Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10410 тіркелді

Жаңартылған

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары бекітілсін.
      2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице – министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            А.Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму              министрі
      ____________ Ә. Исекешев
      10 ақпан 2015 жылы

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев
27 қаңтар 2015 жылы


Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы 
№ 7-1/19 бұйрығымен   
бекітілген        

Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру
қағидалары

Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге уәкілетті мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібін айқындайды.
      2. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге (бұдан әрі-орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) жүргізілген диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар береді.

2. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібі

      3. Ветеринариялық зертханалардың жануарлардың ауруларын диагностикалау бойынша зерттеулер жүргізген кезде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері ұсынған ветеринариялық ілеспе құжаттар және сынамаларды қабылдауды;
      2) жеткізілген сынамаларға талдау және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленетін Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларының талаптарына сәйкестігін қарауды;
      3) ілеспе ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректерді, «Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген, (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 9342 тіркелген ) Ветеринариялық зертханаға түскен материалды тiркеу журналына (бұдан әрі – Журнал) енгізуді;
      4) ұсынылған сынамаларды тиісті зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін ветеринариялық зертханалардың тиісті бөлімдеріне жіберуді;
      5) зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеуді және беруді қамтиды.
      4. Ветеринариялық зертханалардың орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгенде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері ұсынған ветеринариялық ілеспе құжаттар және сынамаларды қабылдауды;
      2) жеткізілген сынамаларды қарауды және талдауды;
      3) ілеспе ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректерді Журналға енгізуді;
      4) ұсынылған сынамаларды ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін ветеринариялық зертханалардың бөлімдеріне жөнелтуді;
      5) ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеу және беруді қамтиды.
      5. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ветеринариялық зертханалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелерінің қорытындысы бойынша осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді.
      Серологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша сараптама актісімен (сынақ хаттамасымен) қоса әр сынамаға зерттеу нәтижелерін белгілей отырып, «оң нәтиже», «теріс нәтиже» немесе «күмәнді» деген мөртаңба қойылып жануарлардың тізімдемесі ресімделеді.
      Ішкі сауда объектілерінде тамақ өнімін сатып алған кезде сатып алушылардың (кәсіпкерлердің) ішкі сауда объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында онда сатып алынған тамақ өнімінің күнін, түрін және мөлшерін сатып алушының (кәсіпкерлердің) тегін, атын әкесінің атын (бар болған жағдайда), тамақ өнімінің межелі объектісін көрсете отырып, сатып алынған өнімнің қауіпсіздігін растайтын сараптама актісінің көшірмесін (сынақ хаттамасын) алуына жол беріледі. Сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізген уәкілетті адамның қолымен және ішкі сауда объектісінің сараптама зертханасының мөрімен расталады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Ветеринариялық зертханалардың сараптама актісін (сынама хаттамасын) беру мерзімі диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізіліп біткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      7. Ветеринариялық зертханалар сараптама актісін (сынақ хаттамасын) сынамаларды диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін ұсынған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге жолдайды (ұсынады).

                                             Сараптама актісін     
                                              (сынақ хаттамасын)
                                               беру қағидаларына
                                                    қосымша

                                                     Нысан/Форма
                              _______________________________________
                                Зерттеулер жүргізген ветеринариялық
                      зертхананың атауы, белгілер және аккредитация
                          жөніндегі деректер (бар болған жағдайда),
                                            мекенжайы, телефондары

                                         Беткі жағы/Лицевая сторона

Сараптама актісі (сынақ хаттамасы)/Акт экспертизы
                     (протокол испытаний)
         № _____________ от «____» ___________20__ года

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді зерттеуге әкелген жеке және заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы/Наименование и адрес физического или юридического лица владельца перемещаемого (перевозимого) объекта.


Сынама атауы тип, марка, серия/Наименование образца, тип, марка, серия:


Үлгінің зерттеуге түскен күні/Дата поступления образца на испытание:


Үлгі алынған күн/Дата отбора образца


Дайындаушы (ел, фирма)/Изготовитель (страна, фирма):


Партия өлшемі, сынама саны, салмағы/Размер партии, количество проб, масса:


Нормативтік құжатын көрсету/Обозначение нормативного документа:


Зерттеулер жүргізілген күн/Дата проведения испытаний:


Зерттеулер түрі/Вид испытаний:


                                         Сырт жағы/Оборотная страница

    Жүргізілген сараптамалар (зерттеулер) нәтижелері/Результаты
             экспертизы (испытаний) № __________________:

№ п/п

Зерттеулер/сынақтар атауы/
Наименование исследований/испытаний

Зерттеу/сынама әдістемесіне нормативтік құжат/Нормативный документ на методы исследований/испытаний

Көрсеткіштердің нормадағы мәні/
Нормируемые значения показателей*

Зерттеулер/сынақтар нәтижелері/
Результаты исследований/испытаний


1

2

3

4






      Қолданылған бақылау материалдары диагностикумдар/Примененные контрольные материалы (диагностикумы).
      Зерттеулер жүргізілген шарттары/Условия проведения испытаний:
      Сараптама (Зерттеу) қорытындысы тек зерттелген үлгіге қатысты/Результаты экспертизы (испытаний) относятся только к испытанным образцам.

      Ескертпе/Примечание:
      сараптама актісі (сынақ хаттамасы) рәсімделгенде жануарларауруларына диагностикалық зерттеу жүргізілгенде толтырылмайды/при оформлении акта экспертизы (протокола испытаний) по проведенным диагностическим исследованиям болезней животных не заполняется.

      уәкілетті тұлғаның (лардың) қолы (қолдары)
      подпись (подписи) уполномоченного(ых) лица_____________________
                                                   қолы/подпись
_____________________________________________________________________
    тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)/фамилия имя отчество
                         (при наличии)

      ветеринариялық зертхананың мөрі
      печать ветеринарной лаборатории

      Осы сараптама актісі (сынақ хаттамасын) зерттеу/сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз жартылай немесе толықтай көшіруге тираждауға болмайды.
      Настоящий акт экспертизы (протокол испытаний) не возможно полностью или частично воспроизвести или тиражировать без разрешения ветеринарной лаборатории, проводившей исследования/испытания.