңгейінің өзгеру динамикасын көрсету үшін шығыс бақылау өткізіледі.
17. Шығыс бақылаудың деректері негізінде ведомстволық ІІМ білім беру ұйымдары ІІО қызметкерлерінің дайындық деңгейіне талдау жасайды, қажет болған жағдайда оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, ішкі істер органдарына қызметтік жұмыс барысында ІІО қызметкерлерін оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жібереді.
18. Оқу жоспарын орындамағаны, тәртіпті және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін тыңдаушылар әрбір анықталған факті бойынша қызметтік тексеру материалдарының негізінде ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен қайта даярлау курстарынан шығарылады.
ІІМ білім беру ұйымы бастығы бұйрығының көшірмесі екі жұмыс күні ішінде ІІО кадр қызметіне тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жіберіледі.
19. ІІМ білім беру ұйымдары қайта даярлау курсы аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тыңдаушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқығанын растайтын сертификат береді, ал азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын ІІМ білім беру ұйымы тыңдаушыға "Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 болып тіркелген) белгіленген нысан бойынша сертификат береді.
20. ІІМ білім беру ұйымдары қайта даярлаудың әрбір курсы аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде КЖД-ге осы Қағидаларға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарындағы оқыту қорытындылары туралы мәліметтерді қоса бере отырып, ақпарат жібереді.
4-тарау. ІІМ білім беру ұйымдарында ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру тәртібі
21. ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ІІМ білім беру ұйымдарында жұмыстан қол үзе отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 32 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13142 тіркелген) сәйкес қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы біліктілікті арттыру курстарын өткізе алады.
Біліктілігін арттыру курстарының ұзақтығы кемінде 36 академиялық сағатты құрайды.
22. ІІМ қызметтері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО қажеттілігі негізінде КЖД Министр бекітетін ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың күнтізбелік жылға арналған жоспар-кестесін жыл сайын 1-ші қазанға дейін әзірлейді.
ІІМ қызметтері, ведомстволары, білім беру ұйымдары және аумақтық ІІО КЖД-ға біліктілігін арттыру курстарының тақырыбы, оқуға жіберілетін ІІО қызметкерлерінің саны мен санаты, сондай-ақ оқыту кезеңі бойынша өтінімді жыл сайын 1 тамызға дейін жолдайды.
23. ІІО кадр қызметтері біліктілігін арттыруға жататын ІІО қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады және оларды жоспар-кестеде белгіленген мерзімде ІІМ білім беру ұйымдарына жіберуді қамтамасыз етеді.
ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына жіберу кезінде, оқу бағдарламасында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен танысу көзделсе, ІІО қызметкерлері ІІМ қызметтерінің, ведомстволарының, білім беру ұйымдарының және аумақтық ІІО-ның арнайы бөліністерінде мемлекеттік құпияларға рұқсаты туралы анықтама алады.
24. ІІМ білім беру ұйымына біліктілігін арттыруға келген ІІО қызметкерлері, ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен оқыту мерзіміне тыңдаушылар қатарына қабылданады.
25. Тыңдаушылардың дайындығы мен білім деңгейін анықтау үшін, оқыту бейіні бойынша ІІО қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша, қабылданған күні кіріс бақылау және оқытуды аяқтаған кезінде білім деңгейінің өзгеру динамикасын көрсету үшін шығыс бақылау өткізіледі.
26. Шығыс бақылаудың деректері негізінде ведомстволық ІІМ білім беру ұйымдары ІІО қызметкерлерінің дайындық деңгейіне талдау жасайды, қажет болған жағдайда оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, ішкі істер органдарына қызметтік жұмыс барысында ІІО қызметкерлерінің оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жібереді.
27. Оқу жоспарын орындамағаны, тәртіпті және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін тыңдаушылар әрбір анықталған факті бойынша қызметтік тексеру материалдарының негізінде ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен біліктілігін арттыру курстарынан шығарылады.
ІІМ білім беру ұйымы бастығы бұйрығының көшірмесі екі жұмыс күні ішінде ІІО кадр қызметіне тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жіберіледі.
28. ІІМ білім беру ұйымдары біліктілікті арттыру курсы аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тыңдаушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқығанын растайтын сертификат береді.
29. ІІМ білім беру ұйымдары біліктілікті арттырудың әрбір курсы аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде КЖД-ге осы Қағидаларға
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру курстарындағы оқыту қорытындылары туралы мәліметтерді қоса бере отырып, ақпарат жібереді.
