Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 36 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13279 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі департаменті (Баймұқанов Ж.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Д. Ақышев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін
шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша
операцияларды жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау операцияларын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау операцияларын жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) есеп айырысу бөлімшесі – Ұлттық Банктің клиенттердің банк шотына қызмет көрсететін бөлімшесі;
      2) клиент – мемлекеттік мекемелер, Ұлттық Банктің ұйымдары, акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы Ұлттық Банкке тиесілі ұйымдар, Қазақстан Республикасының таратылатын екінші деңгейдегі банктерінің тарату комиссиялары, Ұлттық Банкте шетел валютасымен ашылған банк шоттары бар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
      3) операция күні – Ұлттық Банктің төлемдер және ақша аударымдарын қабылдау мен өңдеуді жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
      4) сауда бөлімшесі – шетел валютасын айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатып алуды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің бөлімшесі;
      5) шетел валютасын айырбастау – Ұлттық Банктің операция жүргізу күніне белгіленген теңгенің шетел валютасына ресми бағамы бойынша Ұлттық Банктің клиентке шетел валютасын теңгеге сату бойынша операциясы;
      6) шетел валютасын қайта айырбастау – Ұлттық Банктің операция жүргізу күніне белгіленген теңгенің шетел валютасына ресми бағамы бойынша Ұлттық Банктің клиенттен шетел валютасын теңгеге сатып алу бойынша операциясы;
      7) шетел валютасын айырбастауға және қайта айырбастауға арналған өтінім – клиенттің Қағидаларға сәйкес ресімделген, есеп айырысу бөлімшесіне ұсынған және шетел валютасын айырбастауға және (немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімде айқындалған талаптармен клиенттің есебінен және мүддесімен шетел валютасын айырбастау және (немесе) қайта айырбастау операциясын жасауға нұсқаудан тұратын құжаты.

2. Ұлттық Банктің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау
және қайта айырбастау операцияларын жүргізу тәртібі

      3. Есеп айырысу бөлімшесі инвестициялық қызметке байланысты емес төлемдер үшін шетел валютасын айырбастау операцияларын жүзеге асырады және шетел валютасын айырбастау бойынша жүргізілетін операциялардың мақсаттарын нақтылау үшін клиенттен қосымша ақпарат сұратады.
      4. Есеп айырысу бөлімшесі шетел валютасын айырбастау және(немесе) қайта айырбастау бойынша операцияларды валюталардың мынадай түрлері бойынша жүзеге асырады: АҚШ доллары, еуро, жапон йенасы, Швейцария франкі, Ресей рублі, ағылшын фунт стерлингі.
      5. Ұлттық Банк клиенттен шетел валюталарының мынадай түрлерін алдағы болатын шетел валютасын айырбастау сомалары туралы мәліметтерді мынадай мерзімдерде қабылдайды:
      1) АҚШ доллары – 15 000 000,00 (он бес миллион) АҚШ долларынан асатын сомаға айырбастау күніне дейін екі жұмыс күні бұрын;
      2) еуро – 2 000 000,00 (екі миллион) еуродан асатын сомаға айырбастау күніне дейін екі жұмыс күні бұрын;
      3) ағылшын фунт стерлингі – 1 000 000,00 (бір миллион) ағылшын фунт стерлингінен асатын сомаға айырбастау күніне дейін екі жұмыс күні бұрын;
      4) Швейцария франкі – 500 000,00 (бес жүз мың) Швейцария франкінен асатын сомаға айырбастау күніне дейін екі жұмыс күні бұрын;
      5) жапон йенасы – 50 000 000,00 (елу миллион) жапон йенасынан асатын сомаға айырбастау күніне дейін үш жұмыс күні бұрын;
      6) Ресей рублі – 500 000,00 (бес жүз мың) Ресей рублінен асатын сомаға айырбастау күніне дейін екі жұмыс күні бұрын.
      6. Клиенттен алда болатын шетел валютасын айырбастау сомалары туралы мәліметтерді алғаннан кейін есеп айырысу бөлімшесі операциялық күн аяқталғанға дейін сауда бөлімшесіне Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген шетел валютасын сатып алуға арналған жиынтық ордерді ұсынады.
      7. Шетел валютасын айырбастау және(немесе) қайта айырбастау бойынша операцияларды есеп айырысу бөлімшесі клиенттің Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген шетел валютасын айырбастауға (клиенттің теңгеге шетел валютасын сатып алуы) арналған өтінімі (және(немесе) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген шетел валютасын қайта айырбастауға (клиенттің теңгеге шетел валютасын сатуы) арналған өтінім негізінде жүзеге асырады.
      8. Клиент шетел валютасын айырбастауға және(немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімді операция күні кестесіне сәйкес Ұлттық Банкке ұсынады және шетел валютасын айырбастау үшін ұлттық валютадағы ақша сомасын клиент Ұлттық Банкке аударады.
      9. Есеп айырысу бөлімшесі шетел валютасын айырбастауға және(немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімді және шетел валютасын айырбастау үшін клиент аударған ұлттық валютадағы ақша сомасын:
      1) шетел валютасын айырбастауға және(немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімдердің Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес болмаған;
      2) шетел валютасын айырбастауға және(немесе) қайта айырбастауға арналған өтінімді операция күні кестесінде белгіленген мерзімнен кешірек Ұлттық Банкке жіберген;
      3) шетел валютасын айырбастау үшін ұлттық валютадағы ақша сомасын операция күні кестесінде белгіленген мерзімнен кешірек аударған жағдайлардың бірінде орындамай клиентке қайтарады.
      10. Таратылатын екінші деңгейдегі банктердің тарату комиссиясында шетел валютасымен банк шоттары болмаған кезде шетел валютасын айырбастау және(немесе) қайта айырбастау бойынша операциялар және төлемдерді жүргізу олардың жазбаша нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық  
Банкінің клиенттер үшін шетел  
валютасын айырбастау және қайта 
айырбастау бойынша операцияларды
жүргізу қағидаларына 1-қосымша 

Нысан

Шетел валютасын сатып алуға арналған
_________ № жиынтық ордер

Шетел валютасының атауы

Өтінімдердің жалпы сомасы

Валюталау күні

«Ностро» корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар
(өтімді портфель)

Шетел валютасындағы міндеттемелер

1






2






3






Есеп айырысу бөлімшесінің уәкілетті адамы (ол болмаған кезеңде – оның
орнындағы адам)
______________________________________________________ ______________
       тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)               қолы

Орындаушы ___________________________________________________________
          тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефоны

Қазақстан Республикасы Ұлттық  
Банкінің клиенттер үшін шетел  
валютасын айырбастау және қайта 
айырбастау бойынша операцияларды
жүргізу қағидаларына 2-қосымша 

Нысан

Шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім
(клиенттің теңгеге шетел валютасын сатып алуы)
______________ №______

      Клиенттің атауы _______________________________________________
Клиентке айырбастау операциясын жүзеге асыруға тапсырма берген
адамның атауы _______________________________________________________

      Клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шетел
валютасымен банк шотының нөмірі
      ЖСК_________________________________

      Теңге аударуға арналған деректемелер:
      ЖСК_________________________________
      БСК NBRKKZKX
      БСН 941240001151
      Бек 13
      Шетел валютасын сатып алу мынадай мақсаттар үшін жүзеге
асырылады (мақсатын, құжаттың нөмірі, инвойс, келісімшарт күні,
тапсырыс):
      _______________________________________________________________

      ТМК 213
      Бек _______________

Валюта түрі

Операцияның валютамен сомасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы

Операцияның теңгемен сомасы

      Өтінімді валюталау күні _______________
      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________ _____________
        тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)              қолы

      Бас бухгалтер ___________________________________ _____________
                 тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)     қолы
      Орындаушы__________________________________ ______ ____________
           тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)  қолы    телефоны

Қазақстан Республикасы Ұлттық  
Банкінің клиенттер үшін шетел  
валютасын айырбастау және қайта 
айырбастау бойынша операцияларды
жүргізу қағидаларына 3-қосымша 

Нысан

Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім
(клиенттің теңгеге шетел валютасын сатуы)
______________ № ______ 

      Клиенттің атауы _______________________________________________
Клиентке қайта айырбастау операциясын жүзеге асыруға тапсырма берген
адамның атауы _______________________________________________________
      Клиенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шетел
валютасымен банк шотының нөмірі
      ЖСК_____________________________________________
      Төлем мақсаты: _________________________________

      Алушының теңгемен шотының деректемелері (атауы, коды, ЖСН/БСН,
БСК, ЖСК, БЕК, БЖК* немесе кірістер коды*):

      ТМК 223
      Бек _______________

Валюта түрі

Операцияның валютамен сомасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы

Операцияның теңгемен сомасы





      Өтінімді валюталау күні _______________
      Өтінімді валюталау күні _______________

      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)
______________________________________________________ ______________
          тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      Бас бухгалтер __________________________________ ______________
                тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)      қолы

      Орындаушы____________________________________ ______ __________
             тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)   қолы   телефоны

* БЖК немесе кірістер коды бюджетке төлемдерді жүзеге асырған кезде
көрсетіледі