Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13271 болып тіркелді

Қолданыстағы

       «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынасты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі                               И.Тасмағамбетов

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрінің 
      2016 жылғы 22 қаңтардағы
      № 39 бұйрығымен   
      бекітілген    

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
      Жоғары әскери оқу орындарының штаттарында көзделген (бұдан әрі - ЖӘОО) бос педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналастыру конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады.
      2. ЖӘОО-да бос лауазым бар болған жағдайда тиісті ЖӘОО Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаментіне (бұдан әрі - БҒД) бос лауазымның бар болуы туралы ақпарат жолдайды.
      3. БҒД ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне (бұдан әрі - КД) қызметі бабында жоғарылату үшін кадрлар резервінде тұрған әскери қызметшілерді бос лауазымға тағайындау туралы ұсыныс енгізеді. БҒД осындайлар болмаған жағдайда ЖӘОО-ларға ақпарат жолдайды.
      4. БҒД талаптарына сәйкес ЖӘОО-лардың кадр органдары лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде ақпаратты жеткізеді және күнтізбелік бес күн ішінде бос лауазымға орналасуға кандидаттардың бар болуы туралы ақпаратты ұсынады.
      5. ЖӘОО-лардан алынған ақпаратты жинақтау кезінде жүргізілген алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша БҒД күнтізбелік он күн ішінде ЖӘОО-ларға ұсынылған кандидаттар қатарынан конкурстық іріктеу жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдайды.
      6. ЖӘОО конкурстық іріктеу жүргізу туралы бұйрық шығарады, онымен конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның құрамы және оның отырыстарының графигі бекітіледі.
      7. Конкурстық іріктеу жүргізу және кандидаттардың құжаттарын жинау кезеңі туралы бұйрықтан үзінді көшірмені конкурстық іріктеуді жүргізетін ЖӘОО үш жұмыс күнінен кешіктірмей, БҒД-ға және әскери қызметшілері кандидат ретінде ұсынылған ЖӘОО-ларға жолдайды.
      8. Конкурстық іріктеу:
      1) конкурсқа қатысу үшін барлық кандидаттарға мүмкіндіктер беру;
      2) конкурсқа қатысушылар арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
      3) конкурстық іріктеуді объективті түрде жүргізудің сақталуына бақылауды жүзеге асыру шарттарын сақтаумен жүзеге асырылады.
      9. Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады:
      1) комиссия төрағасы - ЖӘОО бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары немесе оның орнындағы адам;
      2) комиссия төрағасының орынбасары - ЖӘОО құрылымдық бөлімшесінің бастығы;
      3) комиссия хатшысы - ЖӘОО-ның педагог немесе ғылыми жұмыскері (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар);
      4) құрамында кемінде үш адам бар конкурстық комиссия мүшелері (ЖӘОО штаттық оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері арасынан, кадр органының бастығы, заң консульты).
      10. Кандидаттар конкурс өткізетін ЖӘОО-ға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінішті;
      2) жоғары білімі туралы дипломдарының және қосымшаларының (тарнскриптінің) көшірмелерін;
      3) академиялық және/немесе ғылыми дәреже мен ғылыми атақ беру туралы дипломдарының көшірмелерін (олар бар болған кезде);
      4) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелерін (бар болған кезде);
      5) ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар және өнертабыстар тізімін (олар бар болған кезде);
      6) өнертабыстарға патенттердің, елеулі ғылыми жетістіктерін, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелерін (бар болған кезде);
      7) құрылымдық бөлімше бастығы берген қызметтік мінездемені.
      Сонымен қатар, кандидаттар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты құжаттарды (ұсыным хаттар, тілдік даярлық туралы сертификаттардың көшірмелері, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттар) ұсынады.

2. Конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі

      11. Конкурстық іріктеу мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) ЖӘОО педагог жұмыскерлерінің және оларға теңестірілген адамдардың, ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау;
      2) кандидаттармен әңгімелесу өткізу;
      3) конкурстық іріктеудің қорытындыларын шығару.
      Конкурстық іріктеудің мақсаты Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік сипаттамаларын, бос лауазымға конкурс жариялаған нақты ЖӘОО-ны ерекшеліктерін ескере отырып, кандидаттардың кәсіби және жеке басының қасиеттерін бағалау болып табылады.
      12. Конкурстық іріктеудің қатысушылары конкурстық іріктеу жүргізетін ЖӘОО-ның хатында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдау мерзіміне дейін берген адамдар болып табылады.
      13. ЖӘОО-ның педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу әңгімелесу нысанында үміткерлердің қызмет қорытындыларын талдамалы қорытындылау негізінде жүргізіледі, бұл ретте кәсіби деңгейді айқындау үшін әрбір лауазым бойынша Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімдері тексеріледі.
      14. Конкурстық іріктеуден кейін комиссия жабық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) «ұсынылады»;
      2) «ұсынылмайды».
      15. Отырысқа қатысатын комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидаларға  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеу бойынша жабық дауыс беру үшін бюллетеньді толтыру жолымен дауыс береді.
      16. Конкурстық іріктеуді өткізу кезінде комиссияның шешімі, егер дауыс беруге оның мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, жарамды болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
      17. Қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын алған кандидат конкурстан өтті деп танылады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      18. Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
      19. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық іріктеу жөніндегі комиссия шешеді.
      Кандидаттар, оларға қатысты бөлігінде конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның құжаттарымен және шешімдерімен таныса алады.
      Кандидаттар конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның шешіміне сот тәртібінде шағымдана алады.
      20. Конкурстық іріктеу жүргізілгеннен кейін конкурстық іріктеу
жөніндегі комиссияның хатшысы күнтізбелік он күн ішінде ЖӘОО-ның кадр
органына құжаттардың түпнұсқаларын (хаттамаларды, бюллетеньдерді) береді.
      21. ЖӘОО-ның кадр органы конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасын БҒД-ға жолдайды.
      22. Конкурстық іріктеуді жүргізуге қатысатын конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның мүшелері, хатшысы конкурстық іріктеу ақпаратына қатысты қатаң құпиялылықты сақтауға және бөгде адамдардың конкурстық іріктеу құжаттарына қолжетімділігін мүлдем болдырмауды қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс 
министрлігіне ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарында, азаматтық 
қызметші лауазымдарын қоспағанда,
педагог қызметкерлер мен оларға 
теңестірілген адамдар, ғылыми  
қызметкерлер лауазымдарына орналасу
қағидаларына          
1-қосымша          

Нысан

      _________________________бастығына
(жоғары әскери оқу орнының атауы)

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш

      Мені ______________________________________________________
бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға жіберуіңізді
сұраймын.

      Конкурсты өткізу шарттарымен таныстым.
      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығын растаймын.

______________                    ________________________________
      (қолы)                (әскери атағы, т.а.ә. (бар болған кезде)

20__ ж. «___»_____________

Қазақстан Республикасының Қорғаныс 
министрлігіне ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарында, азаматтық
қызметші лауазымдарын қоспағанда,
педагог қызметкерлер мен оларға 
теңестірілген адамдар,     
ғылыми қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына      
2-қосымша         

Нысан

____________________________________________________________
      лауазым атауы

  конкурстық іріктеу бойынша жабық дауыс беруге арналған бюллетень 

Р/с

Кандидаттың әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері

Қандай лауазымға конкурстық іріктеу жүргізіледі

Келісемін / келіспеймін





      Қазақстан Республикасының Қорғаныс    
министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу
орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын
қоспағанда, педагог қызметкерлер мен оларға 
теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер 
лауазымдарына орналасу қағидаларына     
3-қосымша            

Нысан

Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасы

      Бекітемін        
конкурстық комиссияның төрағасы
_______________________________
(қолы, әскери атағы, аты-жөнінің
бас әріптері және тегі)  
20__ ж. «___»__________  

         __________________________________________________
                              ЖӘОО атауы
__________________________ бос лауазымына орналасуға өтініш берген
          _____________________________________ бойынша
             кандидаттың әскери атағы, Т.А.Ә.  

Біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуі

Оқулық басылымдарының, ғылыми жарияланымдардың бар болуы

Өзге де мәліметтер

Таныстыруды бағалау

Дауыс беру нәтижелері

Білім деңгейі

Магистр дәрежесінің бар болуы

Ғылыми дәрежесінің бар болуы

Педагогикалық өтілі

Алдыңғы қызмет істерінің бейіні










Конкурстық комиссия қорытындысы _____________________________
Конкурстық комиссия мүшелері ____________________________
Конкурстық комиссия хатшысы ____________ ______________________
                              (қолы)     (әскери атағы, Т.А.Ә.)