ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің 19.01.2021 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 20.04.2020 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
11 ақпан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
18 ақпан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
27 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген |
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 20.04.2020 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды.
2-тарау. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібі
2. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, е-лицензиялау www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және мынадай құжаттар ұсынады:
1) көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі - КҚК) конструкциясын бекіту үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) B (U) типті, С типті КҚК конструкциясын бекіту және уран гексафториді үшін:
физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;
инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы;
жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
КҚК-ны пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
егер КҚК 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;
егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет төсеудің кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;
КҚК құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;
КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;
3) B (М) типті КҚК конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың
2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;
4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында КҚК конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
басқа елдің уәкілетті органы бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;
КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді портал арқылы берген жағдайда, өтінімге жоғарыда көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосышаға сәйкес "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, ал көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрінеді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде немесе қолданылу мерзімі өтіп өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындау үшін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының өтінімді тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтінім берушінің "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде КҚК конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімді дайындайды немесе көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады.
ҚҚК конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешім көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен ресімделеді.
КҚК конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы көрсетілетін қызметті берушінің тиісті бұйрығының көшірмесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда (не оның өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша) жүзеге асырылады.
ҚҚК конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тиісті бұйрықтың көшірмесін беру туралы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші жүгінген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің ҚҚК конструкциясын бекіту туралы шешімі 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімі сертификат-рұқсаттың түпнұсқасында көрсетілген мерзімде қолданылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
10. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өтінім
Сізден 20__ жылғы "___" ________ дейінгі мерзімге ____________ (толық атауы)
көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітуді/ немесе
____________________________ (сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі) Қазақстан
Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттың күшін қолдануға рұқсат беруді сұраймын.
Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Телефон, факс, электрондық пошта
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
Жеке тұлға/Заңды тұлғаның басшысы ________________________________ ________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 2-қосымша |
"Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден жұмаға дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі - КҚК) конструкциясын бекіту үшін: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ______________________________;
2) ______________________________.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Телефон (бар болса) ___________
Алдым: __________________________________ 20__ жылғы "___" __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының қолы)
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
|