РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 22) тармақшасының 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 2 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 ақпан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңы) 9-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай айқындамалар пайдаланылады:
1) алынатын көздің коды - уылдырық алынатын көзге сәйкес келетін әріп: W - жабайы балықтан алынған, С - қолда өсірілген балықтан алынған;
2) әкімшілік орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган;
3) Бірыңғай байланыс-орталығы - ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік қызметтер және өзге де қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызмет алушыларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша ақпараттық-анықтамалық қызметінің функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын заңды тұлға;
4) өтініш беруші - ішкі нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
5) партияның сәйкестендіру нөмірі - өңдеуші зауыттарда және буып-түю кәсіпорындарында пайдаланылатын нөмір;
6) СИТЕС (CITES) - Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция;
7) сыйымдылық - тікелей уылдырық орналасатын ыдыс;
8) уылдырық - бекіре тұқымдас балық түрлерінің өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары).
9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
3. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық.
Бекіре балык түрлерінің уылдырықтарын ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі нарықта сатуға арналған марканың берілуін қосады.
4. Осы Қағидалар бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы саудасын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі - уылдырық саудасын жүзеге асыратын тұлғалар).
5. Таңбалауды ішкі және сыртқы нарықтарда уылдырық саудасын жүзеге асыратын адамдар қамтамасыз етеді.
6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар транзитінің кедендік режимінде орны ауыстырылатындарды қоспағанда, барлық уылдырық түрлері таңбалауға жатады.
7. Ішкі және сыртқы нарықтарда сатылатын бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын таңбалау үшін мынадай маркалар қолданылады:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, ішкі нарықта бекіре тұкымдас балықтардың уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - ішкі нарыққа арналған марка);
2) осы Қағиданың 2-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - сыртқы нарыққа арналған марка).
2-тарау. Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібі
8. Ішкі нарыққа арналған маркалардың дайындалуын әкімшілік орган қамтамасыз етеді.
9. Сыртқы нарыққа арналған марканы дайындауды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік орган беретін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11935 болып тіркелген) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және (немесе) кері әкетуге әкімшілік органның рұқсат беру қағидаларына Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және кері әкетуге арналған рұқсатта (бұдан әрі - рұқсат) көрсетілген уылдырық көлемін таңбалау үшін қажетті мөлшерде уылдырық саудасын жүзеге асыратын тұлғалар қамтамасыз етеді.
Әкiмшiлiк орган сыртқы нарыққа арналған маркаларға рұқсат алу үшін уылдырық әкетуге рұқсат алуға арналған өтініште көрсетілген сыйымдылық саны жөніндегі мәліметтерге сәйкес есепке алу сериясы мен нөмір береді. Сыртқы нарыққа арналған маркалардың сериясы мен нөмірі, сондай-ақ сыртқы нарыққа арналған маркалар нысанына сілтеме рұқсатта көрсетіледі.
Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын әкетуге рұқсат алған тұлғалар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - Банкнот фабрикасы) Банкнот фабрикасының мекенжайына жіберілетін Әкімшілік органның мәліметтеріне сәйкес сыртқы нарыққа арналған маркалар дайындайды.
10. Маркаларды жабыстырғанда қолданылатын желім оның кеуіп кетуін, тауардан ажырамауын және марканы қайта пайдаланылуын болдырмауды қамтамасыз ету үшін жоғары және төмен температураларға, әртүрлі деңгейлердегі ылғалдылыққа төзімді болуы тиіс.
Марка әрбір оның визуалды көрінуін қамтамасыз ететін сыйымдылыққа жабыстырылады.
11. Ішкі нарыққа арналған маркаларды беруді әкімшілік орган жүзеге асырады.
Ішкі нарыққа арналған маркалардың құны дайындау шығындарын есепке ала отырып айқындалады.
12. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 07.02.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбалау алуға келіп түскен өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты құрылымдық бөлімше) орындауға береді.
