РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының 1 - тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылы 3 сәуірде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Алдашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
05 тамыз 2015 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 05 тамызда № 236 қаулысымен бекітілген |
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.10.2016 № 307 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы органымен - "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) белгіленген нысан бойынша өтінімді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13337 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - бөлім) беруі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсесінде құжаттарды қабылдауы және оларды тіркеуі – 15 (он бес) минут;
2) бөлім басшысының құжаттарды қарастыруы – 20 (жиырма) минут;
3) бөлімнің жауапты орындаушысының құжаттарды қарауы – 1 (бір) жұмыс күні;
4) ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін дайындауы – 1 (бір) жұмыс күні;
5) Комиссияның шолып тексеруді өткізуі және көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін жасауы – 6 (алты) жұмыс күні;
6) бөлімнің жауапты орындаушысының аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен бекітілген көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін және басқа тиесілі қүжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынуы – 1 (бір) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдеуі – 1 (бір) жұмыс күні.
Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2018 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) өтінімді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, өтінімнің көшірмесінде тіркелгені туралы белгі;
2) бөлімнің жауапты орындаушысын анықтау;
3) құжаттарды тексеру және Комиссияға құжаттарды қарастыруға енгізу;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастыру;
5) шолып тексерулер қорытындылары бойынша қабылдау актісін қалыптастыру және көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастыру;
6) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен бекітілген көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін және тиесілі қүжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынуы;
7) субсидияны төлеу үшін төлем құжаттарын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынуы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) бөлімнің кеңсесі;
2) бөлімнің басшысы;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
4) комиссия;
5) көрсетілетін қызметті беруші.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) бөлімнің кеңсесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, өтініштің көшірмесіне қабылдау күні мен уақытын, құжаттарды қабылдап алған жауапты тұлғаның аты – жөні, тегін көрсетіп белгі қояды – 15 (он бес) минут;
2) бөлім басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды – 20 (жиырма) минут;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы өтінімдер мен құжаттарды қабылдағаннан кейін, олардың толықтығын тексереді және Комиссияға қарастыруға енгізеді – 1 (бір) жұмыс күні;
4) Комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырып, көрсетілетін қызметті алушылардың тізбесін қалыптастырады және ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткізілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемін бөледі – 1 (бір) жұмыс күні;
5) Комиссия мүшелері өскіндердің болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында көрсетілетін қызметті алушылардың шаруашылықтарына шығады. Тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүшелерімен өткен жылғы күздік дақылдарды және көп жылдық шөптерді қоса, көрсетілетін кызметті алушылардың егістіктері мен екпелерін қабылдау актісі жасалады. Комиссия қабылдау актісінің және көрсетілетін қызметті алушылардың ұсынған құжаттардың негізінде көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін жасайды – 6 (алты) жұмыс күні;
6) бөлімнің жауапты орындаушысы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен бекітілген көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін және басқа тиесілі қүжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тексереді және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады – 1 (бір) жұмыс күні.
Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2018 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі өтініш беру тәртібі мен рәсімдер (iс-қимылдар) реттілігін сипаттау (Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы):
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкеріне береді, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
2) 1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорация Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логинді және парольді (авторландыру процесі) енгізеді;
3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті таңдайды, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысаны шығады және Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхаттың болуы қажет, басқалай куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізеді;
4) 3-процесс – "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолданады;
5) 1-шарт - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің бар болуы тексеріледі;
6) 4-процесс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің немесе БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастырылады;
7) 5-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдайды;
8) 6-процесс - электрондық құжатты ЭҮАШ АЖО-да тіркеу;
9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қызмет көрсетуге негіз болып табылатын, Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімді көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушілермен өзара іс-әрекеттерінің тәртiбiн және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша |
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2018 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).