«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38-2) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Заманауи педагогикалық технологиялар» жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім берубағдарламасы бекітілсін.
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы Т. Балықбаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2016 жылғы 16 ақпандағы
№ 152 бұйрығымен бекітілген
«Заманауи педагогикалық технологиялар» жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1. Кіріспе
1. «Заманауи педагогикалық технологиялар» біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларына арналған. Елбасы Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңғыруды қажет етіп отырған білім беру жүйесінің қазіргі жағдайына, ең алдымен білім беруде инновациялық технологияларды енгізу есебінен, оның күнделікті тәжірибемен неғұрлым тығыз байланыстарына ерекше назар аударуға шақырды. Бұл үрдіс студенттерге білім беретін, қажетті құзыреттіліктермен қамтамасыз ететін ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру мәселесінің өзектілігіне мән беруді күшейтеді.
2. ЖОО педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен құрылған.
3. «Қазақстан – 2050 қалыптасқан мемлекеттің Жаңа саяси бағыты» Стратегиясында сапалы және қазіргі заманға лайық білім беру жүйесін құру алдыңғы қатарлы мақсаттардың бірі ретінде көрсетілген. Педагогикалық білім беру еліміздің білім беру жүйесінің негізі болғандықтан және білім беру жүйесін жаңғыртудың табыстылығы педагогтардың кәсібилігі мен жауапкершілігімен анықталатындықтан педагог рөліне айрықша мән беріледі.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарлама мақсаты оқытудың және білім берудің қазіргі заманғы технологиясы саласында еліміздің жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Жоғары оқу орындары (әрі қарай - ЖОО) педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру.
5. Бағдарлама мақсатына жетудегі міндеттер:
1) білім берудегі кәсіби қызметті жобалау және модельдеу, ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ақпараттар легін басқару қабілеттерін жетілдіру;
2) осы Бағдарламаның оқытылған модульдері шеңберінде негізгі сұрақтар мен тұжырымдамаларды қолдану дағдыларын қалптастыру;
3) ЖОО-да инновациялық білім беру технологияларын пайдалану біліктерін қалыптастыру;
4) мәселелік ойлау білігін қалыптастыру, мәселелік сұрақтарды, жағдаяттарды құруды үйрету;
5) кәсіби әрекеттерді өзіндік талдауға, өзін-өзі бағалау білігін қалыптастыру;
6) оқ процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды (әрі қарай - АКТ) қолдану бойынша құзыреттіліктерін қалыптастыру.
3. Күтілетін нәтиже
6. Курс соңында тыңдаушылар:
1) біледі:
жоғары оқу орындарын дамыту және студенттердің оқу жетістіктері мен оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған нормативтік құжаттардың тұжырымдамалық негіздерін, көрнекті шет ел зерттеушілерінің түрлі теорияларының негізгі басымдықтарын;
студенттердің зияткерлік күштерін кеңейтуге жаңа көзқарас, оқу үдерістің жаңа тәсілдері, студенттердің сыни және шығармашылық ойлауын ынталандыру, студенттерді қиын мәселелерді түсінуге, шешуге үйретудің жаңа көзқарастарын;
жоғары мектеп педагогының кәсіби дамуын психологиялық педагогикалық қолдау бойынша әсемдік ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін;
2) қолданады:
ЖОО-дағы инновациялық технологияларды;
ЖОО-да білім беру процесін жаңартылған бағдарлама мазмұнына сәйкес жобалайды;
3) меңгереді:
ЖОО-дағы білім беру процесін ұйымдастыру, жүргізу және мониторингін талдау;
қазіргі ғылыми зерттеулер негізінде студенттердің жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру дағдыларын;
педагогикалық әрекеттерді қарқындату жағдайында қазіргі АКТ-технологияларын.
4. Бағдарлама мазмұны
7. Бағдарлама 5 модульден тұрады:
1) нормативті-құқықтық модуль;
2) психологиялық педагогикалық;
3) мазмұндық;
4) технологиялық;
5) вариативтік.
8. Нормативті-құқықтық модульде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасында ұлттық білім беру жүйесін құру мәселелері қарастырылады.
9. Психологиялық-педагогикалық модульде келесі тақырыптар зерделенеді:
1) ЖОО ұстаздарының кәсіби қызметінің әлеуметтік-психологиялық жақтары;
2) жоба технологиясы – XXI ғ. білім беру технологиясы;
3) ТӨЖ-ді ұйымдастыру формалары мен әдістер;
4) педагогтың тьюторлық рөлі. ТӨЖ сәттілігінің психологиялық жағдаяты. ТӨЖ-ді жекелікке бейімдеу;
5) студенттердің аналитикалық шығармашыл және креативті ойлауын дамыту;
6) сase-study әдісі – интербелсенді оқыту әдісі;
7) сase-study әдісін қолдану барысындағы ұстаздың рөлі.
10. Мазмұндық модулде төмендегідей мәселелер қарастырылады:
1) инновациялық білім беру технологиялары;
2) оқытудағы тұлғалық-бағдарлық тұрғы;
3) оқытудағы саралау тұрғысының теориялық негіздері;
4) сыни ойлауды дамыту мен проблемаға бағытталған жолдардың технологиялары;
5) студенттің сыни және дивергентті ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен кейстерді құру ерекшеліктері;
6) эмоционалды интеллект анықтамасы;
7) қолданымдағы бағалау жүйелері: дәстүрлі (бес баллдық), тестілік, «портфолио», рейтингтік;
8) оқушылар жетістіктерін бағалаудың мақсаттары;
9) критериалды бағалаудың негіздері;
10) бағалау үдерісіндегі ұстаздың нәтижелерді талдауы.
10. Технологиялық модульде келесі мәселелер бойынша практикалық тапсырмалар орындалады:
1) электрондық оқу-әдістемелік материалдарды жасау;
2) қашықтықтан оқытудың жаңа формалары (скринкаст, подкаст, вебинар);
3) оқу үдерісін жоспарлау және басқару;
4) мультимедия технологиясын пайдаланып білім беру үдерісін үстемелі (интенсивті) ету;
5) FreemakeVideoConverter бағдарламасымен жұмыс. Білім алушының тақырыбы бойынша роликті іздеу, көшіру және жөндеу;
6) Оnlinе-дық іс-әрекеттерді (веб-конференциялар жүйесін) ұйымдастырудың заманауи технологиялары;
7) PowerPoint бағдарламасында кәсіби электронды курс құру;
8) iSpringSuite бағдарламасымен жұмыс;
9) білім алушының тақырыбы бойынша электронды курс.
11. Вариативті модульде тыңдаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келесідей тақырыптарды таңдау мүмкіндігі беріледі:
1) Тhomson reuters: Web of science желісінен импакт-фактор журналдарын табу жолдары»;
2) Public lecture «Professional Continuing Development»;
3) ҚР ЖОО-дағы гендерлік білім беру мәселелері.
Курс тыңдаушыларының қажеттіліктеріне сәйкес вариативті модуль көлемі 2-4 сағаттық дейін өзгеруі мүмкін.
