РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;
13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;
14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
16) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;
17) осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің күші
жойылған қаулыларының тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 2/236 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1039 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 2/236 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қазандағы № 4/886 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1103 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашасында «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
1-қосымша
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тарамағында көрсетілген қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы немесе ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын учаскелік комиссияның қарауы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызметтің нәтижесін ресімдеуі;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызмет алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы;
3) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссия (бұдан әрі - учаскелік комиссия).
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы:
1) құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне тапсырылған жағдайда;
түпнұсқада ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы сканерлейді, содан кейін құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен бірге тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың электрондық көшірмелері маманның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі, ХҚКО, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен балаларға көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімің маманы «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша сұрау салуды:
1) жеке басын куәландыратын;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің тұрақты және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы;
3) барлық балалары Қазақстан Республикасында туылған жағдайда (2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған балалар бойынша) өтініш беруші балаларының ЖСН бойынша тууын тіркеу туралы;
4) өтініш берушінің неке қиюын (бұзуын) (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелгендер) тіркеу туралы;
5) мүгедектікті растау туралы;
6) кірістері туралы (еңбекақы және әлеуметтік төлемдер);
7) стипендиясының болуы және оның мөлшері туралы;
8) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу бойынша;
9) қосалқы шаруашылықтың болуы және саны туралы;
10) кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістері туралы;
11) жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы мәліметтерді алу үшін қалыптастырады.
Мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардың АЖ мен ЕДБ АЖ-ден сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ және «электрондық үкіметтің» шлюзінің ЭЦҚ-мен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімшесінің, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе ХҚКО-ның ЭЦҚ-мен расталады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
1) АЖ - ақпараттық жүйе;
2) ЕДБ АЖ - екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар үзбелі талон береді.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушы туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің ақпараттық жүйедегі мәліметтермен сәйкес болмауын растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті беруші аудандық бөлімі көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін келісу туралы құжаттардың түпнұсқаларын және өтінішті ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) келісу туралы өтінішін қабылдайды, құжаттардың түпнұсқаларын сканерден өткізеді, оларды ЭЦҚ-мен куәландырады және өтініш берушіден өтініш және құжаттардың түпнұсқасын қабылдаған күні ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жібереді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы үш жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім көрсетілетін қызметті алушыны осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес тиісінше нысандар бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы (себебін көрсете отырып) хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы көрсетілетін қызмет алушыдан балаларға арналған жәрдемақылар тағайындау үшін қабылданатын, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар пакетінің толықтығын тексереді және құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерінің сапасын көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағына сәйкес ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы келіп түскен құжаттар пакетін тексереді және құжаттар тізбесі толық түскен жағдайда өтінішті осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес нысандар бойынша журналдарда тіркейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды тіркеп, қабылдағаннан кейін ақпараттық жүйелерден алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді басып шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына кіріс-хат журналына тіркеу үшін береді, сосын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарап болғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға береді.
Учаскелік комиссиялар көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жібереді.
Азаматтар алғаш жүгінген кезде учаскелік комиссия балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізеді. Азаматтар күнтізбелік бір жылдың ішінде қайталап өтініш білдірген кезде учаскелік комиссияның балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуі көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы ұсынған деректерді нақтылау кезінде жүргізіледі.
Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар келіп түскен кезде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы электрондық құжаттар мен қағаз жеткізгіштегі іс макетіндегі құжаттардың сәйкестігін, сканерленген құжаттардың сапасын, балаларға арналған жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.
Балаларға арналған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды тіркеген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі бес жұмыс күн ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға, немесе ХҚКО ақылы тікелей осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы қызмет көрсету туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаға қол қояды;
жауапты орындаушы тұтынушыға хабарламаны береді.
Тағайындау туралы шешімнің қабылданғаны жөніндегі хабарламаны, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап беру былай жүзеге асырылады:
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушының аудандық бөлімге өзі келуі немесе пошталық хабар беруі арқылы;
ХҚКО өзі барған кезде қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы күн сайын.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) ХҚКО-ға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні;
ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
12. ХҚКО-ң құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Көрсетілетін қызметті беруші, ХҚКО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу немесе бала асырап алу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;
ХҚКО-да:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері Стандарттың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
14. ХҚКО қызметкері дайын құжаттарды беруді қолхатта көрсетілген мерзімде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырады.
15. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет беруші мамандарының өзара әрекеті, рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының сипаттамасы, сондай-ақ ХҚКО-мен өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға
мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
1 қосымша
18 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға мемлеке
жәрдемақы тағайындауға өтінішті
қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. ____________ «___»
Азамат ________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш берген күні 20____ ж. «____» ___________
________________________________________________________________
_____________________________________

(себептерін көрсету)
байланысты 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас
тартылды.
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған
________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның лауазымы) (Т.А.Ә.)
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға
мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
2 қосымша
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау туралы
азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы
Р/с № |
Тір- |
Өтініш- |
Т.А.Ә. |
Мекен-жайы |
Балалар саны |
Учаскелік комиссияға беру күні |
Учаскелік комиссияның қорытынды қабылдау күні |
Уәкілетті органның тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің күні |
Тағайындау |
Сомасы |
Ескерт- |
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға
мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
3 қосымша
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау немесе бас тарту туралы
№ ______ хабарлама
20__ ж. _______________ «___»
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мынаны хабарлайды
Өтініш берушінің Т.А.Ә.__________________________________________
Өтініш берушінің туған күні _________ ж. ________________ «_____»
Құжаттарды қайтарған күн 20__________ ж. ________________ «_____»
18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(себебін көрсету)
__________________________________________________________________
себебі бойынша 18 жасқа дейінгі
балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
18 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау жөніндегі уәкілетті органның жауапты тұлғасының
ЭЦҚ-мен куәландырылған
__________________________________________________________________
(лауазымы және Т.А.Ә.)
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға
мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
4 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес – процестерінің
анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
2-қосымша
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет
тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағымен көрсетілген қажетті құжаттарды немесе электрондық сұрау салуды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады.
Көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы немесе ХҚКО қызметкері арқылы құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының мемлекеттік қызметтің нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жіберу немесе көрсетілетін қызмет алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет
тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жүгінуі қажет, өзімен бірге өтініш пен қажетті құжаттардың түпнұсқалары болуы тиіс. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарының түпнұсқалылығы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы арқылы тексеріледі;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жергілікті атқару органының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЖАО АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) ЖАО АЖ-де тіркелген көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЖАО АЖ-де хабарлама қалыптастыру;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды бекіту);
6) мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген мәліметтерді, сканерленген құжаттарды) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
7) сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ-ң тіркеу куәлігінің мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) ЖАО АЖ-ң тіркеу куәлігінің жоқ екендігін тексеру;
8) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызметті өңдеуі;
10) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік электронды қызметті көрсету (жәрдемақы үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат аудандық бөлімі маманының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырады;
11) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім маманының мемлекеттік қызметтің (жәрдемақы үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына беруі немесе электрондық пошта арқылы жіберуі.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;
ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚКО-да – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚКО-да – 20 минут.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану
тәртібінің сипаттамасы
12. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ХҚКО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезекке тұру тәртібімен көрсетіледі, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
13. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде, Стандартың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады және Стандарттың 9 тармағындағы құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
ХҚКО-да:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
14. Дайын құжаттарды беруді жеке куәлікті көрсеткен жағдайда қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде ХҚКО-ң қызметкері жүзеге асырады.
15. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанда тіркеудің электрондық өтінішін қабылдағандығы және уақытын белгілегендігі туралы хабарлама алу болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді портал арқылы көрсеткен жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және пароль көмегімен порталдан тіркеуден өтуі тиіс (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
2) мемлекеттік электронды қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
3) порталда көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру үдерісі;
4) көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы портал хабарламаны қалыптастыру;
5) көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды тіркеу);
6) мемлекеттік электронды қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген мәліметтерді, сканерленген құжаттарды) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
7) сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ-ң тіркеу куәлігінің мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) порталдың тіркеу куәлігінің жоқ екендігін тексеру;
8) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжатын (тұтынушының сұрау салуын) «электрондық үкімет» өңірлік шлюзі арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік электронды қызметті өңдеуі;
10) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім маманының мемлекеттік электронды қызметті көрсету (әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады және порталдың жеке кабинетіне жіберіледі.
16. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының сипаттамасы, көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет тәртібі мемлекеттік қызмет үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға
жұмсалған шығындарды өтеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес - процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
3-қосымша
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілген қызметті беруші
мемлекеттік қызметті көрсету барысында құрылымдық
бөлімшелердің (қызметкерлердің) жүргізу
ретінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.
Порталда жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураның басталуы үшін негіздеме Стандарттың 9 тармағында қарастырылған қызмет берушінің қызмет алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алу немесе қызмет алушының электрондық сұрауы болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кіріс құрамының рәсімдері (әрекет):
1) көрсетілетін қызмет беруші маманның құжатты қабылдауы;
2) көрсетілетін қызмет беруші маманның, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісімін алуы.
3) сұранысты жолдау және мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметі» шлюз арқылы алу;
4) көрсетілетін қызмет берушінің маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚКО-ың маманына мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің
мемлекеттік қызметті көрсету барысында
құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
өзара қарым-қатынаста болу ретінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушы қызмет беруші құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:
1) көрсетілетін қызмет беруші маман:
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы.
9. Көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы реттілік рәсімдерді (әрекетерді) сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет алушы қажетті құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін көрсетілетін қызмет беруші маманына береді;
2) көрсетілетін қызмет беруші маманы мемлекеттік ақпараттық жүйесіне шлюз арқылы «электрондық үкіметі» нысанына сұранысты жолдайды;
3) көрсетілетін қызмет беруші маман ақпаратты электронды түрде алады және құжаттың түпнұсқасымен салыстырып, одан әрі түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады;
4) көрсетілетін қызмет беруші маманы көрсетілетін қызметті алушының дербес деректері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында енгізеді;
5) көрсетілетін қызмет беруші маман жұмыссыз ретінде тіркелгені және есепке қойылғандығы туралы хабарламаны қағаз түрінде дайындап, көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді;
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызмет беруші маманға шығыс корреспонденциясын журналға тіркеу үшін береді;
7) көрсетілетін қызмет беруші маман көрсетілетін қызмет алушыға дайын хабарламаны береді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады
11. Қызмет беруші мамандарының арасындағы реттілік рәсімінің сипаттамасы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес кесте түрінде және блок-схемада көрсетілген.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 10 минут.
4. Қызметті берушілердің халыққа қызмет
көрсету орталығымен және портал арқылы,
оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік
қызметті көрсету барысының сипаттамасы
13. ХҚКО жүгінген кезде көрсетілетін қызмет алушы белгілеген үлгі, Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қоюға өтініш толтырылады.
14. ХҚКО-ның жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.
15. Қажетті құжаттарды ХҚКО-ғы арқылы ұсынылған мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
16. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
17. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші толтырылады.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қабылдау жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу туралы сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
18. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
19. Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын логин және пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2 үдеріс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
5) 3 үдеріс - Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу), нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу;
6) 4 үдеріс - электрондық үкіметтің төлем шлюзінде қызметтердің ақысын төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;
7) 2 шарт - қызмет көрсеткені үшін ақы төлегені туралы фактіні порталда тексеру;
8) 5 үдеріс - қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6 үдеріс көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3 шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
13) 9 үдеріс - порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;
14) 4 шарт - автоматтандырылған жүйеде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызмет алушыны жұмыссыз ретінде енгізу;
15) 10 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының порталдағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
1) ХҚКО-ға, порталға жүгінген кезде – құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін ХҚКО-ға және порталға жүгінген кезде – 15 минут.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ХҚКО-ға және порталға жүгінген кезде – 15 минут.
21.Көрсетілетін қызмет беруші маман мен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету барысында (әрекеті), оның ішінде ХҚКО-мен өзара қарым-қатынас реттілігі және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық жүйе рәсімі графикалық түрде Регламенттің 2 қосымшасында сипатталған.
22. Өтініш беру тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету графикалық түрде Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
23. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы графикалық түрде Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу
және есепке қою» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
1 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету блок-схемасы
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу
және есепке қою» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
2 қосымша
Функционалдық өзара әрекеттің кестесі
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу
және есепке қою» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
3 қосымша
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді
көрсету кезінде функционалдық өзара
іс-қимылдың диаграммасы
Шартты белгілері:
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу
және есепке қою» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
4 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
4-қосымша
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға
жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) аудандық бөлімдері арқылы көрсетіледі.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) қызмет беруші;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
2. Мемлекеттік көрсетілген қызметті беруші
мемлекеттік қызметті көрсету барысында
құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
жүргізу ретінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, онда мыналар қамтылады:
1) жұмысқа орналасуға жолдама;
2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;
3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдама;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;
5) жастар іс-тәжірибесіне жолдама;
6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің басталуы үшін негіздеме Стандарттың 9 тармағында қарастырылған қызмет берушінің қызмет алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алу немесе қызмет алушының электрондық сұрауы болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кіріс құрамының рәсімдері (әрекет):
1) көрсетілетін қызмет беруші маманның құжатты қабылдауы;
2) көрсетілетін қызмет беруші маманның, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісімін алуы;
3) сұранысты жолдау және мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметі» шлюзі арқылы алу;
4) қызметті беруші маманның мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің
мемлекеттік қызметті көрсету барысында
құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
өзара қарым-қатынаста болу ретінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы қызмет беруші құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:
1) көрсетілетін қызмет беруші маман:
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы.
9. Көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы реттілік рәсімдердің (әрекетердің) сабақтастығының сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет алушы қажетті құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін көрсетілетін қызмет беруші маманына береді;
2) көрсетілетін қызмет беруші маманы мемлекеттік ақпараттық жүйесіне «электрондық үкіметі» шлюзі арқылы сұранысты жолдайды;
3) көрсетілетін қызмет беруші маман ақпаратты электронды түрде алады және құжаттың түпнұсқасымен салыстырып, одан әрі түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады;
4) қызмет алушының жұмыссыз ретінде тіркелгендігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші маманы көрсетілетін қызметті алушыға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама жазып береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдамаға қол қояды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің маманы дайын жолдаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет - ресурсының, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
11. Қызмет беруші мамандарының арасындағы реттілік рәсімдердің сабақтастығының сипаттамасы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес кесте түрінде және блок-схемада көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 30 минут;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
4. Қызметті берушілердің халыққа қызмет
көрсету орталығымен және портал арқылы,
оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік
қызметті көрсетуі барысының сипаттамасы
13. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦП-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш толтырылады.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда электрондық сауалды қабылдау «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
14. Жұмыс порталының кестесі – тәулік бойы, техникалық үзілістерді санамағанда, жөндеу жұмыстарына байланысты (қызмет алушыға жұмыс күні аяқталған кезде өтініш берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерінде өтініштердің қорытындысын қабылдау және беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
15. Өтініш тәртібінің және қызметті беруші мен қызметті алушының реттілік рәсімінің (әрекет) сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын логин және пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2 үдеріс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
5) 3 үдеріс - Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу), нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу;
6) 4 үдеріс - электрондық үкіметтің төлем шлюзінде қызметтердің ақысын төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;
7) 2 шарт - қызмет көрсеткені үшін ақы төлегені туралы фактіні порталда тексеру;
8) 5 үдеріс - қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6 үдеріс көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3 шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
13) 9 үдеріс - порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;
14) 4 шарт - автоматтандырылған жүйеде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызмет алушыны жұмыссыз ретінде енгізу;
15) 10 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының порталдағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталда – 1 (бір) жұмыс күні.
17. Өтініш беру тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету графикалық түрде Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
18. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы графикалық түрде Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету блок-схемасы
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша
Портал арқылы электрондық мемлекеттік
қызметтерді көрсету кезінде функционалдық
өзара іс-қимылдың диаграммасы
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
5-қосымша
«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға
және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық
бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру
үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден немесе шетелдік қызметкерден) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту бойынша қызмет көрсету кезінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
қайта ресімделген рұқсат және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға ұзартылған рұқсат немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат) беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша – электронды немесе қағаз түрінде;
көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмысқа орналасуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша – қағаз түрінде.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 1 және 5қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған өтінімдер мен Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сауалын алу мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісі құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат:
рұқсатты беру және қайта ресімдеу:
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының құжаттарды қабылдауы;
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының ұсынылған құжаттарды тексеруі;
құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мамандардың құжаттарды қайтаруы;
өтінішті қарау;
рұқсатты беру, қайта ресімдеу не беруден немесе қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешімді ресімдеу;
көрсетілетін қызметті алушыға қараудың нәтижесі туралы хабарлама;
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;
көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) – рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсыруы;
көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру;
рұқсатты ұзарту:
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының құжаттарды қабылдауы;
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының ұсынылған құжаттарды тексеруі;
құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мамандардың құжаттарды қайтаруы;
өтінішті қарау;
көрсетілетін қызмет беруші басшысының рұқсатты ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді ресімдеуі;
көрсетілетін қызметті алушыға қараудың нәтижесі туралы хабарлама;
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;
көрсетілетін қызметті алушының қызмет берушіге жүгіну барысында - көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нәтижесін беру.
2) Жұмысқа орналасуға рұқсатты беру және ұзарту:
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының құжаттарды қабылдауы;
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының ұсынылған құжаттарды тексеруі;
құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда қызметті беруші мамандардың құжаттарды қайтаруы;
өтінішті қарау;
көрсетілетін қызмет беруші басшысының рұқсатты ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді ресімдеуі;
көрсетілетін қызметті алушыға қараудың нәтижесі туралы хабарлама;
көрсетілетін қызметті беруші мамандарының мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;
көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) – рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсыруы;
көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс- қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету барысына қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
5)көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері;
6) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің басшысы;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдерінің (іс-қимылдардың) жүйелілігінің сипаттамасы:
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру:
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы бұрыштамаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің қызметкеріне жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі - Қағидалар) талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері құжаттардың Қағидалардың талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағына сәйкестігі туралы ақпарат дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы құжаттардың ақпаратына қол қояды;
аудандық бөлімнің кеңсесі құжаттарды тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлама қағазды жолдайды;
аудандық бөлімнің кеңсесі тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішімен бірге ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөліміне жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері аудандық бөлім қызметкерінен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын өтінішімен бірге ақпаратты қабылдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін Алматы қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссия қарауына ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері отырыс өтетін күннен кемінде үш жұмыс күні бұрын отырыстың өтетін күні, уақыты және орны туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады;
шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін аптасына 1 рет қарайды;
шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссия шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру не оны беруден бас тарту туралы ұсынымдық сипаттағы шешімін енгізеді;
көрсетілетін қызмет беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру не оны беруден бас тарту туралы шешімді шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру жөніндегі комиссияның ұсынған шешімі негізінде қабылдайды;
көрсетілетін қызмет беруші шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы қабылданған шешiм жөнiнде оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды;
көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) – рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттарын (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) тексереді;
көрсетілетін қызмет берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың Қағидалар талаптарына сәйкес болған жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілетін қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.
Тапсырылған құжаттар Қағидалардың талаптарымен, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім қызметкері берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды қызметті алушыға (жұмыс берушіге) қайтарады.
2) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта рәсімдеу:
шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта рәсімдеу үшін өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі басшысына қарауға ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы бұрыштамаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкеріне жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттарды Қағидалардың талаптарымен, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағымен сәйкестігін тексереді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері құжаттардың Қағидалардың талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағына сәйкестігі туралы ақпарат дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы құжаттардың ақпаратына қол қояды;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама қағазды жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсесі тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ақпараттармен бірге көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөліміне жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкерінен көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің ақпаратымен бірге көрсетілетін қызметті алушының өтініш құжаттарын қабылдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсат мерзімін ұзартуға арналған өтініші мен құжаттарын қызмет беруші басшысының қарауына ұсынады;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта ресімдеуді немесе қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қайта ресімделгендігі немесе қайта ресімдеуден бас тартылғандығы туралы қағаз түрінде хабарлама жолдайды;
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) – рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттарын (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) тексереді;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілген қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.
Тапсырылған құжаттар Қағидалардың талаптарымен, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес, толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда қызмет берушінің аудандық бөлімінің басшысы олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім қызметкері берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) қайтарады.
3) рұқсатты ұзарту:
рұқсат мерзімін ұзарту үшін сәйкес өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсе қызметкері рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы бұрыштамаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қызмет берушінің аудандық бөлімінің қызметкеріне жазып жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қағидалардың талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері құжаттардың Қағидалардың талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағына сәйкестігі туралы ақпарат дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы құжаттардың ақпаратына қол қояды;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері өтініш келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қызметті алушыға хабарлама қағазды жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті қызмет берушінің аудандық бөлімінің кеңсесі тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ақпараттармен бірге көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөліміне жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкерінен көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің ақпаратымен бірге көрсетілетін қызметті алушының өтініш құжаттарын қабылдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде рұқсат мерзімін ұзартуға арналған өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсат мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде рұқсат мерзімінің ұзартылуы немесе ұзартудан бас тартылуы бойынша қабылданған шешімдер туралы қағаз түрінде хабарлама жолдайды;
Жұмыс беруші рұқсатты алуға келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілген қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.
Тапсырылған құжаттар Қағидалардың талаптарымен, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім қызметкері берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) қайтарады.
4) жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту:
жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу немесе ұзарту үшін өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкеріне жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қағидалардың талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері құжаттардың Қағидалардың талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағына сәйкестігі туралы ақпарат дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы құжаттардағы ақпаратқа қол қояды;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңсесі тіркегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің кеңесі тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ақпараттармен бірге көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөліміне жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім қызметкерінен көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің ақпаратымен бірге көрсетілетін қызметті алушының өтініш құжаттарын қабылдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде рұқсат мерзімін ұзартуға арналған өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру не мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілген қызметті алушыны қағаз түрінде хабардар етеді;
көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) жиырма жұмыс күні ішінде тапсырады;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша оның Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілген қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.
Тапсырылған құжаттар Қағидалардың талаптарына, сонымен қатар Стандарттың 9 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім қызметкері берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) қайтарады.
5) жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты қайта ресімдеу:
жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің басшысының қарауына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон басшысы бұрыштамаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкеріне жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері тапсырылған құжаттардың Қағидалардың талаптарымен сәйкестігін тексереді;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері жұмысқа орналасуға арналған өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына ұсынады;
көрсетілетін қызметті беруші басшысы үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты қайта ресімдеу туралы шешім қабылдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері қабылданған шешім жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түрінде хабардар етеді;
көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша оның Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) жиырма жұмыс күні ішінде тапсырады;
көрсетілетін қызметті берушінің еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың Қағида талаптарына сәйкес болған жағдайда оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қағаз түрінде көрсетілетін қызметті алушыға қол қойдыртып, рұқсат береді немесе рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйесі арқылы рұқсатты жолдайды.
Тапсырылған құжаттар Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші олар келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде рұқсатты қайта рәсімдеуден берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, бас тартады.
4. Өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара әрекет тәртібін, сонымен қатар
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін ЭЦҚ қойылған өтініш және Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды береді.
Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторизациялануы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзартуды» таңдайды.
Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.
Қызметті алушы қызмет түрін, қызмет берушінің бөлімшесін таңдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді толтырады:
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, ұзарту, қайта рәсімдеу үшін:
Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес өтініш;
Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер және Стандарттың 9 тармағына сәйкес сканерленген қажетті құжаттар;
Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат;
Стандарттың 4 қосымшасына сәйкес белгіленген нысаны бойынша рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу;
Стандарттың 9 тармағына сәйкес қажетті құжаттар.
2) жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту, қайта рәсімдеу үшін:
Стандарттың 5 қосымшасына сәйкес өтініш;
Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер және Стандарттың 9 тармағына сәйкес сканерленген қажетті құжаттар.
Стандарттың 9 тармағына сәйкес қажетті құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушы оны ЭЦҚ-н қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).
9. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті беруші – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндеріжүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.
10. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері:
көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:
рұқсат беру – 41 (қырық бір) жұмыс күні ішінде;
рұқсатты қайта ресімдеу – 31 (отыз бір) жұмыс күні ішінде;
рұқсатты ұзарту – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:
жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту – 31 (отыз бір) жұмыс күні ішінде;
жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беруді, қайта ресімдеуді және ұзартуды мынадай ресім бойынша жүзеге асырады:
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға:
рұқсат беру және қайта ресімдеу:
рұқсат беру туралы шешімді – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
қайта ресімдеу туралы шешімді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
көрсетілетін қызметті алушыға – шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;
көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) – рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;
көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты – рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді;
рұқсатты ұзарту:
рұқсат беру туралы шешімді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
көрсетілетін қызметті алушыны – шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;
рұқсатты – көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде береді;
Көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
2) жұмысқа орналасуға:
рұқсат беру және ұзарту;
рұқсат беру туралы шешімді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
көрсетілетін қызмет алушыны – шешімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде хабарлайды;
көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) – рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;
көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты – рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмысі күн ішінде береді.
3) жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу:
рұқсатты – 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкерлерге) барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, өтініштің үзбелі талонын береді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысы туралы ақпарат 1414 бірыңғай байланыс-орталығының телефоны бойынша ұсынылады.
11. Дайын құжаттарды беруді қызметті беруді еңбек көші-қон бөлімінің қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде, жеке басын куәләндыратын құжатын және көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхатты ұсынған жағдайда жүзеге асырады.
12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылдарын, ресімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығын және мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 қосымшаларына сәйкес схемалық түрде көрсетілген.
«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға
және жұмыс берушілерге тиісті
әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне «Шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру»
1 Қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес - үдерістерінің анықтамалығы

2 Қосымша

3 Қосымша

4 Қосымша

5 Қосымша

6 Қосымша

7 Қосымша

8 Қосымша

9 Қосымша

10 Қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес - үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
6-қосымша
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
2) көрсетілетін қызметті беруші.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тарамағында көрсетілген қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауына негіз болып табылады.