5-тарау. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен шет елдерде біліктілікті арттыруды жүзеге асыру
30. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ІІМ білім беру ұйымдарының бағдарламасына енбейтін тақырыптар бойынша жүргізіледі.
31. Шет елдерде ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру:
1) халықаралық келісімшарттар негізінде;
2) республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметшілерді арнайы оқыту бағдарламасы мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде;
3) халықаралық ұйымдар немесе шетел мемлекеттерінің үкіметтері қаражат бөлген немесе техникалық көмек көрсеткен кезінде, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб шеңберінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бөлген жағдайда жүзеге асырылады.
32. ІІО қызметкерін шетелде оқытуға іріктеу кезінде қабылдаушы тарап қоятын шарттардан басқа төмендегідей шарттар сақталады:
1) оқу басталар сәтінде ІІО қызметкерлерін шетелге оқуға жіберетін бөліністегі қызмет өтілінің кемінде бір жыл болуы;
2) оқыту бағдарламасы тақырыбының ІІО қызметкерінің атқаратын лауазымы, функционалдық міндеттері мен мамандығына, сондай-ақ ол қызмет ететін бөліністің негізгі мақсаттары және міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.
33. ІІО кадр қызметтері Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында және шет елдердің білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыруды өткізуге арналған шығыстарды жоспарлайды.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына 1-қосымша |
нысан
20___ жылғы______ тоқсандағы
ІІО қызметкерлерін қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен қамту бойынша есеп
р/с № | Ішкі істер органы | Қайта даярлау | Біліктілікті арттыру | Барлығы | Оқумен қамтылмағандар | |||||||||
Ведомоствалық білім беру ұйымдары | Басқа министрліктермен ведомстволардың білім беру ұйымдары | |||||||||||||
жоспар | факт | % | жоспар | факт | % | жоспар | факт | % | жоспар | факт | % | |||
1. | ||||||||||||||
2. | ||||||||||||||
3. | ||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: |
Ескертпе: есеп тоқсан сайын ұсынылады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына 2-қосымша |
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ _________________________________ (білім беру ұйымының атауы) | МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН _________________________________ (наименование организации образования) |
СЕРТИФИКАТ | |
Осы сертификат __________________ _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ________________________ берілді, ол ______________________________ _________________________________ _________________________________ тақырыбы бойынша қайта даярлау курсынан өтті Білім беру ұйымының бастығы:_____ _______ қаласы 20 __ ж. "__"_____ Тіркеу № _________________ М.О. | Настоящий сертификат выдан ______ _________________________________ (фамилия, имя, отчество (при наличии)) _______________________ в том, что он (а) прошел (а) курсы переподготовки по теме ________________________________ ________________________________ ________________________________ Начальник организации образования: ______________ город ________ "___"____ 20 ___ г. Регистрационный № _______________ М.П. |
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Қайта даярлау курстарында оқытудың қорытындылары туралы мәлімет
санаты _________________
оқыту мерзімі __________
р/с № | ІІМ бөліністерінің атауы | Жоспар | Қабылданды | Кешігіп келгендер | Бітіргендер | Көтермеленді | Тәртіптік жауапкершілікке тартылды | Шығарылғандар | ||
Теріс себептермен | Ауруына байланысты | Басқа себептермен | ||||||||
Барлығы: |
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына 4-қосымша |
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ________________________________ (білім беру ұйымының атауы) | МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН _________________________________ (наименование организации образования) |
СЕРТИФИКАТ | |
Осы сертификат __________________ _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ________________________ берілді, ол ______________________________ _________________________________ _________________________________ тақырыбы бойынша біліктілік арттыру курсынан өтті Білім беру ұйымының бастығы:_____ _______ қаласы 20 __ ж. "__"_____ Тіркеу № _________________ М.О. | Настоящий сертификат выдан ______ _________________________________ (фамилия, имя, отчество (при наличии)) _________________________________ в том, что он (а) прошел (а) курсы повышения квалификации по теме ________________________________ ________________________________ ________________________________ Начальник организации образования: ______________ город _______ "__"_____ 20 ____ г. Регистрационный № _______________ М.П. |
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Біліктілікті арттыру курстарында оқытудың қорытындылары туралы мәлімет
санаты _________________
оқыту мерзімі __________
р/с № | ІІМ бөліністерінің атауы | Жоспар | Қабылданды | Кешігіп келгендер | Бітіргендер | Көтермеленді | Тәртіптік жауапкершілікке тартылды | Шығарылғандар | ||
Теріс себептермен | Ауруына байланысты | Басқа себептермен | ||||||||
Барлығы: |