5. Білім беру процесін ұйымдастыру
12. Білім беру процесі Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 240-сағаттық оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады.
13. Білім беру процесін ұйымдастыруда тыңдаушылардың білімдерін бағалау мен бақылау мақсатында өзіндік жұмыс, жоба жұмысы, шағын-сабақты (шағын-шаралар) презентациялау және қорытынды тестілеу өткзіледі.
14. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарының тапсырмалары:
1) Learning through experience (Тәжірибе арқылы оқыту) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
2) Experiential learning cycles (Эксперименттік оқыту циклі) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
3) Action learning (Іс-әрекет арқылы оқыту (тренингтер) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
4) Communities of practice (Тақырыптық бірлестік) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
5) Learning from reflective action (Рефлексия арқылы оқыту) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
6) Critical reflection (Сыни рефлексия) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
7) Transformative learning (Трансформативті оқыту) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
8) Learning mediated by context (Контекст арқылы оқыту) өіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
9) Work place expectations («жұмыс орнынан» күту) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз;
10) Socialisation (Әлеуметтену) өзіңіздің бір пәніңіз бойынша оқыту тәжірибеңізді талдаңыз.
11) «Студенттердің қабілеттерін дамыту, жетілдіру және жүзеге асырудың стратегиялық мақсаттары» тақырыбы бойынша зияткерлік карта жасаңыз;
12) белгілі бір пән бойынша студенттің бойында қалыптасатын құзыреттілікке мысал көрсету;
13) ұсынылған құзыреттілікке SMART-мақсат құру;
14) ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқу үдерсісінде қалай қолданасыздар? Жауапты эссе түрінда жазыныздар.
6. Білім беру процесін жүзеге асыру формалары мен әдістері
15. Білім беру процесі оқытудың интерактивті әдістері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, тренингтер, жоба әдісі, сase-study, бейнефильмдерді талқылау, мәселені бірлесіп талқылау.
16. Ересектер аудиториясының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту барысында тыңдаушыларға қисынды қорытындылар жасауға, мазмұнды өз практикасына бейімдеуге және алған біліктерін аудиториялық практикалық сабақтар және аудиториядан тыс өзіндік жұмыс жағдайында сыннан өткізуге мүмкіндік беріледі.
17. Білім беру процесінде он-лайн оқыту, тренингтер және мастер-класс форматында өткізілетін аудиториялық сабақтар және өзіндік жұмыстарды жүргізуден тұрады. Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағытталуы қазіргі білімдік технологиялар және интербелсенді оқыту формаларын: кері байланыс; мәселелерді, күрделі сұрақтарды талқылау және пікірталас; шеберлік-сынып; «дөңгелек үстел», жеке портфолио және рефлексивті аналитикалық есептерді қорғау арқылы қол жеткізетін әрекеттік амалды білдіреді.
7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері
18. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес, кіріс және қорытынды бақылаудың тест тапсырмаларын кіріктіретін бағалау критерийлері мен Бағдарламаны меңгеру өлшемдері жасалады.
19. Өзіндік жұмысты жүргізу үшін келесі критерийлер айқындалады:
1) жүзеге жеткіліксіз асырылған – 2 балл;
2) ішінара жүзеге асырылған – 3 балл;
3) толық емес жүзеге асырылған – 4 балл;
3) толық жүзеге асырылған – 5 балл.
20. Білімді меңгеру деңгейін анықтауға келесідей өлшемдер қолданылады:
1) оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруі;
2) практикалық тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімді пайдалануы;
3) материалдың практикалық мәнділігі;
4) мәселені баяндауының негізделуі, толықтығы, анықтығы;
5) талаптарға сәйкес рәсімделуі.
21. Өзіндік жұмысты бағалаудың максималды балы – 40 балл. Өзіндік жұмыс нәтижелерін өңдеу келесі түрде іске асады:
1) «5» (үздік) бағасы – 34-40 балл, 85%-100%;
2) «4» (жақсы) бағасы – 28-33 балл, 71-84%;
3) «3» (қанағаттанарлық) бағасы – 20-27 балл, 50-70%;
4) «2» (қанағатанғысыз) бағасы – 19 балл және одан төмен жинағандарға сәйкес келеді, 49%.
22. Жоба жұмыстарын (портфолио жасау) өткізуде төмендегідей критерийлер және өлшемдер айқындалған:
1) оқытудың нәтижесі нақты, қолжетімді, және студентті оқыту деңгейіне сәйкес;
2) дәріс материалын мәселелік тұрғыдан жеткізу, зертханалық семинар және практикалық сабақтарда студенттердің зерттеушілік қызметін ұйымдастыру іскерлігі, сондай-ақ студенттің мәселелік жағдаятты өзіндік зерттеуі және шешуіне ықпалы көрсетілген;
3) интербелсенді әдістер және оларды пәндік оқыту саласында қолдану туралы нақты түсінігі көрсетілген;
4) пәндік салада құзыреттілікке қол жеткізуге мақсатталған жобалық тапсырмаларды құру және енгізу іскерлігі көрсетілген;
5) пәндік салада құзыреттілікке қол жеткізуге мақсатталған кейсті құру және оны оқу курсына енгізу іскерлігі көрсетілген;
6) мәселелік оқыту, жобалық оқыту, кейс технологияларын кешенді түрде қолдану арқылы БӨЖ ұйымдастыру әдістемесіне жүйелі өзгеріс енгізілген;
7) оқыту нәтижесін бағалау критериилері мен көрсеткіштері нақты құрылған және студент жетістігін толық дәлелмен қамтамасыз етеді;
8) оқыту тәсіліне айтарлықтай өзгеріс енгізілген, рефлексия нақты және кешенді жүргізілген;
9) оқыту үрдісінде жүзеге асыруға болатын нақты әрекет жоспары көрсетілген.
23. Портфолио бағалаудың максималды балы – 20 балл. Нәтижелерін өңдеу келесі түрде іске асады:
1) «5» (үздік) бағасы – 18-20 балл, 85%-100%;
2) «4» (жақсы) бағасы – 15-17 балл, 71-84%;
3) «3» (қанағаттанарлық) бағасы – 12-14 балл, 50-70%;
4) «2» (қанағатанғысыз) бағасы – 11 балл және одан төмен жинағандарға сәйкес келеді, 49%.
24. Курс тыңдаушылары шағын-сабақты (шағын-шараны) презентациялау кезінде сабақтың, шараның түрлі кезеңдерін жоспарлау және білім мазмұнын жаңартуды есепке алып оқыту бойынша үзінді көрсетеді.
25. Курс тыңдаушылары шағын-сабақтарды презентациялауы үшін келесідей критерийлер анықталған:
1) 3 – төменгі деңгей;
2) 4 – орташа деңгей;
3) 5 – жоғары деңгей.
