Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулыларына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | Ф. Сатаева |
| Глубокое аудандық | |
| мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |
| Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2 –V шешіміне қосымша |
Глубокое аудандық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген), 2010 жылғы 17 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.2. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 28/11-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-143 болып тіркелген), 2011 жылғы 1 ақпанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
3. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 14 наурыздағы № 4/15-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-158 болып тіркелген), 2012 жылғы 24 сәуірде "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
4. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 20 қарашадағы № 10/4-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2786 болып тіркелген), 2013 жылғы 18 қаңтарда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
5. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 12 қарашадағы № 20/3-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3110 болып тіркелген), 2013 жылғы 20 және 24 желтоқсанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
6. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 1 ақпандағы № 23/2-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3194 болып тіркелген), 2014 жылғы 18 наурызда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
7. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/7-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3466 болып тіркелген), 2014 жылғы 12 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
8. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/7-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3656 болып тіркелген), 2015 жылғы 6 ақпанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
| Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұр-ғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады. Шығыстар сомасы шоттар бойынша орташа тоқсанға, тұрғын үй көмегін тағайындауға жүгінгеннен кейінгі тоқсанға есептеледі.
3. Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігінде байланыс қызметіне, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледі.
Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер "Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі – уәкілетті орган) коммуналдық қызметтерге тарифтер туралы ақпараттандырады.
Көмірдің құнын есептеу үшін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды жүйелеу және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тоқсан сайын ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган жүргізеді.5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін (азамат немесе оның сенімхат бойынша өкілі) Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігі "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ХҚО) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі –портал) арызбен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
6. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен бірге өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындалады.
7. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады.
8. Тұрғын үй көмегі көрсетілмейтін отбасылар:
жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда: бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттарды берген жағдайда), 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
9. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
10. Тұрғын үй көмегіне алғаш жүгінген және өтінген кезде берешектері бар отбасыларына (азаматтарға), қарыздарына қарамастан, тұрғын үй көмегіне жүгінген сәттен бастап ағымдағы төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.
11. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күтіп ұстауға шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылу беру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтеріне шығындар осы Қағиданың 22-тармағына сәйкес, қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша ескеріледі.
12. Суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша белгіленген тарифтер шегінде анықталады.
13. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) жылу беру маусымында орталық жылытуға қосылмаған және пәтерлерді жылыту басқа да жылу көздерінің көмегімен жүзеге асыратын үйлерде тұратындарға мынадай тәртіпте беріледі.
Тұрғын үй көмегі пешпен жылытатын жеке үйлерде тұратын отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет, жүгінген айына қарамай, ағымдағы тоқсанда беріледі.
Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты, тұрғын үй көмегін есепке алғанда тұрғын үйге барлық көмір шығынының әлеуметтік нормасын (көмір құнын) жүгінген тоқсаннан кейінгі тоқсанға үш айына біржолғы есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің есебі электр қуатымен жылытуды жүзеге асыратын үйлерде тұратын отбасыларына (азаматтарға) пешпен жылытылатын үйлер үшін көзделген тәртіпте жүзеге асырылады. Осы жағдайда электр қуатының төлемін шығын нормасына және көмірдің бағасына және электр қуатының шығын нормасына, нормаларға сәйкес эквивалентті есептеледі.
14. Тұрғын үй көмегі бір үйде бірнеше меншік иесі болған жағдайда, осы мекенжай бойынша тіркелген меншік иесіне тағайындалады. Егер де осы мекенжай бойынша бірнеше меншік иесі (отбасылары) тіркелген жағдайда, тұрғын үй көмегі жүгінуіне қарай әр отбасының алатын ауданына пропорционалды түрде әр жекеменшік иесіне (отбасына) тағайындалады.
15. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
16. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мынадай кірістер түрі есепке алынады:
өтініш беруші заңды некеде тұрса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекенжайы бойынша тұрғын үй көмегі тағайындалады;
өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда –баланың ата-анасының табыстары есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегін беру үшін уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады.
18. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.
Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығына заңнамада белгіленген тәртіпте жауапты болады.
19. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегiнің сомаларын алушы ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарады.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері
20. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.21. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 12 % мөлшерiнде белгiленедi.
22. Тұрғын үй көмегінің есебіне алынатын коммуналдық қызметтер тұтыну нормалары мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
тұрғын үй алаңының нормалары:
бір адамға – 15 шаршы метр;
жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
бес және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін 75 шаршы метрден артық емес;
тұтынатын газдың нормасы:
бір адамға - 5,5 килограмм;
кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін пайдалануға шығындар нормасы – 1 шаршы метрге 30 теңге;
бiр айға электр энергиясын тұтыну нормасы – әр тұратын адамға 90 кВт, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер үшін – 120 кВт.
көмір тұтыну нормасы:
тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының бір шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 килограмм, бірақ бір үйге 5000 килограмнан артық емес.