«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 117-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (3. Оразалиева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16 бұйрығымен
бекітілген
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және
олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 117-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және оларды отбасына тәрбиелеуге беру мақсатында жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды (бұдан әрі – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін белгілейді
2. Ата-аналардың қайтыс болуына, ата-ана құқықтарынан айырылуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне, әрекетке қабiлетсiз деп тануға, ата-аналардың сырқаттануына, ата-аналардың ұзақ мерзiмде болмауына, ата-аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге жағдайларында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерге ие жеке және заңды тұлғалар балалардың нақты тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға олар туралы дереу хабарлайды.
2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және
асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және
олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібі
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды толық және жан-жақты есепке алу үшiн бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есепке алу жүргiзiледi.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы есепке алуды және оларды отбасына тәрбиелеуге: Кодекстің 119-бабының 1-тармағына сәйкес қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, Кодекстің 133-бабының 3-тармағына сәйкес патронаттық тәрбиеге, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына сәйкес бала асырап алуға, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8544 санымен тіркелген) барлық үлгідегі ұйымдарға (білім беру, медициналық және өзге де) беру үшін қажетті құжаттар дайындауды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жүргізеді.
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтаған кезде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы бұл балаларды бастапқы есепке алуды және олар туралы мәліметтерді жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу журналында (қағаз және электронды нысанда) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркейді.
6. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бастапқы есепке қойылған күннен бастап бір ай өткен соң нақты орналасқан жері бойынша отбасына тәрбиелеуге орналастырылмаса, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы оларға сауалнамаларды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады және жеті жұмыс күні ішінде өңірлік есепке қою және баланы кейін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасында тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін облыстың білім беруді басқару органына тапсырады.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамаларына ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының маманы қол қояды.
Сауалнамалардың көшірмелері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесін растайтын құжаттар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органында, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиелетін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке істерінде сақталады.
7. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алуды астананы қоспағанда бастапқы және өңірлік есепті жүргізетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жүргізеді.
8. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айрылған балалар туралы мәліметтер ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң өңірлік және орталықтандырылған есепке қою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) тапсырылады.
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органында белгiленген тәртіппен ресімделген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамасының тіркелген күні ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою күні болып саналады.
10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы мәліметтерді алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке алу журналына (қағаз және электронды нысанда) тиісті жазбаларды енгізу арқылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қояды.
11. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өңірлік есепке қойылған күнінен бастап екі ай ішінде отбасына тәрбиелеуге (қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, бала асырап алу) орналастырылмаса, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы жеті жұмыс күні ішінде Комитетке орталықтандырылған есепке қою үшін:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамаларын;
2) Кодекстің 84-бабының 8-тармағына сәйкес балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы комиссия қорытындысының көшірмелерін;
3) «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қоюға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 209 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7741 санымен тіркелген) құжаттарды жібереді.
12. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сауалнамаларының, оған қатысты құжаттарды қоса отырып Комитетте тіркелген күні ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою күні болып саналады.
13. Комитет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке олар туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асырап алуға жататын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер банкіне енгізу арқылы қояды.
14. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есепке алынуын қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын міндетті талаптар:
1) осы Қағидалардың 12-тармағындағы құжаттар тізбесіне сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлiметтерді жинау;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпараттың толықтығы және шынайылығы;
3) ақпаратты жария болудан, ұрлатудан, жоғалтудан, жасанды көшiрмеден және бұрмалаудан қорғау болып табылады.
15. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қойғаннан кейін уәкілетті органға:
1) үш жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың фотосуреттерін және денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысын жылына бір рет, үш жастан он сегіз жасқа дейінгілердің – үш жылда бір рет;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесі өзгерген кезде (ата-аналардың ата-ана құқықтарынан айрылуы, ата-аналардың хабарсыз кетті деп танылуы және басқа), оларды ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бір ұйымнан басқасына ауыстырған, кәсіптік оқу орындарына білім алуға түскен кезде жеті жұмыс күні ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебіне тиісті өзгерістерді енгізу үшін уәкілетті органға ақпарат жібереді.
16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы отбасына орналасқан (қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, бала асырап алу) немесе кәмелет жасқа толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болған, қайтыс болған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есептен алынғаны туралы ақпаратты жолдайды.
Комитет облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына кәмелет жасқа толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есептен алынғаны туралы ақпаратты жолдайды.
17. Бастапқы, өңірлік есепке алуды жүзеге асыратын қорғаншылық және қамқоршылық орган және орталықтандырылған есепке алуды жүзеге асыратын Комитет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді.
18. Бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепте тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратқа қол жеткізуді мұндай есепке алуды жүргізуді жүзеге асыратын органдар соттың және прокуратура органдарының сұрау салуы кезінде ұсынады.
