"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүр

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11123 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.04.2018 № 260 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.09.2017 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 109) тармақшасына, 19-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттiк статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.09.2017 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.09.2017 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _______________________

      2015 ж. 12 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      _______________________

      2015 ж. 2 наурыз


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 87 бұйрығымен
бекітілген

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

      Ескерту. Әдістемесі жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.09.2017 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 1-бабының 109) тармақшасына, 19-бабының 16) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Бірыңғай әдістеме:

      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;

      2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;

      3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;

      4) "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жергілікті қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың;

      5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың есептеуіне арналған.

      3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

      1) жергілікті қамту бөлігінде сатып алу бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және/немесе оны бақылау;

      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;

      3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңғейін бағалау.

      4. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ЖҚт) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;

      і - тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;

      ТҚі - і-тауардың құны;

      Жі - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген) бекітілғен "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілғен тауардағы жергілікті қамтуды үлесі (бұдан әрі - "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты);

      Егер Бірыңғай әдістемесінің 9-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Жi = 0;

      S - шарттың жалпы құны.

      5. Жер қойнауын пайдалануға арналған 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы жергілікті қамтуды есептеу (бұдан әрі - ЖҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;

      j - жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;

      ШҚj - j-шартының құны;

      ТҚj - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;

      ШЖҚj - j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

      Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;

      n - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердіғерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;

      і - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;

      ТҚі - i-тауардың құны;

      Жі - "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтуды үлесі;

      Егер Бірыңғай әдістемесінің 9-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаган жағдайда Жi = 0;

      S - шарттың жалпы құны;

      6. Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;

      ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.

      7. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЖҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:




      мұндағы:

      n - жеткізуші сатып алатын жұмыстар/көрсетілетін қызметтер атауының жалпы саны;

      j - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алудың реттік нөмірі;

      ШҚj - j-шартының құны;

      ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің қазақстандық жеткізушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

      Kj - егер j-шартты жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық өндірушісі орындайтын болса, 1-ге тең коэффициент, басқаша 0-ге тең болады;

      S - жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны.

      8. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы жергілікті қамтуды (ЖҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:




      мұндағы:

      n – сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;

      і – сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі;

      ЖҚі – сатып алу туралы і-шарты бойынша жергілікті қамту;

      ШҚі – сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;

      S – шарттың жалпы құны.

      9. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополия саласына қатысты қызмет түрі бойынша табиғи монополиялар субъектілерімен жасалған шарттар бойынша жергілікті қамтуды есептеу кезінде Жі және Кj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.