Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 3794 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ф. Сатаева
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

  Глубокое аудандық
мәслихатының
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 33/2 –V шешіміне қосымша

Глубокое аудандық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген), 2010 жылғы 17 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      2. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 28/11-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-143 болып тіркелген), 2011 жылғы 1 ақпанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      3. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 14 наурыздағы № 4/15-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-158 болып тіркелген), 2012 жылғы 24 сәуірде "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      4. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 20 қарашадағы № 10/4-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2786 болып тіркелген), 2013 жылғы 18 қаңтарда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      5. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 12 қарашадағы № 20/3-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3110 болып тіркелген), 2013 жылғы 20 және 24 желтоқсанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      6. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 1 ақпандағы № 23/2-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3194 болып тіркелген), 2014 жылғы 18 наурызда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      7. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/7-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3466 болып тіркелген), 2014 жылғы 12 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      8. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/7-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3656 болып тіркелген), 2015 жылғы 6 ақпанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.

  Глубокое аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
25 ақпандағы № 33/2-V
шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
      коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      Тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданған аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) шығындары жоғарыда аталған бағыттардың әрқайсысы үшін шығындар сомасы ретінде анықталады. Шығындар сомасы коммуналдық төлемдерді төлеу үшін жеткізушілер ұсынған есепшоттар бойынша тұрғын үй көмегіне жүгінудің тоқсанындағы алдыңғы тоқсандағы орташа есеппен ескеріледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 39/10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер "Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі – уәкілетті орган) коммуналдық қызметтерге тарифтер туралы ақпараттандырады.
      Көмірдің құнын есептеу үшін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды жүйелеу және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тоқсан сайын ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.11.2019 № 36/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін көрсету:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау - уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет болып табылады.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан, "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.11.2019 № 36/4-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 4-тармағына сәйкес, тоқсанына бір рет құжаттармен қоса өтініш береді.

      Көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы қағидалардың 5-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.11.2019 № 36/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5-1. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Шешім 5-1 тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5-2. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді, бұл ретте өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Шешім 5-2 тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5-3. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Шешім 5-3 тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен бірге өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындалады.
      7. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады.
      8. Тұрғын үй көмегі көрсетілмейтін отбасылар:
      жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген; 
      құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда: бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттарды берген жағдайда), 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
      құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
      егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
      9. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. 
      10. Тұрғын үй көмегіне алғаш жүгінген және өтінген кезде берешектері бар отбасыларына (азаматтарға), қарыздарына қарамастан, тұрғын үй көмегіне жүгінген сәттен бастап ағымдағы төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      11. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күтіп ұстауға шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылу беру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтеріне шығындар осы Қағиданың 22-тармағына сәйкес, қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша ескеріледі.
      12. Суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша белгіленген тарифтер шегінде анықталады.
      13. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) жылу беру маусымында орталық жылытуға қосылмаған және пәтерлерді жылыту басқа да жылу көздерінің көмегімен жүзеге асыратын үйлерде тұратындарға мынадай тәртіпте беріледі.
      Тұрғын үй көмегі пешпен жылытатын жеке үйлерде тұратын отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет, жүгінген айына қарамай, ағымдағы тоқсанда беріледі.
      Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты, тұрғын үй көмегін есепке алғанда тұрғын үйге барлық көмір шығынының әлеуметтік нормасын (көмір құнын) жүгінген тоқсаннан кейінгі тоқсанға үш айына біржолғы есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің есебі электр қуатымен жылытуды жүзеге асыратын үйлерде тұратын отбасыларына (азаматтарға) пешпен жылытылатын үйлер үшін көзделген тәртіпте жүзеге асырылады. Осы жағдайда электр қуатының төлемін шығын нормасына және көмірдің бағасына және электр қуатының шығын нормасына, нормаларға сәйкес эквивалентті есептеледі.
      14. Тұрғын үй көмегі бір үйде бірнеше меншік иесі болған жағдайда, осы мекенжай бойынша тіркелген меншік иесіне тағайындалады. Егер де осы мекенжай бойынша бірнеше меншік иесі (отбасылары) тіркелген жағдайда, тұрғын үй көмегі жүгінуіне қарай әр отбасының алатын ауданына пропорционалды түрде әр жекеменшік иесіне (отбасына) тағайындалады.
      15. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 39/10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шарттар ескеріледі:
      өтініш беруші заңды некеде тұрса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекенжайы бойынша тұрғын үй көмегі тағайындалады;
      өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда –баланың ата-анасының табыстары есептеледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 39/10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 24/9-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.
      Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығына заңнамада белгіленген тәртіпте жауапты болады.
      19. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегiнің сомаларын алушы ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      20. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      21. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 12 % мөлшерiнде белгiленедi.
      22. Тұрғын үй көмегінің есебіне алынатын коммуналдық қызметтер тұтыну нормалары мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
      тұрғын үй алаңының нормалары:
      бір адамға – 15 шаршы метр;
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      бес және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін 75 шаршы метрден артық емес;
      тұтынатын газдың нормасы:
      бір адамға - 5,5 килограмм;
      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыс нормасы Глубокое аудандық мәслихаты бекіткен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшеріне тең;
      бiр айға электр энергиясын тұтыну нормасы – әр тұратын адамға 90 кВт, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер үшін – 120 кВт.
      көмір тұтыну нормасы:
      тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының бір шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 килограмм, бірақ бір үйге 5000 килограмнан артық емес.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 39/10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      23. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ережелер

      24. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.