Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 сәуірде № 13629 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 24 ақпан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2016 жылғы 15 наурыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _______________ В. Школьник
      2016 жылғы 23 ақпан

Қазақстан Республикасының      
Инвестициялар және даму министрінің 
2016 жылғы 30 қаңтардағы № 138   
бұйрығымен бекітілген        

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінде:
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы жергілікті қамтымды есептеу (бұдан әрі - ЖҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі:»;
      мынадай мазмұндағы 5-2, 5-3, 5-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЖҚж/қ есептеу (келісімшарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін немесе оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      мұндағы:
      m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызметті көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;
      j - жұмысты орындау (қызметті көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;
      ШҚj - j-шартының құны;
      ТҚj - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
      ШЖҚj - j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігер шарттарының жиынтық құны;
      Kj - егер j-шарты бойынша ЖҚК кемінде 95 % құраса 1-ге тең коэффициент, және егер j-шарты бойынша ЖҚК 95 % кем болса, 0-ге тең коэффициент;
      n - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердігерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;
      і - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;
      ТҚі - i-тауардың құны;
      Жі - «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамту үлесі;
      егер осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, «СТ-КZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда, Жi = 0;
      S - шарттың жалпы құны.
      5-3. ЖҚК - корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, жеткізушінің қызметкерлерінің жалпы санында j-шартын орындайтын жеткізушінің қазақстандық кадрларының үлесі, және ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      ЖҚК = ҚҚРА/ҚЖС * 100
      мұндағы:
      ҚҚРА - j-шартын қолданылу кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізуші қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының азаматтарының саны;
      ҚЖС - корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, j-шартын қолданылу кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны;
      Бұл ретте, егер ұйым корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру кезінде мынадай шарттарды орындамаса ЖҚК = 0:
      Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын, j-шартын қолданылу кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің менеджерлері мен мамандарының саны әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санынан жиырма бес пайыздан астам, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - әрбір тиісті санат бойынша елу пайыздан астам болмауы тиіс;
      5-4. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЖҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      мұндағы:
      n - жеткізуші сатып алатын жұмыстар/көрсетілетін қызметтер атауының жалпы саны;
      j - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алудың реттік нөмірі;
      ШҚj - j-шартының құны;
      ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің қазақстандық жеткізушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
      Kj - егер j-шарты бойынша ЖҚК кемінде 95 % құраса, 1-ге тең коэффициент, және егер j-шарты бойынша ЖҚК 95 % кем болса, 0-ге тең коэффициент;
      S - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерімен жасалған шарттар бойынша жергілікті қамтуды есептеу кезінде Жі және Кj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.».
      2. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 96 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11123 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қазанда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тапсырыс беруші жеңімпазды анықтау рәсімі және қорытындылар хаттамасын жасау сәтіне дейін осы Қағидаларға сәйкес нормаларды бұзған жағдайда, тапсырыс беруші осы сатып алуды өткізуден бас тартады және осындай сатып алуды (алуларды) қайтадан өткізеді.»;
      17-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) конкурстық комиссияның ашық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушінің:
      «жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі» (егер әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындаған немесе қызметтерді көрсеткен жағдайда);
      2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) «тауарлардың қазақстандық өндірушісі» (егер, әлеуетті жеткізуші ашық конкурстың сатып алу мәні болып табылатын тауарларды өндірген жағдайда) мәртебесіне сәйкестігін немесе сәйкес келмейтіндігін көрсете отырып, ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын жасай отырып, ашық конкурстың талаптарына сәйкес келуіне конкурстық өтінімдерді қарастыруы;»;
      25-тармақта:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келетін шартты жеңілдіктер ұсыну туралы тапсырыс берушінің міндеттемесі және әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасын есептеу үшін осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі;»;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) сатып алынатын әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі);
      2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы жергілікті қамту бойынша ең аз талаптар;»;
      34-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) сатып алынатын: әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі);
      2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) әрбір лот бойынша пайызбен көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы жергілікті қамту бойынша ең аз талаптар;»;
      40-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ұсынылатын әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі);
      2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
      42-тармақ мынадай редакциядағы екінші бөліммен толықтырылсын:
      «1) тармақшаның ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) қолданылады.»;
      66-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарау кезінде әлеуетті жеткізушінің Заңның 78-бабының 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келетіндігін айқындау үшін әлеуетті жеткізуші ұсынған мәліметтерді әр лот бойынша жеке ескереді.»;
      71-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «71. Конкурстық комиссия, егер ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасында өзге ұзақ мерзім көзделмесе, конкурстық баға ұсыныстарын соңғы қабылдау және ашу күнін ашық конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына қол қойған күннен бастап екі жұмыс күнінен бұрын емес күнге белгілейді.»;
      848586 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «84. Осы Қағидалардың 82-тармағында келтірілген шарт бойынша бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстары тізілімде салыстырылады және бағаланады және Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшарттарды ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасының негізінде ашық конкурстың жеңімпазы (лот бойынша) айқындалады.
      85. Ашық конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, ашық конкурсқа қатысушыларының конкурстық баға ұсыныстарының бағасы тең болған жағдайда, артықшылық қазақстандық тауарларды өндірушіге, қазақстандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушіге беріледі.