Өтініш иесі келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта өтініш берген жағдайда, Стандарттың 9 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманының немесе ХҚКО қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын учаскелік комиссияның тексеруі;
4) көрсетілетін қызметті берушінің маманының мемлекеттік қызметтің нәтижесін рәсімдеуі;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жіберу немесе көрсетілетін қызмет алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы;
4) учаскелік комиссия.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы өтінішті қабылдайды, құжат көшірмелерін тексеріп, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың түпнұсқасын қайтарып береді, құжаттарды кіріс хат-хабарлары журналына тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманына жазып жолдайды;
3) қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы екі жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға қарауға береді.
4) учаскелік комиссия бес жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда отбасының кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен тұлғаның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеруді (бұдан әрі - тексеру) өткізеді (көрсетілетін қызметті алушы бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта өтініш берген кезде тексеру жүргізу өтініш берушінің тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), оның (отбасының) құрамы мен табысы өзгерген жағдайда және өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде жүзеге асырылады). Көрсетілетін қызметті алушының, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттамада бекітіледі;
қажет болған жағдайда тексеру жүргізуге қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрау салу немесе көрсетілетін қызметті алушының тапсырған құжаттарының (мәліметтерінің) растығын тексеруге байланысты сұранысты тиісті органдарға жібереді;
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш берген тұлғаға жүргізілген тексеріс нәтижесінде материалдық жағдайын тексеру актісі жасалады;
көрсетілетін қызметті алушыға, ал ол болмаған жағдайда - отбасының тексеру жүргізуге қатысқан, кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің біріне актіге қол қойғызып, таныстырады;
ұсынылған құжаттар және/немесе материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде учаскелік комиссия шешім шығарады және мемлекеттік көмек көрсетуге мұқтаждығы туралы немесе көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қорытынды түрінде осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес ресімдейді, оған төраға мен комиссия мүшелері қол қояды және көрсетілетін қызметті алушы онымен танысып, қол қояды;
қорытындыны құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне береді.
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі келесі процедураларды орындайды:
аудандық бөлімнің жауапты маманы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін базаға кіргізеді және өтініште көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының (оның отбасының) табысын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының мәліметтер базасымен салыстырады және өтініште көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының (оның отбасының) табысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының мәліметтер базасымен сәйкес келмеген жағдайда қабылданған құжаттарды, учаскелік комиссияның қорытындысын аудандық бөлімнің басшысына береді;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы шешім және мемлекеттік қызметті көрсету немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы шешімге және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаға қол қояды;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жеткізу тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне көрсетілетін қызметті алушының өзі келгенде немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға жүгінген кезде – құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті беруші тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні;
ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және
(немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы
12. ХҚКО-ң құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Көрсетілетін қызметті беруші, ауылдық округ әкімі, ХҚКО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;
ХҚКО-да
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері Стандарттың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
13. ХҚКО қызметкері дайын құжаттарды беруді қолхатта көрсетілген мерзім негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырады.
14. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімдерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекетінің реті, сондай-ақ ХҚКО-мен өзара әрекет тәртібі осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау»мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1 қосымша
Учаскелік комиссияның №__қорытындысы
20__ж. ___ ______
Учаскелік комиссия «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес отбасының
(өтініш берушінің)_________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарап,
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің)
негізінде отбасына (тұлғаға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берудің _____________________________________________________
___________________________________________________________________
туралы қорытынды шығарады
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
__дана қоса берілген құжаттармен қорытынды 20__ж. «__» ______ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің қолы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау»мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес - процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
7-қосымша
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімдері;
2) мүгедектер және әлеуметтік жағынан маңызды аурулары бар адамдар – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағымен көрсетілген қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):
1) көрсетілетін қызметті беруші маманының құжаттарды қабылдауы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызметтің нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы;
4) учаскелік комиссия;
5) арнайы комиссия.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және қажетті құжаттар түскен соң Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, Стандарттың 4 тармағымен бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманына береді;
3) көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы ұсынылған құжаттарды тексереді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді;
Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Көрсетілетін қызмет алушының қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімі тиісті мәліметтері бар өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
4) учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет алушыға тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Регламенттің 1, 2 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды көрсетілетін қызмет берушінің ауданық бөліміне жібереді;
5) көрсетілетін қызмет беруші аудандық бөлімінің жауапты маманы учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады;
6) арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді;
7) көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімі өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
8) көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді;
Осы Регламенттің 7 тармағының 3) тармақшасының 2, 3 азат жолында көрсетілген жағдайларда көрсетілетін қызмет берушінің аудандық бөлімі көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі. Порталда - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні;
әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды беру мүмкіндігі болмаған жағдайда – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты кезектегі адамдардың санына байланысты – бір көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсету үшін 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
4. Өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара әрекет тәртібін, сонымен қатар
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы
12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісетіні көрсетілген еркін нысандағы өтінішті және Стандарттың 9 тармағындағы құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
13. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтанба (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық құжат үлгісінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді портал арқылы көрсеткен жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН) және пароль көмегімен порталдан тіркеуден өтуі тиіс (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
2) мемлекеттік электронды қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және паролін (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;
3) порталда көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН және пароль арқылы тексеру үдерісі;
4) көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы портал хабарламаны қалыптастыру;
5) көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыру үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерленген құжаттарды тіркеу);
6) мемлекеттік электронды қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген мәліметтерді, сканерленген құжаттарды) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
7) сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұрау салудағы ЖСН-мен ЭЦҚ-ғы тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ-ң тіркеу куәлігінің мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) порталдың тіркеу куәлігінің жоқ екендігін тексеру;8) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжатын (тұтынушының сұрау салуын) «электрондық үкімет» өңірлік шлюзі арқылы жергілікті атқару органының ақпараттық жүйесіне жіберу және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік электронды қызметті өңдеуі;
10) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік электронды қызметті көрсету (материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады және порталдың жеке кабинетіне жіберіледі.
16. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.
18. Рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының сипаттамасы, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің мамандарының өзара әрекеті, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ж. «___» ________
_____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушініңТ.А.Ә.___________________________________
2. Тұратын мекенжайы _______________________________________
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай ______________________________________________
________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)
____________________________________________ адам, оның ішінде:
Р/с |
Т.А.Ә. |
Туған күні |
Өтініш беруші- |
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) |
Жұмыспен қамтылмау себебі |
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілі- |
Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек): _____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с |
Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. |
Табыс түрі |
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
|
тоқсанға |
орта есеппен айына |
||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)____________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ _________________________
Комиссия мүшелері:

Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________________________
өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша
Учаскелік комиссияның №__ қорытындысы
20 ____ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен __ данада
20__ж. «__» ___ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы____________
_____________________________________________________________________
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес - дерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына 8-қосымша
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық
сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды
тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай
өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тіркелген жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімдері;
2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешім;
2) куәлік немесе оның көшірмесін беру.
ЗТМО-да:
1)көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына қаражат аудару;
2) бас бостандығының айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушылардың жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру бойынша бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақыны төлеу.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарын сұратуды алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің маманының немесе ХҚКО қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманының мемлекеттік қызметтің нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жіберу немесе көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы мемлекеттік қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушыдан немес ХҚКО-нан өтініш пен құжаттар келіп түскеннен кейін өтінішті тіркеуге алады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі басшысының қарауына береді. Өтініш пен құжаттар ХҚКО-нан келіп түскен жағдайда ХҚКО-ң ақпараттық жүйесіне бекітеді (көрсетілетін қызметті берушіде жеке ақпараттық жүйе болмаған жағдайда);
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы қарап шыққаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманына жазып жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы ХҚКО немесе көрсетілетін қызметті алушының тапсырған құжаттарын қарауды жүзеге асырады, іс қағазының макетін дайындайды және оны Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік берудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 Қаулысына сәйкес Алматы қаласының аудандарының әкімдері құратын арнайы комиссияға жібереді;
4) арнайы комиссия азаматтардың іс қағаздары макеттерін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін азаматтарды тіркеу журналына тіркейді, іс қағазының макеті ресімделген азаматқа өтемақының төлену (төленбеу) фактісін тексереді, «Қазақстан Халықтық жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Банк), «Қазпочта» акционерлік қоғамының тізімдерін (тізілімдерін) салыстырып тексереді, қажет болған кезде Банкке немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамына азаматтарға өтемақы төленгені туралы ақпарат сұратуды жүргізеді, аудандар (қалалар) әкімдіктерінің 1993 жылдан бастап төлеу сәтіне дейінгі кезең ішінде өтемақы төлеуге арналған тізімдерімен салыстырып тексереді және Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешімді (бұдан әрі - Шешім) қағаз түрінде ресімдейді, дайын Шешімді көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жібереді;
Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп таныған жағдайда арнайы комиссия комиссия төрағасы растаған тізімге сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлікті (бұдан әрі - куәлік) ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жібереді.
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы ХҚКО-ң ақпараттық жүйесін бекіте отырып (көрсетілетін қызметті берушіде жеке ақпараттық жүйе болмаған жағдайда) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (дайын Шешім және/немесе куәлік) ХҚКО жібереді немесе көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға береді;
6) өтемақыны тағайындау: арнайы комиссия Шешім қабылданған күннен бастап бес күн ішінде комиссияның төрағасы куәландырған тізімдерді жасайды, олар жеке іс қағаздары макеттерімен және арнайы комиссиялардың Шешімдерімен бірге өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның аудандық бөлімшелеріне жіберіледі;
7) өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның аудандық бөлімшелері келіп түскен іс қағаздарының макеттерін тиісті журналға тіркейді және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешімдердің жобаларын дайындайды;
8) өтемақы тағайындау үшін өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның аудандық бөлімшелері өтемақы тағайындау туралы шешімдердің жобаларын қоса бере отырып, іс қағаздарының макеттерін өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
9) өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар он күн ішінде өтемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және оларды іс қағаздарымен қоса өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның аудандық бөлімшелеріне жібереді;
10) өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның аудандық бөлімшелері өтемақы тағайындау туралы шешімдердің негізінде өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттілігін жасайды және оны уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады;
11) уәкілетті мемлекеттік орган тиісті жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары шегінде ұсынылған қажеттілікке сәйкес өтемақы төлеуге арналып көзделген қаражатты бөледі және өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның шотына аударады.
12) өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым бөлінген қаражатқа және төлеу тәртібіне сәйкес Алматы қаласының аудандық бөлінісінде өтемақы төлеу кестесін жасайды және көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына қаражатты аударады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО немесе көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:
өтінішті тіркеген күннен, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;
алғаш рет өтініш берген көрсетілетін қызметті алушыларға куәліктер беру – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу туралы шешім қабылдағаннан кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
куәліктің көшірмесін беру – көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы шешім қабылдау үшін қосымша сұраныстар, тексерулер жүргізу қажет болған жағдайда 1 (бір) айға созылады;
ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты кезектегі адам санына байланысты, көрсетілетін қызметті берушіге – 30 минут, ХҚКО – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, ХҚКО-да – 20 минут.
Мемлекеттік көрсететін қызметті беруші арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:
тіркелген күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні
құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде
халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызмет берушімен өзара
әрекет тәртібінің сипаттамасы
12. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ХҚКО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезекке тұру тәртібімен көрсетіледі, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жүгінген кезде, Стандарттың 1 және (немесе) 2 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) және Стандарттың 9 тармағындағы құжаттарды ұсынады.
Мыналар көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың топтамасы қабылданғанын растайтын құжаттар болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;
2) ХҚКО-да:
- өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:
- сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
- қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
- құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
- құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
- көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
14. ХҚКО-на жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
1) ХҚКО инспекторы құжаттарды қабылдайды, тіркеуге алады және жинақтаушы бөлімге жібереді, жинақтаушы бөлім инспекторы 1 күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жерде тіркелгендігін растайтын құжаттарда көрсетілген ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен дәлелденген кезде аталған құжаттардың көшірмелері қажет емес.
Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімдеріне, ХҚКО, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
2) ХҚКО-нан құжаттар пакетін арнайы комиссияның жұмыс органына нақты жіберілгенін, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін сканер штрихкоді көмегімен бекітіледі;
3) көрсетілетін қызметті берушіден нәтижені алғаннан кейін ХҚКО бір күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түріндегі Шешімді және/немесе куәлікті (куәлік көшірмесін) береді.
Көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдаған кезде ХҚКО келіп түскен құжаттарды сканер штрихкоді көмегімен бекітеді.
15. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының нақты сипаттамасы көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет тәртібі осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық
сынақтардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік
ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
9-қосымша
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық
көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» (бұдан – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құрастырылған.
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетінқызметүдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мүгедектерге протездік–ортопедиялық көмек ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілетін қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауына негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетінқызметбарысының құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарап, тапсырылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік көрсетілетінқызметбарысына қатысатын мемлекеттік қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы.
9.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) сабақтастығының сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне мемлекеттік қызмет Стандартының қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы алынған құжаттарды тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы өтінішті қарағаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексеріп, қағаз түрінде мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны ресімдейді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім басшысына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы қағаз түрінде мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны жібереді.
10.Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
11. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
12.Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін – мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлік;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін – тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның протездік-ортопедиялық көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы;
4) жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжат.
Салыстырыу үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркеген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын тіркеу сәтінен бастап – 10 (он ) жұмыс күні;
2)құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
14. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
15. Көрсетілетінқызметті берушінің аудандық бөлімінің мамандары арасында рәсімдер үдерісі сабақтастығының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес блок-схемада берілген.
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық
көмек ұсыну үшін оларғақұжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
10-қосымша
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1.Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» (бұдан – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құрастырылған.
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
қызметті берушініңаудандық бөлімінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
4.Мемлекеттікқызметті көрсетунәтижесі – мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілетін қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауына негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысының құрамына кіретін рәсімдер (іс - қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2)көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімімаманының өтінішті қарап, тапсырылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік көрсетілетінқызмет барысына қатысатын мемлекеттік қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы.
9.Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы ресімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне мемлекеттік қызмет Стандарты қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы алынған құжаттарды тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы өтінішті қарағаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексеріп, қағаз түрінде Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету туралы хабарламаны ресімдейді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім басшысына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы қағаз түрінде сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны жібереді.
10.Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
11. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат, мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, ата-аналарының (қамқоршысының, асырап алушысының) біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;
3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – Ұлы Отан соғысына қатысушы (мүгедек) куәлігі;
5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;
6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
7) Ұлы Отан соғысына қатысушы үшін – медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы;
тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, ата-аналарының (қамқоршысының, асырап алушысының) біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмір болмаған жағдайда;
4) мүгедекті оң алтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
5) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын тіркеу сәтінен бастап – 10 (он ) жұмыс күні;
2)құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
14.Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің мамандары арасында рәсімдер үдерісі жүйелілігінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес блок-схемада берілген.
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
11-қосымша
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге
жеке көмекшінің және есту кемістігі бар
мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін
ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1.Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» (бұдан – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құрастырылған.
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
5.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6.Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілетін қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауына негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысының құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарап, тапсырылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қызмет алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік көрсетілетінқызмет барысына қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің аудандық бөлімініңқұрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы.
9.Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы ресімдер (іс-қимылдар) сабақтастығының сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне мемлекеттік қызмет Стандартының қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы алынған құжаттарды тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы өтінішті қарағаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жазып жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексеріп, қағаз түрінде жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны ресімдейді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім басшысына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы қағаз түрінде мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны жібереді.
10. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 3сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
3) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
4)жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
12. Мемлекеттік көрсетілетінқызметмерзімі:
1)құжаттардың топтамасын тіркеу сәтінен бастап – 10 (он ) жұмыс күні;
2)құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
13. Егер өтініш беруші арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын болса, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
14. Көрсетілетінқызметті берушінің аудандық бөлімінің мамандары арасында рәсімдер үдерісі сабақтастығының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес блок-схемада берілген.
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы
мүгедектерге жеке көмекшінің және
есту кемістігі бар мүгедектерге
ымдау тілі маманының қызметтерін
ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
12-қосымша
«Мүгедектерге кресло-арбалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» (бұдан – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құрастырылған.
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар
тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілетін қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауына негіз болып табылады.
6. Мемелекеттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысының құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарап, тапсырылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беруі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету барысына қатысатын мемлекеттік қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімнің жауапты орындаушысы.
9.Мемлекеттік қызмет көрсетуде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер ( іс- қимылдар) сабақтастығының сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне мемлекеттік қызмет Стандарты қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы алынған құжаттарды тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы өтінішті қарағаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексеріп, қағаз мүгедектерге кресло-арбалар беру туралы хабарламаны ресімдейді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім басшысына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы қағаз түрінде кресло-арбалар ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы мүгедектерге кресло-арбалар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны жібереді.
10.Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
11. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
2) жазатайым оқиға туралы акт және жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті беруші тіркеген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын тіркеу сәтінен бастап – 10 (он ) жұмыс күні;
2)құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
14. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы Мүгедектерге кресло-арбалар беру қызметін берушінің әлеуметтік қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің мамандары арасында рәсімдер сабақтастығының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес блок-схемада берілген.
«Мүгедектерге кресло-арбалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
13-қосымша
«Мүгедектерді санаторий-курорттық
емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» (бұдан – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құрастырылған.
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар
тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мүгедектерге санаторий-курорттық емдеу ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілетін қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауына негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысының құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарап, тапсырылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің аудандық
бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет барысына қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы.
8.Мемлекеттік қызмет көрсетуде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) сабақтастығының сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы алынған құжаттарды тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарастыруға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы өтінішті қарағаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексеріп, қағаз түрінде Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету туралы хабарламаны ресімдейді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім басшысына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы қағаз түрінде мүгедектерге санаторий-курорттық емдеу ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы мүгедектерге санаторий-курорттық емдеу ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны жібереді.
9. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын тіркеу сәтінен бастап – 10 (он ) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
11. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің мамандары арасында рәсімдер үдерісі жүйелілігінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес блок-схемада берілген.
«Мүгедектерді санаторий-курорттық
емдеумен қамтамасыз ету»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Регламентіне
қосымша
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
14-қосымша
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ресімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің кұрамына кіретін ресімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызметінің көрсетілетін нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік қызметінің көрсетілетін нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
6) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
8) көрсетілетін қызметті берушінің азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу жөніндегі комиссиясы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы ресімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы Cтандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы өтініш және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскен күні кіріс хаттары журналына өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы өтініш және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскен күні өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына орындауға береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы өтініш және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскен күні арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге береді;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барып, тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды, өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігі жөнінде қорытынды дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігі жөнінде қорытындысы дайындалған күні қабылданған құжаттар мен қорытындыны жолдау хатпен медициналық-әлеуметтік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінен жолдау хат және құжаттар келіп түскен күні кіріс хаттары журналына тіркеу жүргізіп, көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімінің басшысына қарауға береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жетекшілік ететін бөлімінің басшысы құжаттарды алған күні қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жазып жібереді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бір жұмыс күні ішінде құжаттарды азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау жөніндегі комиссияға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін құжаттар топтамасын жолдайды;
11) азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберу жөніндегі комиссиясы келіп түскен құжаттар топтамасын қарап, бір жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
12)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберу жөніндегі комиссия арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберу жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаны дайындап, көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюға береді;
13) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары құжаттар келіп түскен күні азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберу жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаға қол қояды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы хабарламаға қол қойылған күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жолдайды;
14) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыға арнайы әлеуметтік қызметтерді үй жағдайында көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі –www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет беруші мамандарының өзара әрекеті, рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 14 (он төрт) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 30 минут.
13. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
14. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға үйде күтім көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне
қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-үдерісінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
15-қосымша
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ресімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің кұрамына кіретін ресімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдересіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
6) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
8) көрсетілетін қызметті берушінің азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау бойынша комиссиясы.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасындағы ресімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 1 немесе 2қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы өтініш және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскен күні кіріс хаттары журналына өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы өтініш және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскен күні өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына орындауға береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы өтініш және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар келіп түскен күні арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге береді;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігі жөніндегі қорытынды дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы бір жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігі жөнінде қорытындысын жолдау хатпен медициналық-әлеуметтік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінен жолдау хат және құжаттар келіп түскен күні кіріс хаттары журналына тіркеу жүргізіп, көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына қарауға береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы құжаттарды алған күні қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына атқаруға береді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде құжаттарды азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін құжаттар топтамасын жолдайды;
11) азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарап, бір жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
12) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссия арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жолдау жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаны дайындап, көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюға береді;
13) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаға қол қояды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары хаттамаға қол қойған күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жолдайды.
14) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет беруші мамандарының өзара әрекеті, рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 30 минут.
13. Көрсетілетін қызметті алушы қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
14. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде
(ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет Регламентіне
қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процесіне анықтамалық
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
16-қосымша
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы
әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тіркелген жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімдері.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы
тәртібінің сипаттамасы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама.
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тарамағында көрсетілген қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы немесе ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы өтінішті қарауы және ұсынылған құжаттарды тексеруі;
3) ағымдағы тоқсанда көрсетілетін қызметті алушыға ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгені туралы мәліметті тексеру;
4) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға жіберу немесе көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы;
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы:
Көрсетілетін қызметті алушыдан немесе ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге 15 минут ішінде өтініш пен қажетті құжаттар түскеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, ағымдағы тоқсанда көрсетілетін қызметті алушыға ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгені туралы мәліметті немесе ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтердің болмағандығын тексеруді жүзеге асыру, ағымдағы тоқсанда өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтаманы дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі басшысының қолын қояды және мемлекеттік қызметтің нәтижесін ХҚКО немесе көрсетілетін қызметті алушыға береді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 минут;
ХҚКО-да - 3 (үш) жұмыс күні (ХҚКО-да құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
12. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚКО-да - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Құжаттарды ХҚКО-ға тапсырған жағдайда - салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады, содан кейін құжаттың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;
5) ХҚКО-ң құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, ХҚКО, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
13. Дайын құжаттарды беруді жеке куәлікті көрсеткен жағдайда қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде ХҚКО-ң қызметкері жүзеге асырады.
14. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімдерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті, сондай-ақ ХҚКО-мен өзара әрекет тәртібі осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы
әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес – процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
17-қосымша
«Жұмыссыз азамматтарға анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тұрақты мекенжайы бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
2) қызмет беруші;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал)
2. Мемлекеттік көрсетілген қызметті беруші
мемлекеттік қызметті көрсету барысында
құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
жүргізу ретінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыссыз азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама (бұдан әрі- анықтама).
5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің басталуы үшін негіздеме Стандарттың 9 тармағында қарастырылған қызмет берушінің қызмет алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы немесе қызмет алушының электрондық сұрауы болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кіріс құрамының рәсімдері (әрекет):
1) көрсетілетін қызмет беруші маманның құжатты қабылдауы;
2) көрсетілетін қызмет беруші маманның, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісімін алуы;
3) сұранысты жолдау және мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметі» шлюзі арқылы алу;
4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (дерекқорда) тексереді;
5) қызмет берушінің маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚКО-ың маманына мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің
мемлекеттік қызметті көрсету барысында
құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
өзара қарым-қатынаста болу ретінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы қызмет беруші құрылымдық бөлімшелердің тізбесі:
1) көрсетілетін қызмет беруші маман:
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы.
9. Көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет алушы қажетті құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін көрсетілетін қызмет беруші маманына береді;
2) көрсетілетін қызмет беруші маманы мемлекеттік ақпараттық жүйесіне «электрондық үкіметі» шлюз арқылы сұранысты (қызмет алушының ЖИН нөмірі) жолдайды;
3) көрсетілетін қызмет беруші маман ақпаратты электронды түрде алады және құжаттың түпнұсқасымен салыстырып, одан әрі түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады;
4) көрсетілетін қызмет берушінің маманы жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (дерекқорда) тексереді;
5) қызмет алушының жұмыссыз ретінде тіркелгендігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызмет беруші маманы жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтаманы жазбаша түрде жазады және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді;
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және қызмет беруші маманға шығыс корреспонденциясын журналға тіркеу үшін береді;
7) көрсетілетін қызмет беруші маман көрсетілетін қызмет алушыға дайын анықтаманы береді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет - ресурсының, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
12. Қызмет беруші мамандарының арасындағы реттілік рәсімінің сипаттамасы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес кесте түрінде және блок-схемада көрсетілген.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 10 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
4. Қызметті берушілердің халыққа қызмет
көрсету орталығы және портал, оның ішінде
ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті
көрсету барысының сипаттамасы
13. ХҚКО-ның жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.
14. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦП-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау рәсімделеді.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүргізіледі.
Портал арқылы сұрау берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
16. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беруінің және рәсімдерінің (іс-қимылдар) сабақтастығы тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1 шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2 үдеріс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
5) 3 үдеріс - осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу), нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу;
4 үдеріс - 4 үдеріс - электрондық үкіметтің төлем шлюзінде қызметтердің ақысын төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;
6) қызметтерді төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;
7) 2 шарт - қызмет көрсеткені үшін ақы төлегені туралы фактіні порталда тексеру;
8) 5 үдеріс - қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6 үдеріс көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
10) 3 шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
13) 9 үдеріс - порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;
14) 4 шарт - автоматтандырылған жүйеде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызмет алушының жұмыссыз ретінде тіркелгенін тексеру;
15) 10 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының порталдағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
18. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын ХҚКО-ға және порталға тапсырған сәттен– 15 минут;
2) ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты– 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ХҚКО-ға жүгінген кезде – 15 минут.
19. Көрсетілетін қызмет беруші маман мен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету барысында (әрекеті), оның ішінде ХҚКО-мен өзара қарым-қатынасының сабақтастығы және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық жүйе рәсімі графикалық түрде Регламенттің 2 қосымшасында сипатталған.
20. Өтініш беру тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету графикалық түрде Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы графикалық түрде Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
«Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
1 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету блок-схемасы
«Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру»
мемлекеттік қызметінің регламентіне
2 қосымша
Функционалдық өзара әрекеттің диаграммасы
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі