"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 395 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 3478 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 104 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 06.04.2018 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2046 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 24 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бакылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.

      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д. Сатыбалды
      Б. Жылқышиев
      Е. Айтаханов
      С. Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
14 желтоқсан № 395
қаулысына қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2011 жылғы
25 сәуірдегі № 90
қаулысына қосымша

Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі

      1. Сырдария өзенінің көл жүйелері (Шардара, Арыс, Отырар аудандары және Түркістан қаласы).

      2. Шу өзені жайылма көлдерімен қоса (Созақ ауданы).

      3. Казот көл жүйелері (Созақ ауданы ).

      4. Шошкакөл көл жүйелері (Отрар ауданы).

      5. Отрабат көл жүйелері (Түркістан қаласы).

      6. Бөген су қоймасы (Ордабасы ауданы).

      7. Бадам су қоймасы (Төлеби ауданы).

      8. Бөржар су қоймасы (Ордабасы ауданы).

      9. Қапшағай су қоймасы (Бәйдібек ауданы).

      10. Тоғыс су қоймасы (Төлеби ауданы).

      11. Көшқорған су қоймасы (Түркістан қаласы).

      12. Досан-Қарабас су қоймасы (Бәйдібек ауданы).

      13. Баба-ата су қоймасы (Созақ ауданы).