      86. Осы Қағидалардың 25-тармағы 21) тармақшасының ережелерін ескере отырып өткізілген, ашық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша ең үлкен пайызын ұсынған ашық конкурсқа қатысушысы мынадай:
      1) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабы 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты түрде азайту бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылатын ашық конкурстың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болған;
      2) тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болған жағдайларда, жеңімпаз болып танылады.
      87. Конкурстық баға ұсынысы басқа ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарынан тізіліміне бұрын түскен ашық конкурсқа қатысушы мынадай:
      1) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты төмендету бойынша өлшемшартты қолдануды ескере отырып, конкурстық баға ұсыныстары және тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылатын ашық конкурсқа қатысушылар ұсынған ашық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;
      2) конкурстық баға ұсыныстары және тауарлардың қазақстандық өндірушілері, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын ашық конкурсқа қатысушылар ұсынған ашық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ–дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;
      3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолдану мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде өткізілетін ашық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарларға ашық конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда, жеңімпаз болып танылады.»;
      96-тармақтағы:
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) қазақстандық жұмыс (көрсетілетін қызмет) өндірушілерінен ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді);»
      25) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алынатын (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі кемінде 65 (алпыс бес) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алу үшін);
      26) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алынатын (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі кемінде 50 (елу) пайызды құраған жағдайда тауарларды (көмірсутек шикізаты саласындағы тауарларды сатып алуды қоспағанда);»;
      106-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) сатып алынатын әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі);
      2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы жергілікті қамту бойынша ең аз талаптар;»;
      113-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      6) ұсынылатын әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) жұмыстардағы (көрсетілген қызметтердегі);
      2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде сатып алуды жүзеге асыру кезінде (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) әрбір лот бойынша пайыздарда көрсетілген (0-ден 100-ге дейін) тауарлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «125. Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші ұсынған жағдайда, осы Қағидалардың 106-тармағы 11) тармақшасының талаптарын ескере отырып баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың мәні болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің ең үлкен пайызын ұсынған әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.
      Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары мен осы Қағидалардың 106-тармағы 11) тармақшасының талаптарын ескере отырып баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың мәні болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің пайыздық көрсеткіші тең болған кезде баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады.»;
      139140 және 141-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «139. Конкурстық баға ұсыныстарының бағаларын бағалау және салыстыру тізілімде жүзеге асырылады және Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабы 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты түрде азайту өлшемін ескере отырып, конкурстық баға ұсынысының ең төменгі бағасы негізінде жеңімпаз айқындалады.
      ТЖҚ-ны электрондық сатып алу жүйесі арқылы сатып алу жеңімпазын айқындау кезінде, Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты түрде азайту өлшемшартын қолдануды ескере отырып, ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда, артықшылық қазақстандық тауарларды өндірушіге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушіге беріледі.
      140. электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алу мәні болып табылатын, сатып алынатын ТЖҚ-дағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің ең үлкен пайызын ұсынған, электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушы мынадай:
      1) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты түрде азайту өлшемшартын қолдануды ескере отырып, қазақстандық тауарларды өндірушілер, қазақстандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілер болып табылатын электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болған;
      2) қазақстандық тауарларды өндірушілер, қазақстандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілер болып табылмайтын, электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болған жағдайларда жеңімпаз болып танылады.
      Тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша (келісімшарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай) қолданылады.
      141. Конкурстық ұсынысы электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуға басқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын түскен, электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушы мынадай:
      1) Заңның 78-бабы 7-тармағының ережелерін ескере отырып, Заңның 78-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген бағаны шартты түрде азайту өлшемшартын қолдануды ескере отырып, конкурстық баға ұсыныстарының бағалары және қазақстандық тауарларды өндірушілер, қазақстандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілері болып табылатын электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылар ұсынған электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алудың мәні болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-ның жергілікті қамтуы бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;
      2) конкурстық баға ұсыныстарының бағалары және қазақстандық тауарларды өндірушілер, жұмыстарды, қазақстандық көрсетілетін қызметтерді өндірушілері болып табылмайтын электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алуға қатысушылар ұсынған электрондық сатып алу жүйесі арқылы ТЖҚ-ны сатып алудың мәні болып табылатын сатып алынатын ТЖҚ-ның жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің пайыздық көрінісі тең болған;
      3) ашық конкурстың қатысушыларымен ұсынылған 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе қолдану мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарт шеңберінде өткізілетін электрондық сатып алу жүйесі арқылы сатып алу мәні болып табылатын, сатып алынатын тауарларға конкурстық баға ұсыныстарының бағалары тең болған жағдайда, жеңімпаз болып танылады.»;
      150-тармақ алынып тасталсын.
      3. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 464 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11117 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидаларын бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде, жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеудiң қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму     
министрлігінің өзгерістер мен  
толықтырулар енгізілетін кейбір 
бұйрықтарының тізбесіне қосымша 

