«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 05 тамыздағы № 236 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 қыркүйекте № 2821 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының 1 - тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                       С. Алдашев
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      05 тамыз 2015 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 05 тамызда
№ 236 қаулысымен бекітілген

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүргізіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының белгіленген нысан бойынша өтінімді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 болып тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды беруі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімімен (бұдан әрі – Бөлім) құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды тексеру, ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      2) Комиссияның құжаттарды қарауы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тізімін жасау - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      3) Комиссия мүшелерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шаруашылықтарына шығуы - 2 (екі) апта мерзімде;
      4) Комиссияның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістіктері мен екпелерін қабылдау актісін (бұдан әрі – қабылдау актісі) жасау - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5) Комиссияның тізімді жасауы және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жолдау - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      6) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің тізімді қарауы және бекітуі - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      7) Бөлімнің бекітілген тізімді, қабылдау актісін және анықтамасын Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) ұсынуы - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) Бөлім;
      2) Комиссия;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі;
      4) Басқарма.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) Бөлім құжаттарды қабылдайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және Комиссияның қарауына енгізеді - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      2) Комиссия Бөліммен ұсынылған құжаттарды қарайды, субсидия алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тізімін жасайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      3) Бөлім егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң өскіндердің болуын шолып тексеру мақсатында Комиссия мүшелерінің (келісім бойынша) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады – 2 (екі) апта мерзімде;
      4) тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері (келісім бойынша) өткен жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса, «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау актісін жасайды - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      5) Комиссия қабылдау актісінің және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Бөлімге ұсынған құжаттардың негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін тізім жасайды және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      6) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тізімді қарайды және бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      7) Бөлім Басқармаға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі бекіткен тізімді, қабылдау актілерін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмірі көрсетілген банктік шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк, ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      8) Басқарма құжаттарды тексереді, ауыл шаруашылғы тауарын өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеу үшін ведомость қалыптастырады, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер: