Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10280 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 117-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (3. Оразалиева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А.Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16 бұйрығымен    
бекітілген        

Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 117-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және оларды отбасына тәрбиелеуге беру мақсатында жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды (бұдан әрі – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін белгілейді
      2. Ата-аналардың қайтыс болуына, ата-ана құқықтарынан айырылуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне, әрекетке қабiлетсiз деп тануға, ата-аналардың сырқаттануына, ата-аналардың ұзақ мерзiмде болмауына, ата-аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге жағдайларында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерге ие жеке және заңды тұлғалар балалардың нақты тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға олар туралы дереу хабарлайды.

2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және
олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібі

      3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды толық және жан-жақты есепке алу үшiн бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есепке алу жүргiзiледi.
      4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы есепке алуды және оларды отбасына тәрбиелеуге: Кодекстің 119-бабының 1-тармағына сәйкес қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, Кодекстің 133-бабының 3-тармағына сәйкес патронаттық тәрбиеге, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына сәйкес бала асырап алуға, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8544 санымен тіркелген) барлық үлгідегі ұйымдарға (білім беру, медициналық және өзге де) беру үшін қажетті құжаттар дайындауды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жүргізеді.
      5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтаған кезде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы бұл балаларды бастапқы есепке алуды және олар туралы мәліметтерді жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу журналында (қағаз және электронды нысанда) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркейді.
      6. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бастапқы есепке қойылған күннен бастап бір ай өткен соң нақты орналасқан жері бойынша отбасына тәрбиелеуге орналастырылмаса, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы оларға сауалнамаларды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады және жеті жұмыс күні ішінде өңірлік есепке қою және баланы кейін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасында тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін облыстың білім беруді басқару органына тапсырады.
      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамаларына ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының маманы қол қояды.
      Сауалнамалардың көшірмелері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесін растайтын құжаттар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органында, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиелетін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке істерінде сақталады.
      7. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алуды астананы қоспағанда бастапқы және өңірлік есепті жүргізетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жүргізеді.
      8. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айрылған балалар туралы мәліметтер ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң өңірлік және орталықтандырылған есепке қою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) тапсырылады.
      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органында белгiленген тәртіппен ресімделген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамасының тіркелген күні ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою күні болып саналады.
      10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы мәліметтерді алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алу журналына (қағаз және электронды нысанда) тиісті жазбаларды енгізу арқылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қояды.
      11. Өңірлік есепке қойылған күнінен бастап екі ай ішінде отбасына тәрбиелеуге орналастырылмаған (қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, бала асырап алу) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жеті жұмыс күні ішінде Комитетке:
      1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамаларын;
      2) Кодекстің 84-бабының 8-тармағына сәйкес балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы комиссия қорытындысының көшірмелерін;
      3) осы Қағидаларға 3-1 қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қоюға қажетті құжаттардың тізбесін жібереді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамаларының, оған қатысты құжаттарды қоса отырып Комитетте тіркелген күні ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою күні болып саналады.
      13. Комитет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке олар туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асырап алуға жататын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер банкіне енгізу арқылы қояды.
      14. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есепке алынуын қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын міндетті талаптар:
      1) осы Қағидалардың 12-тармағындағы құжаттар тізбесіне сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерді жинау;
      2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпараттың толықтығы және шынайылығы;
      3) ақпаратты жария болудан, ұрлатудан, жоғалтудан, жасанды көшiрмеден және бұрмалаудан қорғау болып табылады.
      15. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қойғаннан кейін уәкілетті органға:
      1) үш жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың фотосуреттерін және денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысын жылына бір рет, үш жастан он сегіз жасқа дейінгілердің – үш жылда бір рет;
      2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесі өзгерген кезде (ата-аналардың ата-ана құқықтарынан айрылуы, ата-аналардың хабарсыз кетті деп танылуы және басқа), оларды ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бір ұйымнан басқасына ауыстырған, кәсіптік оқу орындарына білім алуға түскен кезде жеті жұмыс күні ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебіне тиісті өзгерістерді енгізу үшін уәкілетті органға ақпарат жібереді.
      16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы отбасына орналасқан (қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, бала асырап алу) немесе кәмелет жасқа толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болған, қайтыс болған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есептен алынғаны туралы ақпаратты жолдайды.
      Комитет облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына кәмелет жасқа толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есептен алынғаны туралы ақпаратты жолдайды.
      17. Бастапқы, өңірлік есепке алуды жүзеге асыратын қорғаншылық және қамқоршылық орган және орталықтандырылған есепке алуды жүзеге асыратын Комитет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді.
      18. Бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепте тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратқа қол жеткізуді мұндай есепке алуды жүргізуді жүзеге асыратын органдар соттың және прокуратура органдарының сұрау салуы кезінде ұсынады.

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына     
1-қосымша                   

                                                           нысан

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
бастапқы есепке алу журналы

Есепке қойылған күні

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Туған күні

Оқу орны, егер мектепке дейінгі бала болса, балабақшаның № көрсетілсін

Есепке қойылған себебі

Мәліметтер кімнен түсті

Ата-аналары туралы мәліметтер (Т.А.Ә.( бар болған жағдайда), туған күні, олардың болмау себебімен оны растайтын құжаттың түрі, оның № және күні))

Баланың бұрынғы тұрған мекенжайы

Бала қайда орналастырылды

Жергілікті мемлекеттік органдардың актісі (актінің № және күні, түрі)

Оны өңірлік есепке қою үшін мәліметтерді жіберу туралы хаттың № және күні

Есептен шығарылған күні

Есептен шығару себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына   
2-қосымша                   

                                                             нысан

Фотосуреті

3х4

Баланың сауалнамасы

Сауалнама толтырылған күн ___________________________________________
Бастапқы есепке қойылған күн және № _________________________________
Баланың Т.А.Ә.(бар болса) ___________________________________________
Туу туралы куәлiк нөмiрi ______ сериясы ________ берiлген күнi ______
Туған күні __________________________________________________________
Ұлты ________________________________________________________________
Баланың әлеуметтік мәртебесі, асты сызылсын (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған)
Өңірлік есепке қойылған күн және № __________________________________
Әкімнің балалар мекемесіне орналастыру туралы қаулысының күні, № ____
Баланы орналастырудың хронологиясы __________________________________
                                          (қашан, қайдан келді
                                     (отбасы, перзентхана, аурухана)
Қай мектепте, сыныпта және қалай оқыды (үздік, жақсы, орта - асты
сызылсын)
_____________________________________________________________________
Бос уақытта бала немен айналысқанды ұнатады (хоббиі, әуестенулері,
қабілеті, қоғамдық өзіндік қызметке, спорттық жарыстарға, үйірмелерге
қатысуы және тағы басқа) _____________________________________________________________________
Бала денсаулығының жағдайы (мекемеге түскен сәтінде, толық)
_____________________________________________________________________
Ата-ана туралы мәліметтер:
анасы (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), туған күні) ____________________
_____________________________________________________________________
Анасы туралы мәліметтер (тіркелген, тұратын мекенжайы, айналысатын
жұмысының түрі, баласына бара ма. Егер бала некеден тыс туылса, белгі
жасалсын. Болмау себептері: қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан
айырылуы, сотталуы және тағы басқа) _________________________________
_____________________________________________________________________
әкесі (Т.А.Ә.( бар болған жағдайда), туған күні) ____________________
Әкесі туралы мәліметтер (тіркелген, тұратын мекенжайы, айналысатын
жұмысының түрі, баласына бара ма. Болмау себептері: туу туралы
анықтама «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексіна сәйкес, қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан
айырылуы, сотталуы және тағы басқа) _____________________________________________________________________
Баланың аға-інілері, апа-сіңлілері __________________________________
_____________________________________________________________________
(туған күні, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), орналасқан жері, үй,
ұялы, жұмыс телефондары) Баланың жақын туысқандары (аталары, әжелері,
көкелері, тәтелері) _________________________________________________
_____________________________________________________________________
(туған күні, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), орналасқан жері, үй, ұялы,
                         жұмыс телефондары).
Олар бала орналасқан мекеменің әкімшілігімен байланыс орната ма _____
_____________________________________________________________________
Қосымша мәліметтер __________________________________________________
                   (баланың ақыл-ой және дене дамуының сипаттамасы,
                     жас ерекшелік дамуы (жасына сәйкес келе ме))

      Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге орналастыру бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат.

_____________________________
(Ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың, астананың қорғаншылық
және қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органы маманының Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда), қолы)

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына   
3-қосымша                 

                                                                нысан

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
өңірлік есепке алу журналы

Есепке қойылған күн

Т.А.Ә.( бар болған жағдайда)

Туған күні

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ұйымның толық атауы

Есепке қойылған себебі

Ата-аналары туралы мәліметтер (Т.А.Ә. ( бар болған жағдайда), туған күні, олардың болмау себебі мен оны растайтын құжаттың түрі, оның № және күні)

Баланың бұрынғы тұрған мекенжайы

Бала қайда орналастырылды

Жергілікті мемлекеттік органдардың актісі (актінің № және күні, түрі)

Оны орталықтандырылған есепке қою үшін мәліметтерді жіберу туралы хаттың № және күні

Есептен шығарылған күн

Есептен шығару себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Қазақстан Республикасы       
Білім және ғылым министрінің    
2015 жылғы 16 қаңтардағы      
№ 16 бұйрығымен бекітілген     
Жетім балаларды, ата-анасының   
қамқорлығынсыз қалған және асырап 
алуға жататын балаларды есепке алуды
ұйымдастыру және олар туралы    
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына 
1-3 қосымша            

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған
есепке қоюға қажетті құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акт.
      2. Осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-аналық құқықтардан бас тарту және бала асырап алуға келісім беру туралы өтініш.
      3. Осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы денсаулық сақтау ұйымында тастап кету туралы акт.
      4. Осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және құжаттандыру туралы қолдаухат.
      5. Осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғылықты мекенжайын анықтау туралы қолдаухат.
      6. Осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы актіде көрсетілген мекенжайға бару актісі.
      7. Осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың туыс-туғандарының бар-жоғы туралы анықтама.
      8. Осы тізбеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленетін білім беру, медициналық және басқа да ұйым басшысының асырап алуға келісімі.
      9. Осы тізбеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын туыстарынан, Қазақстан Республикасының азаматтарынан асырап алуға ұсынылған балалардан бас тартуларын растайтын қолхат.
      10. Осы тізбеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысы.
      11. Осы тізбеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 0-ден 5 жасқа дейінгі баланың дамуындағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктер туралы есеп.
      12. Осы тізбеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 6 жас және одан да асқан баланың дамуындағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктер туралы есеп.

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
1-қосымша          

нысан

        Адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акт

      20 __ жылғы «___» ____________ ____________ қаласы, ауданы
Мен, ________________________________________________________________
              (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.(бар болған жағдайда),
____ сағ ____ мин ___________________________________________________
                                 (ІІО бөлінісінің атауы)
азамат(-ша), ішкі істер органының қызметкері ________________________
_____________________________________________________________________
   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы,
                                телефоны)
_____________________________________________________________________
            (баланы тапқан орны, уақыты және мән-жайлар)
табылған баланы жеткізгені туралы осы актіні жасадым.
Баланың белгілері ___________________________________________________
         (жыныс, жас шамасы, сөйлей алады ма, ұлты, ерекше белгілері)
_____________________________________________________________________
Баланың үстіндегі киімдері __________________________________________
Мыналарды анықтау мүмкін болды_______________________________________
         (баланың, оның ата-анасының, оларды алмастырытын адамдардың)
_____________________________________________________________________
      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), баланың жасы, ата-анасының
                тұрғылықты жері, жұмыс орны, лауазымы,
_____________________________________________________________________
                  іс үшін маңызды басқа да деректер)
_____________________________________________________________________
    (сырт қарағанда баланың дені сау, ауру, дене жарақаттары бар)
Қолы ________________________________________________________________
  (акт жасаған адамның лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
_____________________________________________________________________
        баланы жеткізген адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
      Бала 20___ жылы «____» _____ ______ сағ. _____ минутта, _______
___________________________________ тапсырылды.
Қолы_________________________________________________________________
               (ата-анасына, оларды алмастыратын адамдарға)
      Бала ______________________________________________ жіберіледі.
            (денсаулық сақтау ұйымының атауы, кәмелетке
        толмағандарды бейімдеу орталығы, басқа да мекемелер)
Баланы қабылдадым____________________________________________________
           (актіні жасағанның лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
20___ жылғы «___» ____________ сағат _____ минут _____

