Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 наурызда № 13549 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ә. Исекешев

      11 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________Қ. Қасымов

      18 ақпан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      27 ақпан 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 51 бұйрығымен бекітілген

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.01.2021 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Осы Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды.

2-тарау. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібі

      2. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады:

      1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) B (U) типті, С типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту және уран гексафториді үшін:

      физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;

      инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы;

      жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;

      көліктік қаптама комплектілері пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;

      егер көліктік қаптама комплектілері 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;

      егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;

      көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет төсеудің кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;

      көліктік қаптама комплектілер құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;

      көліктік қаптама комплектілерінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;

      3) B (М) типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:

      тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;

      көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;

      тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;

      4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптама комплектілер конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілер конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;

      көліктік қаптама комплектілерін тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларыннысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосышаға сәйкес "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындау үшін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасына және (немесе) мәліметтерге сәйкес келмейтін талаптарды көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Егер хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді талаптарға сәйкес келтірмесе, Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 12 (он екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Көрсетілетін қызметті алушының өтінімді тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтінім берушінің "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімді осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды немесе Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы немесе әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы;

      2) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданудан бас тарту туралы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы шешімі 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімі сертификат-рұқсаттың түпнұсқасында көрсетілген мерзімде қолданылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тармақты алып тастау көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 6) тармақшасына сәйкес сотқа шағымданады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымшаны алып тастау көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Кімнен _____________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
  (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауы)

Өтінім

      Сізден ___________________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекітуді сұраймын.

      Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы

      ____________________________________________________________________________

      Телефон, факс, электрондық пошта

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ___________________________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________________________

      Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________



      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымшаны алып тастау көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
  Кімнен _____________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауы)

Өтінім

      Сізден 20__ жылғы "___" ________ дейінгі мерзімге ____________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын ____________________________ (сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі) Қазақстан Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттың күшін қолдануға рұқсат беруді сұраймын.

      Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы

      ___________________________________________________________________________

      Телефон, факс, электрондық пошта

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ___________________________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________________________

      Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________



      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
3-қосымша

"Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден жұмаға дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін:
өтінім;
2) B (U) типті, С типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын және уран гексафторидін бекіту үшін мынадай құжаттардың электрондық көшірмесі:
физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;
инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясының толық сипаттамасы;
жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
көліктік қаптама комплектілерін пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
егер көліктік қаптама комплектілерінің 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін максималды қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, іріктеуге жоспарланған сынамалардың және ұсынылатын сынақтардың толық сипаттамасы;
егер болжамды радиоактивті құрам сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың негіздемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, көліктік қаптама комплектілерден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарының сипаттамасы;
көліктік қаптама комплектілерінің құрастыруын сипаттайтын, өлшемі 21х30 сантиметрден артық емес қалпына келтіру үшін жарамды графикалық бейне;
көліктік қаптама комплектілерінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;
3) B (М) типті көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін осы тармақтың 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
көлік түріне қатысты кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет;
4) басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану үшін:
өтінім;
басқа елдің уәкілетті органы бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясына сертификат-рұқсаттың есепке алынған көшірмесі;
көліктік қаптама комплектілерінің тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы ұсынылады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген) бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөліміндегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде;
Порталда орналасқан;
2) Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөліміндегі "Көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-1-қосымшаны алып тастау көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын
бекіту қағидаларына
3-1-қосымша

      Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Хабарлама

      _____________________________________________________________ берілді
(Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      Осы арқылы

      __________________________________________________________________ ММ
(Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Сіздің [өтініш күні] № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды

      _____________________________________________________________________
(құрылымдық элементті көрсету)

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген) Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:

      1. ________________________________________________________________

      2. _________________________________________________________________

      3. _________________________________________________________________

      Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті одан әрі қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі.

      _________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы)

      ____________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20_ жылғы "_" ______ "__" сағат "__" мин.

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінімді одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту


Нөмірі: [РҚ нөмірі] Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтінім берген күн] № [Өтінім нөмірі], өтініміңізді қарап, __________________________________________________хабарлайды. [Бас тарту себебі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]



 

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

№ ____________________ от "___" ___________ 201__ года

Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан

Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы
[Бұйрық мәтіні қазақ тілінде]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-қосымша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  Көліктік қаптама
комплектілерінің
конструкцияларын бекіту
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)] МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)] МО реквизиттері орыс тілінде

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

№ ____________________ от "___" ___________ 201__ года

Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан

Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттар күшін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуын тарату туралы
"Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес ядролық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. ____________________________________________________________

Көліктік қаптама комплектінің аббревиатурасы, құзырлы органның тану белгiсi, радиоактивті ішіндегісі

Сертификат-рұқсаттың қолданылу мерзімі



2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Негіздеме: ______________________________________________________________

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]