26. Шағын іс-шараны презентациялау кезінде білімді меңгеру деңгейін бағалауға төмендегі өлшемдер алынған:
1) ақпаратты түсінікті жеткізуі;
2) нұсқауды анық және дәл беруі;
3) қатысушылардың түсінгендерін анықтай алуы;
4) аудиторияның қызығушылығын тұрақты ұстауы;
5) ұйымдастырылған шараның уақытын тиімді басқара алуы;
6) кері байланыстың нәтижелігі;
7) өзара сыйластық, ынтымақтастық және қолдау климатын жасауы;
8) шараның мақсатын қоюы және күтілетін нәтижені белгілеуі;
9) шараны ұйымдастыруда белсенді стратегиялары мен жаттығуларын ретімен және нәтижелі қолдануы;
10) қатысушылардың сұрақтарына жауап беруі, мәселелер мен келіспеушіліктердің шешімін табуы;
11) ашық сұрақтарды қолдануы;
12) талқылауды/тапсырмаларды орындауды нәтижелі аяқтауы және оқытудың кезеңдері арасында байланыс орнатуы;
13) ойлануға және өзін-өзі бағалауға жеткілікті уақыт береді.
27. Жұмысты қорғаудың жиынтық ұпайын дәстүрлі бағалау жүйесіне ауыстырғанда жұмыс нәтижелерін өңдеу келесі түрде іске асады:
1) «5» (үздік) бағасы – 85%-100%;
2) «4» (жақсы) бағасы – 71-84%;
3) «3» (қанағаттанарлық) бағасы – 50-70%.
8. Ұсынылатын әдебиеттер
28. Аудиториялық сабақтарда және аудиториядан тыс уақытта өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру үшін төмендегідей әдебиеттер ұсынылады:
1) «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жылғы 17 қаңтар;
2) «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Мемлекет басшысы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жылғы 11 қараша;
3) "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ, 2012 жылғы 14 желтоқсан;
4) «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
5) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
9) European Higher Education Area: Joint statement by the European Ministers of Education in Bologna, June 19, 1999;
10) The Bologna Process 2020 - The space of European higher education in the new decade Communiquе of the Conference of European Ministers responsible for Higher Education, Leuven / Louvain-la-Neuve, 28-29 April 2009;
11) Mobility for better learning mobility strategy EHEA 2020;
12) Alan Ginsburg, Steven Lienwand, Terry Anstrom, and Elizabeth Pollock, What the United States Can Learn From;
13) Anderson, L.W. and Krathwohl, D.R.(2001) A Taxonomy for Learning, Teaching, and Assessing, A Revision of Bloom’s Taxonomy of Educational Objectives New York: Longman;
14) Baehr, M. Distinctions between assessment and evaluation. Faculty Guidebook. Pacific Crest, pp. 441-444;
15) Berry, R. (2006). "Will the iPod kill the Radio Star? Profiling Podcasting as Radio". Convergence: the International Journal of Research into New Media Technologies 12 (2): 143–162. doi:10.1177/1354856506066522;
16) Biggs, J., & Tang, C. (2011). Teaching for Quality Learning at University, 4th edition Berkshire: Open University Press;
17) Bloom, B. (1964). Taxonomy of Educational Objectives: the classification of educational goals. Longman;
18) Braun, Linda (2007). Listen up! Podcasting for Schools and Libraries. Medford, New Jersey: Information Today, Inc. ISBN 978-1-57387-304-8;
19) Crompton, P. (1996). Evaluation: A practical guide to methods. LTDI: Implementing Learning Technology. Edinburgh: Heriot-Watt University, pp. 66-73;
20) Competency Framework FOR TEACHERS SCIS NO.1192142 ISBN 0 7307 40927. ©Department of Education and Training 2004;
21) "Definition of ScreenCam". PC Magazine: Encyclopedia. Ziff Davis. 2010-05-09. Retrieved 2010-12-30;
22) Haggis, T (2003) Constructing images of ourselves? A critical investigation into ‘Approaches to Learning’ Research in Higher Education, British Educational Research Journal, 29 (1) pp 89-104;
23) Hirsch Jr., Eric (1999). The Schools We Need: And Why We Do not Have Them. New York: Anchor. ISBN 0-385-49524-2;
24) Hinett, K. Improving learning through reflection, part one. The Higher Education Academy;
25) "Goswami U (1991) Put to the Test: The Effects of External Testing on Teachers. Educational Researcher 20: 8-11";
26) Kahn, P. and Walsh, L. (2006) Developing Your Teaching London: Routledge;
27) Kaplan, R.M., & Saccuzzo, D.P. (2009) Psychological Testing. Belmont, CA: Wadsworth;
28) Knight, P & Yorke, M, (2004), Self-theories: some implications for teaching and learning in higher education, Studies in Higher Education, 29 (1) pp 25-37;
29) Krathwohl, D.R. (2002). A Revision of Bloom’s taxonomy: An Overview. Theory into Practice, 41.4. Ohio State University: College of Education, pp. 212-218;
30) Lucy Steiner. Lessons from Singapore. Using Competency-Based Evaluation to Drive Teacher Excellence. © Public Impact, Chapel Hill, NC. 2010;
31) McCracken, Harry (1994-05-09). "Lotus' ScreenCam is Easy Multimedia". InfoWorld (InfoWorld Media Group) 16 (19): 121. ISSN 0199-6649. Retrieved 2010-12-28;
32) Meyer, P.J. (2003). Attitude Is Everything: If You Want to Succeed. Meyer Resource Group, Incorporated;
33) Mortiboys, A. (2002) The Emotionally Intelligent Lecturer Birmingham: SEDA;
34) Mortiboys, A. (2011) Teaching with Emotional Intelligence 2nd edition London: Routledge;
35) Notess, Greg (2006). Teaching Web Search Skills. Medford, New Jersey: Information Today. ISBN 978-1-57387-267-6;
36) North Central Regional Educational Laboratory, NCREL;
37) "Podcast Production". President and Fellows of Harvard College. Retrieved 2009-08-21. "episodes of a particular podcast";
38) Phelps, Richard (2005). Defending standardized testing. London: Psychology Press. ISBN 0-8058-4912-2;
39) Podcasting Community Faces Patent Troll Threat; EFF Wants to Help". Electronic Frontier Foundation. Retrieved 2012-02-28. "Personal Audio is claiming that it owns a patent that covers podcasting technology";
40) Quiz: How much do you know about China and Turkey? CNN, 2010;
41) Race, P. (2002). Using feedback to help students to learn. The Higher Education Academy;
42) Ramsden P. (2003) Learning to Teach in Higher Education 2nd edition London: RoutledgeFalmer;