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
2-қосымша          

нысан

                _____________________________________________________
                (білім беру, медициналық және басқа да ұйымның атауы)
                бас дәрігері ________________________________________
                      (мекеме басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
                _____________________________________________________
                _____________________________________________________
                    (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған күні, балаға
                                               қатысы (шешесі, әкесі)

                    Ата-аналық құқықтардан бас тарту
             және бала асырап алуға келісім беру туралы
                                 ӨТІНІШ

Мен, ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Нақты тұрғылықты мекен-жайы _________________________________________
Тіркеу ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20___ ж. «__» _________________ перзентханада (басқа денсаулық сақтау
ұйымында)____________________________________________________________
                              (елді-мекеннің атауы)
туылған баламнан бас тартамын _______________________________________
                                (баладан бас тарту себебін көрсету)
_____________________________________________________________________
оны мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беруді сұраймын және
төмендегіні мәлімдеймін:
- менің баламды Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шетелдік
азаматтар асырап алатынын түсінемін;
- аталған баланы асырап алуға ерікті түрде келісім беремін;
- осы баланы асырап алғаннан кейін бала мен қабылдаушы ата-аналар
арасында бала-ата-ана ретінде үнемі қарым-қатынас орнайтынын
түсінемін;
- бала және оның немесе оның ана және әкесі арасында бұрынғы
қарым-қатынастарды тоқтататын бала асырап алу мақсатында келісім
беремін;
- маған өз келісімімді 20___ ж. «__» ________ дейін кері қайтарып алу
мүмкіндігім бар екенін және аталған күннен кейін келісімімді қайтару
мүмкіндігі жоқ екенін хабарлады.
      Осымен жоғарыда аталған мақұлдауларды толық түсінетінімді
мәлімдеймін.
      Асырап алушылардың таңдауын қорғаншылық және қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға сенемін, асырап
алушыларға және асырап алушыларды таңдау бойынша қорғаншылық және
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға
наразылық білдірмеймін. Баланы асырап алуға берудің құқықтық салдары
түсіндірілді.
      Есепте (қажет еместі сызып тастау)
тері-венерологиялық тұрмын (тұрған жоқпын, белгісіз);
психоневрологиялық тұрмын (тұрған жоқпын, белгісіз);
наркологиялық диспансерде тұрмын (тұрған жоқпын, белгісіз);
      Баланың басқа ата-анасы туралы деректер (өтініш берушінің
                        келісімімен беріледі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері)
Осы өтінішті өз еркіммен жаздым.
Өтінішті жазу күні __________________________________________________
Толық Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ____________________ Қолы _______
Жеке куәліктің мәліметі _________________ (№, кім және қашан берілді)
Өтінішті толтыру күні _______________________________________________
Куәгердің арызы (заңмен немесе жағдайға байланысты талап етілсе,
мысалы, сауатсыздық немесе адамның мүгедектігі болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Келісімді куәландыру үшін тағайындалған уәкілетті адамның куәлігі
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),: ______________________________________
Лауазымы: ___________________________________________________________
      Жоғарыда аталған немесе белгіленген адам (және куәгер (лер) осы
күні келіп, аталған құжатқа менің қатысуымен қол қойғанын растаймын.
      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) М.О.
Заңгер (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

Психолог (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

Емдеуші дәрігер: (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      Ескерту: анасы баласынан перзентханада бас тарпаған жағдайда
белгіленген үлгідегі нотариуспен куәландырған өтініш қажет.

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
3-қосымша          

нысан

                 _______________________________________
                    (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      Баланы денсаулық сақтау ұйымында тастап кету туралы акт

20__ жылғы «___» __________
«_____» ___________ жылы туған, _____________________________________
_______________________________________________________мекенжайында
тұратын, ____________________________________ мекенжайында тіркелген
(мекенжайы, басқа да мәліметтер кімнің сөзінен жазылғанын,
төлқұжатынын сериясы __________________, _________________ берілгенін
көрсету) азаматша ___________________________________________________
             (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), некеде немесе некеде жоқ)
ұл баланы (қыз) баланы туып 20__ жылғы «___» __________ баланы асырап
алуға келісімді немесе баланы мекемеге толық мемлекеттік қамтамасыз
етілуіне уақытша орналастыру туралы өтінішті ресімдеген жоқ (баланың
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қандай құжаттың негізінде жазылғанын,
әкесі және басқа туыстары туралы мәлімет бар жоқтығын көрсету).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және басқа мәліметтер)
Емдеуші дәрігер:
_____________________________________________________________________
              (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), күні, қолы)
Заңгер:
_____________________________________________________________________
              (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), күні, қолы)
Денсаулық сақтау ұйымының басшысы
_____________________________________________________________________
              (Т.А.Ә., (бар болған жағдайда) күні, қолы)
М.О.

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
4-қосымша          

нысан

Бұрыштама мөртабан
                      _____________________________________
                          (ішкі істер органының атауы)

                  Қазақстан Республикасының азаматтарын
                     тіркеу және құжаттандыру туралы
                               ҚОЛДАУХАТ

_____________________________________________________________________
            (баланың тәрбиеленіп жатқан ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
Сізден Қазақстан Республикасының азаматшасы _________________________
_____________________________________________________________________
  (азаматшаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)), бар мәліметті көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тіркеу және құжаттандыру туралы мәліметті беруді сұрайды.
Мәлімет баланың мәртебесін анықтау және оны одан әрі орналастыру үшін
қажет.

Қосымша мәліметтер жоқ.

      Ұйым басшысы                       Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
5-қосымша          

нысан

Бұрыштама мөртабан
                       _____________________________________
                           (ішкі істер органының атауы)

                     Тұрғылықты мекенжайын анықтау туралы
                                ҚОЛДАУХАТ

____________________________________________
      (сұраныс жасаған органның атауы)
 
      Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын орган Қазақстан Республикасында тұратын азаматшаның
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), өз балаларын қалдырып немесе тастап
кеткен әйелдер туралы
      басқа да бар мәліметтерді көрсету)
мекенжайы туралы мәліметтерді белгілеу үшін жеке құрамына
бағдарлауларыңызды сұрайды.
      Анасының немесе туыс-туғандарының тұратын жері анықталған
жағдайда олардың балаға қатысты мүддесін (баланы алып кету келісімі
немесе одан бас тарту туралы жазбаша нотариус куәландырған өтінішін
алу) білулеріңізді сұраймыз.
      Аталған мәліметтер баланың мәртебесін растау және оны одан әрі
орналастыру үшін қажет.
 
      Басшы                    Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
6-қосымша          

нысан

      Адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы актіде
               көрсетілген мекенжайға бару актісі

Бару күні____________________________________________________________
Барған орынның мекенжайы_____________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру жүргізген қызметкердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы
(білім беру органының, бала тәрбиеленетін ұйымның маманы, әлеуметтік
педагог)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аталған мекенжайда тұратынын азаматтар туралы мәліметтер, баланың
анасы туралы қандай мәліметтер бар __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), басқа мәліметтер, олар аталған
мекенжайда қай уақыттан бастап тұрады)
      Ескерту: Акт үш адамның қолымен (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
лауазымын көрсету), білім беру органының дөңгелек елтаңбалы мөрімен
куәландыру.

