«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тіркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11632 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтирхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты М. Демеуов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 182 бұйрығына
қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 11203 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекен жайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесi азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттарды қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
5. Қызметті алушының Стардарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесімен қызметті берушіге өтініш білдіруі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет қызметті алушының тұрақты тіркелген жері бойынша көрсетіледі.
Арызды қабылдау:
1) қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
7. Дайын құжаттарды беруді:
1) қызметті беруші жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің
құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімінің) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) (бұдан әрі - КҚПб) қызметкері;
2) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық МЕМЛЕКЕТТ КОРПОРАЦИ-ның қызметкері;
3) облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері көші-қон полициясы басқармасының (бұдан әрі – КҚПБ) қызметкері;
4) Көші-қон полициясы департаментінің (бұдан әрі – КҚПД) қызметкері;
5) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АӨО» РМК).
9. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) бірізділігінің сипаттамасы:
1) қызметті алушы өтініш білдірген күні қызметті беруші халықты құжаттандыру және тіркеу жүйесі бойынша қызметті алушының бұрын берілген құжаттарының болуын тексеруді жүзеге асырады, содан кейін қызметті алушының жеке өзінің қатысуымен қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді және жеке қолтаңбасын қоюды жүзеге асырады, тиісті құжатты дайындау үшін формулярды ресімдейді;
2) ресімделген формулярлар электрондық құжаттандыру кезінде ШҚТ ТП «жұмыс орнының» коды арқылы, қағаз тасымалдағышта ресімдеу кезінде тізілім бойынша 2 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізу үшін КҚПБ-ға жолданады;
3) КҚПБ кеңсесінің қызметкері тізілімдер келіп түскен күні оларды тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді;
4) КҚПБ-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде оларды КҚПД-ға жолдайды, электрондық құжаттандыру кезінде формуляр «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ШҚТ ТП АЖ) орталық торабына, қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде жиынтық тізіліммен жолданады;
5) КҚПД кеңсесінің қызметкері жиынтық тізілім келіп түскен күні оны тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді;
6) КҚПД-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде оларды «АӨО» РМК-ға жолдайды;
7) «АӨО» РМК кеңсесінің қызметкері келіп түскен формулярлары бар тізілімдерді тіркейді және оларды құжаттарды дайындау үшін өндіріске береді;
8) дайындалған құжаттар 7 жұмыс күні ішінде КҚПД-ға қайтарылады;
9) дайын құжаттарды КҚПД-ның жауапты қызметкері 2 жұмыс күні ішінде КҚПБ-ға жолдайды;
10) КҚПБ-ның жауапты қызметкері бір күннің ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша жолдайды;
11) қызметті беруші мемлекеттік қызметті МЕМЛЕКЕТТ КОРПОРАЦИ-да көрсеткен кезде дайын құжаттарды МЕМЛЕКЕТТ КОРПОРАЦИ-ның қызметкерлері береді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне:
Қызметті алушы;
КҚПБ қызметкері;
КҚПД қызметкері;
ШҚТ ТП АЖ;
«АӨО» РМК;
Мемлекеттік корпорациясы қызметкері қатысады.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.
«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік
қызметінің регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың
сызбасы
Кесте
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері |
|||
1 |
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
2 |
ҚФБ атауы |
ІІО, МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ |
ІІО, МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ |
3 |
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру |
Деректер базасы бойынша тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру, фотоға түсіру, ЭЦҚ растау. |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) |
Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу |
Қызметті алушыға өтінімді электрондық тіркеу талонын беру. |
5 |
Орындау мерзімдері |
30 минут |
30 минут |
Кестенің жалғасы
1 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 |
ІІО, МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ |
КҚПБ |
КҚПД |
КҚПД |
3 |
ІІО-ның тізілімін 3 данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – формулярлармен бірге КҚПБ-ға (қағаз тасымалдағышта) беріледі. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚПБ-ға ШҚТ ТП «жұмыс орнының» коды арқылы беріледі. |
Формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру, қызметті алушыларды іздестіруде жүрген адамдардың деректер базасы бойынша тексеру, 3 данада жиынтық тізілім қалыптастыру, біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге КҚПД-ға жолданады (қағаз тасымалдағышта). |
КҚПБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚПБ-дан келіп түскен кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабында тіркеу |
Жиынтық тізілімге енгізілген формулярларды, оның ішінде қағаз тасымалдағышта толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру. |
4 |
Тізілім |
Жиынтық тізілім |
Кіріс тіркеу нөмірі |
Жиынтық тізілімді өз қолымен растау |
5 |
2 күн |
5 жұмыс күн |
1 жұмыс күн |
6 жұмыс күн |
Кестенің жалғасы
1 |
8 |
9 |
10 |
11 |
2 |
КҚПД |
«АӨО» РМК |
КҚПД |
КҚПД |
3 |
Аудандық тізілімдері бар жиынтық тізілімнің бірінші данасын номенклатуралық іске тігу, екінші дананы аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге «АӨО» РМК-ға жіберу |
Құжаттар дайындау, оларды формулярлармен, дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің данасымен бірге КҚПД-ға жіберу |
Дайындалған құжаттардың тізілімдерін тіркеу, тізілімді жіберуге қалыптастыру |
Дайындалған құжаттардың тізілімдерімен, дайын құжаттармен, формулярлармен бірге тізілімді және қағаз тасымалдағышта ресімделгендер үшін жиынтық тізілімің данасымен аудандықтармен бірге КҚПБ-ға жөнелтуге жіберу. |
4 |
Ілеспе хат |
Дайын құжаттар |
Жөнелтуге тізілім |
тізілімді КҚПБ-ға жөнелтуге жіберу |
5 |
1 жұмыс күн |
7 жұмыс күн |
2 жұмыс күн |
2 жұмыс күн |
Кестенің жалғасы
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері |
|||||
1 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
2 |
КҚПБ |
КҚПБ |
ҚАІІБ |
ҚАІІБ |
МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ |
3 |
Келіп түскен тізілімдерді тіркеу және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге беру. |
Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен және ҚАІІБ тізімінің данасымен бірге ҚАІІБ-ге жіберу |
Мемлекеттік корпорациясында ресімделген дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен бірге Мемлекеттік корпорацияға жіберу. |
Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру |
Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру |
4 |
Ілеспе хат |
Ілеспе тізілім |
Ілеспе тізілім |
Іліеспе тізілім |
|
5 |
Келіп түскен күні |
1 жұмыс күн |
1 жұмыс күн |
10 минут |
10 минут |
«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік
қызметінің регламентіне 3-қосымша
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы
рр