Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қазандағы № 185 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қазанда № 5203 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "9" қазандағы
№ 185 қаулысымен бекітілген

"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем құжаттарын (бұдан әрі – төлем құжаттары) ұсыну.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) (бұдан әрі – өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11684 нөмірімен тіркелген) бекітілген "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті беруші белгілеген өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне өтінімді қабылдау уақыты мен күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылған өтінім көшірмесін (бұдан әрі – өтінім көшірмесі) береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11451 нөмірімен тіркелген) бекітілген "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) шарттарының сәйкестігіне тексереді (үш жұмыс күні ішінде).
      Гербицидтерге субсидиялар алу кезінде:
      субсидия беруде оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді басқармаға жолдайды, теріс шешім болған жағдайда субсидия бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны не оның өкілін жазбаша түрде хабардар етеді (бұдан әрі – хабарлама), бұл ретте Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия бермеудің себептерін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін (бұдан әрі - АШТӨ тізбесі) жасайды және басқармаға ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алу кезінде:
      көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жасайды (бір жұмыс күні ішінде) және тізілім жасалғаннан кейін субсидия беруде оң шешім болған жағдайда тізілімді басқармаға жібереді, теріс шешім болған жағдайда субсидия бермеудің себептерін көрсете отырып биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді (бұдан әрі – хабарлама), бұл ретте Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия бермеудің себептерін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) жасайды және басқармаға ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);
      5) басқарма ұсынылған құжаттарды тексереді және төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);
      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      4) басқарма.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

  "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің,
биоагенттердің (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

1
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
 
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің
орындаушысы
Басқарма
3
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
құжаттарды тіркейді және өтінім көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
құжаттарды қарайды
құжаттарды Қағида шарттарының сәйкестігіне тексереді, АШТӨ тізбесін, тізілім және жеткізушілер тізбесін жасайды және субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді, АШТӨ тізбесін, тізілім мен жеткізушілер тізбесін басқармаға жолдайды
ұсынылған құжаттарды тексереді
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды
субсидия беруде теріс шешім болған жағдайда хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді
төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
құжаттарды Қағида шарттарының сәйкестігіне тексеру кезінде – 3 жұмыс күні ішінде;
АШТӨ тізбесін жасау және хабарламаны беру кезінде –
1 жұмыс күні ішінде;
тізілім жасау кезінде - 1 жұмыс күні ішінде;
жеткізушілер тізбесін жасау және хабарламаны беру кезінде –
1 жұмыс күні ішінде
 
2 жұмыс күні ішінде

  "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің,
биоагенттердің (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілемелер:

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "9" қазандағы
№ 185 қаулысымен бекітілген

"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –басқарма).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мыналардың:
      1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ);
      2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын (бұдан әрі – төлем құжаттары) ұсыну.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) (бұдан әрі – өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11946 нөмірімен тіркелген) бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынуы.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті беруші белгілеген өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат (бұдан әрі – қолхат) береді және өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (отыз минуттан аспайды);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11223 нөмірімен тіркелген) бекітілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 7-тармағында көрсетілген шарттардың сәйкестігіне тексереді (үш жұмыс күні ішінде).
      АШТӨ-ге субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді басқармаға жолдайды, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны не оның өкілін жазбаша түрде хабардар етеді (бұдан әрі – хабарлама), бұл ретте көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған АШТӨ-дің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) жасайды және басқармаға жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);
      5) басқарма ұсынылған өтінімді тексереді және төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады (екі жұмыс күні ішінде).
      Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      4) басқарма.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
  құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
  қызмет регламентіне 1-қосымша

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

1
Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі
1
2
3
4
2
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы
Басқарма
3
Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы
өтінімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне қолхат береді
өтінімді қарайды
өтінімді Қағида шарттарының сәйкестігіне тексереді,
субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді басқармаға жолдайды
ұсынылған өтінімді тексереді
 
4
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады
өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды
теріс шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне хабарлама береді, бұл ретте тізбені жасайды және басқармаға жолдайды
төлем құжаттарын
қазынашылықтың аумақтық
бөлімшесіне ұсынады
 
5
Орындалу мерзімі
15 минуттан аспайды
30 минуттан аспайды
өтінімді Қағида шарттарының сәйкестігіне тексеру кезінде - 3 жұмыс күні ішінде;
өтінімді жолдау және хабарламаны беру кезінде – 1жұмыс күні ішінде;
тізбені құрау кезінде – 1 жұмыс күні ішінде
2 жұмыс күні ішінде

  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

  "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілемелер: