"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Бекітілсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар.
2.
Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3.
Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
С.Кулагин |
"КЕЛІСІЛДІ" |
|
Қазақстан Республикасының |
Ақмола облысы әкімдігінің |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналықтар бас санын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындардың орнын 100%-ға дейін толтыруға субсидиялар нормативі
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке субсидиялар нормативі, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басы санын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
бас |
3 835 |
Ақмола облысы әкімдігінің |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге критерилер мен талаптар
1.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымдық немесе дистрибьюторлық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарламаның болуы;
2.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің өтінімдеріне сәйкес қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін аталық бұқалардың ұрығын, ілеспе материалдарды жеткізу және Дьюар ыдысына сұйық азот құюды іске асыру;
3.
Бағаланған аталық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу.
Ақмола облысы әкімдігінің |
Күші жойылған деп танылған Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының тізбесі
1.
"Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4042 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 27 наурызда жарияланған);
2.
"Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № А-5/204 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4226 болып тіркелген, Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 17 маусымда жарияланған);
3.
"Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № А-8/433 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 болып тіркелген, Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған);
4.
"Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № А-10/530 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4465 болып тіркелген, Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 22 қарашада жарияланған).