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
бастапқы есепке алу журналы
№ |
Есепке қойылған күні |
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
Туған күні |
Оқу орны, егер мектепке дейінгі бала болса, балабақшаның № көрсетілсін |
Есепке қойылған себебі |
Мәліметтер кімнен түсті |
Ата-аналары туралы мәліметтер (Т.А.Ә.( бар болған жағдайда), туған күні, олардың болмау себебімен оны растайтын құжаттың түрі, оның № және күні)) |
Баланың бұрынғы тұрған мекенжайы |
Бала қайда орналастырылды |
Жергілікті мемлекеттік органдардың актісі (актінің № және күні, түрі) |
Оны өңірлік есепке қою үшін мәліметтерді жіберу туралы хаттың № және күні |
Есептен шығарылған күні |
Есептен шығару себебі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына
2-қосымша
нысан
Фотосуреті 3х4 |
Баланың сауалнамасы
Сауалнама толтырылған күн ___________________________________________
Бастапқы есепке қойылған күн және № _________________________________
Баланың Т.А.Ә.(бар болса) ___________________________________________
Туу туралы куәлiк нөмiрi ______ сериясы ________ берiлген күнi ______
Туған күні __________________________________________________________
Ұлты ________________________________________________________________
Баланың әлеуметтік мәртебесі, асты сызылсын (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған)
Өңірлік есепке қойылған күн және № __________________________________
Әкімнің балалар мекемесіне орналастыру туралы қаулысының күні, № ____
Баланы орналастырудың хронологиясы __________________________________
(қашан, қайдан келді
(отбасы, перзентхана, аурухана)
Қай мектепте, сыныпта және қалай оқыды (үздік, жақсы, орта - асты
сызылсын)
_____________________________________________________________________
Бос уақытта бала немен айналысқанды ұнатады (хоббиі, әуестенулері,
қабілеті, қоғамдық өзіндік қызметке, спорттық жарыстарға, үйірмелерге
қатысуы және тағы басқа) _____________________________________________________________________
Бала денсаулығының жағдайы (мекемеге түскен сәтінде, толық)
_____________________________________________________________________
Ата-ана туралы мәліметтер:
анасы (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), туған күні) ____________________
_____________________________________________________________________
Анасы туралы мәліметтер (тіркелген, тұратын мекенжайы, айналысатын
жұмысының түрі, баласына бара ма. Егер бала некеден тыс туылса, белгі
жасалсын. Болмау себептері: қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан
айырылуы, сотталуы және тағы басқа) _________________________________
_____________________________________________________________________
әкесі (Т.А.Ә.( бар болған жағдайда), туған күні) ____________________
Әкесі туралы мәліметтер (тіркелген, тұратын мекенжайы, айналысатын
жұмысының түрі, баласына бара ма. Болмау себептері: туу туралы
анықтама «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексіна сәйкес, қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан
айырылуы, сотталуы және тағы басқа) _____________________________________________________________________
Баланың аға-інілері, апа-сіңлілері __________________________________
_____________________________________________________________________
(туған күні, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), орналасқан жері, үй,
ұялы, жұмыс телефондары) Баланың жақын туысқандары (аталары, әжелері,
көкелері, тәтелері) _________________________________________________
_____________________________________________________________________
(туған күні, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), орналасқан жері, үй, ұялы,
жұмыс телефондары).
Олар бала орналасқан мекеменің әкімшілігімен байланыс орната ма _____
_____________________________________________________________________
Қосымша мәліметтер __________________________________________________
(баланың ақыл-ой және дене дамуының сипаттамасы,
жас ерекшелік дамуы (жасына сәйкес келе ме))
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге орналастыру бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат.
_____________________________
(Ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың, астананың қорғаншылық
және қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органы маманының Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда), қолы)
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына
3-қосымша
нысан
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
өңірлік есепке алу журналы
№ |
Есепке қойылған күн |
Т.А.Ә.( бар болған жағдайда) |
Туған күні |
Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ұйымның толық атауы |
Есепке қойылған себебі |
Ата-аналары туралы мәліметтер (Т.А.Ә. ( бар болған жағдайда), туған күні, олардың болмау себебі мен оны растайтын құжаттың түрі, оның № және күні) |
Баланың бұрынғы тұрған мекенжайы |
Бала қайда орналастырылды |
Жергілікті мемлекеттік органдардың актісі (актінің № және күні, түрі) |
Оны орталықтандырылған есепке қою үшін мәліметтерді жіберу туралы хаттың № және күні |
Есептен шығарылған күн |
Есептен шығару себебі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған және асырап алуға жататын балаларды
есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы
ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына
4-қосымша
нысан
Асырап алуға жататын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
туралы деректер банкі
Облыс атауы |
Т.А.Ә.( бар болған жағдайда) |
Баланың сауалнамасының нөмірі |
Туған күні |
Ұлты |
Жынысы |
Жеке сәйкестендіру нөмірі |
Баланың әлеуметтік мәртебесі (жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған) |
Есепке қою түрі |
Бастапқы есепке қою күні және № |
Өңірлік есепке қою күні және № |
Орталықтандырылған есепке қою күні және № |
Мүмкін болатын орналастыру нысандар |
Диагноз |
Орналастыру (қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ұйымдар) |
Орналасқан жері |
Ата-ана, аға-інілері, апа-сіңлілері, басқа да туысқандары туралы мәліметтер |
Қорғаншылықтың, патронаттық тәрбиенушісінің Т.А.Ә. (бар болса) |
Есептен шығару күні |
Орталықтандырылған есептен шығару себебі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |