Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 наурызда № 13516 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің ең төменгі әлеуметтік стандарты бекітілсін.
      2. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Д.Ж. Қаленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне (Е.Н. Иманғалиев) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                        Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 23 ақпандағы 
№ 166 бұйрығымен   
бекітілген       

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру» ең төмен әлеуметтік стандарт

      1. Ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлеген және бекіткен орталық мемлекеттік органның атауы:
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
      2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
      3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
      4) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 19 мамырдағы Заңы.
      3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында әлеуметтік құқықтар мен әлеуметтік кепілдікдерді іске асыру;
      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесіндегі қағидаларды айқындау.
      4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандарттарда қосымшасында көзделген.

«Техникалық және кәсіптік,  
орта білімнен кейінгі білім беру»
ең төмен әлеуметтік стандарттың
қосымшасы          

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру»
ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норма/нормативтің атауы

Норма/норматив реттелетін нормативтік құқықтық акт

Норма/норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаты

Норма/ нормативтің көлемі

1

2

3

4

5

1

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау кезіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының нормалары

Жыл сайынғы «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
Жыл сайынғы «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7690 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен және жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітіледі.

2

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 тіркелген) Ұйымдарды материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтаудың ең төмен талаптарының нормативтері

Білім алушылар, студенттер

класс-комплект

3

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып жатқан жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың киім-кешегі нормалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысы

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы
12 наурыздағы № 320 қаулысымен реттеледі

4

мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушыларға арналған стипендияның нормативі (мөлшері)

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
7 ақпандағы
№ 116 қаулысымен реттеледі.

5

мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру нормативтері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12894 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының күндізгі оқыту нысанында білім алушыларға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңінде, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарын бітірушілерге – жылына бір рет, 2 еселенген АЕК мөлшерінде

6

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету нормалары

«Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы;
Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы

Білім алушылар, студенттер


7

санитарлық-эпидемиологиялық талаптар нормалары

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиолгиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер


8

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін обасылардан шыққан балаларды жатақханада орындармен қамтамасыз ету жөніндегі нормалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызметінің стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 тіркелген)

Білім алушылар, студенттер