Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Жоғары әскери оқу орындарының (бұдан әрі - ЖӘОО) штаттарында көзделген бос педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. ЖӘОО-да бос лауазым бар болған жағдайда тиісті ЖӘОО әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі - ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі) бос лауазымның бар болуы туралы ақпарат жолдайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне (бұдан әрі - КД) қызметі бойынша жоғарылатылу үшін кадрлар резервінде тұрған әскери қызметшілерді бос лауазымға тағайындау туралы ұсыныс енгізеді. ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі осындайлар болмаған жағдайда ЖӘОО-ларға ақпарат жолдайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ЖӘОО-лардың кадр органдары лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде ақпаратты жеткізеді және күнтізбелік бес күн ішінде бос лауазымға орналасуға кандидаттардың бар болуы туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. ЖӘОО-лардан алынған ақпаратты қорыту кезінде жүргізілетін алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі күнтізбелік он күн ішінде ЖӘОО-ға ұсынылған кандидаттар қатарынан конкурстық іріктеу жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. ЖӘОО конкурстық іріктеу жүргізу туралы бұйрық шығарады, онымен конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның құрамы және оның отырыстарының графигі бекітіледі.
7. Конкурстық іріктеу жүргізу және кандидаттардың құжаттарын жинау кезеңі туралы бұйрықтан үзінді көшірмені конкурстық іріктеуді жүргізетін ЖӘОО үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне және әскери қызметшілері кандидат ретінде ұсынылған ЖӘОО-ға жолдайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Конкурстық іріктеу:
1) конкурсқа қатысу үшін барлық кандидаттарға мүмкіндіктер беру;
2) конкурсқа қатысушылар арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
3) конкурстық іріктеуді объективті түрде жүргізудің сақталуына бақылауды жүзеге асыру шарттарын сақтаумен жүзеге асырылады.
9. Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады:
1) комиссия төрағасы - ЖӘОО бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары немесе оның орнындағы адам;
2) комиссия төрағасының орынбасары - ЖӘОО құрылымдық бөлімшесінің бастығы;
3) комиссия хатшысы - ЖӘОО-ның педагогі немесе ғылыми қызметкері (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар);
4) құрамында кемінде үш адам бар конкурстық комиссия мүшелері (ЖӘОО штаттық оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері арасынан, кадр органының бастығы, заң консульты).
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Кандидаттар конкурс өткізетін ЖӘОО-ға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінішті;
2) жоғары білімі туралы дипломдарының және қосымшаларының (тарнскриптінің) көшірмелерін;
3) академиялық және/немесе ғылыми дәреже мен ғылыми атақ беру туралы дипломдарының көшірмелерін (олар бар болған кезде);
4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелерін (бар болған кезде);
5) ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар және өнертабыстар тізімін (олар бар болған кезде);
6) өнертабыстарға патенттердің, елеулі ғылыми жетістіктерін, сондай-ақ педагогтар мен ғылыми қызметкерлерді даярлау тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелерін (бар болған кезде);
7) құрылымдық бөлімше бастығы берген қызметтік мінездемені.
Сонымен қатар, кандидаттар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты құжаттарды (ұсыным хаттар, тілдік даярлық туралы сертификаттардың көшірмелері, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттар) ұсынады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Конкурстық іріктеу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ЖӘОО-лардың педагогтары мен ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау;
2) кандидаттармен әңгімелесу өткізу;
3) конкурстық іріктеудің қорытындыларын шығару.
Конкурстық іріктеудің мақсаты Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік сипаттамаларын, бос лауазымға конкурс жариялаған нақты ЖӘОО-ны ерекшеліктерін ескере отырып, кандидаттардың кәсіби және жеке басының қасиеттерін бағалау болып табылады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Конкурстық іріктеудің қатысушылары конкурстық іріктеу жүргізетін ЖӘОО-ның хатында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдау мерзіміне дейін берген адамдар болып табылады.
13. ЖӘОО-лардың педагогтары мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу әңгімелесу нысанында үміткерлер қызметінің қорытындыларын талдамалы қорыту негізінде жүргізіледі, бұл ретте кәсіби деңгейді айқындау үшін әрбір лауазым бойынша Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімдері тексеріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Конкурстық іріктеуден кейін комиссия жабық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) "ұсынылады";
2) "ұсынылмайды".
15. Отырысқа қатысатын комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеу бойынша жабық дауыс беру үшін бюллетеньді толтыру жолымен дауыс береді.
16. Конкурстық іріктеуді өткізу кезінде комиссияның шешімі, егер дауыс беруге оның мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, жарамды болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
17. Қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын алған кандидат конкурстан өтті деп танылады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
18. Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
19. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық іріктеу жөніндегі комиссия шешеді.
Кандидаттар, оларға қатысты бөлігінде конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның құжаттарымен және шешімдерімен таныса алады.
Кандидаттар конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның шешіміне сот тәртібінде шағымдана алады.
20. Конкурстық іріктеу жүргізілгеннен кейін конкурстық іріктеу
жөніндегі комиссияның хатшысы күнтізбелік он күн ішінде ЖӘОО-ның кадр
органына құжаттардың түпнұсқаларын (хаттамаларды, бюллетеньдерді) береді.
21. ЖӘОО-ның кадр органы конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасын ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысатын конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның мүшелері, хатшысы конкурстық іріктеу ақпаратына қатысты қатаң құпиялылықты сақтауға және бөгде адамдардың конкурстық іріктеу құжаттарына қолжетімділігін мүлдем болдырмауды қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген Нысан _______________________ бастығына (жоғары әскери оқу орнының атауы) |
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені _____________________________________________________________________
бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Конкурсты өткізу шарттарымен таныстым.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
_____________ ____________________________________________
(қолы) (әскери атағы, т.а.ә. (бар болған кезде)
20___ ж. "____" ____________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген Нысан |
________________________________________________________________________________ (лауазым атауы) конкурстық іріктеу бойынша жабық дауыс беруге арналған бюллетень
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Кандидаттың әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері | Қандай лауазымға конкурстық іріктеу жүргізіледі | Келісемін / келіспеймін |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген Нысан |
Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 31.03. 2020 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бекітемін конкурстық комиссияның төрағасы ____________________________ (қолы, әскери атағы, аты-жөнінің бас әріптері және тегі) 20__ ж. "____" ____________ |
________________________________________________________________________________
ЖӘОО атауы
____________________________________________ бос лауазымына орналасуға өтініш берген
________________________________________________________________________________
бойынша кандидаттың әскери атағы, Т.А.Ә.
Біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуі | Оқулық басылымдарының, ғылыми жарияланымдардың бар болуы | Өзге де мәліметтер | Таныстыруды бағалау | Дауыс беру нәтижелері | ||||
Білім деңгейі | Магистр дәрежесінің бар болуы | Ғылыми дәрежесінің бар болуы | Педагогикалық өтілі | Алдыңғы қызмет істерінің бейіні | ||||
Конкурстық комиссия қорытындысы ________________________________________________
Конкурстық комиссия мүшелері ____________________________________________________
Конкурстық комиссия хатшысы ____________ ________________________________________
(қолы) (әскери атағы, Т.А.Ә.) |