Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10397 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 22) тармақшасының 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 2 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 18-04/14 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1) тармағы 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай айқындамалар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) алынатын көздің коды - уылдырық алынатын көзге сәйкес келетін әріп: W - жабайы балықтан алынған, С - қолда өсірілген балықтан алынған;

      3) әкімшілік орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган;

      4) өтініш беруші - ішкі нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      5) партияның сәйкестендіру нөмірі - өңдеуші зауыттарда және буып-түю кәсіпорындарында пайдаланылатын нөмір;

      6) СИТЕС (CITES) - Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция;

      7) сыйымдылық - тікелей уылдырық орналасатын ыдыс;

      8) уылдырық - бекіре тұқымдас балық түрлерінің өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық.

      Бекіре балык түрлерінің уылдырықтарын ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі нарықта сатуға арналған марканың берілуін қосады.

      4. Осы Қағидалар бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы саудасын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі - уылдырық саудасын жүзеге асыратын тұлғалар).

      5. Таңбалауды ішкі және сыртқы нарықтарда уылдырық саудасын жүзеге асыратын адамдар қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар транзитінің кедендік режимінде орны ауыстырылатындарды қоспағанда, барлық уылдырық түрлері таңбалауға жатады.

      7. Ішкі және сыртқы нарықтарда сатылатын бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын таңбалау үшін мынадай маркалар қолданылады:

      1) осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, ішкі нарықта бекіре тұкымдас балықтардың уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - ішкі нарыққа арналған марка);

      2) осы Қағиданың 2-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - сыртқы нарыққа арналған марка).

2-тарау. Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ішкі нарыққа арналған маркалардың дайындалуын әкімшілік орган қамтамасыз етеді.

      9. Сыртқы нарыққа арналған марканы дайындауды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 9-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әкімшілік орган беретін Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған рұқсатта (бұдан әрі - рұқсат) көрсетілген уылдырық көлемін таңбалау үшін қажетті мөлшерде уылдырық саудасын жүзеге асыратын тұлғалар қамтамасыз етеді.

      Әкiмшiлiк орган сыртқы нарыққа арналған маркаларға рұқсат алу үшін уылдырық әкетуге рұқсат алуға арналған өтініште көрсетілген сыйымдылық саны жөніндегі мәліметтерге сәйкес есепке алу сериясы мен нөмір береді. Сыртқы нарыққа арналған маркалардың сериясы мен нөмірі, сондай-ақ сыртқы нарыққа арналған маркалар нысанына сілтеме рұқсатта көрсетіледі.

      Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын әкетуге рұқсат алған тұлғалар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - Банкнот фабрикасы) Банкнот фабрикасының мекенжайына жіберілетін Әкімшілік органның мәліметтеріне сәйкес сыртқы нарыққа арналған маркалар дайындайды.

      Жеке немесе заңды тұлғалар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін әкімшілік органға пайдаланылған және пайдаланылмаған сыртқы нарыққа арналған маркалардың санын пайдаланбау себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде сыртқы нарыққа арналған маркалардың пайдаланылуы туралы мәліметтер ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Маркаларды жабыстырғанда қолданылатын желім оның кеуіп кетуін, тауардан ажырамауын және марканы қайта пайдаланылуын болдырмауды қамтамасыз ету үшін жоғары және төмен температураларға, әртүрлі деңгейлердегі ылғалдылыққа төзімді болуы тиіс.

      Марка әрбір оның визуалды көрінуін қамтамасыз ететін сыйымдылыққа жабыстырылады.

      11. Ішкі нарыққа арналған маркаларды беруді әкімшілік орган жүзеге асырады.

      Ішкі нарыққа арналған маркалардың құны дайындау шығындарын есепке ала отырып айқындалады.

      12. Ішкі нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды сатып алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияға не "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі - портал) мынадай мәліметтермен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге өтініш береді:

      1) егер өтініш берілген уылдырық:

      табиғи болса - табиғи су айдындардан ауланған балықтардан (жабайы) алынса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште мәлімделген уылдырық дайындалған бекіре тұқымдас балық түрлерін аулаудың заңдылығын растайтын Заңның 26-бабының 1-3-тармағына сәйкес уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі беретін қайдан ауланғаны туралы анықтаманың (бұдан әрі - анықтама) нөмірі мен күнін не анықтама қоса берілген сатып алу-сату шартын көрсету қажет;

      жасанды болса - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште Заңның 9-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларында көзделген, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолда өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күнін, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уылдырық алу туралы ақпаратты көрсету қажет;

      импортталған болса - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште Заңның 9-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әкімшілік орган беретін Қазақстан Республикасына уылдырық әкелуге әкімшілік орган рұқсатының нөмірі мен күнін көрсету қажет;

      тәркіленген болса - бекіре тұқымдас балық түрлерін табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және басқа да өнім түрлерін өңдеу мен экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алғанын растайтын құжатты, сондай-ақ тәркілеу туралы сот актісінің көшірмесін ұсыну қажет;

      2) марка үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының көшірмесі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Әкімшілік орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды порталда келіп түскен күні тіркейді (егер өтiнiш сағат 18.00-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда өтінім беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады) және оларды берілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды, содан соң маркалар береді не мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) өтініш беруші маркалар алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушінің және (немесе) маркалар беру үшін қажетті ұсынылған материалдарың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты маркалар алуды қажет ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің маркалар алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш беру кезінде ішкі нарыққа арналған маркалар өтініш беруші өтініш берген жердегі Мемлекеттік корпорацияға Әкімшілік орган жеткізеді.

      Әкімшілік орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды есепке алу журналында берілген ішкі нарыққа арналған маркаларды есепке алуды жүргізеді.

      Өтінім берушіге берілген ішкі нарыққа арналған маркалар әкімшілік органға қайтаруды қоспағанда, қайта сатылмауы, берілмеуі және иеліктен шығарылмауы тиіс.

      Өтінім беруші портал арқылы жүгінген жағдайда, оның "жеке кабинетіне" әкімшілік орган басшысының не басшысы орынбасарының электрондық цифрлы қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.

      Әкімшілік органға беруді қоспағанда, қайта сатылмауы, иеліктен шығарылмауы тиіс сыртқы нарыққа арналған маркаларды есепке алу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды есепке алу журналында жүргізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Әкімшілік орган ішкі нарыққа арналған маркалардың есебін жүргізу, сақтау, беру және есептілігі үшін жауапты лауазымды тұлғаны бұйрықпен тағайындайды.

      16. Ішкі нарыққа арналған маркаларды берген кезде әкімшілік органның лауазымды тұлғасы екі данада жүкқұжат жазып береді.

      Жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:

      1) жеке және заңды тұлғаның атауы;

      2) ішкі нарыққа арналған маркаларды алуға арналған өтініштің нөмірі мен күні;

      3) ішкі нарыққа арналған маркалардың түрі, нөмірі және саны;

      4) бір сыйымдылықтың көлемі және уылдырықтың жалпы көлемі;

      5) ішкі нарыққа арналған маркалардың почта байланысы немесе курьер арқылы берілген күні;

      6) почта байланысының деректері, курьердің қолы.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Өтініш берушілерге ішкі нарыққа арналған маркаларды беру, өтініште көрсетілген саны мен түрлеріне сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Ішкі нарыққа арналған маркалар қатаң есептілік құжаты болып табылады. Ішкі нарыққа арналған маркаларды беру туралы мәлімет нөмірленген, түптелген, әкімшілік органның мөрімен расталған журналға жазылады.

      Журналдың сақталу мерзімі - 5 жыл.

      19. Ішкі нарыққа арналған маркаларды алғандар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін әкімшілік органға жазбаша түрде алған маркалары бойынша ішкі нарыққа арналған маркалардың пайдаланылғаны туралы және пайдаланылмаған жағдайда пайдаланбау себептерін көрсете отырып мәлімет ұсынады.

      20. Бүлінген ішкі нарыққа арналған маркалар әкімшілік органға қайтарылады.

      Ішкі нарыққа арналған маркалардың қайтарылуы алушының ерікті нысанда жазылған қайтару туралы өтінішінің негізінде қайтару себептерін корсете отырып және олар алынған жүкқұжатты көрсеткен кезде жүргізіледі. Алушы бүлінген ішкі нарыққа арналған маркаларды жеке парақтарға жабыстырады, ал олардың жеке бөлшектері біріктірулері тиіс.

      21. Бүлінген марканы жою әкімшілік органның үш лауазымды тұлғасынан кем емес комиссиясымен, маркаларды жою туралы актісі толтырылып, актіге жойылған марканың санын, нөмірін және түрін корсету арқылы жүргізіледі.

      Комиссия мүшелерімен қол қойылған актілер әкімшілік органның мөрімен расталады.

  Ішкі және сыртқы нарықтарда сату
үшін бекіре тұқымдас балықтардың
уылдырығын таңбалау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Ішкі нарыққа арналған марка


Ішкі нарыққа арналған марканың сипаттамасы

      1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.

      2. Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырыққа арналған маркасының негізгі реңі жасыл, импортталған уылдырық үшін - қызыл.

      3. Марканың сол жағында металсыздандырылған мыс жолағы, "уылдырық" микромәтіні орналастырылған.

      4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.

      5. Оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар "СІТЕS" сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің баска бұрышында "КZ" сөзі оқылады.

  Ішкі және сыртқы нарықтарда сату
үшін бекіре тұқымдас балықтардың
уылдырығын таңбалау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Сыртқы нарыққа арналған марка


Сыртқы нарыққа арналған марканың сипаттамасы

      1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.

      2. Марканың негізгі реңі - көгілдір.

      3. Оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар "CITES" сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында "КZ" сөзі оқылады.

      *Ескертпе: Бекіре тұқымдас балықтарының бірдейлендіру кодын көрсеткен кезде келесі кесте қолданылады:

Түрлері

Коды

Сібір бекіресі

Сибирский осетр

Асipenser bаеrіі

ВАЕ

Орыс бекіресі

Русский осетр

Асipenser gueldenstaedtii

GUЕ

Пілмай

Шип

Асipenser nudiventris

NUD

Парсы бекіресі

Персидский осетр

Асipenser реrsіcus

РЕR

Сүйрік

Стерлядь

Асipenser ruthenus

RUТ

Шоқыр

Севрюга

Асipenser stellatus

SТЕ

Қортпа

Белуга

Huso huso

HUS

Ескектұмсық

Веслонос

Роlуоdоn spathula

SРА

Калуга

Калуга

Нusо dauricus

DАU

Аралас түрлер (Тығыздалған уылдырық)

Различные виды (Паюсная икра)

Міхеd sресіеs (Fоr 'ргеssеd' саvіаr ехсlusіvеlу)

МІХ

  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
(кімнен)_____________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның
____________________________
(дара кәcіпкердің) аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
мекенжайы__________________
(индекс, облыс, қала, аудан,
көше, үй №, пәтер №
(бар болса), телефоны)
өтініш берушінің деректемелері
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ішкі нарықтағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбаларын беруді сұраймын.

      Уылдырық түрлері туралы мәліметтер:

Уылдырық түрі

Түрлері бойынша мөлшері және сыйымдылық көлемі

1.

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Латын тілінде

Сыйымдылық саны

Бір сыйымпдылық көлемі

Уылдырықтың жалпы көлемі

1.1







1.2







2.

Үлгінің шығу тегі (отандық-табиғи, отандық-жасанды, импортталған, тәркіленген)


3.

Егер, өтініш берілген уылдырық табиғи болса, балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі және күні


4.

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (-тің) нөмірі және күні (бар болса)


5.

Егер, өтініш берілген уылдырық жасанды болса, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (-лардың) нөмірі және күні (бар болса)


6.

Егер, өтініш берілген уылдырық импортталған болса, Құрып кету қаупi төнген жабайы флора мен фауна түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған рұқсаттың (-тардың) нөмірі және күні


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініштің берілген күні 20____жылғы "___" ________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, мөр (бар болса) орны)

  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпарат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Балық түрі

Балықтың саны мен жасы

Балықтың салмағы

Алынған уылдырық салмағы

Уылдырық алу тәсілі (сауып алу тәсілі (тірідей) немесе кесер тілігі тәсілі)



















      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Ішкі нарықта бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған таңбаларды есепке алу журналы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтінім берушінің атауы

Алынған таңбалардың нөмірі және саны

Жүккұжат нөмірі

Таңбалардың берілген күні

Таңбаның түрі, сыйымдылық және уылдырық көлемі

Өтінім берушінің ЖСН-сы немесе БСН-сы

Почта байланысы немесе курьер арқылы таңбалардың берілген күні

Почта байланысының деректері, курьердің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған таңбаларды есепке алу журналы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жеке немесе заңды тұлғаның атауы

Таңбалар нөмірі және саны

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға арналған рұқсат нөмірі

Сыйымдылық саны және уылдырық көлемі

Жеке тұлғаның ЖСН-сы немесе заңды тұлғаның БСН-сы