Алматы қаласында көрсетілетін өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 4/620 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 желтоқсанда № 1232 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы", 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы", 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы", 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы", 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы", 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы", 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы", 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрықтарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
      1) "Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру";
      2) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау";
      3) "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау";
      4) "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау";
      5) "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау";
      6) "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау";
      7) "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау";
      8) "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау";
      9) "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау";
      10) "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау".
      2. Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі            Б. Байбек

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру баламалы негізде көрсетілетін қызметті беруші, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мыналар болып табылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) орталыққа өтініш берген кезде - жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама;
      2) портал арқылы өтініш берген кезде: көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.
      Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

       4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі (нотариаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша) Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 минуттың ішінде құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және оларды қызмет нәтижесімен бірге қол қоюға басшылыққа жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 15 минуттың ішінде құжаттармен танысады және қызмет нәтижесіне қол қояды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға 10 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі журналға қол қойғыза отырып, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 минуттың ішінде құжаттарды танысу және қол қою үшін басшылыққа жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет нәтижесі бар құжаттармен танысады, қол қояды және жауапты орындаушыға жібереді - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы береді - 10 минут.
      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

       9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі (нотариаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша) Орталыққа Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Орталықтың қызметкері электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық деректер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге мониторинг жүргізудің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Орталықтың қызметкері құжаттар түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан соң түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      10. Барлық қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      11. Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру "терезелер" арқылы Орталыққа өзі (не оның өкілі (нотариаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша) жүгінген кезде жүзеге асырылады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесін алуға жүгінбеген жағдайларда, Орталық бір айдың ішінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, одан соң оны Орталықтың мұрағатына береді.
      13. Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес - сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының қызметтерді алу үшін Порталда ЖСН/БСН және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1 шарт -ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын Порталда тексеру;
      4) 2 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзылыстарға байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2 шарт - Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында, және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
      7) 4 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ЭҮӨШ АЖО) жіберу;
      9) 3 шарт - көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9 тармағында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарды және қызметтерді көрсету үшін негіздерді сәйкестік тұрғысында тексеруі;
      10) 6 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-н пайдалана отырып қалыптастырылады.
      14. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету
кезінде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы
туралы анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша

"Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 қаулысымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы, сондай-ақ www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлікті беру болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушіге куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, аттестаттау туралы куәлік электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі іс-қимылдың басталуы үшін негіздеме болып табылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) порталға жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрауы.
      Сонымен қатар өтінішке немесе электрондық сұрауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбе бойынша құжаттар қоса беріледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесі маманының құжаттарды қабылдауы және өтініштерді тіркеуі - 30 (отыз) минут. Көрсетілетін қызметті берушіге тиісті құжаттардың толық көлемде қабылдағандығы туралы қолхатты және тіркеу нәтижесін беру және көрсетілетін жауапты орындаушыны белгілеу үшін басшылыққа жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады - 30 минут. Нәтижесі - орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді - 1 жұмыс күн ішінде. Нәтижесі - аттестаттау туралы куәлікті дайындау;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне беру.
      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күнінен артық емес.
      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан артық емес.
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минуттан артық емес.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      6. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 минуттың ішінде құжаттарды танысу және қол қою үшін басшылыққа жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет нәтижесі бар құжаттармен танысады, қол қояды және жауапты орындаушыға жібереді - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы береді - 10 минут.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің, сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының қызметтерді алу үшін Порталда жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес - сәйкестендіру нөмірін, және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1 шарт - жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес - сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын Порталда тексеру;
      4) 2 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзылыстарға байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2 шарт - порталда электрондық-цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген сәйкестендіру нөмірі / бизнес - сәйкестендіру нөмірі арасында, және электрондық-цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес - сәйкестендіру нөмірі арасында) сәйкестігін тексеру;
      7) 4 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасының дұрыстығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына жіберу;
      9) 3 шарт - көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарды және қызметтерді көрсету үшін негіздерді сәйкестік тұрғысында тексеруі;
      10) 6 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзылыстарға байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып қалыптастырылады.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігін және сапасын арттыруды
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1 қосымша

