Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13468 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің 21.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. "Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 82 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10551 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 cәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2016 жылғы 17 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау тәртібін (бұдан әрi - аттестаттау) айқындайды.

      2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал (бұдан әрі - аттесталатын адам) біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындау тұрғысынан аттестаттаудан өтеді.

      Шетелдік адамдар (резидент еместер) осы Қағидаларға сәйкес жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.

      Аттестаттауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) лауазымдық міндеттеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қондырғыны тікелей басқару, ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіретін мамандарға;

      2) лауазымдық міндеттеріне ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау, ядролық қондырғыларды және ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету кіретін ядролық қондырғының персоналына;

      3) лауазымдық міндеттеріне радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау кіретін радиациялық, электрфизикалық қондырғының персоналына аттестаттау жүргізеді.

      Өзге персоналды атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар аттестаттайды.

      3. Персоналды аттестаттау мынадай түрлерге:

      1) бастапқы аттестаттауға;

      2) мерзімді аттестаттауға;

      3) кезектен тыс аттестаттауға бөлінеді.

      4. Бастапқы аттестаттау жұмыскер лауазымға тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі.

      Мерзімді аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі.

      Кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:

      1) атом энергиясын пайдалану объектілерінде тосын оқиғалар туындаған кезде олардың туындауына жол берген адамдарға қатысты;

      2) бұзушылыққа жол берген адамдарға қатысты - уәкілетті органның тексерулері нәтижесінде анықталған ядролық және (немесе) радиациялық және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу талаптары бұзылған жағдайда;

      3) атом энергиясын пайдалану саласында қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша тағайындалады.

      5. Кезектен тыс аттестаттауды тағайындау мерзімді аттестаттау жүргізу мерзімдерін өзгертпейді.

      6. Аттестаттауды өткізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрамы және ережесі бекітіледі.

      Комиссияның құрамына көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері басқармаларының басшылары енгізіледі.

      Аттестаттауды өткізу барысында ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ болады және кемінде бес адамды құрайды. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.

      Комиссияның отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды.

      7. Аттестаттау тестілеу және әңгімелесу арқылы өткізіледі.

      Әңгімелесу лауазымдық міндеттеріне радиациялық және (немесе) ядролық қауіпсіздікті бақылау кіретін персонал үшін жүргізіледі.

      8. Тест сұрақтарының тізбесін атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы әзірлейді және бекітеді және ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын білу, сондай-ақ еңбек міндеттерін атқару кезінде шешімдер қабылдау қабілетін айқындау мақсатындағы сұрақтарды қамтиды.

      Бекітілген тест сұрақтарының тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптары бөлігінде, сондай-ақ сұрақтарды орынсыз қалыптастыру анықталған жағдайда жүзеге асырылады.

      9. Аттестатталатын адамдардың санаттары және оларға тест сұрақтары жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне және жұмыста пайдаланылатын қондырғылардың, аспаптардың, материалдардың түрлеріне байланысты анықталады.

      Аттестатталатын адамдардың санаттары, сұрақтар саны, тест өтті деп тануға негіз болатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі, сондай-ақ тестілеу уақыты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал үшін тестілеу көрсеткішімен анықталады.

      10. Әңгімелесу барысында комиссия мүшелері аттестатталатын адамға ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын білуін тексеру, сондай-ақ жұмыста пайдаланылатын қондырғылардың, аспаптардың, материалдардың түрлеріне байланысты еңбек міндеттерін атқару кезінде шешімдер қабылдау қабілетін айқындау мақсатында сұрақтар қояды.

2-тарау. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізу тәртібі

      11. Аттестаттаудан өту үшін аттестатталатын адам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және көрсетілетін қызметті алушының қызметке тағайындау туралы бұйрығы мен лауазымдық нұсқаулығының көшірмесін немесе электрондық көшірмесін (бұдан әрі - құжаттар) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жолдайды.

      12. "Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      13. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге - қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      2) порталға - "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімді қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойған, одан әрі қараудан дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту еркін түрдегі нысанда өтініш берушіге жіберіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қарастырады, тестілеуден өту күні, уақыты және орны туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай негіздер бойынша:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылса мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбамен ЭЦҚ қол қойған, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту еркін түрдегі нысанда өтініш берушіге жіберіледі.

      Аттестаттау құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Тестілеу көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші ұсынған орында немесе көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық құрылымдық бөлімшелерінде, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік әдіспен өтеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттауға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

      Тестілеу уақытында көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлесуге, қандай да бір көмекші ақпараттық материалдарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдалануға жол берілмейді.