Жауапты құрылымдық бөлімше 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Құжаттар пакеті толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің сәйкестігін қарайды және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының маркасын беру туралы шешім шығарады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
15. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхат бойынша оның өкілінің), көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда хабарлама жіберіледі.
Өтінім беруші портал арқылы жүгінген жағдайда, оның "жеке кабинетіне" лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Әкімшілік орган осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды есепке алу журналында берілген маркалардың есебін сондай-ақ ішкі нарыққа арналған маркаларды сақтауды, беруді және есептілікті жүргізеді.
Өтінім берушіге берілген ішкі нарыққа арналған маркалар әкімшілік органға қайтаруды қоспағанда, қайта сатылмауы, берілмеуі және иеліктен шығарылмауы тиіс.
Әкімшілік органға беруді қоспағанда, қайта сатылмауы, иеліктен шығарылмауы тиіс сыртқы нарыққа арналған маркаларды есепке алу осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды есепке алу журналында жүргізіледі.
18. Ішкі нарыққа арналған маркаларды берген кезде әкімшілік органның лауазымды тұлғасы екі данада жүкқұжат жазып береді.
Жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
1) жеке және заңды тұлғаның атауы;
2) ішкі нарыққа арналған маркаларды алуға арналған өтініштің нөмірі мен күні;
3) ішкі нарыққа арналған маркалардың түрі, нөмірі және саны;
4) бір сыйымдылықтың көлемі және уылдырықтың жалпы көлемі;
5) ішкі нарыққа арналған маркалардың почта байланысы немесе курьер арқылы берілген күні;
6) почта байланысының деректері, курьердің қолы.
19. Өтініш берушілерге ішкі нарыққа арналған маркаларды беру, өтініште көрсетілген саны мен түрлеріне сәйкес жүзеге асырылады.
20. Ішкі нарыққа арналған маркалар қатаң есептілік құжаты болып табылады. Ішкі нарыққа арналған маркаларды беру туралы мәлімет нөмірленген, түптелген, әкімшілік органның мөрімен расталған журналға жазылады, ол 5 жыл сақталады.
21. Жеке және заңды тұлғалар ішкі және сыртқы нарыққа арналған маркаларды алғандар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін әкімшілік органға жазбаша түрде алған маркалары бойынша ішкі және сыртқы нарыққа арналған маркалардың пайдаланылғаны туралы және пайдаланылмаған жағдайда пайдаланбау себептерін көрсете отырып мәлімет ұсынады.
22. Бүлінген ішкі нарыққа арналған маркалар әкімшілік органға қайтарылады.
Ішкі нарыққа арналған маркалардың қайтарылуы алушының ерікті нысанда жазылған қайтару туралы өтінішінің негізінде қайтару себептерін корсете отырып және олар алынған жүкқұжатты көрсеткен кезде жүргізіледі. Алушы бүлінген ішкі нарыққа арналған маркаларды жеке парақтарға жабыстырады, ал олардың жеке бөлшектері біріктірулері тиіс.
23. Бүлінген марканы жою әкімшілік органның үш лауазымды тұлғасынан кем емес комиссиясымен, маркаларды жою туралы актісі толтырылып, актіге жойылған марканың санын, нөмірін және түрін көрсету арқылы жүргізіледі.
Комиссия мүшелерімен қол қойылған актілер әкімшілік органның мөрімен расталады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Ішкі нарыққа арналған марка
Ішкі нарыққа арналған марканың сипаттамасы
1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.
2. Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырыққа арналған маркасының негізгі реңі жасыл, импортталған уылдырық үшін - қызыл.
3. Марканың сол жағында металсыздандырылған мыс жолағы, "уылдырық" микромәтіні орналастырылған.
4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.
5. Оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар "СІТЕS" сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің баска бұрышында "КZ" сөзі оқылады.
Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Сыртқы нарыққа арналған марка
Сыртқы нарыққа арналған марканың сипаттамасы
1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.
2. Марканың негізгі реңі - көгілдір.
3. Оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар "CITES" сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында "КZ" сөзі оқылады.