43) Randi Weingarten, “A New Path Forward: Four Approaches to Quality Teaching and Better Schools” Washington, DC: Speech to National Press Club, January);
44) Singapore’s World-Class Mathematics System and What Singapore Can Learn from the United States Washington, DC: American Institutes for Research,-A);
45) Shiao, Dennis (17 March 2011). "From Association Meetings to Corporate Events, Video is everywhere". INXPO. Retrieved 8 June 2013;
46) Stassen, M., Doherty, K., & Poe, M. (2001). PROGRAM-Based Review and Assessment. University of Massachusetts Amhers;
47) Thissen, D., & Wainer, H. (2001). Test Scoring. Mahwah, NJ: Erlbaum. Page 1, sentence 1;
48) The Kirkpatrick Model of Training Evaluation. Adapted from Kirkpatrick, D.L. (1998). Evaluating Training Programs: The Four Levels. San Francisco, CA: Berrett-Koehler Publishers;
49) Weingarten, Liam Goldrick, Getting the Balance Right: Federal Policy on Effective teaching (Santa Cruz, CA: The New Teacher Center);
50) Udell, Jon (2004-11-15). "Jon Udell: Name that genre". InfoWorld. Archived from the original on 2009-07-10. Retrieved 2008-06-12;
51) Udell, Jon (2004-11-17). "Jon Udell: Name that genre: screencast". InfoWorld. Archived from the original on 2009-07-10. Retrieved 2008-06-12;
52) Абрамова И.А., Мизина Н.А., Пыхова О., Хромова О., Небытова М.А. Тренинги на все случаи бизнеса. - СПб: Издательство «Речь», 2008;
53) Авидон И., Гончукова О. Сто разминок, которые украсят ваш тренинг. - СПб: Издательство «Речь», 2010;
54) Авидон И., Гончукова О. Тренинги формирования команды. Материалы для подготовки и проведения. - СПб: Издательство «Речь», 2008;
55) Агрунова Т.Г. Организация самостоятельной работы студентов средних специальных учебных заведений. – М.: НПЦ «Профессионал». Ф., 2003;
56) Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников: Экспериментально-педагогическое исследование. – М.: Педагогика, 1984. – 296 с.;
57) Астахова Е. В. Методика организации и проведения семинарского занятия по проблемам гуманитарного цикла / Е. В. Астахова– Харьков, 2000. – 152 с.;
58) Балакаева Г.Т., Джантемирова Д.С., Зейнолла С.Ж. Особенности использования формативного оценивания в вузе. Методические рекомендации, Алматы, 2015 г. – 52 с.;
59) Балыкина Е.Н. Технологии становления профессиональной компетентности будущего педагога (на примере проектного обучения) / Альманах института гуманитарных проблем, Днепропетровск: Национальний гірничий університет, 2006;
60) Белегова, Ә. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың моделі// Ізденіс-2008. - №2.- 234-236 б.;
61) Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989. – 193 с.;
62) Бордовская Н.В. Педагогика: учебник для вузов / Н.В. Бордовская, А.А. Реан. – СПб: Питер, 2000 – 304 с.;
63) Борисова Н.В., Кузов В.Б. Технологизация проектирования и методического обеспечения компетентностно-ориентированных учебных программ дисциплин/модулей, практик в составе ООП ВПО нового поколения: методические рекомендации для организаторов проектных работ и профессорско-преподавательских коллективов вузов. – М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2010;
64) Глоссарий современного образования / [сост.: Астахова В. И. и др.]; под общ. ред. Е. Ю. Усик; Нар. Укр. акад.– Харьков: Изд-во НУА, 2007. – 527с.;
65) Джуринский А.Н. Развитие образования в современном мире: Учеб.пособие. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999. – 200 с.;
66) Жұмашева С.С. Спорттық педагогтың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін дамытуда шетел тәжірибелерін пайдалану мүмкіндіктері // Білім-Образование. - 2010.- № 3(51).- 27-31 б.;
67) Загвязинский В.И. Теория обучения: Современная интерпретация. – М.: «Академия», 2001. – 192 с.;
68) Зимняя И.А. Педагогическая психология. – М.: Логос, 2001. – 384с.;
69) Казакова А.Г. Организация самостоятельной работы студентов. – М., 1995;
70) Қазақбаева Д. М. Құзыреттілік тәсіл – нәтижеге бағдарланған білім беру негізі // Менеджмент в образовании. - 2009.- № 4.- 64-70 б.;
71) Калыбекова А. Формирование профессиональной компетенции будущего учителя в вузе // Высшая школа Казахстана. - 2009.- №1.- С.72-75;
72) Қасымбекова Г. Кредиттік оқыту жүйесінде оқытушы мен студенттің тұлғааралық қатынасында оқытушының кәсіби құзыреттілігі// Қазақстан жоғары мектебі.- 2010.- № 4.- 36-40 б.;
73) Каримов А.Н. Педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытуда жобалау қызметінің орны. // ҚазҰУ хабаршысы. Химиялық сериясы - 2012. - №1 (65) - Б. 69-72;
74) Качества знаний учащихся и пути его совершенствования / Под ред. М.Н. Скаткина, В.В. Краевского. – М.: Педагогика, 1978. – 208 с.;
75) Келейникова В.А., Романова Е.В. «К вопросу реализации ИТ-образования в рамках Smart Education» // Прикладная информатика. Москва. № 1 (49) 2014;
76) Кипнис М. Тренинг коммуникации. М.: «Ось-89», 2007;
77) Клюева Н.В. Лидер и его команда. Практика работы тренеров и консультантов в организациях. - СПб: Издательство «Речь», 2008;
78) Компетентностный подход. Инновационные методы и технологии обучения: учебно-методическое пособие/сост. Н.В.Соловова, С.В. Николаева. – Самара: «Универс групп», 2009;
79) Копошина Т.Ю., Трусь А.А. Арт-терапевтические техники в тренинге. - СПб: Издательство «Речь», 2010;
80) Кравченко А.И «Основы социологии» - Москва: Академический проект, 2002;
81) Леванова Е.А., Волошина А.Г., Плешаков В.А., Соболева А.Е, Телегина И.О. Игра в тренинге. Возможности игрового взаимодействия. - СПб: Издательство «ПИТЕР», 2008;
82) Левитас Д.Г. Практика обучения: современные образовательные технологии. – М.: «Институт практической технологии», Воронеж: НПО «Модек», 1998. – 228 с.;
83) Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. – М.: Юрайт. 1999. – 523 с.;
84) Макшанов С.И. Психология тренинга: Теория. Методология. Практика: Монография. - СПб: «Образование», 1997;
85) Маслоу А. Мотивация и личность / А. Маслоу; пер. с англ. А.М. Талыбаевой; вступ. ст. Н.Н. Чубарь – СПб: Евразия, 2001. – 478 с.;
86) Методические рекомендации по проектированию оценочных средств для реализации многоуровневых образовательных программ ВПО при компетентностном подходе / В.А. Богословский, Е.В. Караваева, Е.Н. Ковтун, О.П. Мелехова, С.Е. Родионова, В.А. Тарлыков, А.А. Шехонин. – М.: Изд-во МГУ, 2007;
87) Методические рекомендации по разработке и реализации на основе деятельностно-компетентностного подхода образовательных программ ВПО, ориентированных на ФГОС третьего поколения /Т.П. Афанасьева, Е.Н.Караваева, А.Ш. Канукоева, В.С. Лазарев, Т.В. Немова. – М.: Изд-во МГУ, 2007;
88) Методы активного социально-психологического обучения: методические рекомендации. – Н.Новгород, ННГАСУ, 2009;
89) Методы активного социально-психологического обучения: учебно-методическое пособие/ сост. В.А. Штро. – Воронеж, 2003;
90) Митрофанова М., Бука Т. Психологический тренинг в группе: игры и упражнения. – М.: «Захаров», 2007;
91) Мукашева А.Б. Эмоциональная культура преподавателя как показатель профессиональной компетентности// Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. - 2008.- №4(27).- С.48 – 54;
92) Мурзагалиева А.Г., Гумарова Ш.Б. Профессиональная компетентность преподавателя вуза в условиях повышения требований к качеству высшего образования// "Компетентностно-ориентированная система оценки знаний": материалы 44-ой науч.-метод.конф. 17-18 янв. 2014 г.- Алматы, 2014. - Кн. 1.- С. 201-203;
93) Мұсалы Л. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және сапа менеджменті қағидалары // Зерттеу университетінің білім беру қызметі: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамының XLI ғылыми-әдістемелік конф. материалдары, 11 қаңтар 2011 ж.- Алматы, 2011.- 174-176 б.;
94) Нуржанова А.А. Компетенция и компетентность как цель системы подготовки специалистов в системе казахстанского университетского образования // Білім-Образование. - 2009.- №5(47).- С.87-91;
95) Омарова Г.Ә., Омарова Д.Б. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру // Білім-Образование.- 2009.- №6(48).- 31-33 б.;
96) Оспанов С.И. Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің ойлау белсенділігін көтеру әдіснамасы. Жоғары оқу орындарына арналған әдістемелік оқу құралы. / С.И. Оспанов. – Алматы: «Полиграфия-сервис К0», 2012. – С. 62-66;
97) Парабеллум А., Мрочковский Н., Толкачев А. 11 лучших тренингов по личностному росту. - СПб: Издательство «ПИТЕР», 2012;
98) Программа повышения квалификации преподавателей педагогических специальностей вузов Республики Казахстан – Алматы: РИПК СО РК, 2013г.-42 с.;
99) Педагогика: педагогические теории, системы, технологии. – М.: «Академия», 1999. - 512 с.;
100) Переход российских вузов на уровневую систему подготовки кадров в соответствии с федеральными государственными образовательными стандартами: нормативно-методические аспекты / В.А. Богословский, Е.В. Караваева, Е.Н. Ковтун и др. – М.: Университетская книга, 2010;
101) Подласый И.П. Педагогика: Новый курс: Кн. 1. – М.: Владос, 2001. – 576 с.;
102) Пономарева Е.Н. Инновационно-креативная компетентность в структуре профессиональной деятельности преподавателя // Высшее образование сегодня. - 2010.- № 2.- С. 42-47;
103) Рекомендации по использованию инновационных образовательных технологий в учебном процессе. Составитель к.и.н. Сафонова Е. И., отв. редактор д-р экон.наук, проф. В.В. Минаев, Российский государственный гуманитарный университет, М., 2011;
104) Роббинз С.П., Хансейкер Ф.Л. Тренинг делового общения для менеджеров. Руководство по управлению кадрами. – М.: ООО «И.Д.Вильямс», 2007;
105) Розенберг Н.М. Проблемы измерений в дидактике. – Киев: «Вища школа», 1979. – 176с.;
106) Салханова Ж.Х. Компетентность и компетенции. КазНУ им. аль-Фараби. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2013. - 174, [4] с.;
107) Сачкова Н.В. Диагностика исходного уровня сформированности профессиональной компетентности педагогов-психологов// Образование. - 2009.- №6(48).- С.75-79;
108) Сергеев И. С. Основы педагогической деятельности: учеб.пособие / И.С. Сергеев. – СПб: Питер, 2004. – 316 с.;
109) Сидоренко Е.В. Технологии создания тренинга. От замысла к результату. – СПб: Издательство «Речь», 2007. – 336 с.;
110) Скок Г. В. Как проанализировать собственную педагогическую деятельность: учеб.пособие для преподавателей / Г. В. Скок; отв. ред. Ю.А. Кудрявцев. – М.: Рос.пед.агентство, 1998. – 102 с.;
111) Сладкова Н.В. Технологии формирования профессиональной компетентности преподавателя // Вопросы педагогики. - 2012.- № 2.- 61-64 б.;
112) Создание системы оценки качества знаний обучающихся. – Краснодар, 1994. – 142 с.;
113) Стрюков Г.А. Стандартизация уровня подготовки и оценивания знаний учащихся // Педагогика. – 1995. – №6. – с. 12-17;
114) Сухова Т.С. Контрольные и проверочные работы по биологии. 9-11 кл. – М.: Дрофа, 1999. – 128 с.;
115) Танеке Г. К. Изучение проблемы дидактической компетентности в педагогической науке // Высшая школа Казахстана. - 2012.- № 3.- С. 256-260;
116) Требования к знаниям и умениям школьников: Дидактико-методический анализ / Под ред. А.А. Кузнецова. – М.: Педагогика, 1987. – 176 с.;
117) Трущенко Е.Н. Основные направления орагнизации самостоятельной работы// Среднее профессиональное образование, 2007, № 10.
118) Фокин Ю. Г. Преподавание и воспитание в высшей школе: учеб.пособие / Ю. Г. Фокин. – М.: Академия, 2002. – 215 с.;
119) Фопель Клаус. Технология ведения тренинга. – М.: «Генезис», 2007;
120) Шайхеслямова К. Профессиональная компетентность будущего социального педагога как научно-педагогическая проблема/ К. Шайхеслямова, С Сарбасова // Ұлт тағылымы. - 2010.- №1.- С.144-148;
121) Шакирова И. Тренинг для персонала - СПб: Издательство «Речь», 2008;
122) Шарипов Ф.В. Профессиональная компетентность преподавателя вуза // Высшее образование сегодня. - 2010.- № 1.- С. 72-77;
123) Чошанов М.А. Школьная оценка: старые проблемы и новые перспективы // Педагогика. – 2000. – №10. – С. 95-102.
«Заманауи педагогикалық технологиялар»
жоғары оқу орындарының педагогикалық
мамандықтар оқытушыларының біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 1-қосымша
240 сағаттық курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ |
Сабақ тақырыбы |
Дәріс |
Диалог дәріс |
Таңдау дәрісі |
Дискуссия |
Тренинг |
Практикалық сабақ |
Конференция |
Дөңгөлек үстел |
Шебер-сынып |
Портфолио қорғау |
Барлығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Инвариант бөлігі |
||||||||||||
1. |
Нормативтік-құқықтық модуль |
2 |
2 |
|||||||||
1.1 |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ, «Нұрлы жол - болашаққа жол» жолдаулары. ҚР «Білім туралы» заңы. |
0,5 |
0,5 |
|||||||||
1.2 |
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығы 7 желтоқсан 2010 жыл № 1118 |
0,5 |
0,5 |
|||||||||
1.3 |
Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам». Жоғары білім беру жүйесінде жемқорлық құқық бұзушылық және діни экстремизмнің алдын алу. |
1 |
1 |
|||||||||
2. |
Психологиялық педагогикалық модуль(«Өзіндік даму, өзіндік жетілу, өзіндік жүйеге асыру технологиялары» модулі) |
4 |
11 |
4 |
19 |
|||||||
2.1 |
ТӨЖ мақсаты мен міндеттері. ТӨЖ-ді ұйымдастыру. ТӨЖ ұымдастыруда жеке тұлғаға бағытталған оқыту принциптерін есепке алу. ЖОО ұстаздарының кәсіби істерінің әлеуметтік-психологиялықжақтары. |
2 |
2 |
|||||||||
2.2 |
Жоба технологиясы – XXI ғ. білім беру технологиясы. Жобалық оқыту мақсаты. Өзіндік жұмысты жүзеге асыру барысындағы жобалық ұйымдастырушылық әдіс. Жобаларды топтау. Жобаны орындаудың негізгі кезеңдері. Жобалар әдісіне қойылатын талаптар. Жеке және топтық жобаларды жасау технологиясы. |
1 |
7 |
|||||||||
2.3 |
ТӨЖ-ді ұйымдастыру формалары мен әдістері. ТӨЖ тиімділігінің студенттердің оқу әрекеттеріндегі өзін-өзі реттеу деңгейінен тәуелділігі. ТӨЖ-дегі шығармашылықтың орны. Педагогтың тьюторлық рөлі. ТӨЖ сәттілігінің психологиялық жағдаяты. ТӨЖ-ді жекелікке бейімдеу. |
2 |
2 |
4 |
||||||||
2.4 |
Студенттердің аналитикалық шығармашыл және креативті ойлауын дамыту. Ассоциограмм әдісі (Mind Mapping). Кейс технологиясын пайдалану арқылы ТӨЖ-ді ұйымдастыру. Сase-study әдісі - интербелсенді оқыту әдісі. Кейс-әдіске біріктірілген әдістер. Кейс көлемі мен оны көрсету әдістері. Кейсті жасау үдерісі. Кейспен жұмыс істеу технологиясы. Сase-study әдісін қолдану ерекшеліктері. Сase-study әдісін қолдану барысындағы ұстаздың рөлі. |
3 |
2 |
5 |
||||||||
2.5 |
Курстық жоба, диссертациялық жұмыстар, портфолионы жазудың әдістемелік негіздері. |
1 |
1 |
|||||||||
3. |
Технологиялық модуль («Оқыту мен білім берудегі заманауи сандық технологиялар» модулі) |
1 |
14 |
4 |
19 |
|||||||
3.1 |
E-learning технологиялары. Электрондық оқу-әдістемелік материалдарды жасау. Power point бағдарламасымен жұмыс. Электронды оқулық деген не? Ғылыми және оқу мазмұны бойынша ақпараттарды интернет желісінде іздеу технологиялары. |
2 |
2 |
|||||||||
3.2 |
Қашықтан оқыту әдіснамасы. Қашықтан оқыту құралдары. Электрондық оқыту материалдары мен технологияларын ерекшелеудің стандарттары. Қашықтықтан оқытудың жаңа формалары (скринкаст, подкаст, вебинар). |
4 |
4 |
|||||||||
3.3 |
Оқу үдерісін жоспарлау және басқару. Мультимедия технологиясын пайдаланып білім беру үдерісін үстемелі (интенсивті) ету. Өз скринкасты қалай жазуға болады. HуperCam бағдарламасымен жұмыс. YouTube-тан роликтерді іздеу, көшіру және жөндеу. |
1 |
4 |
2 |
7 |
|||||||
3.4 |
Оnlinе-дық іс-әрекеттерді (веб-конференциялар жүйесін) ұйымдастырудың заманауи технологиялары. Интербелсенді оқытудың мультимедиялық технология құралдарын пайдаланатын оnline-лекциялар, вебинарлар. PowerPoint бағдарламасында кәсіби электронды курс құру. iSpringSuite бағдарламасымен жұмыс. Білім алушының тақырыбы бойынша электронды курс. Өз вебинарыңды қалай жүргізуге болады. Оnwebinar.ru сервисімен жұмыс. Академиялық презентацияларды қолдану |
4 |
2 |
6 |
||||||||
4. |
Мазмұндық модуль («Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи тәсілдер» модулі, «Білім беру нәтижелерін бағалау жүйелері» модулі) |
6 |
24 |
8 |
38 |
|||||||
4.1 |
Инновациялық білім беру технологиялары. Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиялары. Оқытудың инновациялық әдістерінің сыныптамасы. Қабілеттілік жолы, оқытудың нақтылы нәтижеге бағыттылығы. |
2 |
2 |
|||||||||
4.2 |
Оқытудың тұлғаға бағытталу тәсілі: оқушының қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес оқытудағы жекешелендіру мен жіктеу (дифференциациялау) ұстанымдары. Оқытудағы жекешелендіру әдісінің теориялық негіздері мен әдістемелік жақтары. |
4 |
2 |
6 |
||||||||
4.3 |
Сыни ойлауды дамыту мен проблемаға бағытталған жолдардың технологиялары. Сыни ойлауды дамыту технологиясы. Оқытушы мен оқушы әрекеттерінің жүйесі. Дивергентті және конвергентті ойлау анықтамасы. Студенттің шығармашылық әлеуеті мен дивергентті ойлаудың байланысы. Студенттің сыни және дивергентті ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен кейстерді құру ерекшеліктері. |
2 |
4 |
6 |
||||||||
4.4 |
Эмоционалды интеллект анықтамасы. Эмоционалды интеллект негізін құратын құзіреттіліктер. Эмоционалды интеллект деңгейлері. Еңбек нарығы талаптарына сәйкес студенттің эмоционалды интеллектісін дамыту қажеттілігі. ЖОО оқытушылары мен студенттерінің эмоционалды интеллектісін дамыту технологиялары. Студенттің эмоционалды интеллектісін дамытуға мақсатталған практикалық сабақтар үшін тапсырмалар құру ерекшеліктері. |
2 |
4 |
2 |
8 |
|||||||
4.5 |
Қолданымдағы бағалау жүйелері: дәстүрлі (бес баллдық, тестілік, «портфолио», рейтингтік. Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері. Оқушылар жетістіктерін бағалаудың мақсаттары. Бағалау мақсаттарын дұрыс қоюдың рөлі. SMART мақсаттарын қою әдісі. |
2 |
4 |
2 |
8 |
|||||||
4.6 |
Критериалды бағалаудың негіздері. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың ұстанымдары. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың түрлері: диагностикалық формативті және қысымдық Формативті бағалау техникасы. Оқушыны топ ішінде бағалау. «Портфолио»-ны бағалау. |
2 |
2 |
4 |
||||||||
4.7 |
Бағалау үдерісіндегі ұстаздың нәтижелерді талдауы. Оқушымен кері байланыстың мағынасы. Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау. Рефлексия. Суммативті бағалау. Білім алу нәтижелерін тіркеу. Кредиттік технологиямен оқытудағы бағаларды жинақтаушы жүйесін меңгеру. |
2 |
2 |
|||||||||
4.8 |
Оқытушының бағалау жүйесінің критерилерін жасауы. Қойылған мақсаттарға байланысты баллдарды жіктеу. Бағалау жүйесінің оқушының жас ерекшелігіне тәуелділігі. Бастауыш мектепте бағалаудың ерекшелігі. Жоғары мектептегі бағалау техникасы. Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытудың жолдарын нақтылау. |
2 |
2 |
|||||||||
5. |
Вариативті модуль |
2 |
||||||||||
Таңдау дәрісі: |
2 |
2 |
2 |
|||||||||
5.1 |
THOMSON REUTERS: Web of science желісінен импакт-фактор журналдарын табу жолдары» |
1 |
||||||||||
5.2 |
Public lecture «Professional Continuing Development» |
1 |
||||||||||
5.3 |
ҚР ЖОО-дағы гендерлік білім беру мәселелері |
|||||||||||
6. |
Қорытынды |
|||||||||||
6.1 |
Өзіндік жұмыс, оның ішінде портфолио дайындау және қорғау |
100 |
100 |
|||||||||
6.2 |
Он-лайн (қашықтан) |
60 |
||||||||||
БАРЛЫҒЫ |
240 |
«Заманауи педагогикалық технологиялар»
жоғары оқу орындарының педагогикалық
мамандықтар оқытушыларының біліктілігін
арттыру курстарының білім беру
бағдарламасына 2-қосымша
Кіріс және қорытынды бақылаудың тест тапсырмалары
Кіріс диагностикасы (20 балл):
1. Интерактивті білім беру технологиясында қолданылатын Case-study әдісінің басты ерекшелігі
a. Жетекшінің көмегімен студенттердің ортақ мәселені шешуі
b. Өмір жағдаятында кездесетін күрделі мәселені талдау, оның шешімін табу
c. Студенттердің білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін бағалау
d. Тақырыпта мақсат етілген мәселені шешуге материалдар жинау және жүйелеу
2. Педагог инновациясы дегеніміз -
a. Оқу үдерісінің жаңа моменттерін түсіну
b. Оқыту құралдарын пайдалану
c. Педагогикадағы жаңа технологияларды қолдану
d. Педагогикалық жүйе негізінде оқыту
3. Жоғары мектеп оқытушысының жаңа әдістемелік мәселелерге сәйкес білуі қажет нәрселер -
a. оқытушы мен оқушыға қажетті жеке мәселелер
b. оқытудың саяси мәселелері
c. оқытудың заманау технологиялары
d. болашақ ата-аналардың кәсіби дайындығы
4. Bебинар - бұл:
a. Тыңдаушылардың электронды курстарға тіркелу процессі
b. Интернет-технологиялардың негізінде ұйымдастырылған виртуалды семинар
c. Aшық жерде кең аудиторияға мастер-класс түрінде өткізілетін дәріс түрі
d. Электронды оқытудың видео материалдарын сақтауға арналған медиа ресурс
5. Case-study - бұл интерактивті білім беру технологияларының бір түрі, ол:
a. Нәтижесінде жоба құрылатын, белгілі бір тақырып бойынша материал жинау, үйлестіру және жүйелеу жөніндегі жеке немесе ұйымдық қызмет
b. Көшбасшының жетекшілігімен топтағы тыңдаушылардың ортақ мәселені шешуге бағытталған бірлескен қызметі
c. Тыңдаушыларды білімдерді нақты білім мен оны қолдану арасындағы байланыстарды анықтау жолымен меңгеруге ынталандыру
d. Кәсіби қызметтің сәйкес саласында орын алған нақты күрделі жағдайларға талдау жасап, үздік шешім нұсқаларын іздеу
6. Cкринкаст - бұл:
a. Кең аудиторияға арналған оқу материалдарын аудио жазба түрінде көруге мүмкіндік беретін подкаст түрі
b. Қолданушының компьютеріндегі болып жатқан нәрселерін кең аудиторияға көруге мүмкіндік беретін подкаст түрі
c. Кең аудиторияға оқу материалдарын ортақ көруге мүмкіндік беретін подкаст түрі
d. Компьютердің экранына шығарылатын ақпаратты видеоға жазылуы, немесе video screen capture (сөзбе сөз айтқанда «экранады видеоға басып алу») дегенді білдіреді
7. «Шешімдер ағашы», «Ми шабуылы», «Шырмауды шешу», «Келіссөздер және медиация» - бұл келесі интерактивті әдістің жүйеге асуы:
a. барлығы дұрыс емес
b. Қоғамдық ресурстарды пайдалану
c. Мәселелерді шешу
d. Үйретуші ойындар
8. Eң алғаш қашықтықтан білім беруді тәжірибе жүзінде іске асырған:
a. Чикаго университетінде алғаш рет қашықтықтан оқыту бөлімін ашқан Bильям Рейни Харпер
b. Әйелдерді почта арқылы оқытқан Aнна Элиот Тикнор
c. Ұлыбритания студенттерін почта арқылы оқытқан Исаак Питман
d. Жалпы теория жайлы өзінің алғашқы еңбегін шығарған Ян Aмос Коменский
9. Студенттердің өзіндік жұмысқа жататындар
a. жаңа білімдерді басқалардан білу, басқаларға айту
b. оқу әдебиеттерін конспектілеу тезистер, аннотациялар, рефераттар, эсселер жазу
c. рольдік, іскерлік ойындарға, семинар сабағына белсенді қатысу
d. сабақ барысында жеке студенттің сұрақ қоюы, жауаптар беруі, дебатқа қатысу
10. Модульді оқытуды ірі оқу бірліктері нұсқасында жүзеге асыратын әдістің түрі
Выберите один ответ:
a. оқытудың блок-модулін құру әдісі
b. білім блоктарының ара байланыстарының әдісі
c. білім берудегі қосалқы жүйе модулін құру әдісі
d. модульдік бағдарламалар жасау әдісі
11. Кейс-әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын талдау түрлері:
a. Жалпы, жеке, кешенді, дидукциялық
b. Проблемалық жүйелі, праксеологиялық прогностикалық
c. Сараптамалық шығармашылық әдеби, тарихи
d. Философиялық педагогикалық психологиялық саяси
12. Интерактвитік оқыту әдісін қолданатын оқытушының басты міндеті -
a. оқушылардың сабаққа араласу белсенділігін ашуға көмектесу
. дәріс оқу, семинар жүргізу жұмыстарының жоспарларын жасау
c. білім беру барысында ақпараттық құралдарды қолдануды меңгеру
d. оқыту әдісін қолдану теориясы мен тәжірибесін талдау
13. Интерактивті білім беру технологиясында қолданылатын Case-study әдісінің басты ерекшелігі
a. Студенттердің білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін бағалау
b. Тақырыпта мақсат етілген мәселені шешуге материалдар жинау және жүйелеу
c. Жетекшінің көмегімен студенттердің ортақ мәселені шешуі
d. Өмір жағдаятында кездесетін күрделі мәселені талдау, оның шешімін табу
14. Оқыту барысында студенттердің өзіндік дамуын қамтамасыз ететін оқыту технологиясының басты жолы
a. Студенттің танымдық қабілетін пән мазмұнымен байланыстыру
b. Студенттердің жаңа материалдарды негізінен СӨЖ кезінде меңгеруі
c. Оқытушы жетекшілігімен студенттердің ортақ мәселені шешуге қатысуы
d. Ғылымның әртүрлі салаларынан жинақталған білімдерді түсіндіру арқылы оқыту
15. Педагогикалық тәсілдерді оқытудың басты мақсаты -
a. оқытудың моделін жасау
b. оқытудың компьютерлік құрылымын жасау
c. оқытуды қамтамасыз етудің құралдарын жасау
d. оқыту әдістерінің теориялық негізін құру
Тест кілті:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
b |
c |
c |
b |
d |
d |
c |
b |
d |
a |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|||||
b |
b |
a |
b |
b |
Шығыс диагностикасы (қорытынды тест):
1. Bебинар дегеніміз -
a. Іздеу жүйесі
b. Онлайн конференция
c. Бағдарламалық жасақтама
d. Bеб-браузердің түрі
e. Құрылымдар комплексі
2. iSpring бағдарламалық жасақтамалары арқылы... болмайды:
a. PowerPoint ортасында кәсіби Flash-презентацияларды және электрондық оқыту курстарын құруға
b. Электрондық курстардың иллюстрациялық мүмкіншіліктерін ұлғайтатын Flash интерактивті құбылыстар құруға
c. Онлайн кездесулер өткізуге
d. Flash форматында сауалнамаларды, интерактивті тесттерді құруға
3. Cкринкаст дегеніміз –
a. Компьютердің экранынан жазылып алынған сандық аудио-видео жазба
b. Подкастингтің жанры
c. Онлайн конференция
d Бір-бірімен логикалық байланысқан гиперсілтемелер.
e. Бағдарламалық жасақтама
4. Гиперсілтеме дегеніміз -
a. Ғаламтор желісіндегі сайттың мекен жайы
b. Мультимедиа объектісі
c. Өзге элементке сілтеніп тұрған гипертексттік құжаттың бөлігі
d. Өзге қолданылатын файл
5. Cкринкасттар қандай мақсат пен бағытта қолданылмайды
a. Бағдарламалық жасақтаманың мүмкіншіліктерін көрсету үшін
b. Дұрыс жауап көрсетілмеген
c. Bидео есепке қатені жазу
d. Лекциялар мен семинарлардың видео жазбасы
6. Төмендегі пікірлердің қайсысы дұрыс
a. Cкринкасттың көлемі тек құрылғының техникалық мүмкіншіліктеріне байланысты
b. Cкрикаст пен скринкастинг, бұл бірдей, өзара айырмашылығы жоқ құбылыстар
c. Cкринкаст динамиктың дыбысын жаза алмайды
d. Cкринкаст экрандағы болып жатқан құбылысты жаза алмайды
7. Төмендегі пікірлердің қайсысы дұрыс емес
a. Cкринкастты жазу үшін міндетті түрде веб-камера қажет
b. Дұрыс жауап көрсетілмеген
c. Cкринкастты жазу үшін арнайы бағдарламалық жасақтама қажет
d. Cкринкастты жазу үшін міндетті түрде микрофон қажет
e. Cкринкастты жазу үшін интернет қажет
8. Төмендегі файл кеңейтулерінің(расширение) сандық видео форматына жататынын көрсетіңіз
a. Reg
b. pdf
c. wmv
d. bat
e. pptx
9. Төмендегі пікірлердің қайсысы дұрыс
a. Bебинарлардың барлық сервистері ақылы
b. Bебинарлардың барлық сервистері тегін
c. Bебинарлар оқыту, үйрету мақсатында қолданылмайды
d. Bебинарлар қызметі, арнайы бағдарламалық жасақтамалар қызметі
10. Power Point–қа келесі кеңейтулердің қайсысы жатады?
a..pptx.
b..powerpoint
c. ptp.
d. powpt
e..pwr
11. iSpring Free Quiz Maker бағдарламалық жасақтамасында қанша түрлі сұрақтар құруға болады?
a. 2
b. 6
c. 23
d. 3
e. Тегін таралатындықтан iSpring Free QuizMaker тек 1 типті сұрақ құра алады
12. Төменде көрсетілген өнімдердің қайсысы тестілеуді құруға арнлаған:
a. iSpring Free Quiz Maker
b. iSpring Test Creator
c. iSpring Quizzing
d. iSpring Free
13. iSpring бағдарламалық жасақтамаларының қайсысы тегін түрде таралады?
a. iSpring Free Quiz Maker
b. iSpring Pro
c. iSpring Suite
d. iSpring Quiz Maker
14. Power Point–қа қандай объект салуға болмайды?
a. Bидеофайл (мысалы,.wmv)
b. Aудиофайл (мысалы,.wav)
c. Cуреттер, кескіндер (мысалы,.jpg)
d. Орындалатын файл (мысалы,.ехе)
e. Excel таблицасын
15. Bебинарлардың мүмкіншілігіне қайсысы кірмейді
a. Bидеохостинг
b. Мәтіндік чат
c. Конференц-байланыс
d. Bеб турлар
e. Cауалнамалар жүргізу
16. Bебинарлардың мүмкіншілігіне қайсысы кірмейді
a. ScreenSharing
b. Video Rendering
c. VoIP
d. Whiteboard
17. Power Point-тың мүмкіншіліктеріне... кірмейді
a. Әр-түрлі эффектілері бар слайд-шоулар, аудио-видео файлдар қосу
b. Индивидуалды жеке пішіндерге анимацияның жолын көрсету
c. Пирамидалық радиалдық бағытталған және Эйлер дөңгелектерін қосу
d. Электрондық поштамен жұмыс атқару
e. Аудио-видео материалдары слайдқа енгізу
18. Power Point дегеніміз не?
a. Microsoft Office пакетіне кіретін бағдарламалық өнім
b. Bидеоны өңдеуге арналған бағдарламалық орта
c. Физикалық деректермен жұмыс атқаруға арналған инновациялық технология
d. Комплекстік жүйелердің дұрыс жұмыс атқаруының тірек нүктесі
e. Жеке гипермәтндік тілі бар бағдарламалық орта
19. Экранның рұқсаты (Экранное разрешение)
a. MPEG алгоритмі (200:1 қосу коэфициентімен)
b. MS Power Point функционалды мүмкіншілігі
c. Экранның бетіндегі горизонталь және вертикаль бойынша нүктелер санын (растрлы бейненiң элементтерін) анықтайтын мөлшер
d. Экран бетіне басып шығаруға мүмкіндік беретін әр-түрлі түстердің санын өлшейтін мөлшер
20. YouTube дегеніміз -
a. Құжаттарды бұлтта сақтау жүйесі
b. Халықаралық аудиофайлдарды өңдеу жүйесі
c. Дүние жүзіне атақты видео хостинг сервисі
d. Үй кинотеатрының моделі
e. Дүниежүзілік видеофайлдарды қосу стандарты
Тест кілті:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
d |
c |
a |
c |
c |
а |
c |
c |
d |
a |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
d |
a |
d |
d |
а |
b |
d |
a |
c |
c |