      Комиссияның хатшысы тестілеуден өту тәртібін бұзу фактісін анықтаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу тоқтатылады. Бұл бұзушылық фактісі бойынша комиссия хатшысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту тәртібінің бұзылғаны туралы акті рәсімдейді, және көрсетілетін қызметті алушыға тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.

      Тестілеуге бөлінген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

      Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейге тең немесе одан жоғары болса, онда көрсетілетін қызметті алушыға монитордағы компьютерлік бағдарлама "тесттен өтті" деген тестілеудің оң нәтижесі беріледі.

      Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейден төмен болса, онда монитордағы компьютерлік бағдарлама "тесттен өткен жоқ" деген тестілеудің теріс нәтижесі беріледі және көрсетілетін қызметті алушы әңгімелесуге жіберілмейді.

      Әңгімелесу сұрақ-жауап түрінде өткізіледі. Көрсетілетін қызметті алушыға 10 сұрақ қойылады.

      Егер аттестатталатын адам 7 және одан көп сұраққа жауа берсе әңгімелесуден өткен болып саналады.

      Егер аттестатталатын адам 6 және одан аз сұраққа жауап берсе әңгімелесуден өтпеген болып саналады.

      Аттестаттау нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

      Комиссияның шешімін комиссия хатшысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізу комиссиясы отырысының қорытындысы түрінде рәсімдейді.

      Комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдаған және (немесе) тестілеуден оң нәтиже алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған, атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) жіберіледі.

      Комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаған және (немесе) тестілеуден теріс нәтиже алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес туралы комиссия қорытындысы жіберіледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы аттеста ттаудан өтуге көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген мерзімде келмеген болса, онда аталған адам аттестаттаудың теріс нәтижесін алған болып саналады және комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдайды.

      Дәлелді себептер бойынша (науқастануы, іссапар, демалыс, оқу орындарында оқуы) көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген мерзімде аттестаттауға келмеген жағдайда және көрсетілетін қызметті алушының жұмыс беруші тарапынан туындаған дәлелді себеп және құжаттамалық растау туралы хабарлама жіберілген кезде мерзімді өткізу себебі болған мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасы негізінде көрсетілетін қызметті берушіге кезектен тыс аттестаттаудан өтуге өтініш жібереді.

      Туындаған дәлелді себеп туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге аттестаттауды өткізу мерзімі өтіп кеткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей еркін нысанда жібереді.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңіндегі мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне беріледі.

3-тарау. Аттестаттау нәтижелеріне шағымдану тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметті алушы тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерімен келіспеген жағдайда олардың нәтижелерін аттестаттау өткен күні осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы шағымдануға құқылы.

      20. Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже және оның құрамы (бұдан әрі - апелляциялық комиссия) бекітіледі.

      Апелляциялық комиссия комиссияның құрамына кірмейтін көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармалар басшыларынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және кемінде үш адамды құрайды.

      21. Тестілеу және әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтініштерді қарауды апелляциялық комиссия өтініштер түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      22. Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтініштерді қарастыру қорытындысы бойынша апелляциялық комиссия осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде рәсімделетін шешім шығарады, түпнұсқасы апелляцияны өткізген соң көрсетілетін қызметті алушыға, көшірмесі көрсетілетін қызметті берушіде сақталады.

      23. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      25. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      26. Шағымды "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті берушіге "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      27. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сотқа шағымдана алады.

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал үшін тестілеу көрсеткіштері

р/с

Аттестатталатын адамдардың санаттары

Сұрақтар саны

Тестілеу уақыты, мин

Шекті деңгей, %

Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін мамандар:

1.

Ядролық қондырғыны тікелей басқару

50

75

70

2.

Радиациялық және (немесе) электрофизикалық қондырғыны тікелей басқару

50

75

70

3.

Электрофизикалық қондырғыны тікелей басқару

50

75

70

4.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

50

75

70

5.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

50

75

70

6.

Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

50

75

70

Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін ядролық қондырғылардың персоналы:

7.

Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау

50

75

70

8.

Иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау

50

75

70

9.

Радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау

50

75

70

10.

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету

50

75

70

Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін радиациялық қондырғылардың персоналы:

11.

Медициналық гамма-терапиялық аппараттарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

12.

Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны өткізу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

13.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

14.

Уран кеніштерінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

15.

Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

16.

Спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

17.

Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

18.

Иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

19.

Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

20.

Медициналық гамма-терапиялық аппараттарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

21.

Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны өткізу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

22.

Спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

23.

Өзге иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

24.

Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды тасымалдау кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін электрофизикалық қондырғылардың персоналы

25.

Медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

26.

Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

27.

Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

28.

Иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

29.

Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

30.

Медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

31.

Радиациялық қауіпсіздікті бақылау, өзге иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың персоналы

32.

Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны жүргізу, медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

33.

Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

34.

Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау

50

75

70

35.

Иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

36.

Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

37.

Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны жүргізу, медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

38.

Радиациялық қауіпсіздікті бақылау, өзге иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау

50

75

70

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(атом энергиясын пайдалану
саласындағы уәкілетті
органның ведомство атауы)
____________________________
(мекенжайы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)
____________________________
(азаматтығы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(мекенжайы, телефоны,
электрондық поштасы)
____________________________
(лауазым атауы)
____________________________
(атом энергиясын пайдалану
саласында жүзеге асыратын
қызмет түрі)

Өтініш

      Мені атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналды бастапқы/мерзімді/кезектен тыс (керегін сызып қою) аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. ________________________________________________________;

      2. ________________________________________________________.

      Осы өтінішпен ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілікке тартылатыныма хабардармын.

      _______________________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша

"Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы комиссияның қорытындысы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті және құжаттарды қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

1) Көрсетілетін қызметті берушіге:
өтініш;
лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
жұмыскердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі;
2) Порталға жүгінген кезде:
өтініш;
лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;
жұмыскердің лауазымдық нұсқаулығының электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

9.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
www.gov.kz - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөлімі "Қызметтер" бөлімшесінде;
порталда оранласқан;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz - мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" бөлімінің "Қызметтер" бөлімшесінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[МО атауы (мемлекеттік тілде)]
МО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[МО атауы (орыс тілінде)]
МО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]

[МО атауы], Сіздің [Өтініш берген күн] № [Өтініш нөмірі], өтінішіңізді қарастырып,. ______________________________________ хабарлайды.
[Бас тарту себебі].

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)]


 

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Тестілеуден өту тәртібін бұзу туралы акт

      201 _ жылғы "____" __________ ____ сағат ______ минут.

      Мен, _____________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелген) бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларының 16-тармағын ______________________ бұзу фактісін

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      анықтадым.

      ________________________________________________________________________________

      (бұзушылықты қысқаша сипаттау)

      Актіні жасаған адамның қолы:______________________________________________________

      Актімен таныстым: _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізу комиссиясы отырысының № қорытындысы

      Нұр-Сұлтан қаласы 20___ жылғы "__"______

      Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды

      аттестаттаудан өткізу үшін қолданыстағы 20__ жылғы "__" __________ №___ бұйрық

      негізінде жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы құрамында:

      Kомиссия төрағасы:

      ___________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      Комиссия мүшелері:

      ___________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      Тестілеу нәтижесін қарастырып

      ШЕШТІ:

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

      біліктілігі мен кәсібі даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді/сәйкес келмейді.

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік

      Осы куәлік Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және

      энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Аттестаттау комиссиясының шешімімен

      біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді деп танылған

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

      _________________________________________________________________________ берілді.

      Куәлік: ____ жылдың "__" _______ дейін жарамды

      (мерзімі көрсетіледі)

      Тіркеу нөмірі: №_______________

      Берілген күні "__" _________20__ жыл

      Басшы (уәкiлеттi тұлға) ____________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))      (қолы)

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  Атом энергиясын пайдалану
саласында уәкілетті орган
ведомствосының басшылығына
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
(лауазымы)

Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтініш

      Сізден ________________________________________________ аттестаттау барысында

      (күні (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)

      жүргізілген тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарастыруды сұраймын, себебі

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы: _______________

      Өтініш берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________

  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

№ _______ Хаттама

      Нұр-Сұлтан қаласы                        20___ жылғы "___" ___________

      Апелляциялық комиссия құрамында:

      Комиссия төрағасы:________________________________            _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      Комиссия мүшелері: ____________________________                  _______

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны (мекеменің толық атауы)

      20___ жылғы "___" ____________________________ тестілеу немесе әңгімелесу

      (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)

      нәтижелерін қайта қарастырып

АНЫҚТАДЫ:

      дұрыс ________________________ жауап

      дұрыс емес___________________________

      жауап персоналдың осы санаты үшін шекті деңгей ___________________ құрайды.

АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тестілеуден немесе әңгімелесуден өту нәтижесі өзгеріссіз қалсын ("тесттен өткен жоқ" немесе "әңгімелесуден өткен жоқ")

      2. Тестілеуден немесе әңгімелесуден өту нәтижесі оң деп танылсын ("тесттен өтті" немесе "әңгімелесуден өтті")