Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 90 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінде 2011 жылғы 19 мамырда № 2046 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 104 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 06.04.2018 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы 9-тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Б.Оспанов
      Облыс әкімі
      аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары Б.Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков
      Облыстық экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасының бастығы Е.Садыр
      Облыстық қаржы
      басқармасының бастығы Г.Морозова

  Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
25 сәуірдегі № 90 қаулысымен бекітілген

Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су
айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.12.2015 № 395 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Сырдария өзенінің көл жүйелері (Шардара, Арыс, Отырар аудандары және Түркістан қаласы).

      2. Шу өзені жайылма көлдерімен қоса (Созақ ауданы).

      3. Казот көл жүйелері (Созақ ауданы ).

      4. Шошкакөл көл жүйелері (Отрар ауданы).

      5. Отрабат көл жүйелері (Түркістан қаласы).

      6. Бөген су қоймасы (Ордабасы ауданы).

      7. Бадам су қоймасы (Төлеби ауданы).

      8. Бөржар су қоймасы (Ордабасы ауданы).

      9. Қапшағай су қоймасы (Бәйдібек ауданы).

      10. Тоғыс су қоймасы (Төлеби ауданы).

      11. Көшқорған су қоймасы (Түркістан қаласы).

      12. Досан-Қарабас су қоймасы (Бәйдібек ауданы).

      13. Баба-ата су қоймасы (Созақ ауданы).