"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігін және сапасын арттыруды
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету
кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық
екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде
қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығымен бекітілген "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көтсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      4. Мемлекеттік қызмет көтсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе сенімхат бойынша оның өкілінен) өтінішті және Стандарттың 9 тармағымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады және құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді.
      Нәтиже - құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беру және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті қолын қояды.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғандығы туралы қолхаты.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін

(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінңі сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркейді, Стандарттың 4 тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және орындау үшін жауапты орындаушыға құжаттар топтамасын береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін жібереді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қою туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгі аралықта, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі Стандарттың 4 тармағымен белгіленген.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң
көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру
(оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының
құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн
отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру)
шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығымен бекітілген "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      "Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      4. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе сенімхат бойынша оның өкілінен) өтінішті және Стандарттың 9 тармағымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады және құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді.
      Нәтиже - құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беру және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті қолын қояды.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғандығы туралы қолхаты.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркейді, Стандарттың 4 тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және орындау үшін жауапты орындаушыға құжаттар топтамасын береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін жібереді.
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қою туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгі аралықта, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі Стандарттың 4 тармағымен белгіленген.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi
егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      4. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы 

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе сенімхат бойынша оның өкілінен) өтінішті және Стандарттың 9 тармағымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады және құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді.
      Нәтиже - құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беру және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті қолын қояды.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғандығы туралы қолхаты.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

       7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркейді, Стандарттың 4 тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және орындау үшін жауапты орындаушыға құжаттар топтамасын береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін жібереді.
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қою туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгі аралықта, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі Стандарттың 4 тармағымен белгіленген.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестатау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

       1. "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 қаулысымен бекітілген "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы, сондай-ақ www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлікті беру болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушіге куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, аттестаттау туралы куәлік электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі іс-қимылдың басталуы үшін негіздеме болып табылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) порталға жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұрауы.
      Сонымен қатар өтінішке немесе электрондық сұрауға Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбе бойынша құжаттар қоса беріледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесі маманының құжаттарды қабылдауы және өтініштерді тіркеуі - 30 минут. Көрсетілетін қызметті берушіге тиісті құжаттардың толық көлемде қабылдағандығы туралы қолхатты және тіркеу нәтижесін беру және көрсетілетін жауапты орындаушыны белгілеу үшін басшылыққа жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады - 30 минут. Нәтижесі - орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді - 1 жұмыс күн ішінде. Нәтижесі - аттестаттау туралы куәлікті дайындау;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне беру.
      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күнінен артық емес.
      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан артық емес.
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минуттан артық емес.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      6. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 минуттың ішінде құжаттарды танысу және қол қою үшін басшылыққа жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет нәтижесі бар құжаттармен танысады, қол қояды және жауапты орындаушыға жібереді - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы береді - 10 минут.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің, сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының қызметтерді алу үшін Порталда жеке сәйкестендіру нөмірін / бизнес - сәйкестендіру нөмірін, және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1 шарт - жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес - сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы теректердің дұрыстығын Порталда тексеру;
      4) 2 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзылыстарға байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2 шарт - порталда электрондық-цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген сәйкестендіру нөмірі / бизнес - сәйкестендіру нөмірі арасында, және электрондық-цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес - сәйкестендіру нөмірі арасында) сәйкестігін тексеру;
      7) 4 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасының дұрыстығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына жіберу;
      9) 3 шарт - көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарды және қызметтерді көрсету үшін негіздерді сәйкестік тұрғысында тексеруі;
      10) 6 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзылыстарға байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып қалыптастырылады.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.

"Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Тұқымның сапасына сараптама жасау
жөніндегі зертханаларды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi
көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

       1. "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру баламалы негізде көрсетілетін қызметті беруші, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мыналар болып табылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) орталыққа өтініш берген кезде - жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама;
      2) портал арқылы өтініш берген кезде: көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.
      Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар
тәртібін сипаттау

       4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі (нотариаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 минуттың ішінде құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және оларды қызмет нәтижесімен бірге қол қоюға басшылыққа жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 15 минуттың ішінде құжаттармен танысады және қызмет нәтижесіне қол қояды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға 10 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі журналға қол қойғыза отырып, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 минуттың ішінде құжаттарды танысу және қол қою үшін басшылыққа жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет нәтижесі бар құжаттармен танысады, қол қояды және жауапты орындаушыға жібереді - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы береді - 10 минут.
      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік
қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі (нотариаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша) Орталыққа Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Орталықтың қызметкері электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық деректер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге мониторинг жүргізудің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Орталықтың қызметкері құжаттар түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан соң түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      10. Барлық қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      11. Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру "терезелер" арқылы Орталыққа өзі (не оның өкілі (нотариаттық түрде куәландырылған сенімхат бойынша) жүгінген кезде жүзеге асырылады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесін алуға жүгінбеген жағдайларда, Орталық бір айдың ішінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, одан соң оны Орталықтың мұрағатына береді.
      Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну тәртібін сипаттау осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес графикалық нысанда келтірілген.
      13. Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес - сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының қызметтерді алу үшін Порталда ЖСН/БСН және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
      3) 1 шарт -ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын Порталда тексеру;
      4) 2 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзылыстарға байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде сұрау нысанына бекіту, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2 шарт - Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында, және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
      7) 4 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұралып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ЭҮӨШ АЖО) жіберу;
      9) 3 шарт - көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9 тармағында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарды және қызметтерді көрсету үшін негіздерді сәйкестік тұрғысында тексеруі;
      10) 6 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-н пайдалана отырып қалыптастырылады.
      14. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi
және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық
өзара іс-қимыл диаграммасы

"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi
және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi
және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша

"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi
көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "11" қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

       1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8 (727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көтсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      4. Мемлекеттік қызмет көтсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе сенімхат бойынша оның өкілінен) өтінішті және Стандарттың 9 тармағымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады және құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді.
      Нәтиже - құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беру және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті қолын қояды.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғандығы туралы қолхаты.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркейді, Стандарттың 4 тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және орындау үшін жауапты орындаушыға құжаттар топтамасын береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін жібереді.
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қою туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгі аралықта, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі Стандарттың 4 тармағымен белгіленген.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсiру шығындарының
құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп
өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің,
биоагенттердің (энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

       1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 15-1/522 бұйрығымен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе сенімхат бойынша оның өкілінен) өтінішті және Стандарттың 9 тармағымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады және құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді.
      Нәтиже - құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беру және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті қолын қояды.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғандығы туралы қолхаты.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылық бөлімінің маманы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркейді, Стандарттың 4 тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және орындау үшін жауапты орындаушыға құжаттар топтамасын береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін жібереді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қою туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгі аралықта, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі Стандарттың 4 тармағымен белгіленген.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің,
биоагенттердің (энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 қарашадағы
№ 4/620 қаулысымен бекітілді

"Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

       1. "Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген.
      "Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85, 114 кабинет, телефон 8(727) 267-62-06, 272-46-28 мекенжайы бойынша "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
       4. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны:
қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің)іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

       5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (немесе сенімхат бойынша оның өкілінен) өтінішті және Стандарттың 9 тармағымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады және құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат береді.
      Нәтиже - құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы қолхат беру және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті қолын қояды.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды, рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы - 1 (бір) күн.
      Нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      Нәтиже - көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғандығы туралы қолхаты.
      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркейді, Стандарттың 4 тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және орындау үшін жауапты орындаушыға құжаттар топтамасын береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін жібереді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қою туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгі аралықта, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі Стандарттың 4 тармағымен белгіленген.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

"Тыңайтқыштар (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы