Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2016 жылғы
21 қыркүйектегі № 160 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының 2016 жылғы
28 қаңтардағы № 107 бұйрығымен
бекітілген
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы;
2) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсы;
6) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсы;
7) Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсы.
2. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілері:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
2) «электрондық үкіметтің» шлюзі;
3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
6) «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі;
7) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
8) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
9) «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
10) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
14) сыртқы сауда кеден статистикасының деректеріне қолжетімділікті статистикалау, талдау және ұйымдастыру;
15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркасын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
16) акциздік өнімдердің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
17) интеграциялық деректер қоймасы;
18) «Web-декларант» электрондық декларациялау кешені;
19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
20) «АХАЖ» ақпараттық жүйесі;
21) «Жылжитын мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі.
22) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
23) «e-learning» электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
24) «Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі;
25) «Салық есептілігін өңдеу жүйесі» ақпараттық жүйесі;
26) «Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесі;
27) «Ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
28) «Деректерді бірыңғай сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
29) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесі;
30) «ҚР Қаржымині МКК Web-порталы» ақпараттық жүйесі;
31) «Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімі» ақпараттық жүйесі;
32) «Электрондық шот фактуралары» ақпараттық жүйесі;
33) «Жедел басқару орталығы» ақпараттық жүйесі;
34) «Интеграцияланған кедендік тариф» ақпараттық жүйесі.