Ескертпе: Бекіре тұқымдас балықтарының бірдейлендіру кодын көрсеткен кезде келесі кесте қолданылады:
Түрлері | Коды | ||
Сібір бекіресі | Сибирский осетр | Асipenser bаеrіі | ВАЕ |
Орыс бекіресі | Русский осетр | Асipenser gueldenstaedtii | GUЕ |
Пілмай | Шип | Асipenser nudiventris | NUD |
Парсы бекіресі | Персидский осетр | Асipenser реrsіcus | РЕR |
Сүйрік | Стерлядь | Асipenser ruthenus | RUТ |
Шоқыр | Севрюга | Асipenser stellatus | SТЕ |
Қортпа | Белуга | Huso huso | HUS |
Ескектұмсық | Веслонос | Роlуоdоn spathula | SРА |
Калуга | Калуга | Нusо dauricus | DАU |
Аралас түрлер (Тығыздалған уылдырық) | Различные виды (Паюсная икра) | Міхеd sресіеs (Fоr 'ргеssеd' саvіаr ехсlusіvеlу) | МІХ |
Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті кімнен ______________________ (заңды тұлғаның толық атауы), ____________________________ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ (жеке кәсіпкердің) мекен жайы__________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй №, пәтер № (бар болса), телефоны) көрсетілетін қызметті Алушының деректемелері ____________________ ____________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) |
Өтініш
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ішкі нарықтағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбаларын беруді сұраймын.
Уылдырық түрлері туралы мәліметтер:
1 | Уылдырық түрі | Түрлері бойынша мөлшері және сыйымдылық көлемі | ||||
1.1 | Мемлекеттік тілде | Орыс тілінде | Латын тілінде | Сыйымдылық саны (дана) | Бір сыйымпдылық көлемі (килограмм) | Уылдырықтың жалпы көлемі (килограмм) |
1.2 | ||||||
1.3 | ||||||
2. | Үлгінің шығу тегі (отандық-табиғи, отандық-жасанды, импортталған, тәркіленген) | |||||
3. | Егер, өтініш берілген уылдырық табиғи болса, заңдылығын растайтын "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 26-бабының 1-3-тармағына сәйкес уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі беретін қайдан ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні | |||||
4. | Егер, өтініш берілген уылдырық жасанды болса, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (-лардың) нөмірі және күні (бар болса) | |||||
5. | Егер, өтініш берілген уылдырық импортталған болса, Құрып кету қаупi төнген жабайы флора мен фауна түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған рұқсаттың (-тардың) нөмірі және күні |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініштің берілген күні 20 ____ жылғы " ___" ________________
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі (бар болса), қолы, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда))
Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына 4-қосымша |
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық маркасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 07.02.2023 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарын қабылдау "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі-портал), ал нәтижелерді Мемлекеттік корпорация арқылы беру. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда жасауға арналған бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық маркалары не дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және заңның 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпарат
Р/с № | Балық түрі | Балықтың саны мен жасы | Балықтың салмағы | Алынған уылдырық салмағы | Уылдырық алу тәсілі (сауып алу тәсілі (тірідей) немесе кесер тілігі тәсілі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер, ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі (бар болса), қолы, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда))
Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Ішкі нарықта бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған таңбаларды есепке алу журналы
№ | Өтінім берушінің атауы | Алынған таңбалардың нөмірі және саны | Жүккұжат нөмірі | Таңбалардың берілген күні | Таңбаның түрі, сыйымдылық және уылдырық көлемі | Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмері немесе бизнес сәйкестендіру нөмері | Почта байланысы немесе курьер арқылы таңбалардың берілген күні | Почта байланысының деректері, курьердің қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған таңбаларды есепке алу журналы
№ | Жеке немесе заңды тұлғаның атауы | Таңбалар нөмірі және саны | Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға арналған рұқсат нөмірі | Сыйымдылық саны және уылдырық көлемі | Жеке тұлғаның жеке сәйкестендiру нөмiрі немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендiру нөмiрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |