Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 наурызда № 13435 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7467 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің № 369-374 (27448) санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын және нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы» және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 304-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8079 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінің № 43-47 (27986) санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                  В. Школьник

Қазақстан Республикасы    
Энергетика министрінің    
2016 жылғы 5 ақпандағы     
№ 38 бұйрығына 1-қосымша    

Қазақстан Республикасы      
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы     
№ 41-ө бұйрығымен бекітілген   

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары 

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары, (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 116-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес әзірленген және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарына жатқызу тәртібін айқындайды.
      2. Комитеттің және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарының санаттарына жатқызу мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам тағайындалған кезде анықталады. 

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын жатқызу тәртібі

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
      Комитет төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы және бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары. 

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің   
2016 жылғы 5 ақпандағы  
№ 38 бұйрығына 2-қосымша  

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 11 қазандағы     
№ 304-ө бұйрығымен бекітілген 

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.
      2. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары.
      3. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      4. Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы және бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      5. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      6. Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      7. Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      8. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      9. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      10. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      11. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      12. Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
      13. Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.