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму      
министрінің міндетін        
атқарушының 2015 жылғы       
17 сәуірдегі № 464 бұйрығымен   
бекітілген             

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзiрленген және жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда пайдалы қазбалар тобы деп қатты пайдалы қазбалар, көмiрсутек шикiзаты және кең таралған пайдалы қазбалар ұғынылады.

2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртібі

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткiзу кезiнде құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
      4. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу үшiн пайдалы қазбалар топтары бойынша бөлiнген жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзілетін жылдың алдындағы жылға жұмыс iстеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарындағы (көрсетілетін қызметтерiндегi) жергілікті қамтымның нақты үлесi бойынша деректердi пайдаланады.
      5. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды мынадай формула бойынша есептейдi:

                           ni=1(Жi х ЖҚi)
                    ЖҚmin= —--—--—--—--—-,
                              ni=1Жі

      ЖҚmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзілетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтым (бірақ 50%-дан артық емес);
      Жi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерiн) сатып алу көлемi, мың теңге;
      ЖҚi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының жұмысындағы (көрсетілетін қызметiндегi) жергілікті қамтымның нақты үлесi;
      n - есептеуде пайдаланылатын жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны.
      6. Жергiлiктi атқарушы орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды мынадай формула бойынша есептейдi:

      мұндағы:
      ЖҚmin- жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзілетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамту (бірақ 50%-дан артық емес);
      Жtotal - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерін) сатып алуың жалпы көлемi мың теңге;
      Kжқ – жергілікті қамту коэффициенті (0,5 артық емес).
      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу жөнiндегi комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс Заңның 53-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда өтпедi деп таныған кезде Заңның 47-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген талаптарға барлық ұсынылған конкурстық ұсынымдардың сәйкес келмеу себебi бойынша құзыреттi орган немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Заңның 54-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртiпте осы Қағидаларда көзделген тәртiпте есептелген жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтым мөлшерін жиырма бес пайызға азайту бөлiгiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзе алады.