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
7-қосымша          

нысан

Бұрыштама мөртабан

           Баланың туыс-туғандарының бар-жоғы туралы
                            анықтама

(Тәрбиеленушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған күні,
тәрбиеленіп жатқан ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Туыстары_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, мекен-жайы)
Аталған мәліметтер (тәрбиеленушінің жеке ісінен, көршілерінің, ішкі
істер органдарының мәліметтері бойынша, басқа тұлғалардың
сөзінен)_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________________ алынды.
Анықтама құзыретті органға ұсыну үшін берілді.
 
                             Басшы       Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
8-қосымша          

нысан

Бұрыштама мөртабан

              Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала
      тәрбиеленетін білім беру, медициналық және басқа да ұйым
                 басшысының асырап алуға келісімі
                       Құзыретті органдарға

_____________________________________________________________________
(бала күтіп-бағылатын білім беру, медициналық және басқа да ұйымның
                                атауы)
_____________________________________________________________________
                (баланың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
___________________ азаматтарға (азаматтығы (өз еркімен көрсетіледі),
тұрғылықты мекен-жайы) асырап алуға келісімін береді.
Бала _________________________________ _______________________ бастап
_______ дейін _________________________________________________болды.
                             (ұйымның атауы)
Болу кезінде балаға ата-анасы, туыс-туғандары келген жоқ.
Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылды:
____________________________________________________________________
     (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), мекен-жайын, қорғаншылық және
      қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын органның
       бала таңдап алуға берген жолдаманың № және күнін көрсету)

Ұйымның басшысы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
М.О.

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
9-қосымша          

нысан

     Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде
  тұратын туыстарынан, Қазақстан Республикасының азаматтарынан
         асырап алуға ұсынылған балалардан бас тартуларын
                          растайтын қолхат

               ___________________________________ басшысына
                (бала тәрбиеленетін ұйымның атауы)
               азаматтардан, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
               тұратын мекенжайы, телефоны
               _____________________________________________
               _____________________________________________

      Біз бала асырап алуға үміткер ретінде білім беру органдарында
тіркелдік (кезектің № және күні) ____________________________________
Бізге төмендегі балалар ұсынылды:
1.___________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________
Осымен_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
байланысты аталған балаларды асырап алудан бас тартатымызды растаймыз
(бас тарту себептерін көрсету: денсаулығына байланысты, бізге
ұқсамайды, ауыр науқасты, аға-інілері немесе апа-сіңлілері бар

Күні, асырап алушының    
(асырап алушылардың) қолы  

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
10-қосымша         

нысан

Бұрыштама мөртабан

    Баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысы

Баланың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)


Баланың туған күні


Жынысы


Туған жері


Ұлты (өз еркімен көрсетіледі)


Анасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)


Анасының туған күні мен жылы


Әкесінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)


Әкесінің туған күні мен жылы


Балалар мекемесінің атауы


- туылғандағы
- аталған мекемеге түскендегі салмағы


- туылғандағы
- аталған мекемеге түскендегі бойы


Жүктіліктің өту жағдайы:


Бала өмірінің анамнезі


Болған аурулары туралы мәлімет


Балада болған жұқпалы аурулары туралы мәлімет


Баланы вакцинациялау туралы мәлімет

Вакцинациялау күні, вакцина түрі, сериясы, жарамдылық мерзімі, вакцинациялаудан кейінгі реакциясы

Туберкулез


Сіреспе


Көкжөтел


Полиомиелит


А гепатиті


В гепатиті


Дифтерия


Қызылша


Қызамық


Эпидемиялық паротит


Туберкулез індетінің бар-жоғына жасалған сынама қорытындысы


Вакцинациялаудың басқа түрлері


Баланың медициналық тексерісі

Салмағы кг      күні
Бойы см      күні
Бас шеңбері: см      күні

Шашының түсі          Көзінің түсі        Терісінің түсі

Баланың объективті мәртебесін сипаттау:


Баланың психикалық қозғаушы дамуын, мінез-құлқын және әдетін сипаттау


Сүйек-бұлшық ет жүйесі


Перифериялық лимфалық түйіндер жүйесі


Ауыз қуысы


Жүрек-тамыр жүйесі


Тыныс органдары


Көкірек қуысының органдары


Сыртқы жыныс мүшелері


Физиологиялық қызмет атқаруы


Клиникалық-лабораториялық зерттеулердің қорытындылары:


Қанның жалпы талдауы


Несептің жалпы талдауы


Билирубинге, АлТ, АсТ және тимологиялық сынамаға алынған қанның биохимиялық талдауының қорытындысы, тексеріс өткізу күні


Гепатит маркеріне алынған талдау қорытындылары


ИТВ-ге жасалған талдау қорытындылары


Несептің жалпы талдауы


Гельминттерге тексеру
Ішек құртының жұмыртқаларын зерттеуге алынатын үлкен дәрет
Тоқ ішектің аузын зерттеуге алынатын талдау


Мамандардың қорытындысы:














Клиникалық диагноз


Денсаулық жағдайы туралы қорытынды:


Денсаулық тобы:


Баланың нығайып өсуін бағалау:


Жүйке-психикалық дамуын бағалау:






      Әр бетте тексеру жүргізген дәрігердің қолы, Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда) және жеке мөрі көрсетіледі.
 
      Толтыру күні

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
11-қосымша         

нысан

Бұрыштама мөртабан

               0-ден 5 жасқа дейінгі баланың дамуындағы
        психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктер туралы есеп

Жасы 0-ден 2 айға дейінгі балалар


Ойыншықпен әрекет:


Баланың көзі алдындағы қозғалатын сылдырмақты байқайды


Ересектермен байланыс:


Тәрбиешімен байланыс кезінде бала күледі


Жасы 2-ден 6 айға дейінгі балалар


Ойыншықпен әрекет:


Бала сылдырмақты ұстайды


Бала сылдырмақпен ойнайды: оны аузына салады, сылдырлатады, бір қолынан екінші қолына ауыстырады


Тіл дамуы:


Тәрбиешімен байланыс кезінде бала бір дыбыстарды айтады


Даму моторикасы:


Бала қай жастан бастап арқасынан етбетінен аунайды


Ересектермен байланыс:


Тәрбиешімен байланыс кезінде бала күледі


Жасы 6-дан 9 айға дейінгі балалар


Ойыншықпен әрекет:


Бала кубиктерді қалайды


Тіл дамуы:


Бала дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлі тіркестерін қайталайды (ба-ба, да-да, ма-ма)


Даму моторикасы:


Қай жастан бастап бала сүйеусіз отырады:


Қай жастан бастап бала алдыға қарай еңбектейді (жылжиды):


Ересектермен байланыс:


Бала таныс тәрбиеші көтергенде тез тыныштанады


Жасы 9 айдан 1 жасқа дейінгі балалар


Ойыншықпен әрекет:


Бала ойыншықпен саналы түрде ойнайды: машинаны итереді, қуыршақты керуетке салады, құыршақты тамақтандырады және т.б.


Тіл дамуы:


Бала дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлі тіркестерін қайталайды (ба-ба, да-да, ма-ма), сонымен қатар бірнеше бөлек сөздерді айта алады


Даму моторикасы:


Қай жастан бастап бала сүйінбей өздігінен жүреді:


Ересектермен байланыс:


Бала таныс тәрбиеші көтергенде тез тыныштанады


1-ден 3 жасқа дейінгі балалар


Ойыншықпен әрекет:


Бала басқа балалармен рольдік ойындар ойнайды


Бала бет-аузын қисайтады, адамдарды немесе жануарларды бейнелейді


Топтық ойындарда бала басқа балалармен бірігеді (доппен ойын, карта ойыны)


Тіл дамуы:


Бала сөйлемдермен сөйлейді


Бала көмекші сөздерді түсінеді


Бала көмекші сөздерді пайдаланады


Даму моторикасы:


Қай жастан бастап бала өздігінен жүреді:


Қай жастан бастап бала басқалардың көмегімен баспалдақтан түсіп, шығады


Ересектермен байланыс:


Бала таныс тәрбиеші бөлмеден шыққанда жылайды (артынан) ереді


Бала көңілсіз болғанда немесе жараланғанда таныс тәрбиешісін іздейді


Палата кіретін барлық ересектермен байланысқысы келеді


Басқа балалармен байланыс:


Бала басқа балаларға қарайды немесе күлімдейді


Жұмысының жалпы деңгейі:


Белсенді емес


Белсенді


Шамадан тыс белсенді


Жалпы көңіл-күйі


Салмақты, байсалды


Эмоциональды, көңілсіз


Тынышсыз, жұбату қиын


Бақытты, разы


3-тен 5 жасқа дейінгі балалар


Тіл дамуы:


Бала өткен шақта сөйлейді


Бала өз атын жазады


Бала жай сөздерді оқиды


Даму моторикасы:


Қай жастан бастап бала баспалдақтан өздігінен түсіп, шығады


Қай жастан бастап бала көмексіз велосипед тебеді


Ересектермен байланыс:


Бала таныс тәрбиеші бөлмеден шыққанда жылайды (артынан) ереді


Бала көңілсіз болғанда немесе жараланғанда таныс тәрбиешісін іздейді


Палата кіретін барлық ересектермен байланысқысы келеді


Бала тәрбиешіге өз эмоциясын сөздермен жеткізеді


Басқа балалармен байланыс:


Бала балалармен ойнауға белсенді қатысады


Балаға басқа балалармен ойнағанды ұнатады


Жұмысының жалпы деңгейі:


Белсенді емес


Белсенді


Шамадан тыс белсенді


Жалпы көңіл-күйі


Салмақты, байсалды


Эмоциональды, көңілсіз


Тынышсыз, жұбату қиын


Бақытты, разы


      Әр бетте есепті толтырған маманның қолы, Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда) және мөрі.
 
      Толтыру күні

Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
республикалық деректер банкінің
орталықтандырылған есебіне қоюға
қажетті құжаттардың тізбесіне
12-қосымша         

нысан

Бұрыштама мөртабан

              6 жас және одан да асқан баланың дамуындағы
        психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктер туралы есеп

Ақыл-ой және дене дамуын сипаттау


Дене:


Моторика


Қимылды үйлестіру


Түйсік органдары


Мимика


Ымдау


Ауызша тіл


Эмоционалды:


Сезім білдіру


Үйірлік дамуы


Ақыл-ой:


түсіну + жаңа білімді пайдалану


мектептік даму


әлеуметтік, топтарда – ересектермен – балалармен (сенім)


бейтаныс адамдарға сенім


баланың ерекшеліктері


ерекшеліктер


дамымаған жақтары


жас дамуы (өз жасына сәйкес келеді ме)


Басқа балалармен байланыс:


Басқа балаларға қызығушылық танытады


Балалармен ойнағанды ұнатады


Балалардың ойнына белсенді қатысады


Жұмысының жалпы деңгейі:


Белсенді емес


Белсенді


Шамадан тыс белсенді


Жалпы көңіл-күйі


Салмақты, байсалды


Эмоционалды, көңілсіз


Тынышсыз, жұбату қиын


Бақытты, разы


      Әр бетте есепті толтырған маманның қолы, Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда) және мөрі.

      Толтыру күні

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына   
4-қосымша                   

                                                               нысан

Асырап алуға жататын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
туралы деректер банкі

Облыс атауы

Т.А.Ә.( бар болған жағдайда)

Баланың сауалнамасының нөмірі

Туған күні

Ұлты

Жынысы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Баланың әлеуметтік мәртебесі (жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған)

Есепке қою түрі

Бастапқы есепке қою күні және №

Өңірлік есепке қою күні және №

Орталықтандырылған есепке қою күні және №

Мүмкін болатын орналастыру нысандар

Диагноз

Орналастыру (қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ұйымдар)

Орналасқан жері

Ата-ана, аға-інілері, апа-сіңлілері, басқа да туысқандары туралы мәліметтер

Қорғаншылықтың, патронаттық тәрбиенушісінің Т.А.Ә. (бар болса)

Есептен шығару күні

Орталықтандырылған есептен шығару себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20