Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 5400 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.

      2. Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын, қосымшаға сәйкес (қоса берілген).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы,
      № 20 сайлау округі
      бойынша депутаты А. Уралбаева
      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Халықов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________________ С. Умаров

      "09" ақпан 2015 жыл

  Мәслихаттың
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 291 шешіміне қосымша

Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-1-152 тіркелген, 2010 жылдың 24 тамызында және 2010 жылдың 26 тамызында "Костанай" газетінде жарияланған).

      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 11 қарашадағы № 470 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-174 тіркелген, 2011 жылдың 15 желтоқсанында "Костанай" газетінде жарияланған).

      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 28 наурыздағы № 30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-1-187 тіркелген, 2012 жылдың 17 сәуірінде "Костанай" газетінде жарияланған).

      4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 12 қазандағы № 78 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3875 тіркелген, 2012 жылдың 13 қарашасында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      5. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 7 ақпандағы № 207 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4463 тіркелген, 2014 жылдың 6 наурызында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      6. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 6 қазандағы № 260 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5135 тіркелген, 2014 жылдың 6 қарашасында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      7. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5238 тіркелген, 2014 жылдың 25 желтоқсанында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

  Мәслихаттың
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 291 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда Қостанай қаласының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтыну;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге көрсетіледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2020 № 465 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      2. Тұрғын үй көмегін "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

      3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2020 № 465 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап ұсынады, порталға өтініш берген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2020 № 465 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      4. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы жүгінген ағымдағы тоқсанда тағайындалады және көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 27.01.2017 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2017 бастап туындаған қатынастарға таратады).

      5. Қызметті алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ оның дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      6.) алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 27.01.2017 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2017 бастап туындаған қатынастарға таратады).

      7. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.

      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал көрсетілетін қызметті алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 22.12.2015 № 397 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Жалғыз тұратын қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.

      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімі негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.

      9. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының нормалары шегінде және шекті жол берілетін деңгейде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2020 № 465 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      11. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.

      12. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматтың) шығыстар үлесi жиынтық табыстың он пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

      1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғынжайдың жалпы алаңы;

      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метрі, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.

      14. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді. Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

      15. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін алынатын шығыстар өткен тоқсанның есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтердің шығыстары нормаларынан аспайтын нақтылы шығындармен анықталады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 27.01.2017 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2017 бастап туындаған қатынастарға таратады).

      16. Электр қуатын төлеу бойынша шығыстарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылтқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығыстардан асырмай жүргізіледі.

      17. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

      18. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.

      20. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен қызметті алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы, қызметті алушының, қызметтерді көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына есептелінген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 27.01.2017 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2017 бастап туындаған қатынастарға таратады).