Мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 104 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 ақпанда № 6828 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Наш Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы жүгінген ағымдағы тоқсанда тағайындалады және көрсетіледі.";
      6-тармақ алынып тасталсын;
      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін алынатын шығыстар өткен тоқсанның есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтердің шығыстары нормаларынан аспайтын нақтылы шығындармен анықталады.";
      20-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "20. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен қызметті алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы, қызметті алушының, қызметтерді көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына есептелінген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
      Сессия төрағасы, № 1 сайлау
      округі бойынша депутаты Н. Медетов
      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ С. Умаров
      2017 жылғы 27 қаңтар
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________ Н. Дорошок
      2017 жылғы 27 қаңтар