Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы "29" қаңтардағы № 14/1 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыc
бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сәулет-құрылыс және лицензиялау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 72-үй.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Павлодарской области".
Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Осы Ереже "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" істері мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құкықтары мен міндеттері
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында өз құзыреттілігі шеңберінде бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру.Құрылыс-монтаждау жұмысын орындау және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу сапасының деңгейін арттыру "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
Құрылыс сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын облыстық деңгейде іске асыру "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Павлодар облысының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;
2) Павлодар облысының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды іске асыру;
3) Павлодар облысының аумағында сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерді көрсететін сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Функциялары:
1) Павлодар облысының аумағында объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;
2) құрылыс объектілерінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
3) Павлодар облысының аумағында аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;
4) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
8) сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды іске асыру;
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
10) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу;
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
12) құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
13) сотта талап-арыздар ұсыну және "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін сотта қорғау;
14) облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын орындау, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
15) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
16) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ақпараттық ресурстар жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету;
17) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
18) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;
19) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді іске асыру;
20) мыналарға:
жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне;
мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сапаның, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардар, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
2) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
3) облыс әкіміне "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізу;
4) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құрастыру;
5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл жасау;
6) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу;
7) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
9) тапсырысшылардан танысу үшін осы құрылыс жөніндегі қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және алу;
10) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу;
11) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей объектілер мен кешендерге бару;
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады."Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және қызметін басқарады;
2) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ функцияларын анықтайды;
3) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
6) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;
8) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
9) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Ведомстволық бағынысты аумақтардағы объектілер құрылысының сапасына және барысына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы және лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекторлау кіретін штат қызметкерлері тиісінше Павлодар облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Павлодар облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалау қолдану құқығы беріледі.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Казақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.
4. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады."Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.