Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10410 тіркелді

Қолданыстағы

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары бекітілсін.
      2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице – министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            А.Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму              министрі
      ____________ Ә. Исекешев
      10 ақпан 2015 жылы

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев
27 қаңтар 2015 жылы


Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы 
№ 7-1/19 бұйрығымен   
бекітілген        

Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру
қағидалары

Жалпы ережелер

      1. Осы Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге уәкілетті мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібін айқындайды.
      2. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге (бұдан әрі-орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) жүргізілген диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар береді.

2. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібі

      3. Ветеринариялық зертханалардың жануарлардың ауруларын диагностикалау бойынша зерттеулер жүргізген кезде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері ұсынған ветеринариялық ілеспе құжаттар және сынамаларды қабылдауды;
      2) жеткізілген сынамаларға талдау және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленетін Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларының талаптарына сәйкестігін қарауды;
      3) ілеспе ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректерді, «Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген, (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 9342 тіркелген ) Ветеринариялық зертханаға түскен материалды тiркеу журналына (бұдан әрі – Журнал) енгізуді;
      4) ұсынылған сынамаларды тиісті зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін ветеринариялық зертханалардың тиісті бөлімдеріне жіберуді;
      5) зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеуді және беруді қамтиды.
      4. Ветеринариялық зертханалардың орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгенде сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру рәсімі:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері ұсынған ветеринариялық ілеспе құжаттар және сынамаларды қабылдауды;
      2) жеткізілген сынамаларды қарауды және талдауды;
      3) ілеспе ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректерді Журналға енгізуді;
      4) ұсынылған сынамаларды ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін ветеринариялық зертханалардың бөлімдеріне жөнелтуді;
      5) ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеу және беруді қамтиды.
      5. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ветеринариялық зертханалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелерінің қорытындысы бойынша осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді.
      Серологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша сараптама актісімен (сынақ хаттамасымен) қоса әр сынамаға зерттеу нәтижелерін белгілей отырып, «оң нәтиже», «теріс нәтиже» немесе «күмәнді» деген мөртаңба қойылып жануарлардың тізімдемесі ресімделеді.
      6. Ветеринариялық зертханалардың сараптама актісін (сынама хаттамасын) беру мерзімі диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізіліп біткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      7. Ветеринариялық зертханалар сараптама актісін (сынақ хаттамасын) сынамаларды диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін ұсынған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге жолдайды (ұсынады).

Сараптама актісін
(сынақ хаттамасын)
беру қағидаларына
қосымша    

Приложение     
к Правилам выдачи акта
экспертизы (протокола
испытаний)    

Нысан/Форма

Беткі жағы/Лицевая сторона

Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) /Акт экспертизы
(протокол испытаний) 20__ ж. «____» ___________ № _____________

Орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің иесі жеке және заңды тұлғаның атауы және мекенжайы/Наименование и адрес физического или юридического лица владельца перемещаемого (перевозимого) объекта.


Үлгінің атауы, типі, маркасы, сериясы/Наименование образца, тип, марка, серия:


Үлгінің зерттеуге түскен күні/Дата поступления образца на испытание:


Үлгі алынған күн/Дата отбора образца


Дайындаушы (ел, фирма) /Изготовитель (страна, фирма):


Партия өлшемі, сынама саны, салмағы / Размер партии, количество проб, масса:


Нормативтік құжатын көрсету/Обозначение нормативного документа:


Зерттеулер жүргізілген күн/ Дата проведения испытаний:


Зерттеулер түрі /Вид испытаний:


Артқы жағы/Оборотная страница

      Жүргізілген сараптамалар (зерттеулер) нәтижелері/
      Результаты экспертизы (испытаний) № __________________:

р/с

Зерттеулер/сынақтар атауы,
Наименование исследований/испытаний

Зерттеулер/сынақтар әдістеріне нормативтік құжат/Нормативный документ на методы исследований/испытаний

Көрсеткіштердің нормадағы мәні/
Нормируемые значения показателей*

Зерттеулер/сынақтар нәтижелері/
Результаты иследований/испытаний


1

2

3

4






      Қолданылған бақылау материалдары (диагностикумдар)/Примененные контрольные материалы (диагностикумы)
      Зерттеулер жүргізу шарттары/Условия проведения испытаний:
      Сараптамалар (Сынақтар) нәтижелері тек сыналған үлгіге қатысты/Результаты экспертизы (испытаний) относятся только к испытанным образцам.

      Ескертке/Примечание:
      *сараптама актісін (сынақ хаттамасын) жануарлар ауруларына жүргізілген диагностикалық зерттеулер бойынша ресімдеген кезде толтырылмайды/при оформлении акта экспертизы (протокола испытаний) по проведенным диагностическим исследованиям болезней животных не заполняется.
      уәкілетті тұлғаның (лардың) қолы (қолдары)
      подпись (подписи) уполномоченного(ых) лица ____________________
                                                     қолы/ подпись
_____________________________________________________________________
              тегі аты әкесінің аты(бар болғанда)/
               фамилия имя отчество (при наличии)

      ветеринариялық зертхананың мөрі
      печать ветеринарной лаборатории

      Осы сараптама актісі (сынақ хаттамасы) зерттеу/сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз толықтай немесе жартылай қайта шығаруға немесе көбетуге болмайды/ Настоящий акт экспертизы (протокол испытаний) не может быть полностью или частично воспроизведен или тиражирован без разрешения ветеринарной лаборатории, проводившей исследования/испытания.