"Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 94 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 3851 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Сырым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 107 "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3537 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Сырым елі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е. Сарсенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шыныбеков

  2015 жылғы 2 наурыздағы № 94
Сырым ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысымен бекiтiлдi

"Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ереже.
      3. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090900, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 15.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) Сырым ауданының жергілікті атқарушы органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін заңнамаға сәйкес және осы саладағы және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;
      6) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
      7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілік ұсыну;
      8) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
      12) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүргізеді;
      13) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      14) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      15) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      16) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      17) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстар дайындау;
      18) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      19) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      20) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      21) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      22) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      23) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      24) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      25) ауданның жер балансын жасау;
      26) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      27) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      28) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      29) ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөніндегі ұсыныстар дайындау;
      30) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      31) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерді анықтау;
      32) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      33) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
      2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар алуға;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
      2) өзінің орынбасарының және мемлекеттік органның қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін анықтайды;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзіретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      5) бұйрықтарға қол қояды;
      6) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      7) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;
      8) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
      9) мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған облыстық және аудандық мәслихат актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауапты болады;
      10) өзіне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;
      11) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      21. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.